Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Төлем балансы және валюта бағамы

No description
by

Karipova Ainur

on 25 April 2015

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Төлем балансы және валюта бағамы

Төлем балансы және валюта бағамы
Төлем балансы – белгілі бір уақыт кезеңінде (әдетте бір жыл ішінде) берілген елдің резиденттері мен сыртқы ортамен (шет мемлекеттермен) арасында жасалған барлық экономикалық мәмлелердің қорытындыларының жүйеленген жазбасы.
Төлем балансының шоттары берілген ел резиденттері мен басқа елдер арасындағы нақты ағындарды (тауарлар, қызметтер және т.б.) және қаржы ағындарын (әр түрлі нысандағы займдарды алу және беру) бейнелейді. Төлем балансы жекелеген халықаралық мәмлелерді емес, берілген ел мен басқа мемлекеттер арасындағы жиынтық мәмлелерді көрсетеді.
Төлем балансы екі жақты есепшот принципімен құрылады, яғни барлық экономикалық мәмлелердің екі жақты жазылуы болып табылады. Себебі кез келген мәмленің екі жағы болады: егер сіз шетелдік кәсіпорыннан тауар сатып алсаңыз, оған төлем жасауға міндеттісіз, ал ол өз кезегінде сізден алған ақшаны жаратуы немесе банктегі шотқа салуы мүмкін.
Төлем балансының құрылымы
Тауарлардың, қызметтердің және капиталдың халықаралық айырбасына елдің қатысуын сипаттайтын басты макроэкономикалық айнымалыларды экономикалық талдау негізі болып төлем балансы табылады.
Төлем балансының кредитіне нәтижесінде игілік сыртқа кетіп, елге валюта ағыны қамтамасыз етілетін мәмлелер жазылады. Олар «плюс» таңбасымен жазылады.
Мысалы, шетелге көліктерді сату, шетелдік туристерге қызмет көрсету, шетелден зейнетақы алу, шетелдіктердің отандық компаниялардың акцияларын сатып алуы кредитке жазылады, себебі бұл мәмлелер шетелдік валютаның түсуін қамтамасыз етеді.
Дебетке нәтижесінде ел иемденетін тауарлары үшін валюта жұмсайтын мәмлелер жазылады. Олар «минус» таңбасымен жазылады.
Төлем балансының дебеттік шоттарында, мысалы, автомобиль импорты, лицензия сатып алу, шетелдік компаниялардың тапқан пайдасын берілген елден аудару, ұзақ мерзімді займдар беру сияқты мәмлелер көрініс табады. Мұндай мәмлелер резиденттер шоттарындағы шетелдік валюта қорының азаюына әкеліп соқтырады.
Төлем балансы екі негізгі шоттан тұрады: ағымдық операциялар шоты; капиталмен және қаржы инструменттерімен операциялар шоты.
Валюта және валюта бағамы түсінігі
Валюта кең мағынада әлемдік аренада айырбас құралы ретінде ақшаның қызметін атқаруға қабілетті кез-келген тауар, тар мағынада ақша банкноталары мен монеталар түрінде қолдан қолға ауысып отыратын ақша массасының нақтылы бөлігі болып табылады.
Ұлттық валюта – оны шығарушы ел территориясындағы заңды төлем құралы.
Шетелдік валюта – берілген ел территориясындағы заңды немесе заңсыз қолданыстағы басқа елдердің төлем құралы.
Резервті валюта – елдер өздерінің төлем балансының теріс сальдосын жабу үшін қолданатын өтімді халықаралық активтерін сақтайтын валюта(лар).
Еркін қолданыстағы валюта – халықаралық мәмлелер бойынша төлем жасауда жиі қолданылатын және негізгі валюта нарықтарында еркін сатылып-сатып алынатын валюта. Бұл ұғым валютаның айырбасталу дәрежесін сипаттайды. Әдетте оларға АҚШ доллоры, жапон иені, француз франкі, ағылшын фунтстерлингі, неміс маркасы жатады.
Қатаң валюта – валюталық бағамы тұрақты, өзгеруі
іргелі
макроэкономикалық заңдылықтарға байланысты болатын валюта.
Валюта айырбасталымдылығы – резиденттердің және резидент еместердің ешбір кедергісіз, еркін ұлттық валютаны шетелдік валютаға айырбастау және шетел валютасын нақты, қаржы активтерімен мәмлелерде пайдалану қабілеті.
Валюта бағамы – ұлттық валюта бірлігінің шетел валюта бірлігімен бейнеленген бағасы.
Валюталық баға белгілеу – таңдалған нарықтық механизмдер негізінде валюта бағамын анықтау.
Әр түрлі елдерде валюталық баға белгілеудің екі негізгі әдісі – тікелей баға белгілеу және жанама баға белгілеу қолданылады.
Тікелей баға белгілеу – ұлттық валюта бірлігінің валюталық бағамының шетел валютасының белгіленген саны бойынша көрініс табуы.
Жанама баға белгілеу – шетел валюта бірлігі бағамының ұлттық валютаның белгіленген саны бойынша көрініс табуы.
Кросс-бағам (екі валютаның арасындағы олардың үшінші бір валютаға қатысты бағамы негізінде айқындалатын арасалмағы) – екі валютаның бір-біріне шаққандағы бағамдарының олардың әрқайсысының үшінші валютаға қатысты бағамы арқылы көрініс табуы.
Спот-бағам – бағам туралы келісімге қол жеткізілген сәттен бастап екі жұмыс күні барысында валюталар айырбасталатын бағам.
Форвард бағамы – келешекте, белгілі бір сәтте бағам туралы келісімге қол жеткізілгеннен бастап, кем дегенде үш күннен кейін валюталар айырбасталатын келісілген бағам.
Номиналды валюталық бағам – ұлттық валюта бірлігінің шетел валютасы бірлігімен бейнеленген бағасы.
Ол келесі формуламен анықталады:

En=Cf/Cd

мұнда En-номиналды валюталық бағам;
Cf-шетелдік валюта;
Cd- ұлттық валюта.

Нақты валюталық бағам – өз еліндегі және ұлттық валюта айырбасталатын шетелдегі баға деңгейінің өзгеруін ескере отырып, қайта есептелген номиналды валюталық баға
Ол келесі формуламен анықталады:
Er=En×(Pf/Pd )
мұнда Er– нақты валюталық бағам;
Pf- шетелдегі баға индексі;
Pd– өз еліндегі баға индексі;

Номиналды тиімді валюталық бағам (НТВБ) (nominal effective exchange rate, NEER) – ұлттық валюта мен басқа елдер валюталарының, сол елдердің берілген елдің валюталық операцияларындағы үлес салмағына сәйкес салмақталған арақатынасы ретінде есептелген валюталық бағам индексі болып табылады.
Нақты тиімді валюталық бағам (real effective exchange rate) – баға деңгейінің өзгеруін ескеретін номиналды тиімді валюталық бағам. Ол берілген елдің нақты валюталық бағамының негізгі сауда партнерлері болып табылатын елдер валютасына шыққандағы динамикасын көрсетеді.
Иілімділік деңгейіне қарай валюталық бағамның түрлері
Валюталық бағам бекітілуіне қарай екі жағдайда болуы мүмкін: бағам шетелдік валютамен қатаң бекітілуі мүмкін немесе шетелдік валютаға сұраныс пен ұсынысының арақатынасына байланысты еркін жүзуі мүмкін.
ХВҚ–ның жіктемесіне сәйкес, барлық елдердің валюталары бағамдарының
өзгеру еркіндігінің деңгейіне қарай негізгі үш түрге бөлінуі мүмкін:
- валюталық бағамы бекітілген валюта;
- шектеулі иілімді бағамды валюта;
- қалқымалы валюталық бағамды валюталар.

Бекітілген валюталық бағам – ±2,25%-ға уақытша ауытқуы мүмкін, ұлттық валюталар арасындағы ресми бекітілген арақатынас.
Бағам келесі әдістермен бекітілуі мүмкін:
1. Бағамның бір валютаға бекітілуі, яғни ұлттық валюта бағамының халықаралық есептесулерде анағұрлым елеулі валюталардың бағамына телінуі.
2. Басқа елдердің валютасын заңды төлем құралы ретінде пайдалану.
3. Валюталық басқару, яғни ұлттық валюта бағамын шетелдік валютамен бекіту және ұлттық валюта шығарылуы толығымен шетелдік (резервтік) валюта қорларымен қамтамасыз етілген.
4. Ортақ валюта бағамының бір шетелдік валютаға бекітілуі.
5. Ұлттық валюта бағамын негізгі сауда портнерлерінің валюталарына бекіту.
6. Валюталық бағамды валюталық композитке, яғни евро сияқты ұжымдық ақша бірліктерінің бағамына бекіту.
Шектеулі иілімді валюталық бағам – бекітілген ережелерге сәйкес валюталық бағамның біршама ауытқуына жол беретін ұлттық валюталар арасындағы ресми бекітілген арақатынас.
Қалқымалы валюталық бағам - ұсыныс пен сұраныстың арақатынасына қарай еркін өзгеретін бағам, оған белгілі бір жағдайларда мемлекет валюталық интервенциялар арқылы ықпал ете алады.
Валюталық бағам және төлем балансы
Жалпы тепе-теңдік моделінен туындайтын тағы бір теорияға сәйкес, валюталық бағам валютаға деген жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың қиылысуында пайда болады.
Жиынтық сұраныс (валютаға деген) резиденттер, сондай-ақ резидент еместер тарабынан тауар импортын төлеу және шетелдік активтерді иемдену үшін болады. Демек тепе-теңді валюталық бағам деңгейін анықтау үшін елдер арасындағы капитал қозғалысының ағымдағы көлемін білу және келешектегі ағылуын дәл болжай білу қажет.
жалпы макроэкономикалалық тепе-теңдік теориясы тепе-теңді валюталық бағамды анықтаудың негізі ретінде орнықты экономикалық заңдылықтарға сүйене отырып, нақты валюталық бағамды ішкі және сыртқы баланс қисықтарының қиылысу нүктесі ретінде анықтайды.
Full transcript