Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Классикалық неміс философиясы

No description
by

Karim Shynar

on 27 April 2014

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Классикалық неміс философиясы

И. Кант
Ерекшеліктері
Ерекшеліктері
Өкілдері
.
.
Ерекшеліктері:
1. «Сыни кезеңге дейінгі кезең» (1746-1770). Қарастырған мәселесі болмыс, табиғаи, жаратылыстану мәселелері болды. Ол даму проблемасында табиғаттың дамуына көңіл бөлген алғашқы философ болды. Бұл кезеңдегі шығармасы «Жалпы тарих және аспан теориясы», кант онда өзінің космологиялық теориясын түсіндірді. Күн жүйесінің пайда болуы туралы болжам жасады (әлемнің пайда болу ының анологиясын қарастырды) бұл теория кейін Кант-Лаплас теориясы деп аталды.
2. «Сыни кезең» (1770-1797)(агностицизм и априоризм). Осы кезде өзінің негізгі еңбектерін жазды, олар «Таза ақылға сын» (таным теориясының сұрақтары), «Практикалық ақылға сын» (этикалық мәселелер), «Пайым мүмкіндіктеріне сын» (эстетика және табиғатағы мақсатылық байланыстар туралы ілімі жүйеленді).
Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы – Иммануил Кант (1724-1804) болды. Қолөнершінің семьясында, Кенигсберг қаласында туылған. Оның өмірлік ұраны: «Шыдамдылық және өзіңді ұстай білу». Канта философиясы трансцендентальды идеализм деген атау алды.
Шығармалары
PLATFORMS
SEO
CMS
Классикалық неміс философиясы
Философия
«Таза ақылға сын» еңбегінде таным теориясы қарастырылып жаң замандағы эмпиризм мен рационализмнің тар өрісін өзара біріктіруге тырысты. Ол танымды үшке бөлді: сезімдік, пайым, зерде (рационалистік).
Таным теориясында – агностик болды, танымның қоршаған шынайылықты толығымен тану мүмкіндігін жоққа шығарды. Оның болжамында танымның тұйыққа тірелуінде себеп, қоршаған шынайылық – объекті емес, таным әрекетіндегі – адам, оның ақылы, оның танымдық мүмкіндіктері шектеулі.
Ницше тұсында “өмір философиясы” деп аталатын бағыт жарыққа шықты. Оның басты өкілдері: Г.Зиммель, Р.Эйкен және В.Дильтей болды. 20 ғасырында Неміс философиясында феноменология ілімі дамыды. Ол Ф.Брентано, А.Мейнонг, А.Гефлер, К.Штумпф және Х.Эренфельс еңбектерінде тұжырымдалды. Жеке тұлға философиясы мен қазіргі заманғы құндылықтар этикасын тұжырымдап берген неміс ойшылы М.Шелер (1874 – 1928) Неміс философиясының одан әрі дамуына үлес қосты. Қазіргі заманғы Неміс философисындағы үшінші негізгі ағым – экзистенциализм. С.Кьеркегордың еңбектерінен бастау алып, М.Хайдеггер мен К.Ясперстің шығармаларында айқын көрініс тапты. Неміс философисындағы төртінші негізгі ағым – онтология метафизиканың қазіргі заманғы көрінісі болып табылады. Бұрынғы метафизикаға қарағанда онтология жекелеген ойшылдардың априорлық көзқарастарына ғана емес, метафизика деңгейіне көтерілуге талпынатын жеке ғылымдардың нәтижелеріне негізделеді. Бұл бағыттың қазіргі заманғы философияның көрнекті өкілдерінің бірі – Н.Гартман (1882 – 19ғасыр).
Бағыттары
XVIII ғ. аяғы мен XIX ғ. басында Батыс Еуропа елдерінде көптеген өзгерістер мен жаңалықтар болды. Ғылым мен техника жоғарғы дәрежеде дамыды. Осы кезе Неміс жерінде әдебиет пен өнер, ғылым мен мәдениет ерекше даму деңгейін көрсетті. Сөйтіп неміс жерінде жаңа класикалық философияның озық үлгісі жасалды.
Неміс классикалық философиясының әрбір өкілі ерекше бай идеялар мен концепцияларға толы етіп жасады, соымен қатар олар өздерінің рухани бірлігін көрсете білді. Неміс классикалық философиясына мынандай жалпы сипаттар тән болды:
1. философияның рөлін өзіндік ерекшеліктермен түсіндіру, олар философияның рөлін мәдениетке сыни көзқарастармен түсіндіріп, философияның негізгі сұрағы ойлаудың болмысқа қатынасы екендігін анықтады;
2. Неміс классикалық философиясы бүкіл философия тарихындағы мұраны игеріп, алдыңғы қатарлы мәдениет пен ғылымға сүйене отырып, сол кедегі қоғамдық дамуды терең талдады;
3. Неміс классикалық философиясы жаңа диалектикалық әдістің, таным теориясының, логиканың шығуына
түрткі болды.
4. Неміс классикалық философиясы
ойлау мен болмыстың диалектикалық байланысын аша отырып, танымдағы субъектінің рөлін айқындады.
Философиялық шығармашылығы екі кезеңнен тұрды:
Иоганн Готлиб Фихте
(1762-1814) философияны геометрияға ұқсас ретінде, әлдебір ғылымибілім деп қарастырды. Ғылымибілімнің негізгі мәселесі-сана немесе Мен. Мен мәні жағынан қарапайым адам санасы. Ал барлық сыртқы әлем-Мен-нен туындаған Мен-емес. Мен әрекетшіл, белсенді. Мен өзінің қарсыласы ретінде Мен-еместі тудырып өз белсенділігін қолдануға ұмтылады. Осы екі қарама-қарсылықтардан адамның өзіндік санасы дамиды. Фихтенің философиядағы маңызды жетістіктерінің бірі-ойлаудың диалектикалық әдісін өңдеу. Ол барлық тіршіліктің қайшылығы, қайшылықтардың бірлігі туралы жазып қайшылықты дамудың қайнар көзі деп қарастырады. Фихте үшін категориялар парасаттың априорлы түрінің жиынтығы емес, керісінше білімді таңдаған ұғымдардың жүйесі. Фихте таным процесіндегі субъект пен объектінің нақты өзара әсерін түсінуге ұмтылды. Оның пікірінше, Мен-ді "абсолютті” және "эмпирикалық” деп бөлу, сондай-ақ оның Мен-емес-пен өзара әрекеті "ғылымибілімді” қалыптастырады. "Ғылымибілім” ғана индивидуалдықтың, жоғары адамның, әлемдік рухтың үстінен қарап ішіне ене алады.
Фридрих Вильгельм Йозеф Шеллинг (1775-1854) философиясы табиғат мәселелеріне арналған. Табиғат ол үшін индивидуалды Мен емес, абсолютті. Ол мәңгі ақыл, субъективтілік пен объективтіліктің абсолютті теңдігі. Шеллинг идеалдық пен материалдықтың теңдік идеясын шығарды. Материя бұл-абсолютті рухтың еркін күйі. Материя мен рух тең. Шеллингтің натурфилософиясы 18 ғасырдың аяғында қоғамдық қызығушылықтан туындаған жаңа ғылыми-жаратылыстанудың нәтижесінен пайда болды. Осы ғасырдың ғылымдарындағы ұлы ашылыстарға сүйене отырып, Шеллинг табиғаттың идеалды мәнін, оның белсенділігінің материалды емес сипатын ашты. Шеллинг натурфилософиясының құндылығы оның диалектикасында жатыр. Кез-келген заттың мәні қарама-қарсы күштердің бірлігімен сипатталады және ол "полярлық” деп аталады. Мысал ретінде ол магнитті, электрліктің оң және теріс зарядтарын, химиялық заттардағы қышқылдар мен сұйықтарды, санадағы объективтілік пен субъективтілікті мысалға келтірді. "Полярлық” денелер бесенділігінің бастауы деп "нағыз әлемдік жан” деп анықтады.
Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831).
Негізгі шығармалары: «Рух феноменологиясы», «Логика ғылымы», "Құқық философиясы” «Философия тарихы бойынша дәрістер» және т.б..
Гегельдің пайымдауынша, әлемнің негізінде жек-даралық емес, жалпылық-бүтіндік жатыр. Әлем жеке-даралықтардан, атомдардан немесе жандардан тұрмайды, жекелердің мұндай бірлігі бұл иллюзия. Әлемде бүтіндіктен басқа ешбір шындық жоқ. Парменид пен Спиозаның болмысындағы қарапайым субъстанция сияқты емес, Гегельде ол күрделі жүйе, кеңістік пен уақыт (жеке дара заттар жөнінден нақты емес, бұл тұтастықтың жақтары.
Гегельдің атақты формуласы «Барлық шынайылықтар ақылға сиымды, барлық ақылға сиымды нәрселер шынайлық».
Гегельдің философиялфқ ілімі – объективный идеализм, ол оны абсолютті идеализм деп атады.
Гегель философиясының құпясы мен идеялары жатыр. Гегель үшін осы әлемнің мәні бар, бәрі әлемдік Тұтастыққа кіреді. Оның абсолютті идеясы өз дамуында үш стадиядан өтеді. Тұтастай ол триаданы құрады: бұл 1) тезис (әлденені ұстанушы); 2) антитезис (терістеуші); 3) синтез (біріктіруші). Триаданың жалпы құрылысы мынадай:
1 стадия: рухтың дамуы өзімен-өзі, рух өзінде. Логикада белгілерден басқа ештеме жоқ, бірақ біз логиканың әмбебап тіршілік ететінін білеміз. Бұл категорияның принципті ерекшелігі.
2 стадия: рух өзіне бұрыла отырып табиғаттан жаттанады. Шеллинг бойынша руханилық пен идеалдық табиғаттың өзінде, ол тірі әрі күшке толы. Ал Гегельде табиғат-өлі рух. Рухтың жаттануы табиғатты білімдендіреді.
3 стадия: Философия мен тарих бірігеді. Осы арқылы рух өзін-өзі адам мәдениеті арқылы танылған шындықта қалыптастырады.
Гегель үшін білім обьектісі ештеме емес. Білім:
а) сезімдік, алғашқы
б) ақыл-парасатты. Білім ғылым деңгейінде
с) ақыл білімі-философиялық білім, яки руханилық индивидтік деңгейден ақыл-парасаттың сферасынан шығуы. "Ақыл ақыл-парасатсыз ештеме, ал ақыл-парасат ақылсыз әлдене”
Гегель жүйесінде логика негізгі орынды алады. Логика төңірегінде ол болмыс туралы, мән туралы, түсінік туралы ілімдерді дамытты. Логиканың конструктивті принциптері - абстрактіден нақтылыққа өту. Логика мен ойдың ең жоғары бастамасы-болмыс пен ақылдың теңдігі. Дамудың үш принципі бар: санның сапаға өтуі, қарама-қарсылық даму бастауы, терістеуді терістеу.
Шынайы әлемдегі ақыл мен сезімнің қабылдайтын бейнелері «біз үшін зат», ал ақылмен абсалютті түрде танылмайтын нәрселер «өзіндік зат» деп аталды. «Өзіндік зат» - трансцендентальды яғни басқа дүниелік уақыт пен кеңістіктен тыс өмір сүреді.
Кант таным теориясында барлық білімдер 2-ге бөлінеді: 1) тәжірбиелік білімдер апострорий; 2) тәжірбиеге дейінгі білім – априорий.
Full transcript