Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Франция – Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет, жерінің ауданы ж

No description
by

Zukhra M

on 5 March 2014

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Франция – Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет, жерінің ауданы ж

Франция – Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет, жерінің ауданы жағынан ол Ұлыбританиядан екі есе үлкен. Францияның құрамына Корсика аралы, Жерорта теңізі мен Бискай шығанағындағы ұсақ аралдар енеді. Француз одағы деп аталатын бірлестікке бес шалғай департамент (Кариб теңізі алабындағы Гваделупа, Мартиника, Оңтүстік Америкадағы Гвиана, Үнді мұхитындағы Реюньон, Атлант мұхитындағы Сен – Пьер мен Микелон) және т.б. жатады. Жалпы ауданы 127 мың км² болатын бұл иелікте 1,5 млн адам тұрады. Француздар өз елін «гексагон» (алтыбұрыш) деп атайды. Еуропаның батысында орналасқан елдің негізгі аумағының құрылықтағы шекаралары солтүстікте Бельгия мен Люксембург, шығыста Германия мен Швейцария, ал оңтүстік – шығыста Италия және Монакомен, оңтүстік – батыста Испания және Андоррамен шектеседі.
Еуропалық Одаққа енетін дамыған мемлекеттердің аралығында орналасуы Францияның еуропалық біртұтас қарым – қатынастарының дамуына оң әсер етеді.Францияның теңіздік шекаралары Жерорта теңізі, Бискай шығанағы және Ла-Манш бұғазы бөліп тұр. Жағалауларында кеме тоқтайтын қолайлы қойнаулардың болуы Францияның ежелден – ақ теңіз көлігінің дамуына және Еуропа ғана емес, басқа дүние бөліктерінде орналасқан елдермен де сыртқы сауда экономикалық қатынастар орнатуына алғышарт болды. Франция мемлекеттік құрылымы жөнінен унитарлы республика болып табылады, әкімшілік – аумақтық бөлінісі жағынан 96 департаменттен тұрады. 1958 жылы генерал Шарль де Голль елде мемлекетті басқарудың жаңа үлгісі – Бесінші республиканы орнатты. Франция республикада президенттің айрықша зор өкілеттілігі бар,ол елдің сыртқы саясатына қатысты мәселерді шешеді. Президент тағайындаған премьер – министр үкіметті басқарып, елдің ішкі жағдайына толығымен жауап береді.Елдегі заң шығарушы орган – екі палатадан сенат және ұлттық жиналыс тұратын парламент.
ФРАНЦИЯ
Париж - Франц
ия елінің астанасы, армандар мен пәк сезімдер мекені

Аумағы: 87 шаршы шақырым

Үлкен Париж: 105,4 шаршы шақырым

Халық саны: 2,15 млн адам

Халық тығыздығы: 20 433 адам/шаршы шақырым

Ең биік нүктесі: Монмартр (130 метр)

Ең төменгі нүкте: Сена өзенінің жағалауы, Гренель ауданы (26 метр)

Климаты: Біркелкі, қаңтар айының орташа температурасы +3ºС, шілде айының орташа температурасы +20ºС
Қызықты мағлұматтар

Париж қаласының ең ұзын көшесі Рю-де-Вожирар (4460 метр)
Қала қорғаушы Нантер тумасы Ұлы Женевьева болды. Ол 451 жылы гун патшасы Аттиланы қаланы бұзбауға көндірген.
КӨРІКТІ ЖЕРЛЕРІ
Эйфель мұнарасы 1889 жылы Революция күніне орай тұрғызылды. Әйгілі мұнара Париждың ғана емес, күллі Франция елінің төлқұжатына айналды. Мұнараға лифт немесе баспалдақтар арқылы көтерілуге болады. Кіру билеттің ең арзан бағасы 4 евро. Ең қымбаты 12 еуро. Эйфел мұнарасы! Париждің символындай жарқыраған мұнараның ең биік шыңына шығып күллі әлемге көз тігер ме еді?!
Эйфель мұнарасы
Салтанат аркасы
Салтанат аркасы (Arc de Triomphe). 1806 жылы Наполеон Бонапарт Парижде өзінің Ұлы әскеріне артылған үміт пен сенім құрметіне үлкен ескерткіш орнату туралы шешім қабылдайды. Ескерткіштің бірнеше жобаларын көрген Наполеон Салтанат аркасына тоқталады. Бұл арка Антик заманындағы Римді еске түсіреді. Арка биіктігі 50 метр, ені 45 метр. Салтанат аркасын салу біраз жылдарға созылып, 1836 жылы ашылды. Париж қаласының нышанына айналған Салтанат аркасының төбесіне шығу үшін 284 сатымен көтерілу қажет. Аркаға кіру бағасы 9,5 еуро. Алтындай жарқыраған арканың сұлулығына сүйсінбеу мүмкін бе?
Монмартр диірмені. XVІІІ ғасырда Монмартр көшелерінің бойында 30-ға жуық диірмен болған. Қазіргі таңда оның екеуі ғана сақталған: Радэ және Галет. 1717 жылы салынған Радэ диірменінде (Moulin Radet) шарап дайындау үшін жүзімдерді үгіткен. Галет диірмені (Moulin de la Galette) 1622 жылы салынған. Өкінішке орай, екі диірменнің жанына баруға рұқсат жоқ. Сондықтан да, сырттан бақылап қайтуға тура келеді. Оның өзі неге тұрады? Арман қалаға сырттай сүйсіну де жаныңа рахат сыйлайтынын сөзсіз!
Монмартр диірмені
Лувр мұражайы
Лувр мұражайын толық аралап шығу мүмкін емес. Мұражайда 20 ғасырға дейін жасалған мүсіндер, суреттер және т.б. жәдігерлер сақталған. Луврда атақты Мона Лиза суретін көре аласыз. Сұлулардың сұлуы Моно Лизаны көру де бір ғанибет қой!
Нотр-Дам соборы. Францияның ғана емес, барша Еуропаның мақтанышы болып табылатын Нотр-Дам соборы готикалық сәулет өнерінің мұрасы. Құрылысы орта ғасырларда басталған собор бір ғасырдай салынды. Собордың Солтүстік мұнарасына көтерілгенде сіз Париж қаласының толық көрінісіне куә боласыз. Күллі Париж алақаныңда тұрғандай жүрегің шаттыққа, көңілің қуанышқа толады.


Нотр-Дам соборы
Full transcript