Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Сұраныс пен Ұсыныс

No description
by

Azamat Kadyrbek

on 27 November 2014

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Сұраныс пен Ұсыныс

Сұраныс пен Ұсыныс
Сұраныс пен ұсыным - нарықтың қарапайым элементтері (бұл жерде еркін сұраныс және еркін ұсыным жөнінде болып отыр). Ал , нарықтық экономикада кез - келген экономикалық процес " Нарықтық " болып табылатындықтан, өзіндік кез - келгені мамыры " нарық " екі сона болып әрекет өтетіндіктен барлық процестер мен қызмет салалары арқылы сипатталып категориясы,- сұраным мен " ұсынымның " өзара қарым - қатынасы ретінде көрсетіле алады .
Баға мен сұраныс көлемінің байланысының кері тәуелділігі ұсыныс заңы деп аталады. Суреттегі қисық сызықты сұраныс қисығы дейді.
Сұраныс қисығы — сатып алушылардың әртүрлі бағамен қанша тауар мен басқа да игіліктерді сатып ала алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді.
Қисық сызық сұраныстың біртіндеп азаю заңын бейнелеп көрсетеді, ал ол заңды былай деп қорытындылауға болады, егер қайсыбір тауардың бағасы өссе (ал басқа шарттары тұрақты болса), онда осы тауардың аз санына сұраныс болады. Бұл тәуелділікті басқаша да қортындылауға болады, егер нарыққа қайсыбір тауардың үлкен тобы түссе, онда, тең шарттық жағдайда, ол онша жоғары емес бағамен өткізілуі мүмкін.

Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады. Сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:
1. Тұтынушылардың табысы. Табыс өскен сайын тұтынушылардың сұранысы да өседі.
2. Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын сұраныс та өседі.
3. Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі тауарлар)
4. Бірін бірі алмастыратын және бірін — бірі толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі.

.Ұсыныс – бұл өндірушінің белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен нарықта сатуға дайындаған тауарларының саны. Ұсыныс заңы – бұл баға мен сатылатын тауар санының арасындағы тікелей қатынас, яғни тауардың бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше.
Ұсынысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:
1. Ресурстардың бағасы. Ресурстар бағасының өсуі ұсыныстың азаюына әкеледі.
2. Технология. Технологияның жетілдірілуі ұсыныстың өсуіне әкеледі.
3. Бірін бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауарлардың бағасы.
4. Келешекте инфляциялық және тапшылық жағдайлардың өзгерістерін күту.
5. Бәсекенің деңгейі
6. Салықтар және субсидиялар. Салық ставкасының өсуі ұсыныстың азаюына, субсидияның берілуі – ұсыныстың өсуіне әкеледі.
7. Ұсынысқа өндірістің даму барысында уақыт аралығы да әсерін тигізеді. Қысқа мерзім кезеңінде өндіруші ұсыныстың көлемін өзгерте алмайды.Баға механизмі және бәсеке арқылы сұраныс пен ұсыныс өзара байланыста болады. Бұл байланыс нарықта тепе-теңдік жағдайы орнауына мүмкіншілік әкеледі. Нарықтағы тепе-теңдік жағдайы сұраныс пен ұсыныстың теңдігінде орнайды. Бұл жағдайда теңдік баға мен теңдік көлем қалыптасады.

Сұраныс және оның факторлары. Сұраныс заңы
Сұраныс дегеніміз белгі бір бағамен сатып алушылардың төлем қабілетіне байланысты нарықтағы тауарлар мен қызметтер саны.
Нарықтық баға мен фоның сұранысқа ие санының арасында белгілі бір арақатынас болады, баға жоғары болған сайын, оны сатып алушылардың саны азаяды, яғни сұраныс деңгейі төмен, керісінше баға төмен болған сайын сатып алушылар саны мен сатылып алынған тауарлар саны көп болады.
Q — қисығын экономикалық әдебиетте сұраныс қисығы деп атайды. Бұған бағаны түсірсек, онда баға өзгергенде сұраныс көлемінің қалай өзгергенін көруге болады. Егер Р1 бағада сұраныс көлемі Q1 болса, Р2 дейін төмендегенде сұраныс көлемі Q2 дейін өседі және с.с.
Суретте көрсеткендей тауардың бағасы төмендеген сайын, сатып алушылар саны көбейе береді, сұраныс жоғарылайды.

Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.
Сұраныстың қисығы – бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктемелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. 7.1. графиктегі көлденең осьте сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р) – тауардың бағасы, сұраныстың қисығы (Д).

Сатылатын тауар біртектес стандартты және тауардың әр данасы бірдей бағамен сатылалы деп жорамалдаймыз. Тауардың бағасын жеке адам белгілей алмайды, ол (баға) нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың өзара бәсекеге түсуі нәтижесінде тағайындалады. Бәсеке жағдайында бағаның қалыптасу механизмін түсіну үшін сұраныс және ұсынысқа негізгі талдау жүргіземіз.
Бұл талдау кезінде сатылатын және сатып алынатын тауарлардын көлемі мен бағаларынын арасындағы байланысқа көп көңіл бөлеміз, сонымен қатар тауарлардың бағасы мен қөлеміне басқа да факторлардың қалай әсер ететінін қарастырамыз.

Алғаш рет Сұраныс және Ұсынысты Адам Смит 1776 жылы жарық көрген «Халық байлықтарының табиғаты мен себептерін зерттеу» кітабында «Көрінбейтін қол» атты категориялық ұғымы ретінде қарастырып зерттеген.
Сұраныс және Ұсыныс мәселелері Нарықтық тепе-теңдікті анықтайтын факторлар болатынын Альфред Маршалл өзінің 1890 жылы шыққан «Саяси экономия принциптері» жұмысында принципті негіздегі шешімін тапты.

Нарықтық экономиканың барлық мәні арзанға өндіру ( сатып алу )- себептерден сона қымбатқа сатуда жатыр . деп экономикалық теорияның негізіне сатып алушылар мен сатушылардың ( сұраныс пен ұсынымның ) қарым - қатынасы иә алынған .
Біз нарықты талдауды сұранымнан бастаймыз. Өйткені сұраныс - нарықтық экономиканың әр адамға да жақын әрі түсінікті саласы: ұсынымға бәрі де қатыса бермейді, ал, сұранысқа барлығы да қатысады.
Аталып отырған бөлім бір-бірімен бәсекелес көптеген сатушылар мен сатып алушылар болатын нарыктың кызмет істеу механизмін талдауға арналған.

Сұраныс пен ұсыныс көптеген факторлардан тәуелді және осы факторлардың өзгеруіне қарай олар да өзгереді. Икемділіктің мағынасы осындай өзара өзгерістерден туындайды.
Икемділік — бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне жауап ретінде сұраныс пен ұсыныстың қанша процентке өзгергенін анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш проценттік өзгеру қатынастарымен анықталады.
Сұраныстың бағалық икемділігі – тауар бағасының 1% өзгеруі сол тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінін көрсетеді, яғни бұл көрсеткіш сұраныс көлемнің осы тауар бағасының өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады

Сұраныстың табыстық икемділігі – бұл көрсеткіш тұтынушы табысының 1% өзгеруі осы тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінен көрсетеді. Бұл коэффициент тауардың сапалылығын анықтайды.
Бірін — бірі алмастыратын және толықтыратын тауарлардың болғандығынан, бір тауардың бағасының өзгеруі екінші тауардың сұраныс көлемінің өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты анықтау үшін сұраныстың қиылысқан икемділігі деген көрсеткіш қолданылады. Бұл көрсеткіш У тауарының бағасы 1% -ке өзгерген кезде Х тауарынан сұраныс көлемі қанша процентке өзгеретінін көрсетеді
Ұсыныстың икемділігі – бұл бағаның 1% -ке өзгеруі ұсыныс көлемінің қанша %-ке өзгеретінін анықтайтын көрсеткіш.
Full transcript