Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Гендік модификацияланған ағзалар - болашақ негізі

No description
by

Ayazhan Umirzakova

on 30 March 2015

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Гендік модификацияланған ағзалар - болашақ негізі

ГМА жайлы
Гендік модификацияланған ағза (ГМА) (ағылш. genetically modified organism) – гендік инженерия әдістерінің көмегімен жасанды түрде генотипі өзгертілген тірі ағза.


Жоспары:
ГМА жайлы
Трансгенді өсімдіктер
Трансгенді жануарлар
Қорытынды
ГМА-ның пайдасы бар ма?
Генетикалық модификацияланған (ГМ) өсімдіктер деп - ағзасына жат, яғни
трансген
ендірілген өсімдіктер айтылады.

Трансген - бір ағзаның генін басқа бір ағзаға енгізу.


Екеуін
нарцисстен
, біреуін каротиноид өндіруге қабілеті бар
бактериядан
алды.
Кейін осы үш генді күріштің ДНҚ-на енгізу керек болды.

Әр жыл сайын 2,5 млн адам қаза болатын себеп -
А дәруменінің дефициті
.
Жердің жарты тұрғындары күрішті тағамға пайдалану арқылы көптеген қоректік заттар алады. Бірақ күріште каротиноид жоқ. Бұл сәбіз бен бұрышқа түс беретін зат. Осы каротиноид арқылы адамдар А дәруменін алады. Бұл витаминнің жетіспеуі үлкен мәселеге әкеліп соқтырады. А витаминінің жетіспеуі - иммунитеттің әлсіреуіне алып келеді, бірақ одан бұрын соқырлыққа әкеледі. 5 жасқа толмаған балалардың ішінде көп кездеседі. Соқырлық пайда болған соң 2 жылдан кейін көп бөлігі көз жұмады.

Сондықтан ғалымдар қызу іске кірісті. Күрішті А витаминімен байытып, оның каротиноидті өндіруші қабылетін жасау үшін ғалымдарға бұл үшін 2 емес, 3 генді алуға тура келді.
Циановерин көк-жасыл балдырдың құрамында болады екен.
Доктор көк-жасыл балдырдың циановерин өндіретін генін алып, оны табактың сабағына енгізді.
Әр өсімдікте 10000 тұқым өсіп шығады.
Профессор
Julian Ma
АИВ-ке қарсы бактерицидті дәріні шығаруға қол жеткізді. Бұл компонент вируспен байланысқанда оны инъекциялайды.
Циановерин
компоненті вируспен байланыс болғанда жояды. Доктор оны крем түрінде шығарып, АИВ-ға қарсы қолданғысы келеді. Кейін бұл кремді әйелдер мүшеқап туралы уайымдамай қолдана алады.
Гендік модификацияланған ағзалар -
болашақ негізі
Трансгенді өсімдіктер
Трансгенді өсімдіктер
Жаратылыстану ғылымдары факультеті



Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Мирасова Динара
Биология -21 : Умирзакова Аяжан,
Кәдімгі қызғылт-сары сәбіз. Оның бастапқы түсі ақ, қызыл, қара, сары, күлгін де болған, бірақ қызғылт- сары емес. Бұл ХVI-XVII ғ. голландиялық бақташылардың селекция әдісі арқылы сол кездегі Орандік династиясының символы - қызғылт-сары түс болғанына байланысты алынған.
1999 жылы бірнеше тәжірибелерден соң ғалымдар үш генді қосып, бетакаротині бар күрішті алуға қол жеткізді. Оның ерекше белгісі - сары түс болды. Содан ол
алтын күріш
деген атауға ие болды.
Енді бір тарелке алтын күріште адамға керек бір тәуліктік А витаминінің нормасы бар.
Бірақ мұны тек жылыжайда ғана өсіреді. Бұл доктор
Adrian Dubock
-ты мұңға әкеледі. Оның ойынша гендер барлық ағзаларда бар, бұл процестер қауіпсіз екені дәлелденген. Оларды үнемі, терең қадағалап отырады. Байлар кедей халықтың алдында олардың жолын кесіп, өлім жолына соқтыратынын қалай түсінуге болады дейді.
Медицинаға көмек тигізгіңіз келсе, жаңа технологияларсыз болмайды дейді Julian Ma.
Трансгенді жануарлар
Доктор
Louis - Marie Houdebine
ғылымға қызық жаңалық әкелді. Ол қараңғыда жанатын
флуоросцентті қоянды
алудың амалын тапты.
Ол үшін Тынық мұхиттық медузаның оған жасыл түс беретін флуоросцентті генін қолданды.
Жасыл флуоросцентті белоктың генін бактерияға салады. Бактерия көбейеді, оны қоянның ұрықтандырылған жұмыртқажасушасына енгізеді. Кейін оны қоянның жатырына салып, ол ары қарай эмбрион болып дамиды. 31 күннен соң флуоросцентті көжектер дүниеге келеді.
Жасушаның компоненттерін микроскоппен көре аламыз. Бірақ тек өлі клетканың құрылымын, статикалық бейнесін ғана көреміз. Біз үйдің қалай салынғанын айта аламыз, бірақ оның ішіндегі тұрғындардың қалай өмір сүретінін айта алмаймыз. Сол сияқты жасушаның ішкі құрылымына келгенде сұрақтар туындайды.
Жасуша қалай құрылған?
Тірі жасушаны қалай зерттейміз?
Молекулярлы деңгейде зерттеуіміз керек. Ол үшін тірі клетканың ішіндегі молекулаларды көру қабілетіне ие болу қажет. Оған флуоросцентті белоктар көмектесті. Ол медузадан алынды. Егер сол белокқа жарық түсірсе, ол жанады, сонда қандай жерде тұрғанын көре аламыз. Белгілі бір ағзаның белогының генімен флуоросцентті медузаның генін қосамыз.
Бірақ жасушаның барлық бөлігін белок басып тұрады, яғни барлық аймағы жанып тұрады. Біз белоктың қозғалып жатқанын көре алмаймыз. Бұл жолды шешудің бірнеше әдістері бар.
Бұл мәселе 2000 жылы АҚШ-ғы денсаулық институтындағы
Том Мистели лабораториясында
өз шешімін тапты. Бұл белоктың ерекше бір қасиеті - егер оған жарықты қатты түсірсе, ол өшіп қалады. Яғни белгілі бір локальды аймақты таңдап аламыз. Және оған жарық серпінін жіберіп, оны "сөндіреміз". Сөнген аймақ егер белгілі уақт ішінде сол орнында тұра берсе, белок қозғалмайды. Ал керісінше "қараңғы" аймақ кетіп қалып, оның орнына жанып тұрған белоктар құйылса, онда ол қозғалыста болғаны.
Яғни флуоросцентті генді қояндар ағза трансплантациясынан кейін жасушалардың қалай қозғалатынын бақылау үшін ыңғайлы. Сонымен қоса соқырлық, ми жұлынының ауруларының алдын алуға көмегі зор.
Балық шаруашылығында
Dr Joe McGonigle
үлкен жаңалық ашты. Семганың (Ақсерке) кәдімгі түрінен 4-6 есе үлкен көлемге ие болатын түрін шығарды.
Негізі семга жылы суда өмір сүреді. Бірақ күн суып, температура түскенде оның өсуі тоқтайды.
Суық суда да өсе беретін балықтың генін семганың уылдырығына енгізеді. Кейін ол су температурасына тәуелсіз жыл бойы өсе береді.
Бұл шаруашылық саны азайып бара жатқан семганы сақтап қалуға көмектеседі. Яғни егер адамдар балық ауламай, осы трансгенді балықты тағамға пайдаланатын болса, жойылып бара жатқан семга түріне үлкен жәрдем болар еді. Және "супер семганы" теңізге жіберуге қорықпауға болады. Ол стерильді, яғни көбеюге қабілетсіз.
Профессор
John P.Phillips
шошқаның пайдалы жақтарын үйіп төгіп айтты, бірақ шошқаның бір кемшілігі - оның көңінің (тезек) улы екендігі. Оның құрамында фосфордың мөлшері тым көп. Мұның себебі - шошқалардың ағзасы фосфорды қорыта алмауы.
Бұл көң шығын ретінде суқоймаларға ағылып, ондағы балдырлардың қаулап өсуін тудырып, балықтарды өлтіреді.
Бұл мәселенің жауабын профессор тапты. Ол
"эко шошқалар"
.
Ең бірінші фосфорды ыдырататын
ішек таяқшасының
генін
тышқанның сілекейінде
фосфорды ыдырата алатын генін алып, екеуін қосып, ұрықтандырылған шошқаның жұмыртқажасушасына енгізеді.
Доктор
James Robl
сиырдан сүт емес, одан да маңызы зор қан алудың амалын тапты. Яғни сиырдың қанында әр түрлі қауіпті ауруларға қарсы адамның антиденелері болады.
Біріншіден адамның 2 ген жиынтығының көшірмесін алып, микрохромосомаға айналдырды. Бірақ әрі қарай дамуда ол ұзақ жол жүрді. Ол тышқанға --- балапан --- хомяк (атжалман) --- сиырға барып енгізілді. Сонда сиырдың қанында адамның антиденелері болады.
Яғни аурумен сиырды жұқтырып, кейін онда пайда болған антиденелерді жуып шайып, сол аурумен ауыратын адам ағзасына енгізеді. Бұл зертханада шамамен аптасына 2 сағаттан сиырлардан қан алынып тұрады. Бір сиырдан 10 л қан алу мүмкіндігі бар, ал 1 л плазмаға - 20г антиденеден келеді. Сонда 10 л-ге 200г антидене болады. Бұл дегеніміз осы лабораториядағы 10-нан 20-ға дейін сиырлар қаны бүкіл әлемді құтқара алады.
ГМА-ны тағамға пайдалану арқылы не аламыз?
Адамның ағзасы, яғни ішек пен асқазанда
ыдыратушы
қасиеті бар асқазандық сок пен фермент бар, ол біздің ішімізге түскен қоректі молекулаға, тіпті атомға дейін ыдыратып жібереді. Сонда ешқандай зақымдалған ген біздің генімізге әсер ете алмайды. Керісінше біз бұдан қоректік заттар мен энергия аламыз.
Сарышаян гені бар трансгенді
томат
қызанақтың вирусқа төзімді болуы үшін шығарылған. Себебі сарышаян вирусқа ұшырамайды. Томаттың да өнімділігі жоғары болады.
Құрамында адамның ең жақсы белогы - альбумин гені бар трансгенді
күріш
белокқа өте бай. Яғни денсаулыққа өте пайдалы.
Суыққа төзімді трансгенді
құлпынай
құрамына камбаланың гені кіреді. Камбала Атлант мұхитынығ және Тынық мұхитының солтүстік суларында тіршілік етеді. Бұл ген құлпынайды аязға төзімді және суық климатты жерлерде өнім беруіне себін тигізеді.
Гма-сыз деген жазуы бар өнімдер бизнесте көп түсім келсін деген мақсатпен шығарылған. Және бағасы да мұндай жазулары жоқ өнімдерден әлдеқайда қымбатырақ болып келеді. Мысалы, Гма-сыз пельмени, кәмпиттер, майонез,котлеты,т.с.с. Бұл жазудың ешқандай мәні жоқ. Кәсіпкерлердің қармағына түсіп қалмаңыздар!
Ойланып көрсек, табиғат өте тылсым нәрсе. Барлық ағзалардың ата тегі бір болғаны ғой. Себебі осы генетика арқылы әр түрлі гендердің бір-біріне сәйктігін тауып алып отырмыз. Жануардың генін өсімдікке, адамның генін жануарға, айта берсе шексіз кете береді. Және де туыс, жақын гендерден ешқандай зиян аламыз деген ойда емеспіз!!!
Ақпараттар қоры:
The Animal Pharm;
Как быть здоровым.
Full transcript