Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Адам эмбриогенезі. Дамудың қауіпті кезеңдері.

No description
by

Темирлан Жакып

on 16 September 2015

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Адам эмбриогенезі. Дамудың қауіпті кезеңдері.

Адам эмбриогенезі. Дамудың қауіпті кезеңдері.
Қабылдаған: Есполаева А. К.
Орындаған: Жақып Т.

Негізгі үш кезеңнен тұрады:
- Бірінші немесе бастапқы кезеңі (бірінші апта)
- Екінші немесе ұрықтық кезеңі (2-8 апта аралығы)
- Үшінші немесе нәрестелік (9 аптадан туу мерзіміне дейін)
Адам эмбриогенезінің 3 қауіпті кезеңдерін ажыратады:

имплантация − эмбрионның жатырдың кілегей қабатына енуі (ұрықтанғаннан кейін 6-7тәулік)

плацентация − плацентаның түзілуі (ұрықтанғаннан кейін 14-15 тәулік)

туылу (39-40−шы апталар)

Дамудың қатерлі кезеңдері
Дамудың қатерлі кезеңдері деп ұрықтың қоршаған ортаның әртүрлі зиянды факторларына өте сезімтал кезендерін айтамыз.

Адам эмбриогенезі:
Сүтқоректілердің құрсақта дамуы бірнеше күннен бірнеше айларға созылады.
Адамның эмбриональдық дамуы өте күрделі, оны тек басқа жануарлармен салыстыра түсінуге болады
Өйткені, адам ұрығының дамуы, оның алдындағы жануарлардың ұзақ мерзімді даму кезеңдерінде пайда болған онтогенездегі өзгерістерімен байланысты
Адам ұрығының құрсақта даму кезеңі орта есеппен 280 тәулікке (10 айға) созылады
Эмбриогенездің ұрықтың кезеңінің соңында ұрықтық денесінде тіндер мен мүшелердің бастамалары пайда болады да, оның адамға тән белгілері білінеді.
Бұл кезеңде адамның ұрығының ұзындығы 40 мм массасы 5 г болады.
Бұл кезеңдерде зиянды факторлар әсерінен онтогенездің қалыпты жүруі бұзылып, ұрық не өліп қалады не міндетті түрде әр түрлі ақаулықтар қалыптасады.

Дамудың қатерлі кезеңдері терминін 1897 жылы Браун енгізген.

Дамудың қатерлі кезеңдерінде:
ұрықта метаболизм, тыныс алу құбылыстары күшейеді,
РНҚ қасиеттері, иммундық мәртебесі өзгереді,
өсу қарқыны төмендейді

Гаметопатиялар − бұл ұрықтануға дейінгі гаметалардағы патологиялық өзгерістер. Бұл өзгерістер спонтанды түсікке және тұқым қуалайтын ауруларға әкеледі.


Бластопатиялар − ұрықтанудан кейін алғашқы екінші аптадағы зиготаның зақымдалуы. Бір қатар жағдайларда осы кезеңдегі ұрықтарда келесі бластопатиялар деп аталатын паталогиялық өзгерістер кездеседі:
− симметриялық немесе ассиметриялық егіздер ақаулығы
− сиреномиелия және циклопия
Жатырдан тыс жүктілік

Эмбриопатия − ұрықтың жатыр қабырғасына бекітілгеннен плацентаның түзілуіне дейінгі уақыт аралығында ұрықтың зақымдалуы.плацентаның бұзылуы шетінеуге алып келеді, эмбрионның дамуы тежеледі, оның тіршілікке қабілеті төмендейді.

Фетопатиялар − нәрестенің жатырішілік дамудың 76 күнінен немесе 12−ші аптасынан бастап туылуына дейінгі аурулардың жалпы атауы.(алкогольдік фетопатия, диабеттік фетопатия және т.б.) фетопатиялар гипоплазия, дисплазия, микроцефалия, гидроцефалия түрінде көрініс береді.

Туа біткен даму ақаулықтары - деп бірден анықталған немесе туылуға дейін пайда болып туылудан кейін анықталған, мүше немесе бүкіл ағзаның тұрақты морфологиялық өзгерістерін айтамыз.

Даму аномалиялары − әдетте қызметтерінің бұзылуы болмайды. ТБА−ны зерттейтін ғылымды тератология деп атайды.м

ТБДА жіктелуі этиология бойынша
1)тұқымқуалаушы
2) экзогенді
3) мультифакторлы деп бөлінеді.
Тұқымқуалайтын ТБДА мутация нәтижесінде пайда болады, олар ата−анасының біреуінен немесе екеуінен де берілуі мүмкін.

Экзогенді ақаулықтар ұрықтың не
құрсақтағы баланың тератогендік факторлармен тікелей зақымдануы нәтижесінде қалыптасады, яғни эбриональдық кезеңде тератогенді факторлардың органогенезге әсерінің салдары болып табылады. Иондаушы радиацияның, дәрілік заттардың, зиянды тұрмыстық әдеттердің, дұрыс тамақтанбау, биологиялық факторлардың тератогендік әсері дәлелденген.

Мультифакторлық ТБДА тұқым қуалайтын және экзогенді факторлардың бірігуінің әсерінен пайда болады, осы факторлардың жеке біреуі ақаулықтың себебі болмайды. Жалпы ақаулықтардың 20-30% тұқым қуалайтын ақаулықтар, 2-5% экзогенді, 30-40% −мультифакторлы, 25-50% − себебі әлсіз ақаулықтар құрайды.

Эмбрион дамуындағы
қауіпті кезеңдердің маңызы сол, сипаты бойынша әртүрлі патогендік факторлар бірдей патологиялық өзгерістер тудыруы мүмкін, бұл олардың әсерінің уақытына байланысты болады.


Пайдаланылған әдебиттер:
Цитолгия, эмбриология және гистология. Аяпова Ж. О. Алматы 2007ж. 288бет
Жалпы гистология негіздері. Қ. А. Сапаров. Алматы Санат, 1994ж
Гистология дәрістер жинағы Ж. О. Аяпова. Алматы 2002ж
Гистология Ю. И. Афанасьев, Н. А. Юрин, М. 1999г
Эмбриология негіздері. Т. Ж. Умбетов. Т.Ж. Бірімов Ақтөбе 1996ж

Google.kz
Wikipedia.org
Prezi.com
Назар аударғаныңыз үшін рахмет!
Full transcript