Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

АСҚАЗАННЫҢ ОЙЫҚ ЖАРАСЫ

No description
by

AKKURISH KABIEVA

on 9 April 2014

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of АСҚАЗАННЫҢ ОЙЫҚ ЖАРАСЫ

ЖОСПАР:
ЭТИОЛОГИЯСЫ
Асқазан жарасының этиологиясы және патогенезі осы уақытқа дейін толық белгісіз. Бұл ауруға алып келетін факторлар:

Тамақтану режимінің бұзылуы; (тамақтанудың сиректігі, құрғақ тағамдармен тамақтану, ащы тағамдар)
Нервтік-психикалық қобалжу, физикалық жүктеме, шылым шегу, алкоголді шетен тыс қолдану, конституционалдық және генетикалық факторлар (астеникалық тип, дене бітімі, асқазан ойық жарасының тұқым қуалауы), 0(I) қан тобы және т.б.). Соңғы жылдары аурудың дамуына микрорганизм
Helicobacter pylori
-дің қатысы бар екені анықталған. Бұл бактерия 90-95% он екі елі ішектің, 70% асқазан жарасына алып келеді.

ПАТОГЕНЕЗІ
Асқазан жарасының патогенезі өте күрделі. Асқазан денесіндегі жараның пайда болу механизмдеріне кілегей қабықтың қабынуы,қорғаныс факторларының әлсіреуі, тамақ эвакуациясының баяулауы және оның ырғақтылығының бұзылуы, тамақ химусының асқазанның антральді бөлігінде ұзаө іркілуі, асқазан қалтқысының ашық болуы, дуоденогастральді рефлюкс, нәтижесінде асқазанға өт қышқылдары мен изолецетиндер құйылуы жатады. Осы механизмдердің әсерінен сутегі иондарының кері сіңіп, пепсиннің әсерінен жара дефектісі пайда болады.
Асқазан қабығында жара болудың негізгі механизмдері -ұзаққа созылатын гиперхлоргидрия мен пепсиннің белоктарды ыдыратуы. Бұл механизмдердің әсер етуіне жағдай туғызатын факторлар:
Гиперваготония
Гипергастринемия
Дисмоторика
Ұлтабар сөлінің мукоидты субстанциясы
және сілтілік компоненттерінің тамақ қышқылдығын жеткіліксіз бейтараптауы және пилородуоденальды ортаның қышқылдылығының артуы (ацидификация).


АСҚАЗАННЫҢ ОЙЫҚ ЖАРАСЫ
Асқазан жарасы Қазақстанда ең көп тараған сырқаттардың бірі, бүкіл халықтық 2-3%-а кездеседі. Еркектер әйелдерге қарағанда 2 есе жиі ауырады.

Жара деп-
осы ағзалардың шырышты қабатының ойылуын түсінеміз.
Кіріспе
Жалпы мәліметтер

Этиологиясы
Патогенезі
Жараның асқыну түрлері
Классификациясы
Клиникалық көрінісі
Анамнез және шағымдар
Диагностикасы
Лабораториялық зерттеулер
Пальпация
Перкуссия
Емі
\ Қорытынды

Кіріспе

Асқазан аурулары — өңеш пен 12 елі ішек аралығына орналасқан ас қорыту органының қалыпты қызметінің бұзылуы. Асқазан ауруынының ішінде: асқазанның қабынуы, асқазан жарасы, асқазан рагы жиі кездеседі. Асқазан қабынуының жедел және созылмалы түрі белгілі. Жедел қабыну кейбір дәрілерден, арақ-шараптан, шәй, кофені қою ішуден, тамақты өте ыстық немесе суық жеуден және бұзылған тағамды жеп уланудан пайда болады. Науқастың жоғарғы құрсақ тұсы жайсызданады, жүректің айнуы, құсу және іш өту байқалады. Созылмалы қабыну жедел қабынудың жазылмай қайталануынан туындайды. Ол 12 елі ішек сөлінің кері ағуынан, ұзақ уақыт ішімдікті, дәрілерді пайдаланудан, бактериялық қабынудан т.б. болады. Науқаста кекіру, ащы запыран келу, жүрек айну, құсу, арықтау және қан аздық белгілері байқалады. Ауруды гастродуоденофиброскоппен анықтайды. Ауру адам тағам, демалыс режимдерін сақтап, асқазан сөлін тежейтін дәрі-дәрмектер ішуі керек. Асқазанның ойық жарасы маусымға байланысты өршіп отырады.
Жалпы мәліметтер
Жараның асқыну түрлері
Классификациясы
1.Аурудың түрі бойынша:
алғаш анықталған
рецидивтеуші
2. Жараның орналасуы бойынша:
асқазанда
он екі елі ішекте
кардийлік және субкардийлік
медиогастральдік(денесі, үлкен және кіші иіні)
антральдік
пилорикалық канал

бульбарлық, постбульбарлық
3. Процесстің фазасы бойынша:
Өршу (жаралы ойықтың және асқазанда немесе он екі елі ішекте қабыну белгілерінің болу кезі)
Басыла келген өршу (жара жазылып бітелген, бірақ қабыну белгілері жойылмаған)
Ремиссия (жара
жазылып
бітелген
және
қабыну
белгілері
жойылған)
4. Аурудың ағымы бойынша:
ауыр (өршу
жылына 3рет)
жеңіл
(өршу
жылына
2 рет)
жеңілдеу
(өршу 1-2
жылда 1рет)
латентті
(клиникалық
белгілері жоқ,
рентгенография немесе
эндоскопия жасағанда
анықталатын жара)
1. Жараның деструкциялық асқынулары:
(қан кету, тесілу, перфорация, пенитрация)
2. Қабынулық асқынуы (гастрит, дуоденит, перигастрит, перидуоденит)
3. Тыртықтануға байланысты асқынулары (асқазанның, ұлтабардың кіру немесе шығу бөлімдерінің стенозы (трылуы), осы ағзалардың, деформациясы)
4. Жараның малигнизациясы (ракқа айналуы)
5. Қосыла асқынулары кіреді. Осылардың ең
көп ұшырайтындары: қан кету мен тесілу.
Клиникалық көрінісі
Жараның клиникалық көрінісі оның фазасына, орналасу ерекшелігіне және асқынуларының болу-болмауына тәуелді. Жара ауруының өршу фазасына келесі синдромдар тән:
ауырсынулық (жараның орналасуына байланысты ерекшеліктерімен);
асқазандық диспепсия;
ішектік диспепсия;
астеновегетативтік;
жаралы кемістік синдромы;
асқынулар синдромы
Анамнез
Anamnesis morbi
1. Ауырсыну қашан басталды?
2. Ауырсыну қаай басталды?
3. Аурудың ағымы қалай болды?
4. Қандай зерттеулер жүргізілді және олардың орытындысы қандай?
5. Қандай ем қолданылды?

Anamnesis vitae
1. Аты жөні;
2. Туылған күні, жылы;
3. Әлеуметтік жағдайы;
4. Еңбек жағдайы;
5. Бұрын сипатталған аурулар;
6. Осы ауру отбасыңызда кездесті ме?

Шағымдар
1. Ауырсыну сезімі;
2. Асқазан қыжылы;
3. Кекіру;
4. Жүрек айнуы және құсу;
5. Тәбеттің жағдайы;
6. Ішектік диспепсия

Диагностикасы

Негізгі белгілері
осы ауруға тән шағымдар және жара ауруына тән анамнез.
Эндоскопияда жараның табылуы. Рентгендік зерттеуде ойық белгісінің болуы.
Қосымша белгілер:
Эпигастрий аймағында ауырсыну нүктелері, бұлшық еттің локальді ширығуы. Базальді және стимуляцияланған секрецияның жоғарылауы.

Рентгендік зерттеудің жанама белгілері, ас қорыту жолынан қан кетудің оң реакциясы.

Емі:
1.Аурудың өршуіне түрткі болатын ықпалдарды тоқтату;
2. Диетотерапия;
3. Медикаментті ем немесе дәрілік ем;
4. Физиотерапия
Лобароториялық және аспаптық зерттеулер
1. Қанның жалпы анализі. ара ауруында эритроциттер және гемоглобиннің кобеюінен бейімділік анықталады.
2. Асқазанның секрециялық функциясы.
3. Рентгенологиялық зерттеу.
4. ФГДС

Пальпация
Эпигастрий маңында ауырғандық пен іштің алдыңғы қабырға бұлшық етінің қатаюы байқалады. Іштің алдыңғы қабырғасы бұлшықеттерінің қатаюы- іш пердесінің зақымданған белгісі. Бір саусақпен немесе медициналық балғамен түртіп, жараға сәйкес келетін нүктеде ауырғандық табу Мендель симптомы деп аталады.

Қорытынды
Сонымен Жара ауруы – созылмалы рецидивті ауру, негізгі белгісі асқазан мен 12 елі ішек қабатында жараның түзілуі болып табылады.
12 елі ішек жарасы, асқазан жарасына қарағанда 4 есе жиі кездеседі. Жаралардың дуоденалды орналасуының басым болуы жас адамдарда, әсіресе ер адамдарға тән.
Асқазан жарасы бар науқастар арасында әйелдер мен еректер қатынасы 1:2, 12 елі ішек жарасы кезінде ол 1:4-1:7болады.
Full transcript