Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

СӨЖ,мемлекеттік-құқықтық құбылыстар,Сазанбай А.,ТФ-11

Құқық негіздері, Палымбетов Н.
by

aidos sazanbaev

on 9 February 2016

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of СӨЖ,мемлекеттік-құқықтық құбылыстар,Сазанбай А.,ТФ-11

Мемлекет деген не?
Мемлекет адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болып қалыптасады.
Мемлекет
- қоғамдық саяси ұйым. Қоғамдық ұйымның алғашқы түрі рулық қауым.
Ру
- адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі, туысқан адамдардан тұратын қауымдастық.
Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани мақмұнына байланысты.
ҚР соңғы конституциясы мемлекеттің сыртқы нысанын өзгертіп, ҚР Президенттік республиканың саяси жүйесін құрды.
Басқару нысанына қарай Монархия және республика болып екіне бөлінеді.
Саяси режим
мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру әдістерінің жиынтығы.
Саяси режимнің түрлері:
- шын;
-либералдық.
Демократиялық режимнің түрлері:
- тоталитарлық;
- авторитарлық;
- фашисттік.
Image by Tom Mooring
Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар.
Монархия - жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл билік мұрагерлікпен беріледі. Монархия шексіз және шектелген болып екіге бөлінеді. Шексіз монархия - монархтың билігін басқа мемлекеттің орган шектемейді, биліктің бәрі өз қолында
Әр мемлекеттің аумағы оның
ішкі құрылысын анықтайтын құрамды бөлшектерге бөлінеді. Сол аумақтық құрылымның көлемінде мемлекеттік аумақтық бөлшектерінің жүйесі қалыптасады. Мемлекет құрылымы - мемлекет нысанының екінші элементі. Мемлекет бұл элемент бойынша унитарлық, федеративтік және конфедеративтік мемлекеттерге бөлінеді.
Мемлекет пен құқықтың шығу себептері:
-
жинау экономикасынан өндіру экономикасына көшу;
- мал шаруашылығынан егіншіліктің бөлінуі;
- еңбектің ірі қоғамдық бөлінісі;
- алып-сатарлардың пайда болуы.
Мемлекет пен құқықтың өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объектілері:
-
еңбек өнімділігінің өсуі;
- артық өнімнің пайда болуы;
- жеке меншік;
- таптардың пайда болуы.

Мемлекет
жария өкіметтің пайда болуымен іс-әрекеттің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда өкіметтің күш-қуатына сүйенетін басқару жүйесі
Дайындаған: Сазанбай Айдос
ТФ-11


- Басқару органдары мен мекемелерінің ерекше жүйесінің пайда болуы;
- Қоғамдық қатынас ержелерін белгілейтін құқықтық болуы.
Мемлекеттің негізгі белгілері
Мемлекеттің
пайда болу теориялары:
Теологиялық теория
Мемлекет пен құқық Алланың құдыретімен жаратылды деп түсіндіреді. Бұл теорияны ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жак Маритен т.б.
Патриархалдық теория
Мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өз үдде-мақсатын іске асыру үшін біріккен одақ. (Фильмер, Михайловский т.б.
Органикалық теория
Адам қоғамында табиғаттың объективтік даму заңдарына сәйкес эволюциялы жолмен мемлекетті құрады. Мемлекеттің Үкіметі - адамның басы-миы сияқты қоғамды басқарады
Күштеу теориясы
Күшті рулар, тайпалар, өздерімен шектес әлсіз руларды, тайпаларды күштеп, қорлық жасап бағындыруы, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады. (Л.Гумплович, К.Каутский)
Материалисттік теория
Мемлекет пен құқықтың пайда болуын экономикалық тұрғыдан түсіндіреді.
Себептері: қоғамдық еңбектің бөлінуі; қосымша өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы;қоғамның қарамақарсы екі тапқа бөлінуі; қайшылық күресінің басталуы.
Мемлекет құрылымы
Функция - заң ғылымында
мемлекет пен құқықтың алдында тұрған мүдде-мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және оның әдіс тәсілдерін анықтап, іске асыруды білдіреді. Мемлекеттің функциясы - қоғамды әлеуметтік басқарудағы мемлкеттің атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары мен әдістері.
Ішкі функциясы:
1. Экономикалық функция;
2. Әлеуметтік функция;
3. Қаржы реттеу функциясы;
4. Мәдениет бағытындағы функция;
5. Экологиялық функция;
6. Құқықтық тәртіпті және қоғамдағы тәртіпті қорғау функциясы
Сыртқы функция
1. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету немесе өзін-өзі қорғау;

2. Басқа елдердің ынтамақтастықты дамыту;

3. Әлемдік келелі мәселелердің шешімін табуға қатысу;

4. Халықаралық қатынастарға мемлекеттің мүддесін қорғау, сақтап қалу;
Құқық - адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты, тұлғаның бостандығын білдіретін, формалды түрде анықталған, қоғамдық қатынастар реттейтін, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін жалпыға бірдей тәртіп ережелерінің жиынтығы
Құқықтық қызметі - нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру.
Құқықтық қорғау функциясы - нормативтік актілердің қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйып салу.

Құқық жүйесі - бұл құқықтың өзінің құрылымы, оның салаларға, институттарға бөлінеді.
Құқық саласы - бұл белгілі бір қоғамдық қатынастар түрін реттейтін заі нормаларының жиынтығы.

Құқық салаларының түрлері:
1. Негізгі салалар
2.Арнайы салалар
3. Кешенді салалар
Құқық институты - бұл қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрін (тобын) реттейтін заң нормаларынның жиынтығы.
Full transcript