Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Синтоизм - Жапон діні

No description
by

Lyazzat Akzholbek

on 12 March 2014

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Синтоизм - Жапон діні

Синтоизм
- Жапон елінің ұлттық діні

Синтоизмдегі әруақтар мен тәңірлердің саны жөнінде берілген цифрлар мейілінше көп. Сегіз миллион шамасында тәңір бар делінеді. Олардың ең үлкені Күн тәңірі – әйел құдай Аматерасу. Аматерасудың тәңірлік символы – айна. Ал орталық құлшылық орны – Исе. От тәңірі «Амаго» маңызды тәңірлердің бірі, әрі ең қауіптісі. Көк жүзін көк тәңірі – әйел құдай Аматерасу басқарады. Синтоистер Аматерсу тұрған ең үлкен құлшылық орны саналатын Исені зиярат етіп, Аматерасудың (Күннің) шыққанын бақылайды, сөйтіп қажы атанады.

Синтоизмде тәңірлер пантеонының ең биік шыңында орналасқан Күн тәңірі Аматерасу тек көк жүзін ғана басқарады. Ал мына әлемді басқару тәңірлер мәжілісінің қолында. Ай тәңірі Цикиомидің атқарар қызметінің бір бөлігін дауыл мен теңіз тәңірі Сусаноа қолына алған. От тәңірі – Атадо. Ежелгі заманның азық-түлік тәңірі Инари бүгінде «Күріш адам» болды. Оның қасиетті жануары – түлкі. Сондықтан пантеондарда түлкі асырайды немесе түлкінің мүсіні қойылады.
Синтоисттер дүниенің аспан, жер және жер асты болып үш қабаттан құралғандығына, әрбір үш қабаттың тәңірлері бар екендігіне, жер астында болса өлілердің және дәулердің (жын) бар екендігіне сенеді. Тәңірлер әр түрлі суреттермен бейнеленген. Бірақ олардың бұл бейнелерден де аса құнды бірқатар символдары бар. Бұл символдар бұқара халыққа көрсетілмейді, ғибадатхананың жасырын бөлмелерінде сақталады. Екі қобдишаның ішінде сақталған символдар: бір айна, бір семсер немесе басқа да символикалық заттар.
Синтоизмде табиғатта өмір сүретін құдайлар мен рухтар бар. Осы рухтар кез келген қолдан жасалған затқа жан бітіруі мүмкін, сол зат табыну нысанына айналады.
Б.э.д.VІ ғасырда астанасын құрып Жапонияда Ямото ақсүйегі, Аматерасу нәсілі ретінде билік жүргізе бастады және осы императорға табыну, бір культ құрды.
Синтоистер Аматерасудан басқа ай, теңіз, дауыл және от тәңірлері, сонымен бірге азық-түлік, үй, ошақ, асхана, белгілі жерлер, жолдар және әр түрлі кәсіптің тәңірлеріне дейінгі көп мөлшердегі құдайлары бар пантеондарға (ғибадатхана) ие. Бұл пантеонға Аматерасудың ұрпақтары деп есептелетін императорлар да жатады. Ұлы мемлекет адамдарынан, қолбасшыларынан тәңірге айналдырылғандар бар. Қадірменді адамдардың өмірден өткендерін және осымен бірге аталарының әруақтары «ками» деп қабыл етіледі.
1968 жылдарда ұлттық серпіліс кезеңі басталды. Синтоизм де мұны үрлей түсті, император культі, бір мемлекет саясатына айналды және мемлекетті Синтоның көмегіне бағындырды. Екінші дүние соғысы кезеңінде синтоизм көп уақыт өтпей жойылды.
Жапония 1945 жылғы жеңілісінен кейін Синтоның мемлекеті қадағалау жағдайы күшін жойды. Император, өзінің тәңір болмағандығын және тәңірлердің ұрпағы ретінде өзіне табынылмайтындығын жариялауға мәжбүр болды.

Синтоизмде әруақ пен тәңірді және қасиетті, таңғажайып, құпия сырға толы, қорқынышты, адам табиғатынан тыс тылысым күштерді сипаттау үшін «ками» (үстем, жоғары деген мағынада) сөзі қолданылады. Онда әруақ өлгеннен кейін де өмір сүре береді, ата-бабалар рухы ұрпақтарын желеп-жебеп жүреді деген сенім бар. Өлген адам «камиге» айналады. Бірақ әр ками тәңір болмауы мүмкін. Жапондар көзге көрінбейтін камидің тәңір үйінде болатындығына сенеді.
Синтоизм бойынша өмір мақсаты ата-бабалар идеалын жүзеге асыру, құдаймен рухани бірігу салт-жоралғылар мен сыйыну. Қазіргі заманғы Жапонияда синтоизм өз ұстанымын белгілі бір деңгейде сақтаған, ал оның жаңа секталары ұлттық ділді қалыптастыруға белсене атсалысуда.
«Синто» – құдайлар жолы деген сөз. Қытай тіліндегі «син» немесе «сен» түрінде айтылған синто жапондықтардың жергілікті діни сенімдері ретінде белгілі.
Жапондар VI ғасырда буддизм Жапонияға тарағаннан кейін ежелгі діни сенімдерін буддизмнен ажырата білу үшін «синто» сөзін қолданды. Синтоизм осы сөзден өрбіді.

Синтоизмде табиғат күштеріне, әруақтарға табыну ерекше назар аудартады, рухты әрбір нәрсенің бойынан іздеп табуға болады делінеді. Бұл діннің екі ерекшелігі бар: 1. Ерекше бір ұлттық дін. 2. Табиғатқа табыну бұл дінде маңызды рөл атқарады.

1868 жылдан 1945 жылға дейін мемлекеттік дін болған, оның негізін табиғат пен ата-баба құдайларына табыну құрады.
Табынуды дамыту барысында шығармашылық бастау акті идеясы пайда болған, нәтижесінде күн құдайы Аматәрасу - синтоистік жоғарғы құдай пайда болған. Ал оның үрпағы Джиммутенно барлық жапон императорларының аңыздық бастауы болған.
Синтоизм – ұлттық, алғашқы, политейстік және өзге діндерді жатсынбайтын әрі ресми дін мәртебесіне ие болмаған дін. Оның құрушысы жоқ. Қандай да бір тарихи оқиғаға байланысты шықпаған.
Жапониядағы конфуцизмге аталарға табыну, моральдық-этика, бал ашу, сәуегейлік, сиқыр, зуһд (сопылыққа негізделген) секілді нәрселер даоцизмнің және буддизмнің ықпалымен енді.
Синтоизм - [жапон. синто - құдайлар жолы] - Жапонияда кең тараған дін, табиғатты алғашқы қауымдық дәріптеуден туындаған рулық және тайпалық құдайларға табыну.
Full transcript