Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Заңсыз есірткі тасымалдаумен күрес мәселесі

No description
by

Ayaulym Aitzhanova

on 4 November 2013

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Заңсыз есірткі тасымалдаумен күрес мәселесі

Заңсыз есірткі тасымалдаумен күрес мәселесі
Заңсыз есірткі айналымымен күрес саласындағы алғашқы халықаралық келісім – 1912 ж. Гаага конвенциясы болып табылады. Ол бойынша есірткіні өндіру, сату және қолдану заңмен шектелуі тиіс және тек қана медициналық мақсаттарда өндірілуі тиіс.
Х-лық келісімдерді унификациялау үшін 1961 ж. БҰҰ Есірткі заттары туралы біртұтас конвенцияны қабылдады.
Психотропты заттардың заңсыз айналымымен күресті құқықтық реттеу мақсатында 1971 ж. Психотропты заттар туралы Конвенция қабылданды.
Аталған конвенциялар мемлекеттерге есірткі құралдары мен психотропты заттармен жүргізілген қандай да бір ойластырылған заңсыз операциялар үшін бас бостандығынан айыру сынды жаза қолдану туралы міндеттеме жүктейді.
Есірткі трафигі қазіргі әлемдегі маңызды мәселелердің бірі. Трансұлттық есірткі трафигінің жаһандық сипатына тек әлемнің көптеген елдеріндегі есірткіге тәуелділердің биофизиологиялық сұранысымен ғана емес, сонымен бірге миллиондаған наркокурьерлердің, транзитерлердің қылмыстық бизнеске ынтасы ықпал етуде. Қылмыстық топтардың заңсыз кірістерінің жалпы көлемінде есірткі кірістері бірінші орында. Есірткілер заңсыз ақша айналымының басты құраушысы, яғни 78%-ға дейін.
Есірткі бағзы замандардан қолданылып келе жатқан дерт екені тарихтан белгілі. Біздің заманымызға дейінгі 2700 жж. Қытайда анаша пайдаланылды деген дерек бар. Көкнәрді Египетте емдік және діни ғұрыптарда пайдаланғаны туралы грек тарихшысы Геродоттың да еңбектерінен кездестіруге болады. Ең алғаш рет есірткінің зиянын шығыс ғұламасы Ибн Сина жазып көрсеткен.
Көкнәрдің таралуы XIX ғ. кеңінен етек алды. Ол үшін Англия мен Қытай арасында соғыс та болған болатын. XX ғ. ортасында дамыған батыс елдерінде нашақорлық пен есірткі айналымы қауіпті жағдайға жетті. Бұл жағынан АҚШ бірінші орынға ие болды.
Есірткіге қарсы күрес XX ғ. басында халықаралық сипат алып, арнайы құжаттармен бекітілді. 1946 жылдан бақылау БҰҰ-ның құзырына көшті.
Есірткіні шығаратын негізгі аймақтар:
Алтын Жартыай (Golden Crescent) — Афганистан, Иран, Пакистан.
Алтын үштік (Golden Triangle) — Мьянма, Бирма, Лаос, Таиланд.
Онтүстік Америка (South America) — Колумбия, Перу, Венесуэла, Боливия.
Нидерланды
Марокко
Қытай
БҰҰ ның мәліметіне сүйенетін болсақ, АҚШ пен НАТО Ауғанстанға әскер кіргізгеннен бастап 2010 жылғы көкнәр өнімі 40 есе өсіп отыр.Қазіргі таңда Ауғанстан он жыл бұрын бүкіл әлем шығарған есірткіден екі есе көп шығарып отыр. Тек шыгару ғана емес сонымен қоса наркотрафик, яғни оны тасымалдау үдерісінің дамуы. Оған қоса Колумбияда қалысар емес. АҚШ тың мемелекеттік хатшысының көмекшісі Дэвид Джонсонның мәлімдеуінше Колумбияда да жыл сайын есірткі тасымалының жылдан жылға дамуы Бразилияға одан әрі Еуропаға тасымылдынуы қатер туғызуда. Жыл сайын АҚШ қа 500 тонна есірткінің тасымалдануы, оның 90% Мексика арқылы келіп отыр екен. Әлемде қазір ғаламдық деңгейде негізгі 2 турдегі наркотрафик ол Ауғандық героиндік және Латынамерикалық кокаиндік.
"Кокаиндік бағыт" бұл бағыттың негізін салушы Пабло Эскобар. Колумбидан таралын есірткі бағыты.Колумбиядан АҚШ қа тарайды содан соң Еуропаға. Бастапқы кезде Еуропаға кокаин Кариб теңізінен Испания порттарына, ал еуропалық интеграцияның күшейгенінен кейін, наркотрафик Африканың батыс бөлігі Гамбия, Либерия.
Наркотрафиктің негізгі бағыттары:
"балқандық бағыт"(Ауғанстан — Иран — Пәкістаннан Карачи портына— теңіздік жол арқылы Түркияға — одан ары Балқан жартыаралына — Онтүстік Еуропа — Орталық Еуропа — Нидерланды);
"африкандық бағыт" (Онтүстік Америка — Мексика — Атлантика — Африка — Еуропа — балтық елдері және Ресей)
"Солтүстік бағыт" бұл ауғандық апиындарды Орталық Азия арқылы Ресей мен Еуропаға тасымалы КСРО құлағаннан кейін, яғни, 1990 жж. 1970 жж. апиын шығарудан көсбасшы "алтын ушбұрыш" болатын,яғни бүкіл әлем шы,аратын есірткінің 67%. Ал Ауған соғысына дейін бұл елде шығарылатын есірткі тек ішкі нарыққа арналған болатын. НАТО елдері Талибан билігін құлата бастаған уақытта қырық есе өсіп кеткен болатын. Ресейге Орталық Азия елдері арқылы ауғанстаннан жылына 70 тонна есіркі келеді. Ауған наркотрафигінде, транзиттік жол ретінде Өзбекстан есірткі мафиясының рөлі өте зор.
Кедендік одақ шекарасының сыртқы аясындағы Орталық Азия аймағындағы жағдайдың ширығып кетуіне Ауғанстаннан Қазақстан мен Ресей территориясы арқылы (әсіресе Астрахань, Орынбор, Челябі және Алтай бағытында) есірткі заттарын тасымалдау көлемінің белсенді түрде артуы әсер етіп отырған көрінеді. Соңғы жылдары екі ел арасындағы шекара маңында бірнеше тонна есірткі заты ұсталып, соған қатысты 46 пайызға тарта оқиға халықаралық қатынас каналдарындағы өткізу бекеттерінде орын алып, есірткілер сол жерде тәркіленген болатын.
Әлемдегі жағдайды сараптай келе, масштабы мен географиясы жағынан екі жаһандық трансұлттық есірткі трафигін бөліп қарастыруға болады:
Кокаиндық – қайнар көзі Латын Америкасы;
Героиндық – қайнар көзі Орталық Азиядағы Ауғанстан.

Ауғанстан есірткі трафигі тұрақсыздық, экстремизм, ұйымдасқан қылмыс ж/е лаңкестік ошақтары пайда болуының анықтаушы факторы б.т. осылайша, ресейлік Солт.Кавказдағы толассыз лаңкестік ж/е халықаралық қылмыс әрекеттері ауғандық есірткі трафигімен қаржыланады. Осы ауғандық есірткі трафигі Ферғана өңіріндегі шиеленіс, қақтығыстар мен толқуларды тудырған болатын. Қытай Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданында деструктивті көріністерді ұйымдастырудың басты инвесторы да ауғандық есірткі өндірісі екендігі күмәнсіз. Сонымен қатар, Косово ауғандық опиаттың бас дистрибьюторына айналған Еуропада да дәл осы жағдай орын алуда.
1988 ж. Есірткі құралдары мен психотропты заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы БҰҰ Конвенциясы қазіргі таңда қатысушы-елдер осы саладағы өз ұлттық заңнамасын қалыптастыратын негіз қалаушы құжат болып табылады.
Конвенция 1990 ж. күшіне енді.
Конвенция есірткі құралдары мен психотропты заттардың заңсыз айналымымен күресте мемлекетаралық байланыстарды ретке қоюдың маңыздылығына баса назар аударды;
Құжатта халықаралық ж/е ұлттық заңнамалармен қудаланатын есірткі құралдары мен олармен әрекет түрлерінің тізбесі анықталған;
Конвенцияның маңызды ережесі - прекурсорларға бақылау (есірткіні дайындау барысында қолданылатын заттар) орнатуы болып табылады.
Есірткі таралымына қарсы БҰҰ шеңберінде қабылданған құжаттар:
1998 ж. – Саяси декларация (әлемдік есірткі мәселесімен бірлескен күрес бойынша)
Есірткіге сұранысты қысқартудың басшылық принциптері туралы Декларация;
1999 ж. Есірткі құралдары мен психотропты заттарды дайындауда қолданылатын прекурстар мен өзге химиялық заттардың хал/қ саудасына бақылау жүргізудің біртекті шараларды қабылдау тур. Лакхнау келісімі;
2005 ж. – Спорттағы допингпен күрес жөніндегі халықаралық Конвенция;
2008 ж. - Әлемдік есірткі мәселесімен күрестің кешенді әрі балансты стратегиясын дайындау мақсатында халықаралық ынтымақтастықты ретке келтірудің әрекеттер Жоспары ж/е Саяси декларация
Есірткілерге бақылау жүргізу жөніндегі халықаралық комитет

Есірткілерге бақылау жүргізу жөніндегі халықаралық комитет 1961 ж. БҰҰ Есірткі заттары туралы біртұтас конвенцияның 9-бабына сәйкес, 1972 ж. енгізілген Хаттаманың өзгертулері негізінде құрылған.
Комитет үкіметтермен ынтымақтастық ж/е Конвенция ережелеріне сай:
Есірткі құралдарын медициналық ж/е ғылыми мақсаттарға жеткілікті мөлшерде өндіру, дайындау ж/е пайдалануды шектеуге;
Есірткінің аталған мақсаттарда жеткілікті болуын қамтамасыз ету ж/е оларды заңсыз өндіру, дайындау ж/е пайдалану мен есірткі заттарының заңсыз айналымының алдын алуға ұмтылады.
Комитет БҰҰ Экономикалық ж/е Әлеуметтік Кеңесінің (ЭКОСОС) көмекші органы болап табылады.
Біртұтас Конвенцияның 9-бабының 1 пунктіне сәйкес Комитет 13 мүшеден тұрады:
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымымен көрсетілген, кем дегенде 5 тұлғадан тұратын тізімнен – медициналық, фармакологиялық ж/е фармацевтикалық тәжірибесі бар үш мүшеден, және
он мүше – БҰҰ мүше-мемлекеттері мен БҰҰ-ға мүше емес Тараптардан тұратын тізімнен.
UNODC – БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы –
заңсыз есірткі, қару-жарақ айналымы, ұйымдасқан қылмыс, адам саудасы ж/е халықаралық терроризммен күреспен айналысатын БҰҰ бөлімшесі.
Штаб-пәтері – Венада, Австрия.
Басқарма 1997 ж. БҰҰ-ның есірткілерге бақылау бағдарламасы мен Халықаралық қылмыстың алдын алу Орталығының бірігуі нәтижесінде пайда болды.
ЮНОДК бүкіл әлемде аймақтық бөлімшелер желісі арқылы әрекет етеді.
Білім беру кампаниялары арқылы ж/е ғылыми фактілерге сүйене отырып, ЮНОДК жастарды есірткі қолданбауға, есірткіге тәуелді тұлғаларды емделу жолдарын іздеуге, ал мемлекеттерді есірткіні қылмыс ретінде емес, денсаулық мәселесі ретінде қарастыруға үгіттейді.
Атқарушы директоры 2010 ж. – Юрий Федотов
Есірткі саясаты саласындағы ғылыми зерттеулердің халықаралық орталығы (ICSDР) – қоғам мен жеке тұлғалардың денсаулықтарын жақсарту идеясы, тыйым салынған есірткі заттарын тұтыну мәселесіне берілген ЖОО ғалымдары, ғылыми қызметкерлері мен денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің халықаралық желісі.
ICSDР хал-қ орталығының басты мақсаты – есірткі саясатының ғылыми негізделген принциптері мен жүйеленген шолулар құрастыру арқылы ғылыми зерттеулер жүргізу, сондай-ақ нәтижелерін тарату.
ICSDР – коммерциялық емес ұйым, Британдық Колумбияда, Канада тіркелген.
Батыс елдеріне есірткі тасымалдаушы болып табылатын Орталық Азия елдерінде есірткі мәселесі және нашақорлықтың өсуі әрқашан да өзекті мәселе болып табылады. БҰҰ мамандарының мәліметі бойынша, Батыс Еуропада қолданылатын героиннің 80% ауғанстан мен Пәкістаннан әкелінеді. Осы есірткінің жартысына жуық Еуропаға Орталық Азия арқылы жеткізіледі. Бүгінгі күні Орталық Азия, оның ішінде Қазақстан да, есірткі саудасының хал-қ орталығына айналды. Алайда, аймақ тек қана көпір қызметін атқармайды, сондай-ақ бұл аймақтың өзінде есірткі өсіріледі.
Жүргізілген санақтар бойынша, Қазақстанда ресми түрде 45 мың есірткіге тәуелді адам тіркелген. Бірақ, Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік мәселелері Орталығының ақпараты бойынша, Қазақстанда қазіргі таңда 340 мыңдай есірткіге тәуелді азамат бар, бұл, яғни, еліміздің әр қырықыншы тұрғыны.
Нашақорлықпен күрес жүргізетін мемлекеттік органдар:
ҚР есірткі бизнесімен күрес бойынша Комитет
ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті
ҚР ІІМ
ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі
ҚР нашақорлықпен күрес жүргізетін қоғамдық бірлестіктер:
"ҮМІТ" қоғамдық бірлестігі
"Тамыр-Шымкент" қоғамдық бірлестігі
"ЖАС-НҰР" қоғамдық бірлестігі
"Поиск молодых и здоровых" қоғамдық жастар бірлестігі
"Жас Дәурен" Жастар ұйымы" қоғамдық бірлестігі
"Жастар есірткіге қарсы" қоғамдық бірлестігі
Президент өзінің «Қазақстан -2030: Барлық Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы, қауіпсіздігі және хал-ахуалының жақсаруы» атты халыққа жолдаған жолдауында: «Есірткіні жеткізгені және таратқаны үшін қатаң жазалау қажет. Есірткі – ерекше және өлімге әкеліп соғатын сфера және бұл жерде гуманизм принциптерін қаншалықты қолдану толғандырады. Бір жағынан – оны жеткізіп, таратушы адамның өмірі, ал басқасында - оның «көмегімен» қиылған есірткіні пайдаланушының өмірі тұр".
Осыған байланысты «ҚР-ның Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу кодекстеріне және Есірткінің заңсыз айналымы аясындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша ҚР-ның әкімшілік құқықбұзушылықтары жөніндегі кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы әзірленіп, маусым айында қабылданды.
Бұл заң тек аса ауыр есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартады, олар ҚР ҚК-нің 250, 259, 260, 262-264 және 266 баптары бойынша белгіленеді.
Келісімдер:
Бүкіләлемдік форумның есірткіге қарсы Декларациясы;
ҚР Үкіметі және Чехия Республикасының Үкіметі арасында ұйымдасқан қылмыс, есірткі құралдарының заңсыз айналымы, лаңкестік және басқа да қауіптермен күрестегі ынтымақтастық туралы Келісім;
ҚР Үкіметі және РФ Үкіметі арасындағы есірткі құралдары, психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы Келісім;
ҚР Үкіметі және Венгер Республикасының Үкіметі арасында ұйымдасқан қылмыс, есірткі құралдарының заңсыз айналымы, лаңкестік және басқа да қауіптермен күрестегі ынтымақтастық туралы Келісім;
ҚР Үкіметі және БІріккен Араб Әмірлігі Үкіметі арасында ұйымдасқан қылмыс, есірткі құралдарының заңсыз айналымы, лаңкестік және басқа да қауіптермен күрестегі ынтымақтастық туралы Келісім;
ҚР Үкіметі және АҚШ Үкіметі арасындағы есірткіні бақылау және құқық тәртібін қамтамасыз ету саласындағы өзара түсінітік туралы Меморандум;
ҚР Үкіметі және Словакия Республикасы Үкіметі арасында ұйымдасқан қылмыс, есірткі құралдарының заңсыз айналымы, лаңкестік және басқа да қауіптермен күрестегі ынтымақтастық туралы Келісім;
ҚР Үкіметі және Тәжікстан Республикасы Үкіметі арасындағы есірткі құралдары, психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы Келісім;
ҚР Үкіметі және Литва Республикасы Үкіметі арасында ұйымдасқан қылмыс, есірткі құралдарының заңсыз айналымы, лаңкестік және басқа да қауіптермен күрестегі ынтымақтастық туралы Келісім;
ҚР Үкіметі және Иран Ислам Республикасы Үкіметі арасындағы есірткі құралдары, психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы Меморандум;
ТМД мүше-мемлекеттерінің ынтымақтастық бағдарламасы: 2008-2010 жж. есірткі құралдары, психотроптық заттар және олардың преурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес.
Бүгінгі күні біздің елімізде осы есірткі мәселесі жайлы толғанбайтын адам қалмаған болар. Әсіресе, қазіргі кезде жастар мен жеткіншектер арасындағы есірткі мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр, бұл нәубеттің әрбір үйге, әрбір сыныпқа, әрбір отбасына енуі мүмкін – шұғыл қимылдау қажет. Статистикалық есептерде – бұл көрсеткіштер, ал адами тұрғыда – бұл тірі жандардың өмірі. Солардың әр қайсысына барлығымыз бірлесіп, педагогтар, дәрігерлер, ата-аналар және жеткіншектердің өздері де қолғабыс беруіміз керек.
Елдегі есірткімен байланысты жағдайды жақсарту бойынша ауқымды жұмысты біз барлығымыз жұмыла атқаруымыз қажет. Сонда ғана біз оңтайлы нәтижелерге қол жеткізе аламыз. Қолдау болмаған жерде бір де бір іс табысты аяқталмайды. Күш-жігерімізді біріктіріп, елдегі қоғамдық есірткі иммунитетін құруға бағыттауымыз керек. Ең бастысы–есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы бірлесе отырып, күресуіміз қажет.
Орындаған: Айтжанова Аяулым, Аблмажинова Ақмарал, Жүнісова Жазира, Искакова Алия
Full transcript