Loading presentation...
Prezi is an interactive zooming presentation

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Деректер тасымалдау ортасы. Кабельдер стандарты. Құрылымдалғ

No description
by

Алия Базарбекова

on 12 December 2013

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Деректер тасымалдау ортасы. Кабельдер стандарты. Құрылымдалғ

Деректер тасымалдау ортасы. Кабельдер стандарты. Құрылымдалған кабельдік жүйелер
Байланыс арналары немесе мәлімет жіберу арналары
– аралық аппаратура және ақпараттық сигналдар (мәліметтер) жіберілетін физикалық орта. Байланыс арналары ақпарат көзі мен ақпаратты қабылдағыш арасын байланыстырады.

Есілген қосым
Есілген қосым – байланыс кабельдерінің бір түрі, пластик қабықшамен қапталған, өзара бұралған, бір немесе бірнеше оңашаланған сымдар жұбы. Есу сымдардың бір жұбының байланысын арттыру және келесі электромагниттік кедергілерді азайту мақсатымен жасалады.
Берілген кабель түрі ең арзан және кеңінен таралған байланыс түрі, «жұлдыз» топологиясы бойынша жасалған жергілікті желілерде кең қолданысқа ие.
Бұл кабель түріне монтаждау жеңілдігі тән. Есілген қосым жеткілікті кедергіге төзімді. Мәліметтерді жіберу жылдамдығы 1000 Мбит/с дейін.

Коаксиальді кабель – мәліметтерді үлкен қашықтықтарға жіберуді қамтамасыз етеді, компьютерлік желілерді жасауда қолданылған (есілген қосым ығыстырғанға дейін).
Кабельді телевидение, авиация, ғарыштық техника, тұрмыстық техника байланыс жүйелерінде қолданылады.
Коаксиальді кабель – электрлі кабель түрі.
Коаксиалды кабельдер ақпаратты 10Мбит/с жылдамдықпен 185-500 метр қашықтыққа жібере алады.Олар қалыңдығына қарай қалың және жұқа болып бөлінеді.
Оптикалық талшықты кабель
Оптикалық өткізгіштер қымбатырақ, олар шыныталшықты кабель деп те аталады. Олар арқылы мәліметтердің таратылу жылдамдығы секундына бірнеше гигабитке жетеді. Жою мүмкіндігі 50 км. астам. Бөгеуілдердің сыртқы әсері жоқ деуге болады. Қазіргі уақытта бұл ЛВС үшін ең қымбат тұратын қосылу. Электромагнитті бөгеуілдер полелері болатын және қайталауларды пайдаланбай ақпаратты өте үлкен ара қашықтыққа беруді талап етілген кезде қолданылады. Олар төмендетуге қарсы қасиеттері бар, өйткені оптикалық талшықты кабельдердегі бөлшектеу техникасы өте қиын.
Оптоталшықты сызықтар үлкен көлемді мәліметтердің өте жоғары жылдамдықта жылжуына арналған, өйткені олардағы сигналдар өшпейді және бүлінбейді.
Жергілікті желілердегі радиоарналар – жергілікті желілерде сымсыз байланыстың қалыптысы Wi-Fi технологиясы. Wi-Fi екі тәртіпте қосылуды қамтамасыз етеді: нүкте-нүкте (қосылған екі ДК үшін) және инфрақұрылымды байланыс (бірнеше ДК бір рұқсат ету нүктесіне қосылған). Мәлімет алмасу жылдамдығы нүкте-нүкте байланысында 11Мбит/с дейін және инфрақұрылымды байланыста 54Мбит/с дейін. Жылдамдық қосылған компьютерлер саны мен рұқсат ету көзінен қашықтыққа байланысты.


Құрылымдық кабельдік жүйе (ҚКЖ) дегеніміз – жалпы белгіленген талаптарға сай салынған бір үйде/үйлер кешенінде телекоммуникациялық белгілер беретін орта және кабель, коннекторлар, біріктіретін баусымдар, кросс-панельдер, ақпараттық розеткалар және басқа жабдық кіретін кешен.

ҚКЖ құрылымы 3 жүйешеден тұрады:
- Магистральды территориялық жүйеше
- Магистральдық ғимараттың жүйешесі
- Көлденең жүйеше

Жүйеге қойылатын талаптар:

- Құрылымдық кабельдік жүйе жоғарыда аталған кабельдік стандарттың талаптарына сай болуы керек;
- Барлық қолданылған материалдар мен телекоммуникациялық жабдықтар кабельдік стандарттардың талаптарына сәйкес болуы керек.

Құрылымдалған кабельдік жүйелердің қасиеттері:
- Әмбебаптығы. Құрылымдалған кабельдік жүйелер жүйелі ұйымдасқан болса, локальды есептеуіш желідегі компьютерлік ақпараттарды жіберудің бірден бір ортасы бола алады.
- Қызмет мерзімінің ұлғайтылуы.Жақсы құрылымдалған кабельдік жүйенің ескіру уақыты 8-10 жыл болуы мүмкін.
- Жаңа тұтынушылар қосылған кезде және олардың орнын ауыстырған жағдайдағы құнының төмендетілуі.Кабельдік жүйенің құны көбінесе кабельдің бағасымен емес, онымен жүргізілген жұмыстың бағасымен бағаланады.
- Желіні оңай кеңейтудің мүмкіндіктері.Құрылымдалған кабельдік жүйе модульдік болып табылады.Сондықтан оны жеңіл өсіруге болады, аз қаражатпен коммуникациялық жүйелердің жаңа талаптарына сай жаңа құрылғыларға көшуге болады.
- Қызметтің сенімді жолымен қамтамасыз ету.Құрылымдалған кабельдік жүйе қызмет етуді және іздеуді жеңілдетеді.
- Сенімділік.Құрылымдалған кабельдік жүйе өте сенімді, себебі әдетте оның барлық компоненттерін және техникалық қамсыздандыруын бір өндірістік фирма жасайды.

Құрылымдық кабельдік жүйелер стандарттары:
ANSI/TIA/EIA-568-А. Коммерциялық ғимараттардың телекоммуникациялық кабельдерінің стандарты. 1995 жыл қазан;
ISO/IEC 11801. Ақпараттық технологиялар. Тапсырыс берушілердің ғимараттарына арналған құрылымдық кабельдік жүйе. 1995 жыл шілде;
EN 50173:1995. Ақпараттық технологияллар. Құрылымдық кабельдік жүйелер. 1995 жыл шілде.

НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Full transcript