Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Науқастың әртүрлі функционалды қалыптары: Симс,Аралық, Іштік

No description
by

Aizeka Zhakibayeva

on 19 April 2016

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Науқастың әртүрлі функционалды қалыптары: Симс,Аралық, Іштік

Орындаған: Жақыбаева А
Тексерген:Семейгажина А

Іс-әрекет негізделуі
1.Науқаспен амандасу, жағдайын сұ-рау, манипуляция мақсатын, іс-әрекеттерін түсіндіру. Науқаспен қажет қарым-қатынас жасалады
2. Науқастың келісімін алу. Науқастың құқығын сақтау қамтама-сыз етіледі
3. Кереуетті горизонталды қалыпқа келтіріп, жастықты алып тастауЮ Науқастың қалпын өзгертуге ыңғайлы жағдай қамтамасыз етіледі
4. Науқастың қолдарын шынтағында жазып, денесіне жақындату, қол ұшын санының астына қойып, қолы арқылы денесін айналдырып, ішімен жатқызу. Науқастың қалпын өзгертуге ыңғайлы жағдай қамтамасыз етіледі
5. Науқасты кереуеттің ортасына жатқызу. Пациентке ыңғайлы жағдай жасалады
6. Науқастың басын бір шетіне қарай бұру, басының астына кішкене жастық қою. Мойын омыртқаларының бүгу және шектен тыс жазуды азайту
7. Көк ет деңгейінен төмен іш аймағына кішкене жастық қою. Бел омыртқаларының шектен тыс жа-зылуы мен бел омыртқаларына салмақ түсу төмендейді
8. Науқастың қолдарын иығында бүгу, бас деңгейіне дейін көтеру. Иық буынының шығып кетуін бол-дырмау
9. Аяқ басы астына валик қою. Аяқ басының “салбырап” қалуын және сыртқа қарай бұралуын болдырмау
Науқасты ішімен жатқызу
Симс қалпы
Симс қалпы
Симс қалпына науқасты жатқызу (ішіне және қырына жату қалпы аралығындағы жағдай)
Науқасты жатқызу екі мейірбикемен орындалады.
Мақсаты: төсекте жайлы қалып жасау.
Қолдану көрсетілімдері: төсектегі еңжарлы және еріксіз науқас қалпы, ойылудын алдын алуы.
Дайындаңыз: 3 жастықты, валикті, аяққа арналған тіреуді (құмы бар қап), функциональды немесе жәй кереуетті.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа жатқызу мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
3. Науқастың жағдайын және оның жағынан басқа жаққа ауысуына көмектесу мүмкіндігі барлығын бағалаңыз.
4. Кереуеттің тежеуін (тормызын) бекітіңіз.
5. Мейірбике тұрған қыр жағындағы порученді түсіріңіз (егерде ол болса).
6. Кереуеттің бас жағына көлденең қалыпты беріңіз.
7. Науқасты арқасымен жатқызып кереуеттің шетіне жылжытыңыз.
8. Қырына және жартылай ішіне жату қалпына науқасты ауыстырыңыз.
9. Науқастың басының астына жастықты салыңыз (мойынның қырына иілуін алдын ала ескертеді).
10.Шынтақ және иық буынынан 90° бұрышпен бүгілген «жоғарғы» қолы астына жастықты салыңыз, «төменгі» қолды бүктірмей төсекке салыңыз (науқастың дене биомеханикасын дұрыс сақтау. Науқастың денесін түзету және иықтың ішіне қарай бұрылуын болдырмау).
11.«Жоғарғы» бүгілген аяқ астына жастықты салыңыз, «төменгі» сирақ санның төменгі үшінші бөлігі деңгейінде болуы керек (тізе буындары және тобық аймақтарындағы ойылудың алдын алу, санның ішке қарай бұрылуын және аяқтың созылуын алдын ала ескерту).
12.Табанға арналған тіреуді (құмы бар қапты) аяқтың табанына 90° бұрышпен қойыңыз (яқтың сыртқы бүгілуін дұрыс қамтамасыз ету жэне олардың салбырауын алдын ала ескерту).
13.Науқастың денесінің түзелуін тексеріңіз.
14. Науқастың ыңғайлы жатуына көзіңізді жеткізіңіз. Ақ жайманы түзетіңіз.
15.Поручендерді көтеріңіз.
16.Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Фаулер калпы

Фаулер қалпы
Науқасты Фаулер қалпына жатқызу (жартылай жату және жартылай отыру қалпы аралығындағы жағдай)
Науқасты жатқызу бір мейірбикемен орындалады.
Қолдану көрсетілімдері: ойылудың даму қауіп-қатері, жеке бас тазалығын қамтамасыз ету қажеттілігі, төсекте дәрет сындыру, төсектегі еңжарлы және еріксіз қалыптағы науқас, науқасты тамақтандыру, тыныс алу және жүрек-қан тамырлар жүйелері аурулары.
Дайындаңыз: жастықтарды, көрпеден жасалған валикті, табанға арналған тіректі, функциональды немесе жәй кереуетті.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа жатқызу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
2. Науқасқа психологиялық жайлы жағдайды қамтамасыз етіңіз (палатаға бөтен адамдарды кіргізбеңіз).
3. Науқастың жағдайын және айналадағы жағдайды бағалаңыз. Кереуеттің тежеуін (тормозын) бекітіңіз (егерде ол болса).
4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
5. Мейірбике тұрған қыр жағындағы поручендерді түсіріңіз (егерде ол болса).
6. Кереуетті көлденең жағдайға келтіріп, науқасты кереуеттің бас жағына қарай жылжытыңыз.
7. Науқас кереуеттің ортасында арқасымен жатқанына көзіңізді жеткізіңіз, жастықты алыңыз.
8. Науқастың бас жағын 45-60° бұрышпен көтеріңіз (90° - жоғарғы Фаулер қалпы, 30° - төменгі Фаулер қалпы), немесе 3 жастықты салыңыз: кереуеттегі тік отырған адам Фаулер қалпында болады (жоғарлату қалпы өкпедегі ауа алмасуды жақсартады және науқастың қарым қатынасына ыңғайлы жағдай жасайды).
9. Білек пен қол ұшы астына жастықты салыңыз (егерде науқас ерікті қолын қозғалта алмаса). Білек пен қолдың білезік буын тұсы көтеріңкі және алақандары төмен қаратып орналасқан болуы қажет (төмен қаратып бағытталған қол ауыр қолдың әсерінен болатын иық буынының шығуын алдын алу ескерту, қол мен қол ұшының көк тамырындағы тоқталысты азайту үшін және бүгілетін бүлшық еттердің контрактурасын алдын-ала ескерту). Кереует үстіндегі үстелге жансызданған қолы үшін тірекпен қамтамасыз етіңіз, науқастың қолын тұлғасынан ысырып қойып, шынтақ астына жастықты қойыңыз. Қол ұшын аздап қана жазылдырып, қолдың астына жартылай кесілген резеңке допты салыңыз.
ІО.Науқастың белінің астына жастықты салыңыз (бел омыртқаларының бүгілісін азайту үшін және бел омыртқасын ұстауға).
11.Науқастың санының астына кішкентай көпшікті немесе валикті салыңыз (дене салмағы әсерінен болатын тізе буыны астындағы күре тамырдын қысылуын және тізе буының қатты жазылуын алдын ала ескерту).
12.Науқастың сирағының төменгі бөлігіне бірнеше қабаттап салынған көрпені (валикті) немесе кішкене жастықты салыңыз (өкшені матраспен үзақ қыспауын алдын ала ескерту).
13.Өкше астына кішкентай жастықты немесе валикті салыңыз (өкшеге матрастың ұзақ қысуын алдын ала ескерту).
14.Аяқ басын ұстау үшін 90°бұрышпен тіректі қойыңыз (егерде қажет болса). Аяқ басының сыртқы бүгілісін ұстау үшін тірек койылады, олардың «салбырауын» алдын ала ескерту. Егерде науқаста гемиплегия (дененің бір жақ жартысының салдануы) бар болса, онда оның табанын жүмсақ көпшікпен тіреу қажет. Қатты тірек бұндай науқастардың бүлшық ет күш қуатын көбейтеді.
15.Науқастың ыңғайлы жатқанына көзіңізді жеткізіңіз. Қырындағы порученді көтеріңіз.
16.Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Науқастың әртүрлі функционалды қалыптары: Симс, Арқалық, Іштік,Фаулер
1. Бір қолыңыздың алақанын жоғары қаратып науқастың белінің астына қойыңыз.
2. Екінші қолыңызды науқастың жамбасының астынан сан аймағына жіберіп, алақаныңызды жамбас-сан буынында бекітіңіз.
3. Науқасты өзіңізге қарай жылжытып, бір қырына қарай айналдырыңыз. Науқас төсектің ортасында орналасуы керек.
4. Жоғарғы аяқты тізесінде бүгіп, науқасты бекітіңіз.
5. Науқастың бас жағына жастық қойыңыз.
6. Бүгілген аяқ астына жастық қойыңыз, аяғы сан деңгейінде орналасуы керек.
7. Астындағы қолды шамалы бүгіңіз, жастық қасына орналастырыңыз.
8. Үстінде орналасқан қолды шынтақта бүгіп, жастықтың үстіне орналастырыңыз.
9. Төменгі аяқ басына тіреуіш қойыңыз.
10. Науқасқа ыңғайлы екендігіне көз жеткізіңіз.
Науқасты өзімізге қаратып айналдырып бір қырынан жатқызу
1. Науқасты сол қырына айналдыру кезінде оның оң қолын көкірегіне, ал оң аяғын сол аяғының үстіне қойыңыз.
2. Науқасты санынан (тізесіне жақындау) және иығынан ұстаңыз.
3. Өзіңізге қарай науқасты айналдырыңыз.
4. Жоғарғы аяғын тізесінде бүгіп, науқасты бекітіңіз.
Науқасты бір қырынан жатқызу
Науқастың төсектегі қалпы. Науқастың белсенді, белсенді емес, мәжбүрлік қалпын ажыратады. Белсенді қалыпта науқас төсектегі өз қалпын емін-еркін өзгерте алады және жүре алады. Белсенсіз қалыпта науқас өздігінен қозғала алмайды. Мысалы зілді мертігулерде, жаралануда, сал болып қалғанда және т.б. Мәжбүрлік қалып дегеніміз науқастар ауырсынуын жеңілдету мақсатында қабылдайтын қалып. Мысалы, ортопноэ - қан айналымының жетіспеушілігі бар науқастардың аяқтарын төмен түсіріп, отыруы, бұл кезде қан аяк көк тамырларында жиналады да өкпедегі кан іркілуі азаяды, ентігу біраз әлсірейді.

Full transcript