Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Мектептің әдістемелік жұмысы

No description
by

Aidie Aidarbekov

on 6 December 2014

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Мектептің әдістемелік жұмысы

Жоспар:

1. Мектептегі әдістемелік жұмыстың мақсаты, міндеттері мен мазмұны
2. Мектепте әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі түрлері
3. Мектептегі әдістемелік жұмысты басқару механизмдері

Мектептің әдістемелік жұмысы
Сарбасова Қалимаш Амангелдіқызы педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
Мектептегі әдістемелік жұмыстың мақсаты, міндеттері мен мазмұны
Мектептің әдістемелік жұмысының мақсаты – педагогтардың кәсіби білімдері мен біліктерін жетілдіру, педагогикалық шеберліктерін шыңдау, шығармашылықтарын дамыту, педагогикалық үдерістің тиімділігі мен сапасын арттыру
Мектептің әдістемелік жұмысы мұғалімдердің - үздіксіз білім алу жүйесінің бір бөлігі. Әдістемелік жұмыс мектептегі оқу-әдістемелік үдерісті жоғары деңгейге жеткізуге бағытталған. Ол оқу жылы бойы жүргізіледі және педагогтардың күнделікті тәжірибесімен байланыста орындалады.
Мектептегі әдістемелік жұмыстардың негізгі міндеттері:
* мектептің педагогикалық ұжымы іс-әрекетінің жаңашылдық бағыттылығын қалыптастыру;
* мұғалімдердің теориялық және педагогикалық –психологиялық даярлық деңгейін көтеру;
* оқыту мен тәрбиені ұйымдастырудың интерактивті формаларын, әдістерін, педагогикалық технологияларын ендіру;
* мұғалімдерге педагогикалық білімін өз бетінше көтеру жолдарын үйрету;
* өз білімін көтеру, кәсіби шеберлігін арттыру жолдарын анықтау;
* педагог қызметін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талдау, бағалауға көмек көрсету
* мұғалімдер мен оқушыларды ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық жұмыстарға баулу.
Мақсаты:
Мектептегі әдістемелік жұмыстың басқару жүйесінің құрамды бөлігі ретіндегі мәнін ашып көрсету
Мектептің әдістемелік жұмысы мынадай қағидаларға негізделеді:
- мектепті қайта өзгертуді тәжірибе арқылы іске асыру, оның өмірмен байланысы, маңыздылығы;
- ғылымилық - мұғалімдердің біліктілігін көтеру жүйесінің қазіргі ғылым жетістіктеріне бағытталуы;
- жүйелілік - жүйенің тұтастығы, яғни мақсат, міндет, мазмұн, әдіс-тәсілдердің, құралдардың тиімді нәтижеге бағытталуы;
- кешенділік - әдістемелік жұмыстың өзара байланыста, бірлікте жүргізілуі;
- бірізділік, сабақтастық, үздіксіздік - әдістемелік жұмыс- үздіксіз білім алу жүйесінің бір бөлігі;
- шығармашылық сипаты, әр педагогтың белсенділігі;
- шынайылық – мектеп пен педагогтардың шынайы мүмкіндіктерін негізге алу;
- теория мен тәжірибенің байланысы;
- ұтқырлығы- өзгермелі жағдайларға әдістемелік жұмысты икемдей білу;
- ұжымдық сипаты;
- әдістемелік жұмыс пен педагогтардың шығармашылық ізденісінің нәтижелігі
Жоспар:
1. Мектептегі әдістемелік жұмыстың мақсаты, міндеттері мен мазмұны
2. Мектепте әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі түрлері
3. Мектептегі әдістемелік жұмысты басқару механизмдері


Сарбасова Қалимаш Амангелдіқызы педагогика ғылымдарының магистрі,
аға оқытушы

Мұғалімнің әдістемелік жұмысының мазмұнын
кәсіби-педагогикалық мәдениеттің құрамдас бөліктері:
басқару мәдениеті
дидактикалық және тәрбиелік мәдениеті
жалпы мәдени құрам
әдіснамалық және зерттеу мәдениеті
кәсіби-адамгершілік және қарым-қатынас мәдениеті
Әдістемелік жұмыс мазмұны мектеп типіне, оның орналасуына (қала, ауыл),
мұғалім мен оқушы санына байланысты анықталады.

Төменде біз бір мектептің мысалында әдістемелік жұмыстың
мазмұнын көрсетеміз:

1. Бағыты -
педагогикалық үдерісті жетілдіру

Мақсаты:
мектептегі оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттыру.

Міндеттері:
нәтижелерді талдау, саралау;
алдыңғы қатар педагогикалық
ғылым және тәжірибенің жетістіктердің пайдалану;
жаңа техологияларды қолдану арқылы алынатын нәтижелердің сапасына қол жеткізу;
дарынды балаларды анықтау жолдары және олармен жүйелі жұмыс
бағдарламасын қалыптастыру.

Мазмұны: Педагогикалық Кеңес жұмысының жоспары бойынша

Бесінші педкеңес:
1. 2011-2012 оқу жылының қорытындысы.
2. Оқушыларды келесі сыныпқа көшіру.
9,11 сынып оқушыларын кешенді емтиханға жіберу.
Төртінші педкеңес:
1. Мектеп жұмысын жоспарлау.
2.Үшінші тоқсан қорытындысы.
Үшінші педкеңес:
1. Жаңа білім сатысындағы оқушы тұлғасы.
2. 1-ші жартыжылдық қорытындысы.
Екінші педкеңес:
1. Білім сапасын қалай арттыруға болады?
2. Бірінші тоқсан қорытындысы.
Бірінші педкеңес:
Отбасы, мектеп және қоғамның игілікті болашақ жолындағы өзара ынтымақтастығы.
I отырыс
- әдістемелік кеңестің құрамын, жұмыс тәртібін, жоспарын талқылау, бекіту.
II отырыс
- мектепшілік пән олимпиадалары
- мұғалімдердің кәсіби өсуі
III отырыс
- әдістемелік кеңестің I жартыжылдық бойынша жұмыс нәтижелері, мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін көтеру жағдайы.
IV отырыс
- дарынды оқушылармен жұмыс қорытындысы
- емтиханға дайындық . Қорытыңды бақылаудың әдіс- тәсілдерін анықтау.
V отырыс
- мектептің II жартыжылдық әдістемелік жұмысына сараптау бағасы
- аттестация, педагогтардың біліктілігін көтеру курстар қорытындысы.

2. Бағыты – оқу-әдістемелік жұмыстың деңгейін арттыру.
Мақсаты:
оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігі мен сапасын арттыру және оқытудың мазмұны
мен әдістемесінің өзекті мәселелеріне байланысты неғұрлым маңызды пікір ұсыныстарды қарау.
Міндеттері:
жеке пәндерді оқыту әдістемелерін жетілдіру жолдарын айқындау, ұсыныстар беру;
озық педагогикалық іс-тәжірибелерді зерттеу, жинақтау тарату;
интерактивті оқыту әдістерін, жаңа педагогикалық технологияларды ендіру бойынша
әдістемелік ұсыныстар беру, ғылыми ізденістер нәтижелерін талдау.
Мазмұны: Әдістемелік Кеңес жұмысының жоспары бойынша
Мазмұны:
1. Мұғалімдермен әңгімелесу
2. Мұғалімдерге, оқушыларға, ата-аналарға сауалнама жүргізу
3. Сабақтарға, факультативтік сабақтар мен үйірмелерге, сыныптан тыс жұмыстарға қатысу.
Мақсаты:
мұғалімдердің жеке тұлғалық ерекшеліктері мен педагогогикалық шеберлік деңгейлерін айқындау.
3. Бағыты – мамандарды іріктеу және реттеу

4. Бағыты – оқу пәндерін оқыту сапасын арттыру
Мақсаты: мұғалімнің кәсіби құзыреттілік және әдістемелік даярлық деңгейін анықтау.
Мазмұны:
1. Бағдарлама мен күнтізбектік тақырыптық жоспарларды бекіту туралы әдістемелік бірлестік отырысы
2. Сабақтарға қатысу
3. Оқушылармен, ата-аналармен, мұғалімдермен таңдалып жүргізілген сауалнама
4. Әдістемелік бірлестіктің оқушы біліміндегі олқылықты жою жолындағы жұмыстарда мұғалімнің қиналатын тұстарын айқындау мақсатындағы отырысы
5. Аралық не қорытынды аттестация кезінде оқушыларының білімі төмен деңгей көрсеткен мұғаліммен жұмыс.
6. Мұғалімдермен жеке-жеке әңгімелесу

Мазмұны:
1.Тәлімгерлер тағайындау. Тәлімгерлер жоспарын бекіту.
Тәлімгерлердің жұмысының барысын бақылау.
2. Жеке пән бойынша оқу бағдарламасын түсінуге көмектесу.
3. Оқу-тәрбие үдерісіне қатысты нормативті құжаттармен, талаптармен таныстыру.
4. Шығармашыл және жаңашыл педагогтардың сабақтарына қатысу.
5. Ғылыми-практикалық конференция, семинар, дөңгелек үстелге қатысу.
5. Сабақтарға және сыныптан тыс жұмыстарға қатысу.
6. Сабақтар өткізу.

5. Бағыты – жас мамандармен
әдістемлік жұмыс ұйымдастыру
Мақсаты: мұғалімнің кәсіби тұлғасын қалыптастырудың
жеке әдістемесін жасау.
Мақсаты: жаңадан келген мұғалімдердің кәсіби
құзыреттілік және әдістемелік даярлық деңгейін анықтау.
6. Бағыты – жаңа келген мұғалімдермен
әдістемелік жұмыс ұйымдастыру
Мазмұны:
1.Сабақтарға қатысу.
2. Оқушылардан пән бойынша ағымдық, әкімшілік тесттік бақылаулар алу.
3. Жаңа келген мұғалімдерден сауалнама алу. Жаңа келген мұғалімдермен жеке әңгімелесу.

Мақсаты: мұғалімдердің кәсіби даярлық деңгейін көтеру
7. Бағыты –
мұғалімдердің біліктілігін көтеру
Мазмұны:
1. Әкімшілік және мұғалімдердің мерзімдік курстарға қатысуын ұйымдастыру.
2. Халықаралық, республикалық, деңгейде нәтиже көрсеткен мұғалімдермен жұмыс.



Мектепте әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың формаларының өзгеруіне әсер ететін негізгі факторлар:

- білім саласындағы мемлекеттік саясат, заңдық актілер мен құжаттар;

- тұлғалық және кәсіби-әрекеттік көрсеткіштерді диагностикалық өлшеу үдерісінде анықталған мұғалімдердің педагогикалық мәдениетінің деңгейі, олардың әдістемелік сауаттылығы;

- ұжымдағы моральдық-психологиялық климат, әдістемелік жұмысты жүргізудің материалдық-техникалық мүмкіндіктері;

- мектеп ұжымындағы, мұғалімдер арасындағы, мұғалімдер мен оқушылар, мұғалімдер мен басшылар арасындағы нақты жағдаяттар.

Мектепте әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі түрлері
Әдістемелік жұмыстың түрлері
Ғылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқулар, жекелеген мұғалімдердің немесе әдістемелік бірлестіктердің шығармашылық есептері әдістемелік жұмыстың қорытындылау формалары болып табылады. Мақсаты – белгілі бір мерзімде, жоспарланған жұмыс түрін қорыту.

Мұғалімдердің пәндік әдістемелік бірлестіктері. Оның жұмысының мазмұны:
оқу-тәрбие жұмыстары мен оқушылардың білім сапасын арттыру, тәжірибе алмасуды ұйымдастыру, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе мен ғылым жетістіктерін енгізу, жаңа бағдарламалар мен оқулықтардың қиын тақырыптарын талдау, білім бағдарламалары мен оқулықтарының жаңа варианттарын талқылайды, олармен жұмыстың қорытындысын шығарады.
Бірлестік жұмысы арнайы құрылып, бекітілген жоспар бойынша жүргізіледі.
Проблемалық семинарлар мен практикумдар болып табылады. Олар мұғалімдердің теориялық және практикалық даярлығының бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған. Семинар жұмысының мазмұны қазіргі педагогикалық теориялар болуы мүмкін.

Әдістемелік жұмыс жүйесіндегі практикалық жұмыстар түрлері: іскер, рольдік ойындар, практикум-ойындар, ұйымдық-әрекеттік ойындар, түрлі тренингтер.
Алдыңғы қатарлы тәжірибе мектебінің мақсаты – жеке және ұжымдық тәлімгерлікті жүзеге асыру. Тәжірибе мектебінің негізгі қызметі – тәжірибелі мұғалімнің әдістемелік көмек керек ететін екі-үш мұғаліммен жұмыс жасауы. Бұл мектептің құрылуы, оның жұмыс барысы еріктілік түрінде жүргізіледі. Алдыңғы қатарлы тәжірибе мектебінің құрылымы ретінде немесе жеке құрылым ретінде мектепте жас мұғалім мектебі құрылуы мүмкін.

Проблемалық (инновациялық) топтар тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстың концепциясын жүзеге асыруға, мектептегі және мектептен тыс озық тәжірибелерді таратуға, насихаттауға байланысты жұмыстар атқарады.

Педагогикалық ұжымның таңдалған ғылыми-әдістемелік тақырып бойынша жұмыс жасап, ізденуі. Тақырып нақты мектептің нақты мақсаты, мазмұнына сәйкес құрылып, педагогикалық ұжым мүшелері тартылады. Тақырып ұзақ уақытқа (бес жылға) жоспарлануы мүмкін.
Мектептегі әдістемелік жұмысты басқару механизмдері
Мектептегі әдістемелік жұмысты басқарудың жоғары сатысы әдістемелік кеңес болып табылады. Әдістемелік кеңестің жұмысы бір оқу жылына жоспараланады, екі айда бір рет өткізіледі. Педагогикалық кеңестен ерекшелігі - әдістемелік кеңестің функциясы - әр мұғалімнің педагогикалық қызметінің ғылыми-әдістемелік деңгейін арттыру.

Әдістемелік кеңес мұғалімдердің педагогикалық біліктілігін арттырудың тактикасы мен стратегиясын жасайды, бірлестік, комиссиялар жұмысы жоспарларын талқылайды, мектептегі әдістемелік жұмыстың бағдарламасын жасайды.
Әдістемелік кеңеске оқытудың түрлі сатысы мен түрлі бейінді пәндерді оқытатын тәжірибелі мұғалімдер кіреді. Кеңеске директордың оқу-тәрбие немесе ғылым ісі жөніндегі орынбасары жетекшілік етеді.
Мектеп директоры әдістемелік басқарудың бір түрі ретінде педагогикалық кеңесте оқу-әдістемелік жұмысының өзекті мәселелерін талқылаудағы қорытындыны, ғылым негіздерін оқытудың тақырыптық жағдайын және оқушылар білімінің сапасын зерттеудің бойынша бұйрық бере алады.
- талдау – мектептің оқу-әдістемелік үдерісінің нәтижесіне сараптама жасау;

Мектептің әдістемелік жұмысын басқару негіздерін мынадай жүйеде көрсетуге болады:
- жоспарлау – басқарудың мақсаттылығы, мектеп алдындағы басқарудың бағытты жұмысы;
- ұйымдастыру - әдістемелік жұмысты мотивациялық, мазмұндық және әрекеттілік негізде құру;
- бақылау – басқарудың бұқаралық және жариялық сипаты;
- бағалау- әдістемелік жұмыстың нәтижелеріне тиімді баға беру және келешегін бағдарлау.
Hазарларыңызға рахмет!
Full transcript