Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрілі

No description
by

Meruert Toleuova

on 27 February 2014

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрілі

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрілігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Құқықтану және экономика институты


Тақырыбы: Валюталық тәуекел


Орындаған : 3 курс Толеуова Меруерт
Тексерген: Маткаримова Л.К.
Валюталық немесе курстық тәуекел – бұл қандай да бір шетелдік валютаға ұлттық валютаның қатынасы кезіндегі курсының өзгеруі нәтижесінде зиян шеккен банктерде өз қорларының бір бөлігінің жоғалуына, табыстардың толық алынбауына немесе қосымша шығындардың шығып кетуіне алып келеді.
Валюталардың курсы салыстырмалы түрде бір-біріне әрдайым да өзгерістер болатыны белгілі (ТЕҢГЕ/ДОЛЛ), ол банк қызметінің пайдасы мен шығынында көрініс табады.
Валюталық тәуекел,әр түрлі валюталық рыноктарда сол бір валютаның курстары сәйкес келмеуіне байланысты сол айырымдардан пайда табатын (спекулятивтік табыс) немесе валюта курсының әр түрлі уақыт кезеңдерінде айырымынан түсетін пайда, мысалы, арбитраждық операциялар жүргізетін банктерде, яғни сондай қаржылық-несиелік институттарда өте жоғары. Валюталық тәуекел, қарызды қайтару кезеңі және несиелік контракт сомасы неғұрлым көп болса, соғұрлым жоғары болады.
Банктердің валюталық тәуекелі ашық валюталық позиция кезінде болады.
Ашық валюталық позиция дегеніміз - ол банктің шетел валютасындағы активтері мен пассивтерінің сәйкес келмеуі. Ол табыс та, шығын да әкеледі. Табыс пен шығын банктің ашық валюталық позициясының қандай екендігіне, яғни ұзақ немесе қысқа ма және де Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің курсының ресми өзгеру белгісі қандай, соған да байланысты болады.
Бүгінгі күнде валюталық тәуекел - бұл бәрі әрдайым қадағалап отыруға тырысатын және де валюталық курс маңызды қаржылық индикатор болып табылатын негізгі қаржылық тәуекелдердің бірі.
Несие берудегі валюта төлем валютасымен сәйкес келмесе де валюталық тәуекел болады. Бір банктің бірнеше филиалдары бірігіп төлем жүргізген кезде де валюталық тәуекелдер болуы мүмкін.Валюталық тәуекелдердің болуы қаржылық-кредиттік мекемеге өте маңызды зиян әкеледі. Сондықтан қаржылық-кредиттік мекемеге валюталық тәуекелдерді болжау үшін немесе олардың салдарын неғұрлым болдырмау үшін мақсатты іс-әрекеттерді өз уақытында ойластырып жүргізу қажет.
Мемлекет экономика үшін негізгі фактор ретінде валюталық курстың әсер етуінің екі жолын қолдануы мүмкін:

1) Белгіленген валюталық курсты хабарлау - курсты қандай да бір «тұрақты» валютаға бекіту және де осыған байланысты ұлттық өндіріспен елдің экспорттық-импорттық балансына бір бағытта әсер ету. Бұл көзқараста артықшылық көп, бірақ көбі олай ойламайды. Осы жолмен көптеген гүлденуші мемлекеттердің өздері жүріп өткен;

2) Инфляция және басқа да факторларға байланысты курстың әрдайым өзгеріп отыруы. Бұл көзқараста оң жағымен қатар, теріс жағы да аз емес, бұған мысал бола алатын Ресей.
Мысалы: Литва бірінші жолды таңдап алды (Литваның ақша бірлігі - лит, ол АҚШ долларына катаң байланыстырылған), ал Қазақстан Республикасы екінші жолмен кетті.
Валюталық тәуекел уақыт бойынша валюталық бағамдарының өзгерісіне тікелей тәуелді. Сондықтан мерзімді мәмілелер жасауда валюталық тәуекелдің алдын алу үшін мерзімді контрактілер, соның ішінде фьючер және опцион контрактілері қолданылады.
Валюталық тәуекелдер банктерде әдетте әр түрлі әдістермен басқарылады
1.Валюталық операцияларға лимит қою

2.Хеджерлеу

3.«Мэтчинг» деп аталатын валютаның активі және пассиві бойынша өзара сату/сатып алу тапсырысы

4.«Неттинг» тәсілін қолдану, яғни максималды дәрежеде валюталық келісімдердің мөлшерін қысқарту

5.Валюта нарығын мұқият зерттеу және талдау
Валюталық тәуекелдерді төмендету үшін міндетті түрде мына тәсілдің бірін қолданылуы шарт.
- Валюталық несиелер сомаларына шек қою;

- Қарыз алушыларды диверсификациялау;

- Несиені қамтамасыз етуге қабылданатын кепіл заттарын диверсификациялау;

- Валюталық несиелер мерзімдері бойынша диверсификациялау.
яғни , валюталық тәуекел дегеніміз – бұл қандай да бір шетелдік валютаға ұлттық валютаның қатынасы кезіндегі курсының өзгеруі нәтижесінде зиян шеккен банктерде өз қорларының бір бөлігінің жоғалуына, табыстардың толық алынбауына немесе қосымша шығындардың шығып кетуіне алып келеді, сол себептен бұл мәселелердің алдын-алу банктер үшін өте маңызды болып табылады.
Назар аударғандарынызға рахмет!
Full transcript