Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Әлеуметтік-экологиялық проблемалар және тұрақты даму

No description
by

Sataeva Zhadyra

on 8 June 2014

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Әлеуметтік-экологиялық проблемалар және тұрақты даму

"Экология және тұрақты даму" пәнінен ашық сабақ
Тақырыбы: Әлеуметтік-экологиялық проблемалар және тұрақты даму
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің “Экология” кафедрасының аға оқытушысы Әлімхан Г.Ә.

3. Қалалық экожүйе
Сабақтың жоспары :
1. Экологиялық дағдарыс туралы түсінік және оны шешу жолдары
2. Халық санының артуы және оның салдары
3. Қалалық экожүйе
4. Соғыс және терроризмнің экологиялық проблемалары
«Кризис» сөзі (қаз. «дағдарыс»)
гректің «кризис» немесе кринейн” сөзінен дәл аударғанда «шешім қабылдау» деген мағына береді.

Бүгінгі күні адамзат ұшырап отырған проблемалардың қысқаша тізімін келтірейік:
-
Ғаламдық жылыну;
-климаттық зоналардың ығысуы;
-озон тесіктері;
-қоршаған ортаның ластанулары;
-жоюға келмейтін радиоактивтік қалдықтар;
-құнарлы топырақтың эрозиясы және олардың аумақтарының қысқаруы;
-демографиялық жарылыс;
-қайта қалпына келмейтін минералдық ресурстардың жүдеуі;
-энергетикалық дағдарыс;
-бұрын белгісіз, емдеуі қиын аурулар санының күрт өсуі;
-азық-түліктің жетіспеуі;
-планета халқының басым бөлігінің ашаршылыққа ұшырауы;
-әлемдік мұхит ресурстарның жүдеуі
және оның ластануы.
1.Экологиялық дағдарыс және оны жеңу жолдары.
.
Бұларды шешудің осы кезге дейін ұсынылып келген жолдары мен әдістері қазірше тұрақты нәтиже бере алмай отыр. Оның себебі көп. Бір зерттеушілер осының бәрінің себебі техникалық прогресс деп тапса, екіншілері – планета халқының жарылыс тәрізді күрт өсуі деп санайды. Діни конфессиялардың кейбір өкілдері алғы шепке адамгершіліктің, ізгіліктің жетіспеуі мен қоғамның моральдық құлдырауын қояды. Бұл тұрғыда белгілі бір себепті бөліп айту қиын, дұрысы, ХХ-шы ғасырдың аяғында адамзат ұшырап отырған жағдайға осы факторлардың бәрінің жиыны әсер етеді дегенге саяды.
Алға материалдық байлықты көбейту мақсатын қою – планета биоценозының бірті-бірте, бірақ жойылуына алып келе жатыр. Бұл құбылыстың алғашқы қарлығаштары – климаттың өзгерістері, табиғи апаттар, өнімділіктің төмендеуі, азық-түлік өндіру көлемінің азаюы және оның салдары ретінде – жалпыға төніп тұрған ашаршылық қаупі.
Экологиялық дағдарыстан
шығу жолдары:
-экспансивті ғарыштану.
-жаңа ресурс үнемдеуші технологиялар енгізу.
-Күн жүйесінің көршілес планеталарының минералдық ресурстарын өндіру.
- нанотехнология.
-қайта қалпына келетін энергия көздерін іздестіру және пайдалану.
-термоядролық синтез.
-кәдімгі затпен қосылғанда аннигиляция реакциясын беретін антизат өндіру (аннигиляция реакциясы дегеніміз – екі заттың бір-бірімен қосылғанда бірін-бірі өзара мүлде күл бөлмей, яғни, қалдықсыз жоя отырып, орасан зор энергия бөлуі.

2.Халық санының арту проблемасы және оның негативті салдары
Жер тұрғындарының саны қазігі уақытта әр 33 жыл сайын екі еселеніп отыр (1966 жылдан 1999 жылға дейін). Егер осылайша екі еселену кем дегенде екі ғасырға созылса, Жер беті түгел адамға толады. Ал алты ғасырдан соң әр адамға планетамыздың 1 шаршы метрі ғана тиісетін болады.
Бүгінгі күні планетаның 815 млн. халқы ашаршылыққа ұшырап отыр, әлемде күніне 35 мың адам аштықтан қайтыс болады, бұл 1 жылда 12 млн. адам деген сөз. Ал туылу саны бұдан айтарлықтай артық: жыл сайын 96 млн. адам туылады.
ЦРУ:CIA — The World мәліметі бойынша 2013 ж. шілде айында жер беті халқының саны 7 миллиард (7,095,217,980).
Жер бетінде халық санының артуынан болатын кері әсерлер:
1. Материалдық тұтынушылықтың өсуі;
2. Қалалық агломерациялардың өсуі;
3. Ортаның ластануы;
4. Өмір сүру дәрежесінің төмендеуі;
5. Тұрғындардың құрылымдық өзге-рісі;
6. Тұрғындардың топтасып тұруы.
Қалалық экожүйе — қала аумағы және оның тұрғындары (адам
және басқа тірі организмдер). Қалалық экожүйе — бұл гетеротрофты антропогенді экожүйе.
В.Мазинг бойынша қалалық экожүйеде үш ерекшелік бар:
1) Тәуелділік, яғни, ресурстар мен энергияның тұрақты түсіп түру қажетгілігі;
2) Теңсіздік, яғни, экологиялық тепетеңдікке жетудің мүмкін еместігі;
3) Қатты заттектің қалалық экожүйеге шеттен әкелінуі оның шетке шығарылуынан артық болуы есебінен оның тұрақты шоғырлануы. Ю.Одумның бейнелеп айтуынша, қала "биосфера паразиті" болып табылады. Өйткені, қала оттектің, судың және т.б. ресурстың көп мөлшерін пайдаланып, тек көмірқышқыл газын шығарып, қоршаған ортаны ластайды. Қалалық экожүйенің биосфераға зардапты ықпалын азайту және қалалық экожүйе ішіндегі адам тіршілігінің жағдайының жақсарту мүмкіндіктерін қалалық экология зерттейді.
Қалалық орналасудың тарихи қалыптасқан 3 формасы бар: Қала, қалалық агломерация және мегаполис.
Қала, шаһар
— тұрғындары өнеркәсіп пен сауда орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде еңбек ететін ірі елді мекен.
Агломерация (лат. aqqlomerare - қосылу)
қалалық орналасудың екінші формасы. Агломерация негізгі қаладан (ядро) және серіктес қаладан (өндірістік, көліктік, сауда, туристік) тұрады. Арасында өндірістік, еңбек, мәдени байланыстар бар.

Мегаполис (гр. meqas - ірі (үлкен) polis - қала)
. Агломерациялар-дың бірігуін мегаполис дейміз. Тұрғындар саны бірнеше ондаған миллионға жетеді. Мұндай жоғары үлкен қалалар Астана - Қарағанды, Алматы - Талдықорған, Шымкент - Тараз маңында, ірі көлік орталықтарында болуы мүмкін. Бұл қалалардың өсуіне себепші халықтың қолайсыз аймақтардан қалаларға көшуі, репатриация және реэмиграция.
Қалалық аумақтардың
адам денсаулығына әсері
Үлкен қалаларда басты мәселеге айналған смог балаларға, жасы ұлғайған адамдарға, және жүрек, тыныс алу жолдары ауруларымен ауыратын адамдар үшін өте қауіпті. Смог демікпеге, тыныс алудың қиындауы мен тоқтауына, бас ауруларына, тұмауға себеп болады. Сонымен қатар көздің, мұрынның және жұтқыншақтың мөлдір сұйық қабаттарының зақымдануын тудырады, иммунитетті әлсіретеді. Смог пайда болған кезде ауруханаға түсетіндердің саны артады, аурудан толық сауыққан адамдардың аурулары қайта қозады, тыныс алу жолдары ауруларымен және жүрек ауруларымен ауыратын науқастардың өлімі көбейеді.
*Адамның шаруашылық әрекетінің өсуі нәтижесінде топырақтың химиялық құрамының өзгеруі және оның ластанып, бұзылуы туындайды.
*Жер бетінде минералды ресурстардың қорларының азаю процесі ғылыми-техникалық прогрестің дамуымен қатар жалғасуда.
*Ортаның адамға қатысты агрессивтілігі жоғарылауының факторы ретінде ең алдымен қоршаған ортаның ластануын және ауру қоздырғыштарының патогенділігінің өсуін атауға болады.
*Генофонд өзгеруінің табиғи факторларының – мутациялардың, гендер дрейфінің, табиғи сұрыптаудың әсері жалғасуда.
4. Соғыс және лаңкестіктің экологиялық проблемалары
Қазіргі заманғы 1 млн
тұрғыны бар қаланың, бір тәулікте кейбір ресурстарды пайдалануы
*Су-6200 т,
*азық-түлік-2000 т,
*жанар май, отын көмір - 4000 т,
*мұнай-2800 т,
*газ-2700 т,
*сарқынды сулар-500000 т,
*қатты қалдықтар-2000т
Ластанған ауа
Тозаң- 150
SO2 - 150
NOx - 100
CO - 450
Соғыс және лаңкестік жағдайлар өз артынан үлкен өшпестей экологиялық проблема қалдырады. Зиянды қарулар, бомбалар барлығы да табиғатқа кері әсерін тигізіп, өсімдіктер мен жануарлардың сонымен қоса адамдардың да өміріне үлкен қауіп төндіруде.
Қазақстандағы Семей полигоны
Полигон аймағындағы аурулардың есеп- қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын.
Лаңкестік

Терроризм - [ лат. terror - қорқыныш,
үрей] - саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану; ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар жүргізген репрессиялық саясатты атауда қолданылды. "Террор" ұғымы қазіргі әде-биеттерде диктаторлық немесе тота-литарлық жүйелердің өз азаматтарына қатысты күш қолдану және үрей туғызу саясатын сипаттауда қолданылады
XX ғ. соңында терроризм қазіргі
заманның өткір ғаламдық мәселелеріне
айналды. 1960-1970-шы жылдары солшыл экстремистік пиғылдағы Италиядағы "Қызыл бригада" және Германиядағы Баадер-Майнхоф сияқты топтардың әрекеттерімен байланысты терроризм толқыны Батыс Еуропаны шарпып өтті. 1990-шы жылдардың басында Ресей қанды террористік зомбылықтың ортасында қалды. Кейіннен оған ислам экстремизмі, шешен сепаратизмі қосылды. Антитеррордың әдістері, технологиясы және тиімді стратегиясы отандық және шетелдік арнайы қызметтер күшіне сүйенеді. Cаяси мақсаттарын іске асыру үшін өлімді, адамдарды үрлауға, диверсияны және басқа да басып-жаншу актілерін құрал ретінде қолдану б.т.
АИВ инфекциясы – адамның иммуножетіспеуші-лік вирусы ауруы. Ол тіндерде ұзақ уақыт сақталуы салдарынан ағзаның жүйке және иммундық жүйесін баяу зақымдайды, екіншілік инфекциялар, жеделдеу энцефалитпен, ісіктер және тағы да басқа патологиялық өзгерістермен сипатталады. Бұл аурудан адамның өліп кету қаупі бар. Қазіргі кезеңде АИВ инфекциясы өте тез өршуге бейім.
Назарларыңызға рахмет!!!!
Сабақтың тақырыбы:
«Әлеуметтік-экологиялық мәселелер және тұрақты даму»
Сабақтың мақсаты:
Экологиялық дағдарыс туралы біртұтас түсінік қалыптастыру және оларды шешу жолдарына, халық санының артуы және оның салдарына, қалалық экожүйелердің ерекшеліктеріне, соғыс және терроризмнің салдарынан болатын экологиялық проблемаларға сипаттама беру

- Экологиялық дағдарыс және оларды шешу жолдары туралы түсінік беру;
- халық санының артуын және оның салдарын талдау;
- қалалық экожүйелердің құрылымы және олардың ерекшеліктерімен таныстыру;
- соғыс және терроризмнен болатын экологиялық проблемалар туралы түсінік қалыптастыру
Экологиялық дағдарыстан шығу жолдары (В.В.Петров 1995 ж.)
Экологиялық дағдарыс
Табиғат ортасының бұзылуы;
Құрылым;
Қарсылықты жеңуге мемлекеттік құрылымның қабілетсіздігі.
Дағдарыстан шығу жолдары:
1. Технологияны экологияландыру;
2. Өндірістік үнемділеу;
3. Әкімшілік – құқықтық әрекеттер;
4. Халықаралық құқықты қорғау;
5. Экологиялық білім беру.
Әлем елдері халқының
2000 және 2050 жж саны (Die Savolkerungsreichsten, 2000 кітабынан)
Елдердің 2000 ж халқының саны және 2050 жылға болжанған халқының саны (млн. адам).
Индия - 1002 - 1628
Қытай -1265 - 1369
АҚШ -276 - 404
Индонезия - 212 - 312
Нигерия - 123 - 304
Пәкістан - 151 - 285
Бразилия - 170 - 244
Бангладеш - 128 - 211
Эфиопия - 64 - 188
Конго (б. Заир) - 52 - 182
Мексика - 100 - 152
Филиппиндер - 80 140
Ресей - 145 - 128
Вьетнам - 79 - 124
Египет - 68 - 117
Жалпы әлем - 6200 - 9500
2001 ж. 11 қыркүйектегі АҚШ ДЖ сауда орталықтарының жарылысы
Қорытынды

Халық санының
артуының кері әсерлері.
XIX ғ бірінші жартысынан бастап халық санының артуы байқалды және XXғасырдың ортасында қарқындап өсті. Берілген мәліметтер бойынша халық саны 1 жылда 90 млн.-ға көбеюде. Адам санының тез өсуі әлеуметтік және экологиялық мәселелерді туғызады. Мысалы, азық-түліктің жетіспеуі, жұқпалы аурулардың көптеп таралуы, этникалық, дін аралық қайшылықтар әкеледі, жерге және ондағы ресурстарға бәсекелестік туады.
Халық санын реттеу
Көптеген мемлекеттер халық саны өсуін реттей бастады. Халқы ең көп Қытай Халық Республикасы жанұядағы бала санын бір баламен ғана шектеу мақсатын қойды.
Туылуды шектеу саясатын Бангладеш, Индонезия, Иран, Пәкістан өкіметтері де қойып отыр. Халқының саны ең жоғары қарқынмен өсіп отырған елдер – Мозамбик және Ауғанстан. Бұл жерлерде дені сау әр әйелге 8-10 баладан келеді.
Барлығына бәрі жетіспейді. БҰҰ-ның мәліметі бойынша қазіргі батыс қоғамының стандарттарына сәйкес сұраныстарды өтеу үшін қазіргі бар шикізат пен энергия 1 млрд. адамға ғана жетеді. Бұл АҚШ, Батыс Европа және Жапония елдері халқының жиынтығына тең, осыдан да оларды «алтын миллиард» деп атайды. Бұл елдер бірге энергияның жартысынан астамын, металдың 70%-ын пайдаланып, қалдықтардың жалпы массасының 3/4 бөлігін шығарады.

Жер бетін тек тұрғын халықтар ғана емес, автокөліктер, мотоциклдер, ұшақтар, және т.б. иеленеді. Әлемдегі 250 млн. көлік үшін Жер бетіндегі бүкіл халыққа қажет мөлшердегі оттегі керек екен. Ал екі ғасырдан кейін, кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, атмосферадағы оттегі мүлдем таусылады. Жерасты кеңістіктері де жетпеу қаупі туындайды, қалалар астында жерасты қалалары, канализациялар, туннельдер, метро сияқтылар орналасады.
Кеңістіктің тапшылығы.
Демография
– бұл халық
туралы ғылым. Ал демографиялық
саясат деп мемлекеттік тұрғыдан қоғамның
ең өміршең және бастапқы қажет тіршілігін,
атап айтқанда – халықтың өсіп-өнуі мен сақталып дамуын, өлім-жітімі мен көші-қонын және мекен-жайға дұрыс орналасуын қамтамасыз ететін, маңызды аталмыш «бес таған» айналасын реттеуге арналған шара мен іс-әрекеттердің біртұтас жүйесін айтамыз.
Адамзат өз дамуының қазіргі кезеңінде демографиялық дағдарыс сатысында тұр, бұл қоғамның келеңсіз ахуалын көрсетеді. Осының себебі бойынша одан шығудың нақты жолдарын іздеу көптеген елдер үшін айрықша өзекті болып отыр.
Қазақстанның халық санының өсімі үрдісі оң бағыттан
теріс бағытқа ауысып кетуі мүмкін.
Сондықтан демографиялық ахуалды жақсарту жөніндегі жұмыстарды бірнеше бағыттар бойынша жүргізу қажет:
• отбасылардың, әсіресе көп балалы отбасылар мәртебесін көтеру;
• көп балалы отбасыларына пәтер алуға және жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін алуға басым құқықты заңнамамен белгілеу;
• адамдардың санасына отбасылық, үш және төрт балалары бар отбасылық өмір салтын тұрақты орнату қажет;
• отбасылық өмір салты сөзсіз әлеуметтік норма болуы тиіс;
• ата-аналар еңбегін отбасы жоқ кәсіпқой мамандардың еңбегімен заңнама арқылы теңестіру қажет, бұл үшін «отбасылық еңбекақы» енгізу керек, яғни бала тәрбиелейтін әйелге ең төменгі өмір сүру деңгейін ескере отырып және отбасындағы балалар санына қарай белгіленген ең аз еңбекақы төлеу қажет;
• қызметкерлердің (немесе әйел қызметкердің) еңбекақы бөлінісі проблемасын шешу керек, өйткені ол бүгінде отбасы мүшелерінің қажеттілігіне арналған шығыстарды көздемейді және жекелеген жағдайларда жеткілікті болып табылмайды;
• тұрақты демографиялық, әсіресе екінші және үшінші бала туу мониторингін жүргізу қажет;
• балалары жоқ отбасы жұптарын емдеуді мемлекеттік деңгейде қаржыландыру қажет;
• шетел тәжірибесі негізінде бала тууды материалдық ынталандыру қажет;
• бала тууға қабілетті әйелдерді тегін емдеу жүйесіне баса назар аудару қажет.
1996 ж. әлемдегі қалалар халқы 2,64 млрд адамды құрады,
бұл бүкіл халықтың 46 %-ы. Бірақ, 2050 ж. Қала тұрғындарының үлесі 2/3-ке жетеді.
Қала жүйесі – адам түзген жүйелердің ең күрделісі
Қазіргі уақытта 5 млн халқы бар 40 қала бар, ал 2000 ж. 10 млн-нан астам халқы бар қала саны 19, 1 млн-нан астам халқы бар қала саны 372-ге жеткен және бұл қалаларда планета халқының 17,8 %-ы тұрады.
Өсе келе көршілес ірі қалаға жанындағы қалалар қосылып агломерациялар құрады. Жақын орналасқан агломерация-лардың бірігуі мегалополистердің пайда болуына әкеледі. Өте ірі қалалардың жиынтығын конурбация деп те атайды.
Мұндай жерлерде халық тығыздығының ұлғаюымен және тіршілік кеңістігінің тарылуымен қатар адамның көңіл күйі басылып, психикалық шыдамсыздық, агрессивтілік өседі. Мұны «үлкен қала синдромы» деп атайды.
Бірінші мегаполис ретінде, АҚШ-тың Атлант мұхиты жағалауындағы Босваш мегаполисін айтуға болады. Оның ұзындығы 850 км, халық саны 35 миллион. Тынық мұхит жағасында ұзындығы 120 км, ені 60 км Лос-Анджелес-Сан-Франсиско мегаполисі бар. Үлкен Токио (Токио мен Иокогама қалалары) мегаполисінде 25 миллионнан астам адам тұрады. Ресей мемлекетінде де – Москва, Владимир, төменгі Новгород қалалары бір-біріне қарай “жылжып”, аралары жақындап келеді.
Сонымен, ірі қалалар маңайындағы кіші қалаларды, елді мекендерді өздерінің құрамына қосып, қоршаған ортаны одан әрі нашарлатуда. Қала тұрғындары, ауыл адамдарымен салыстырғанда екі есе көп науқастанатыны да сондықтан.
1. Экологиялық дағдарыс дегеніміз не?
2. Бүгінгі күні адамзат ұшырап отырған проблемаларды атап шығыңыз?
3. Демографиялық жарылыс дегеніміз не?
4. Демографиялық бұрылыс дегеніміз не?
5. Халық санының қарқынды өсуінің кері салдары.
6. Мегаполис дегеніміз не?
7. Қандай ірі мегаполистерді білесіз?
8. Конурбация дегеніміз не?
9. Халық санын реттеуге арналған қандай бағдарламаларды білесіз?
10. Экологиялық дағдарыстан шығу жолдарын атаңыз.
11. Демография нені зерттейді?
12. Шетелдердегі ұлттың қартаюы және өмір ұзақтығы проблемасы туралы не білесіз?
13. Дамыған европа мемлекеттерінде не себепті халық санының азаюы болуда?
14. Соғыс және терроризмнің (лаңкестіктің) экологиялық проблемалары туралы не білесіз?
Сабақтың міндеттері:
Экологиялық дағдарыс
– бұл қоғам мен табиғат аралығындағы кезең, мұнда экономика мен экология аралығында қарсылық (кереғарлық) өзінің шегіне жетеді, ал гомеостаздың әлеуеттік сақталу мүмкіндігі яғни экожүйенің өзін реттеу қабілеттілігі, антропогендік жағдайда толық үзілген (жойылған).
Д.Х. Медоуз, Д.Л.Медоуз, И.Рэндерс, В.Беренс сияқты ғалымдардың айтуынша халық саны осы қалыпта өсіп экономика дамыса, табиғат қорларының тозу жылдамдығы осы масштабта өсетін болса, онда 2020-2040 ж.ж. табиғат ортасының бұзылуы нәтижесінде адам өмірі өлім табалдырығына келеді. Яғни оған себепшілер: халық санының өсуі, қоректік өнімдер өндірісі, өнеркәсіптік өндіріс, қоршаған ортаның ластануы, қайта қалыпқа келмейтін табиғат қорлары т.б.
Үй тапсырмасы
12-лекция. ҚР тұрақты дамуының өзекті экологиялық проблемалары.
№2 коллоквиум
Full transcript