Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

ЕЖЕЛГІ ГРЕК ФИЛОСОФИЯСЫ: КЕЗЕНГЕРГЕ БӨЛУ ЖӘН

No description
by

Botagoz Ablakanova

on 11 February 2015

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of ЕЖЕЛГІ ГРЕК ФИЛОСОФИЯСЫ: КЕЗЕНГЕРГЕ БӨЛУ ЖӘН

ЕЖЕЛГІ ГРЕК ФИЛОСОФИЯСЫ: КЕЗЕҢДЕРГЕ БӨЛУ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ СИПАТЫ.
Ежелгі Грек философиясы: Грек философиясы мен мәдениетінің өркендеген жері грек жері емес, Жерорта теңізі жағалауындағы елдер. Бұл елдерді бір кезде гректер жаулап алған болатын. Милет, Самос, Абдер сияқты қалалар Жерорта теңізіне жақын болып, оларда сауда-саттық және экономикалық қатынастар кеңінен өркендеді. Алғашқы грек философиялық мектебі Милет қаласында пайда болды. Рим империясында өмір сүрген грек ойшылдарының, философтарының ілімін айтады, яғни ол антикалық философия деп атайды.
Антикалық философия:
Милет мектебі (Сократқа дейінгі) Ежелгі Грекияда б.з.д. VI ғ. өмір сүрді. Бұл Милет мектебінің негізін қалаушылар Фалес, Анаксимандр, Анаксимен. Бұлар дүниені біртұтас, бір-бірінен бөлінбейтін жалпы процесс деп қарай отырып, оның негізін материалдықтан іздеді. Фалес (б.з.д. 640-560 ж.ж.) дүниенің негізін судан, Анаксимандр (б.з.д. 610-540ж.ж) апейроннан (шексіздіктен), Анаксимен (б.з.д. 546ж. туған) ауадан іздеді. Олар өткен дәуірдегі мифологиялық көзқарастан бас тартты. Алдымен жаратылыстану саласын зерттеушілер болды. Олар дүниеде не бірінші деген мәселені емес, керсінше, дүниенің біртұтастығын белгілі бір материалдық бірінші негіз арқылы шешуге тырысты.
Ежелгі Грек философиясының шарықтап
дамыған (гүлдену) кезі.
Ерекшеліктері: 1) софистердің философиялық
-ағартушылық қызметі. 2) Сократ философиясы. 3) "Сократтық" мектептері пайда болуы. 4) Платон философиясы. 5) Аристотель философиясы.
Сократтың философиясы әрбір ғасырдағы, әрбір дәуірдегі адамдарды үнемі ойлантатын, ешуақытта маңызын жоймайтын аса қажетті ілім. Сократ софистер басын бастап, бірақ, аяқтай алмаған адам туралы ілімге ерекше назар аударды. Ол, ең алдымен өзіне дейінгі философтардың ой-пікірлерін талдай келе, олар негізгі кемшілігін көре білді. Сократтың ойынша, таным философияның негізгі мәселесі адам болуы керек. Сократ мәселені батыл қойды. Дүниені тану, әлемді тану, әрине, қажет-ақ. Дегенмен адам өзін-өзі, өзінің ішкі дүниесін білуге ұмтылуы керек. Осыдан келіп Сократтың бірінші принципі шықты. «Сен алдымен өзінді-өзің таны».
Классикалық кезең (Сократ,
Платон, Аристотель):
1) Демократиялық (б.з.д. 7-5 ғ.ғ.)
2) Классикалық (Сократтық)- б.з.д.5 ғ. ортасы-б.з.д. 4 ғ. аяғы.
3) Эллиндік- б.з.д. 4ғ.- б.з.д. 2 ғ.
4) Римдік- б.з.д. 1ғ- б.з.д. 5ғ.
Сократ бұл жерде адамның өмірін философияның негізгі мәселесі етіп қараумен шектелмей, өмірдің өзін өзіндік сана ретінде қарап отырған. Ендеше, адамша өмір сүрудің өзі өнер екен. Оның екінші қағидасы: Менің білетінім — менің ештеңе білмейтіндігім, ал басқалар мұны да білмейді». Адам өзіне-өзі сырттай үңілген сайын, өзін өзі тануға ұмтылған сайын, сайып келгенде ештеңе білмейтіндігін анықтайды.
Платон (б.з.б. 427-347 жылдары өмір сүрген) атақты және аса ауқатты бай жанұядан шыққан. Философия тарихында Платонның қалыптасуы, көбінесе оның ұстазы Сократтың есімімен тығыз байланыстырады. Оның үстіне Платонның көптеген шығарма сұхбаттарының негізгі кейіпкері — Сократ. Ол Афины демократиясын қатты сынға алды. Платонның еңбектері: «Мемлекет», «Театет», «Федон».
Аристотель — Платонның шәкірті. Ұстазының көзі тірісінде шәкірті оның шығармаларына сын көзбен қарап, пікірлерін ашық айтпағаны рас. Бірақ кейін келе, өзінің философия жүйесін жасау процесінде ол Платонның көзқарасына қарсы шықты. Аристотельге: «Сен неге көзінің тірісінде ұстазыңа қарсы шықпадың», — деп айып таққанда, ол: «Платон маған дос, бірақ ақиқат одан да гөрі қымбатырақ» — деп жауап беріпті.
Эллиндік кезең:
Эллинизм дәуірі (б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырдағы) басталды. Азия мен Африкада ірі мемлекеттердің пайда болып, Александр Македонский мен оның ізбасарларының билігі. Эллинизм ойшылдары стоялықтар – Аристотель ілімін, эпикуршілдер Демокритті, скептиктер Элей мектебі мен софистерді, Платонды әрі қарай ілгері жалғастырушылар болды. Ендеше, заманның мәнін, ішкі рухани дүниесін түсіну үшін эллинизм дәуірі, ондағы стоялықтар, эпикуршілдер және скептиктер маңызды рөл атқарды.
Белгілері:
1) киниктердің антиқоғами филос-ның белес алуы;
2) философияның стоикалық бағытының пайда болуы.
3)Эпикур фил-сы.

Стоикалық бағыттың негізін салған – Зенон. Әсіресе, стоикалық ойшылдар өзінің логикасында, физика мен этикасында табиғатты, яғни сезімдік материалды, ғарышты субъекті ретінде қарап, сол арқылы адамның негізін түсінуге ұмтылды.
Эпикуршілдік бағыттың өкілі Эпикурдің есімімен аталатын философиялық ағым сонау Демокриттің атомдық философиясын дамыта отырып, осы эллинизм дәуірінде адам туралы көптеген мәселелер көтерді. Эпикуршілдікті жаратылыстану саласын және этика мен эстетика мәселелерін көтерген ғылыми бағыт деп қарауға болады. Бұл ағымның негізгі бір ерекшелігі ұсақ бөлшекті атомдарды қарастыра отырып, солар арқылы адамдардың қоғамдық өміріне талдау жасайды.
Эпикур
Стоик
Киниктердің антиқоғами философиясы
Киниктер философиясының («Киносарг» деп аталған гимназияның атымен аталып кеткен, аудармасы — «көреген ит») негізін қалаушы Антисфеннің ( б.д.д. 444-368жж.)пікірінше, нақты өмір сүретін тек жеке заттар ғана, ал жалпы ұғымдар заттардың қандай зат екенін анықтайтын сөз ғана. Ал білім дегеніміз ұғымдардың мазмұнын құрайтын пайымдаулар. Бірақ олардың мазмұнында заттардың мәнін көрсететін қасиеттер мен әр түрлі белгілерді теріп көрсетуге болмайды, себебі олар туралы пайымдаулар қарама-қайшы пікірде болуы мүмкін. Ал заттар туралы дұрыс пайымдау субъекті мен предикат тепе-тең (товталогия) болған жағдайда ғана қалыптасады. Киниктердің жеке заттар мен жалпы ұғымдар туралы пікірлері ортағасырлардағы номиналистердің жалпы ұғымдар мен жеке заттар туралы идеяларымен ұштасып жатқанын байқаймыз.
Киниктер материалдық игіліктерден бас тартып, аскеттік өмірді уағыздаса, гедонистік (Кирендік — Кирен қаласының атымен) мектептің өкілдері өмірде өз түйсіктеріңнің мәліметтерін басшылыққа ала отырып, сезімдік қуаныштарға, ләззатқа берілу керек деп уағыздайды. Ал ләззат, бақыт дегеніміз — минуттық сезімдік қуаныштардың жиынтығы, оларды қадірлеп, қастерлеп, мүмкіндігінше пайдалану керек.
Римдік кезеңнің атақты
философтар:
1) Сенека
2) Марк Аврелий (161-180жж)
3) Тит Лукреций Кар.
4)соңғы стоиктер.
5) ерте христиандар.
Сенека Луций Анней (біздің заманымыздан бұрын 5 жылы Кордуба, – біздің заманымыздың 65, Рим) – римдік философ, мемлекет қайраткері. Император Неронның тәрбиешісі және ел басшылығына ықпалын жүргізген кеңесшісі болған. Кейіннен императордың қаїарына ұшырап, өзін-өзі өлтіруге мәжбүр болды. Сенеканың көптеген еңбектері (“Луциге хаттар”, т.б.) бізге түпнұсқа түрінде жеткен. Өз дәуірінің шиеленісті мәселелерін бейнелеген Сенека ілімі өте қайшылықты болды. Грек философтарының ізімен, яғни дүниені материалдық бірлікте және зерделі тұтастықта қарастыра отырып, Сенека негізінен этикетика-ғибраттық мәселелермен шұғылданды. Егер олардың шешімдері дұрыс табылса, оның сөзімен айтқанда, рухтың тыныштығы мен тұнықтығына қол жетеді. Ол өзінің негізінен индивидуалистік этикасын қоғам және мемлекет міндеттерімен байланыстыруға тырысты. Сенека этикасы кейінен христиандық идеологияның дүниеге келуіне үлкен ықпалын тигізді
Лукреции, Тит Лукреции Кар (99 соңы - б.д.д. 55) - римдік ақын, философ, ағартушы. «О природе вещей» поэмасының авторы. Практикалық, өмірге үйретушілік бағыты, жалпы поэманы сипаттайды; оның негізінде - жанның өлетіндігі туралы, эпикуреизм этикасының басты мәселесі.
Ортағасырлық мәдениеттің басты ерекшелігі — мәдениеттің діннің ықпалында болуында, яғни христиан діні мен христиан шіркеуінің қоғамда ерекше рөл атқаруында. Рим империясы құлағаннан кейінгі мәдениеттің жаппай құлдырау процесі етек алған жағдайда, діни шіркеулер Еуропа елдері үшін жалғыз әлеуметтік институт болып қалды. Христиан шіркеулері үстемдік етуші саяси институт болуымен қатар, адамдар санасына да мейлінше ықпал етті. Өмірдің қиын жағдайында қоршаған дүние туралы білімнің шектеулі болуы, тіпті оған қол жете бермейтіндей жағдай орын алған кезде христиан діні — халыққа дүние жөнінде, онда үстемдік ететін күштер мен заңдар жайында біртұтас білімдер жүйесін ұсынды. Бұл тарихи дәуірде шіркеу соборларында христиандық діни-уағыздардың басты қағидалары — сенім-белгілері қабылдана бастады. Бұл қағидаларды барлық христиандар орындауға міндетті деп жарияланды. Христиандық ілімнің негізі — Иисус Христостың тірілгеніне, о дүниедегілердің тірілетініне, құдіретті «Үштіктің» бар екендігіне көміл сену болып саналды. «Үштік» ұғымы құдайдай дөріптелді. Ол өзінің үш бейнесінде де біртұтас: өйткені дүниені жаратушы: құдайәке, құдай-бала, касиетті Рух және күнөларды өтеуші Иссус Христос — әрі мәңгілік, әрі бір-біріне тең. Христиан діні адам өзінің табиғатынан-ақ әлсіз және күнә жасауға бейім тұрады, міне сондықтан да оны шіркеудің көмегімен ғана құтқарып қалуға болады деп үйретті.
Қорытынды
Антикалық философияға келесі белгілер тән:
1) философияның гүлденуінің материалдық негізіполистердің экономикалық дамуы болды.
2) Ежелгі грек философтары материалдық өндіріс процесінен қол үзіп, дербес қауымдыққа айналды;
3) ғарышкінділік (космоцентризм) идеясы өзекті бөліне бастады;
4) философия дамуының соңғы кезеңінде ғарышкінділік идеясы мен анропокінділік идеясы араласып, біріге бастады.
5) Құдайлардың болуы күмән тұғызбады.
6) Ежелгі грек Құдайлары табиғаттың бір бөлігі болып саналып, адамға жақын болды.
7) Адам қоршаған дүниеден бөлінбей, табиғат бөлігі болып табылады.
8) философиядағы екі бағыт қалыптасты- Платон бағыты ; Демокрит бағыты.
Full transcript