Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

ҚАЗАҚСТАН ТУРИЗМ НАРЫҒЫНДАҒЫ ТЕҢІЗ ЖӘНЕ ӨЗЕН КРУИЗДЕРІНІҢ РӨЛІ

No description
by

Yerdaulet Utepov

on 11 June 2014

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of ҚАЗАҚСТАН ТУРИЗМ НАРЫҒЫНДАҒЫ ТЕҢІЗ ЖӘНЕ ӨЗЕН КРУИЗДЕРІНІҢ РӨЛІ

ҚАЗАҚСТАН ТУРИЗМ НАРЫҒЫНДАҒЫ ТЕҢІЗ ЖӘНЕ ӨЗЕН КРУИЗДЕРІНІҢ РӨЛІ
5В090200 – Туризм мамандығы


Орындаған: Мендибаев А.Е
Круиздік туризм тарихы
Теңіз круиздік маршруттары оларды ұйымдастыру ерекшеліктері бойынша ажыратылады:
– белгілі бір бассейнде шеңберлік маршрут, мысалы, түрлі теңіз жағалаулық мемлекеттердің 8-12 порттарына және танымал теңіз курорттарына кіретін Жерорта теңізі.
– open jaw маршруттары, мысалы, туристер тек бір ғна маршрут соңына сапар шегетін Еуропа, Скандинавия және тағы басқаларының төңірегінде.
– 2- 3 күнге қысқамерзімді теңізге барып шығу. Мұндай рейстер арнайы мақсаттар үшін жиі қолданылады, мысалы, ойын – сауық бизнесін ұйымдастыру үшін. Мысалға, Израиль мемлекетінде ойын бизнесіне тыйым салынған, бірақ мемлекет территориалдық суларынан кететін кемелерде құмар ойындар қолжетімді.
– жағалаулық теңіз экскурсиялары және қыдыру рейстері
– ұзақмерзімді маршруттар және ұзақтығы жылға жететін жер шарын айналу саяхаты.

Круиздік туризмнің экономика салаларына әсері
Қазіргі круиздік туризм жағдайы

Ғылыми жетекші: Уайсова А.М
Алғашқы кезең
Теңіз круиздерінің пайда болуы Еуропадан Америкаға эмигранттарды тасымалдайтын кеме компанияларының Америкадан Еуропаға қатынайтын, әрқашанда жартылай бос болған рейстерін толтыру жолын іздеген кезде, нақты айтсақ XIX ғасырдың алғашқы кезеңдерінен бастау алады.Осы кезеңде теңіз круиздерінің ыңғайлылығы мен жайлылығы көтерілді.Атап айтқанда электрді пайдалану,аса кең палубалар пайда болды, кеме бортында ойын-сауық ұйымдастырыла бастады. 1867 жылы Квакер Сити дөңгелекті пароходы Нью-Йорктен Еуропаға және Палистинаға алғашқы деп тануға болатын теңіз круизін жасады.
Соғысаралық кезең
І Дүниежүзілік соғыстан кейін бірнеше теңіз компаниялары жолаушыларды сызықтық тасымалдаудан теңіз круиздері индустриясына ауысты. Сол кезеңдегі сол мақсатта қолданылған кемелердің барлығына дерлігі демалыс мақсатындағы теңіз круиздеріне сәйкестендіріліп,бейімделген рейстік жолаушылар пароходы болды.Соғыстан кейіндері жолаушылар кемелерін қонақ үй интерьері ретінде салтанатты етіп қамтып көрсетті. Жолаушылар кемесінің бұндай ішкі интерьер типі көбірек модернистік стиль пайда болғанда, яғни 1930 жылға дейін үстем болды.
1927 жылы француздық кеме жасаушылар толығымен заманауи стильде безендірілген алғашқы жолаушылар кемесі саналатын Иль де Франсты таныстырды
Соғыстан кейінгі кезең
Өзен круиздерін келесідей қалыпта жіктеуге болады:
– тұрақты рейстерде жолаушыларды және туристерді тасымалдау;
– чартерлік рейстерде жолаушыларды және туристерді жасымалдау;
– жүрдек және экспресс желілерде жолаушылар мен туристерді
тасымалдау;
– паромдық өткел;
– серуендік және экскурсиялық рейстер;
– харакетшіл туристерді су транспорт түрлерімен тасымалдау;
– ұзақ және қысқамерзімді круиздер;
– арнайы круиздер (конгресс круиздер, бизнес круиздер, оқу круиздері).
Өзен круиздері қысқамерзімді (1-3 күн), және ұзақмерзімді (25-30 күн) болып бөлінеді. Олар көбінесе мықты және өзен жүйесі, каналдар жүйесі бар мемлекеттерде өте танымалдылыққа ие. Туристер керемет суда демалысты мазмұнды жағалаулық экскурсиялармен үйлестіреді

Дипломдық жұмыс өзектілігі

Круиздік туризм– халықаралық туристік нарықтың ең танымал және қарқынды дамып келе жатырған сегменттерінің бірі болып табылады. Табиғи ерекшеліктеріне, әрдайым сұраныстың өсуіне және осы бизнес түрінде жететін экономикалық нәтижелерге байланысты біршама инвестициялық потенциалға ие. Еуропа круиздік ұйымының мәлеметтері бойынша, Еуропа экономикасын қалпына келтіру үрдісінде алдыңғы рөлді атқаратын круиздік индустрия қазіргі уақытта 36 млрд. еуро жалпы экономикалық эффект әкеліп, 14,1 млрд. еуро тікелей кіріс және 300 мыңға жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.Қaзaқcтaнда cу сaяхaттapы үшiн бaрлық жaғдaйлapды тaбиғат жaсап қoйған. Туғaн өлкeнің тaбиғи фaктoрлaры өтe eрeкше. Мыcaлы, Қaзақстaнның гидpoграфиялық жүйeсiн жaлпы ұзындығы 200 мың килoмeтрдeн aсaтын 10 мың өзeн, 40 мыңнaн aсa ipi жәнe ұcaқ көлдep құрaйды, бұл әpине cу caяхaттарын дaмытуға зоp мүмкiндiк бeрeдi. Aтaп aйтaр бoлсaқ, Кaспий тeңiзi жәнe Eртiс, Жaйық өзeндерi aрқылы круиздiк туpизмдi дaмытуғa бoлады.
Мақсаты:
круиздік туризмнің даму үдерісін талдап,және оның Қазақстан Республикасында дамыту мүмкіншіліктерін қарастыру.
Міндеттері:
– круиздік туризм тарихын саралау, сипаттама беру;
– круиздік саяхаттарының қазіргі географиясын анықтау;
– су саяхаттарын ерекшеліктерін анықтау;
– круиздік туризммен айналысатын компанияларға шолу;
– Қазақстан Республикасының су транспортының жағдайын талдау;
– Қазақстан Республикасында круиздік туризмді дамыту мүмкіншіліктерін және мәселелерін анықтау;

Круиздік нарық – туризм индустриясының қарқынды дамып келе жатырған сегменті. Соңғы 35 жылда круиздік индустрия жалпы туристік саласының өсуінен жоғары даму деңгейін көрсетіп келеді. Халықаралық круиздік индустрияның ортажылдық өсу қарқыны 7,4% құрасы, еуропалық круиздік нарықтың орташа көрсеткіштері 10% -ды құрайды.
2008 жылдың қорытындысы круизде болған саяхатшылардың рекордтық санын көрсетті – 18 млн. жолаушы. Оның 65% - ға жуығы америкалық жолаушыларға тиесілі болса, қалған 30% еуропалықтар және 5% Оңтүстік- Шығыс Азия және Австралия өкілдері болып табылады [9].
2008 жылы – 15 779 мың, 2009 жылы – 17 216 мың, 2010 жылы – 18 421 мың, 2011 жылы – 19 377 мың, 2012 жылы – 20 335 мың, 2013 жылы – 20 976 мың адам
Круиздік саяхатшылардың жас құрамы соңғы 30 жылда айтарлықтай өзгерген. Бұрындары артықшылық 55-60 жас категориясында болса, қазіргі таңда туристердің орташа жасы – 46 жыл.
Теңіз круиздері өте ауқымды және түрлі – түрлі географиясы бар. Теңіз круиздерін ең танымал бағыттары бойынша топтарға бөлуге болады: Жерорта теңізі бойынша круиздер, Еуропа төңірегі бойынша круиздер, Солтүстік Еуропа және Скандинавия бойынша круиздер, Оңтүстік Америка төңірегіндегі круиздер, Кариб бассейні бойынша круиздер, Француз Полинезиясы бойынша круиздер, Оңтүстік – Шығыс Азия, Норвегиялық Фьеордтар бойынша круиз.
2008 жылы - 96,1 мың aдам, 2009 жылы - 90,2 мың aдам, 2010 жылы- 108,2 мың адам, 2011 жылы -112,9 мың адам тасымалданған.
Павлoдар oблысы бoйынша 42,4 мың aдам, Бaтыс Қaзақстан oблысы бoйынша 38 мың aдам, Шығыc Қaзaқстан oблысы бoйынша 11,1 мың aдам, Астaна қaласы бойынша 21,5 мың адaм тaсымалданған.
Қазіргі уақытта Қазақстанда шамамен 1200 теңіз және өзен кемелеpі тіpкелген. Оның 74 –i (6,6 % ) жолаушылар кемесі. Соның ішінде 48 – і жүзуге жарамды күйде. Жолаушы кемелерінің орташа жасы 25 жыл. Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды әртүрлі типтегі 530 кеме арқылы жеке кеме ұстаушылар атқарады. Өзен транспорты саласының айтарлықтай проблемасы техникалық флоттың ескіруі саналады. Осы мәселені шешу мақсатында кезең- кезеңімен жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Соңғы жылдары кіші көлемдегі кемелер санының өсу тенденциясы сақталуда (2001 жылы 10283 бірліктен 2011 жылы 29019 бірлікке дейін).
2009 жылдан бері Өскемен және Бұқтырма шлюздерін, 2012 жылдан бастап Шүлбі шлюзін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Айтылған шлюздерді қалпына келтіру жұмыстары жоспар бойынша осы жылы аяқталады. Қазіргі уақытта Ертіс бойымен тура кеме қатынасы Шүлбі шлюзі құрылысының бітпеуі салдарынан бұзылған. Бұл жеке кеме жүретін аумақтардың жабылуына әкеліп, тасымалдау көлемінің өсуіне кері әсерін тигізіп, кеме жүзу қауіпсіздік талаптарына сай келмейді.
Каспий теңізі бойынша турмаршрут
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстанда круиздік туризмнің дамуы экономиканың басқа да салаларының: туристік инфрақұрылымға, порттық шаруашылыққа, ауыл шаруашылығына, транспорт, сауда және тамақтану , қонақ үй индустриясына, қаржы, коммерциялық және сақтандыру қызметтері, ақпараттық қызметтер, байланыс қызметтерінің және тағы басқаларының дамуына ықпал етеді.Қазақстан Республикасында круиздік туризмді дамыту үшін ең алдымен су транспортық жүйесін жақсарту керек. Осы тұрғыдағы мәселелерге мемлекеттің су транспорттарының ескіруі, «су транспорты» саласының жеке басқару органының жоқтығы, сенімді маркетингтік және логистикалық қамтамасыздандырудың, халықаралық талаптарға сай маман кадрларды дайындау жүйесінің жоқтығы, ішкі тасымалдауға қажетті кеме жүзетін шлюздардың төмен техникалық жағдайы жатады.
1960 жылдардың соңында трансатлантикалық линиялық рейстері жойылды. Оларға практикалық тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да сұраныс болмады. Кеме жүзетін компания иелері қызметтеріне сұраныстың төмендеуіне байланысты күрделі мәселемен бетпе - бет келді.Home Lines компаниясы 1963 жылы толығымен теңіз көңіл көтеру саяхаты индустриясының дамуына қайта бағытталған компаниялардың алғашқылары - ның бірі болды.
Full transcript