Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА: МӘНІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, ПРОПОРЦИЯЛАР ЖҮЙЕСІ

No description
by

Eshanov Abylai

on 4 January 2013

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА: МӘНІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, ПРОПОРЦИЯЛАР ЖҮЙЕСІ

Жоспар: 17.1. Ұлттық экономиканың құрылымы
17.2. Макроэкономика – экономикалық теорияның бөлімі ретінде
17.3.Макроэкономикалық агенттер және макроэкономикалық нарықтар сипаттамалары
17.4. Макроэкономикадағы айналым модельдері
17.5. Макроэкономикалық модельдер және олардың көрсеткіштері
17.1. Ұлттық экономиканың құрылымы Ұлттық экономиканың көптеген анықтамалары бар. Мысалы, В. Леонтьев: «ұлттық экономика – бір-бірімен өзара байланысқан көптеген әртүрлі қызметтер түрінен тұратын, өзін-өзі реттейтін жүйе» – деп санайды. Ұлттық экономиканың мақсаттары берілген экономиканың даму ерекшелігі мен экономикалық жүйесінің түріне байланысты болады. Дегенмен, барлық ұлттық экономикаларға төмендегідей негізгі мақсаттар тән болады: экономикалық өсу – ұлттық өндірістің нақты көлемінің тұрақты өсу қарқыны.
жұмыспен қамтылудың жоғарғы деңгейін ұстап тұру.
бағаның баяу өсуін қамтамасыз ететін баға деңгейін тұрақтандыру.
мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметтерінің кешенді көрсеткіші болып есептелетін және елге келіп түсетін төлемдер мен шетелдерге кететін төлемдер сомаларының арақатынасын көрсететін теңгерілген төлем балансын ұстап тұру.
қоғамда әлеуметтік әділеттікке жету. Макроэкономикалық пропорциялар – қоғамдық өндірістің әртүрлі бөлімдері мен шеңберлерінің арасындағы сандық ара қатынас. Оларды келесідей түрлерге бөледі: 1) жалпыэкономикалық пропорциялар – ұлттық экономика шеңберлерінің арасындағы ара қатынас (материалдық және материалдық емес өндіріс, тұтыну және қаражат жинақтау және т.б.);
2) салааралық пропорциялар – салалар арасындағы ара қатынастар (өндіріс және ауыл шаруашылығы);
3) салаішілік пропорциялар – бір сала аумағындағы әртүрлі өндірістің ара қатынасы ( шойын және болат, тракторлар мен комбайндар);
4) территориялық пропорциялар – әкімшілдік-территориялық құрылымдарда болатын ара қатынастар;
5) мемлекетаралық пропорциялар – халықаралық еңбек бөлінісі негізінде қалыптасады. Ұлттық экономикадағы мемлекеттің орны мен рөлі оның орындайтын қызметтерімен анықталады. Мемлекеттің негізгі қызметтеріне келесілер жатады: - шаруашылық субъектілерінің арасындағы өте маңызды қатынастарды реттеуші құқықтық;
- өндірістік процестердің қалыпты қызмет жасауын қамтамасыз ететін ұдайы өндірістік-технологиялық;
- монополияға қарсы іс-әрекет пен бәсекені қолдауға бағытталған бәсекені қорғау қызметі;
- тұрақтандыру қызметі – үкіметтің ұлттық экономи-каның негізгі мақсаттарына жетуге бағытталған іс-әрекеттері;
- болжамдық – экономиканың дамуын болжамдау негізінде дамудың приоритеттік бағыттарын анықтау;
- реттеуші – нарықтық экономика қызметтерінің жа-ғымсыз салдарын мейлінше азайту.
17.2. Макроэкономика – экономикалық теорияның бөлімі ретінде Макроэкономика (macroeconomics) – микроэконо-мика сияқты экономикалық теорияның негізгі бөлімі. Грек тілінен аударғанда «макро» – «үлкен» (сәйкесінше «микро» – «шағын»), ал «экономика» – «шаруашылық-ты жүргізу» дегенді білдіреді. Макроэкономика – экономикалық теорияның ХХ ғасырдың 30 жылдарында ғана пайда болған жас бөлімі. «Макроэкономика» терминін алғашқы болып 1933 жылы белгілі норвегиялық ғалым – экономист-математик, Нобель сыйлығының иегері, эконометриканың іргетасын қалаушылардың бірі Рагнар Фриш (Ragnar Frisch) өзінің мақаласында қолданды. Макроэкономикалық процесстерді талдаудың екі түрін ажыратады: > ex post макроэкономикалық талдау
> ex ante макроэкономикалық талдау
Макроэкономиканың басты теорияларының қатарына экономикалық өсу теориясы, іскерлік цикл теориясы, жұмыссыздық теориясы, инфляция теориясы, ақша теориясы, ашық экономика теориясы, макроэкономикалық саясат теориясы кіреді 17.3. Макроэкономикалық агенттер және макроэкономикалық нарықтар сипаттамалары Біртұтас экономика деңгейінде экономикалық тәуелділіктер мен заңдылықтарды оқып-білу тек қана белгілі жиынтықтарды немесе агрегаттарды қарастырғанда ғана мүмкін болады Макроэкономикалық агенттердің көптеген типтік іс-әрекеттерін анықтауға негізделген біріктіру әдісі төрт макроэкономикалық агенттерді бөліп көрсетеді: - үй шаруашылығы;
- фирмалар;
- мемлекет;
- сыртқы экономикалық сектор (шетел секторы).
Үй шаруашылықтары (households) – бұл экономикалық іс-әрекеттерінің мақсаты пайдалылықты жоғарғы деңгейге жеткізу болып саналатын дербес макроэкономикалық агент. Фирмалар (business firms) – бұл экономикалық іс-әрекеттерінің мақсаты пайдасын ең жоғарғы деңгейге жеткізу болып есептелетін дербес макроэкономикалық агент. Мемлекет (government) экономикалық процесстердің жүру барысына әсер етуге, экономиканы реттеуге саяси және заңды құқықтары бар мемлекеттік ұжымдар мен мекемелердің жиынтығы. Мемлекет – бұл дербес, оңтайлы жұмыс істейтін макроэкономикалық агент, оның басты міндеті – нарық құлдырауын (market failures) жою және қоғамдық әл-ахуалды ең жоғарғы деңгейге жеткізу. Ол экономикада: а) қоғамдық игіліктерді өндіруші;
ә) мемлекеттік сектордың жұмысын және оның көптеген функцияларын орындауды қамтамасыз ету үшін тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алушы;
б) ұлттық табысты қайта бөлуші (салық жүйесі мен трансферттер арқылы);
в) мемлекеттік бюджеттің жағдайына қарай – қаржы нарығында несие беруші немесе қарыз алушы болады.
Тұрақтандыру саясатының басты түрлері төмендегідей болады: а) фискалдық немесе бюджет-салық саясаты;
ә) монетарлық немесе ақша-несие саясаты;
б) сыртқы экономикалық саясат;
в) табыстар саясаты.
Нарықтарды біріктіру (агрегирлеу) төрт макроэкономикалық нарықты бөліп көрсету мүмкіндігін береді: а) тауарлар мен қызметтер нарығы (нақты нарық);
ә) қаржы нарығы (қаржы активтерінің нарығы);
б) экономикалық ресурстар нарығы;
в) валюта нарығы.
Іріленген тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығын (goods market) табу үшін біз экономикада өндірілетін тауарлардың барлық сан-алуан түрлерінен алшақтануымыз (абстракциялануымыз) керек және осы нарықтың қызмет істеуінің ең маңызды заңдылықтарын, яғни тауарлар мен қызмет көрсетулерге сұраныс пен ұсыныстың қалыптасу заңдылықтарын бөліп көрсетуіміз керек. Қаржы нарығы (қарыз құралдарының нарығы) (financial assets market) бұл қаржылық активтер (ақша, акциялар және облигациялар) сатылатын және сатып алынатын нарық. Бұл нарық екі сегментке бөлінеді: а) ақша нарығы (money market) немесе ақшалай қаржы активтерінің нарығы;
ә) құнды қағаздар нарығы (bonds market) немесе ақшалай емес қаржы активтерінің нарығы.
Ресурстар нарығы (resource market) макроэкономикалық модельдерде еңбек нарығымен (labour market) көрсетіледі, себебі оның қызмет жасау заңдылықтарының ерекшеліктері (еңбек сұранысы мен еңбек ұсынысының қалыптасуы) макроэкономикалық процесстерді, әсіресе қысқамерзімдегі процесстерді түсіндіруге мүмкіндік береді. Валюта нарығы (foreign exchange market) әртүрлі елдердің ұлттық
ақша бірліктері (валюталары) бір-біріне ауыстырылатын (доллар теңгеге, маркалар франктарға, евро иенге және т.т.) нарық. Бір ұлттық валютаның басқаға айырбасталуы нәтижесінде айырбас (валюта) бағамы (exchange rate) қалыптасады. 17.4. Макроэкономикадағы айналым модельдері Халық шаруашылығының шеңберлік айналымы – бұл экономикалық жүйенің моделі, экономикалық субъектілердің арасында өзара айырбасталатын тауарлар мен қызметтер ағынын және оның ақша төлемдері ағынымен қалай теңдестірілетінін суреттейді. Алдымен екі макроэкономикалық агенттерден (үй шаруашылықтары мен фирмалардан) және екі нарықтан (тауарлар мен қызметтер көрсету нарығы мен экономикалық ресурстар нарығы) тұратын екі секторлы экономиканың моделін қарастырайық Фирмалар өндірісті қамтамасыз ету үшін және оны кеңейту мақсатында қосымша қаражаттарға (несие қаражаттарына – loanable funds) мұқтаж болады. Осы жағдай үй шаруашылықтарының жинақтарын фирмалардың инвестициялық ресурстарына айналдыратын қаржы нарығының пайда болу қажеттігін алдын-ала анықтайды Сөйтіп, үй шаруашылықтарының тұтыну шығындарына (consumption spending – C) фирмалардың инвестициялық шығындары (investment spending – I) қосылады. Ұлттық табыс пен ұлттық өнімнің теңдестігі сақталады, сондықтан макроэкономикада ұлттық табыс пен ұлттық өнім бірдей әріппен белгіленеді – Y (yield). Теңдестік жағдайында ұлттық өнім шамасы жиынтық шығындар сомасына (expenditures) тең болады:

Y = E
Экономиканың екі секторлы моделінде жиынтық шығындар (ұлттық өнім ) үй шаруашылықтарының тұтыну шығындары (С) мен фирмалардың инвестициялық шығындарынан (I) тұрады:
E = C+ I,
ал ұлттық табыс - тұтыну (C) мен жинақтаулардан (S) тұрады :
Y = С + S.
Бұдан көретініміз
С + I = С + S,
жалпы шығындар жалпы табысқа тең, ал
I = S,
яғни инвестициялар жинақтауларға тең болады.
Төмендегі жағдайларда экономика тепе-тең жағдайда болады:
1) Y = C + I , мұндағы Y (yield) – ұлттық табыс, С – тұтыну шығындары (consumption spending) , І – инвестиция шығындары (investment spending);
2) Ін = Іж , мұндағы Ін – нақты инвестициялар, Іж – жоспарланған инвестициялар;
3) S (savings) = I, мұндағы S – үй шаруашылығының жинақ қоры (табыс пен тұтыну шығындары арасындағы айырма).
Теңсіздік болған жағдайда ақша көрсеткіштерінің ағыны мөлшерін сипаттайтын атаулы шамалар өзгеріске ұшырайды:
1) егер тұтыну және инвестиция шығындары (C + I) ұлттық табыс (Y) көлемінен көп болса, экономикалық жүйеде тапшылық пайда болады;
2) егер тұтыну және инвестиция шығындары (С + I) ұлттық табыстан (Y) аз болса, онда экономикада қор жиналады;
3) егер Ін = Іж теңдігі орындалмаса, теңсіздік пайда болады.
Мемлекет қатысатын жабық модель төмендегідей жағдайларда мемлекеттің экономикаға араласуын көрсетеді:
а) салық жинау (taxes – Tx), ) және әлеуметтік төлем – трансферттерді (transfers – Tr) жүзеге асыру;
ә) тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығында (G – government purchases) мемлекеттік сатып алулар;
б) айналыстағы ақша санын реттеу.
Егер жинақ қоры теріс сан болса, мемлекеттік қарыз (мемлекеттік бюджет тапшылығы) пайда болады, олар ақша нарығында немесе бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік займ есебінен жабылуы мүмкін. Мемлекеттің айналымға қатысуы экономикалық субъектілер теңдеуін келесідей түрде өзгертуі мүмкін:

үй шаруашылығы үшін: Y = C + Т + S;
фирмалар үшін: Y = C + I + G;
мемлекет үшін: Y = Т + S.
“Жылыстау”(leakages) – бұл үй шаруашылықтары-ның ел ішінде өндірілген тауарларды сатып алуға жұмсамайтын табыстары. Олар экономикада қор жинақтау, салық төлемдері және импорт түрінде көрінеді (S+T+Im).
”Қуат беру” (injections) – ұлттық өнімді қаржы-ландыруға жұмсалатын шығындар, бұған жататындар инвестициялар, мемлекеттік сатып алулар, экспорт шығындары (I+G+Ex).
Айналым шеңберінің моделі экономикадағы барлық өзара байланыстар мен өзара тәуелділіктерді көрсетеді. Осыдан макроэкономиканың пәнін дәлірек анықтауға болады: макроэкономика макроэкономикалық нарықтардағы макроэкономикалық агенттердің іс-әрекеттерінің заңдылықтарын оқып зерттейді. 17.5. Макроэкономикалық модельдер және олардың көрсеткіштері Айналым шеңберінің тізбегі макроэкономикалық модельдің мысалы болып саналады. Модельдеу және абстракциялау – макроэкономикалық талдаудың басты әдісі, барлық макроэкономикалық процесстер модельдер тұрғызудың негізінде оқып зерттеледі. Макроэкономикалық модельдер макроэкономикалық шамалардың арасындағы өзара тәуелділікті, экономикалық құбылыстар арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды түсінуге көмегін тигізетін функция, графиктер, сызбалар және кестелер түрінде болады. Модельдердің құрамына айнымалылардың екі түрі кіреді: экзогендік және эндогендік. Экзогендік айнымалылар тыстан беріледі, модельден тыс қалыптасады. Модельде олар тәуелсіз шамалар болады, ал олардың өзгерістері автономдық өзгерістер деп аталады.

Эндогендік айнымалылар модельдің ішінде қалыптасады. Макроэкономикалық айнымалылардың маңызды ерекшелігі: олардың ағындар көрсеткіштері және қор көрсеткіштері болып екі топқа бөлінуінен тұрады.

Ағын – бұл белгілі-бір уақыт мерзіміндегі сандар.
Қор – белгілі бір уақыттағы, яғни нақты датадағы (мысалы, 1 қаңтар 2010 жыл) сандар.
Макроэкономикалық көрсеткіштер абсолюттік және салыстырмалы болып та бөлінеді. Абсолюттік көрсеткіштер ақша (құн) түрінде өлшенеді, тек жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар санының көсеткіштері ғана адам санымен өлшенеді. Ал салыстырмалы көрсеткіштер – пайызбен және шамалар қатынасымен өлшенеді. 17 тақырып.
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА: МӘНІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, ПРОПОРЦИЯЛАР ЖҮЙЕСІ
Full transcript