Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Жапония

No description
by

Arailym Anuarbekova

on 28 February 2014

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Жапония

Сэйюкай партиясы
Жапония
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Жапония
1920 жылдардың екінші жартысында Жапония билеушілері озбырлық саяси бағыт ұстанды. Ең алдымен, олар Қытайды әлсіретіп, оны тұтас өзіне қаратып, содан кейін басқа елдерді бағындыруды көздеді (Танака жоспары). Ол үшін әскери күшін, теңіз флотын ұлғайтуға кірісті.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі елдің жағдайы
1918 жылдың
тамыз және қыркүйек айларында жапонияның 36 префектурасында ашыққан тұрғындардың қозғалысы басталды.Жапон тарихында бұл қозғалысты"күріш бүліншілігі" деп атайды. Ашыққан халық көшелерге шығып, күріш сататын дүкендерді, күріш қамбаларын қиратып, ойран салды. Күріш бүліншілігі Жапониядағы
144
қаланы қамтыды.бір күннің ішінде Осако қаласындағы көтерілісшілер 250-ден астам қамбаларды қиратты.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Жапония қатты күшейді. Оның өндірісі, әсіресе әскери техника, металл өндіру, машина жасау, химия салалары өсе түсті. Версаль конференциясында Жапония бұрын Германияға қараған Қытайдың Шаньдун түбегін, Тынық мұхиттағы Каролин, Маршалл, Мариан аралдарын өзіне бекітіп алды.
Жапония 1932 жылы Қытайдың солтүстік-Шығыс өлкелерінде Маньчжоу-го қуыршақ мемлекетін құрып, оны өз қамқорлығына алды. Бұл жерде жапон қарулы күштері шоғырланып, шекаралас КСРО және Моңғол Халық Республикасына қауіп төндірді. Жапонияның осындай үстем саясат жүргізуіне басқа елдердің Қытайдағы қимылдары да көмектесті. Чан Кайши үкіметіне қарсы болып келген Мәскеу 1927 жылы Шығыс Қытай теміржолын Жапонияға сатып жіберді.
Елді
1924-1932 жылдары
Сэйюкай, Минсэйто, Каккусин, Курабу сияқты саяси партиялар басқарып келді. Төменгі палатаның беделі өсіп, жоғарғы палатаны қалыптастыруда императордың ықпалы төмендеді. 1925 жылы заң бойынша сайлауға қатысушылар саны ұлғайтылып, халықтың 16%-ын құрайтын болды.
XX ғасырдың басында Жапония дамыған ірі капиталистік елге айналып, басқыншылық саясат жүргізді. Елді билеушілер тобында әскерилердің ықпалы күшейіп, экономиканың дамуы соғыс талаптарына бағытталды. Сыртқы саясатта Жапония Англиямен жақындасып, оның ықпалында болды. Ең алдымен ол Қытайды бағындыруды көздеді. Жапония 1914 жылғы тамызда Германияға соғыс жариялап, Тынық мұхит пен Қытайдағы неміс иеліктерін басып алды. Келесі жылы Қытайға "21 талап " ұсынып, оның әскери, саяси, қаржы салаларына үстемдік жүргізе бастады.
Соғыс жылдары отарларды қанау арқылы жапон буржуазиясы одан әрі байи түсті. Елде әскери жағдай енгізіліп, қалың бұқараның тұрмысы айтарлықтай нашарлады.
1917-1918
жылдары нан жетіспей, азық-түліктің бағасы жоғарылай берді.
Минсэйто партиясы
1920-1930 жылдар аралығындағы экономикалық дағдарыс жылдары көптеген кәсіпорындар жабылып, жұмыссыздық жаппай белең алды. Елде саяси күрес күшейе түсті.1936 жылы осындай қақтығыста премьер-министр Сайто, бірнеше министрлер қаза тапты.
Жапонияның Қытайдағы табыстары көп елдерге ұнамады. Бұл Ұлттар Лигасында әшкереленді. Сондықтан Жапония
1933 жылы
ол ұйымнан шығып кетті.

"Жаңа экономикалық құрылым" және "Жаңа саяси құрылым" атты бағдарламаларды
1937
жылы үкіметті басқарған князь Каноэ іске асыруға бел байлады.саяси партиялар жабылып, демократтар қамауға алынды.
Каноэ үкіметі 1937 жылғы 7 шілдеде Қытайға қарсы үлкен соғыс ашып, оның ішкі аудандарын жаулап алды. 1939 жылы жапон әскерлері Монғолияға шабуыл жасады. Бірақ Біріккен Монғол-Кеңес қарулы күштерінен қатты соққыға ұшырап, кейін шегінді.
1940 жылы Франция мен Голландия Германиядан жеңіліп қалғанда, жапон үкіметі Үндіқытай мен Индонезия аралын, Малайзия мен Сингапурды өзіне қаратуға кірісті. 1940 жылғы 27 қыркүйекте Жапония, Германия, Италия "Үштік пакт" аталған соғыс одағын құрды. 1941 жылы сәуір айында Жапония мен КСРО 5 жылдық бейтараптық шартына қол қойды.
екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Жапония
АҚШ басшыларын бейқам қалдыруды ойлаған Жапония 1940-1941 жылдары онымен бірнеше келіссөздер жүргізді.
1942 жылдың ортасына дейін Тынық мұхитта үстемдік құрған жапондар 1943 жылы теңіз шайқастарныда біріккен американ-ағылшын күштерінен жеңіле бастады. 1945 жылы 6 және 9 тамызда АҚШ алғашқы атом бомбаларын Жапонияның екі қаласы-Хиросима мен Нагасакиге тастап, аталған қалаларды өртеп жібереді.
Әскері Азияның әр жерінде шашылып, өзі өрт астында қалған Жапонияға КСРО үкіметі Ялта-Потсдам келісімдеріне сәйкес 9 тамызда соғыс жариялады.Кеңес қарулы күштері Квантун армиясына соққы беріп, Қытайдың Солтүстік-Шығыс ауданы мен солтүстік Кореяны босатты. Оған қоса Оңтүстік Сахалинді, Куриль аралдарын басып алды.
Full transcript