Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Корпоративтік басылымдар

No description
by

Arailym Ruslan

on 7 April 2014

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Корпоративтік басылымдар

«Корпоративтік БАҚ-ты ауылшаруашылығына арналған құрал-жабдықтарды өндіруші америкалық Джон Дир (John Deere) компаниясы алғашқылардың бірі болып қолданған» [1]. Компанияның жарнама бөлімінің басшысы Л.Б. Кун корпоративтік журнал шығаруды қолға алады. 1895 жылы жарық көрген «Furrow» корпоративтік басылымы Джон Дир компаниясының тұтынушыларының санын арттыра түсті.



Бұл басылым мекеме тұтынушыларына арналып шығарылады. Басылымның бұл түрі психологиялық маңызға ие болуы шарт. Себебі, мекеме жарнамасы мен тауардың өтімділігі дәл осы басылымның айнасы болмақ.
Корпоративтік басылымдар мақсатты аудиториясына байланысты үш түрге бөлінеді: мекеме серіктестеріне арналған «В2В» (business-to-business), мекеме тұтынушыларына арналған «В2С» (business-to-client), мекеме қызметкерлеріне арналған «В2Р» (business-to-personаl) [5].

Корпоративтік басылымдар және олардың түрлері

Корпоративтік БАҚ-тың екінші түрі – «В2С» (business-to-client).
Ол ағылшынның «business-to-business» - бизнес үшін бизнес сөзінен құралған. Корпоративтік басылымның бұл түрі мекеме серіктестеріне арналып шығарылады. «В2В» (business-to-business) компания жетістігі мен өнімі, тауары мен қызметі жөнінде барынша мол ақпаратпен қамтылуымен ерекшеленеді. ««Busines-to-busines» басылымын шығару барысында сапаға жоғары мән беруі керек. Яғни, мазмұны ғана емес, оның берілу әдісі де сапалы болуы шарт. Осы орайда, дизайны, полиграфиясы мен беттелуі бәсекелестікке түспек» [5].
«В2С» (business-to-client) басылымы тұтынушының компанияға деген көзқарасын қалыптастыра отырып, орнатылған қарым-қатынасты одан әрі дамыта түсуге көмектеседі. «Реноме» журналы корпоративтік басылымның осы түріне былайша сипаттама береді: «тұтынушыларға арналған корпоративтік журнал коммерциялық жоба бола алады. Ол өзін ақтап қана қоймай, жарнамадан пайда да түсіреді.
$1.25
Monday, February 17, 2014
Vol XCIII, No. 311
Корпоративтік басылымдар және олардың түрлері
«В2Р» (business-to-personаl) басылымы компания қызметкерлеріне шығарылатын корпоративтік басылым. Ол мекеменің өз ішіндегі кемшіліктерін жоюға және оның орнын толтыруға бағытталады.
«В2Р» (business-to-personаl)
Үлкен өндіріс орындарының ашылуы, мекеме орталықтарының қалануы XIX ғасырдың бірінші жартысында корпоративтік БАҚ-ты дүниеге әкелді. Корпоративтік БАҚ-ты белгілі бір мекемеге қызмет етуші ұйым ретінде қарастыруға болады. Оның атқаратын функцияларына: мекеме тауарын жарнамалау, мекеме қызметтері туралы толық ақпарат тарату, мақсатын айқындау, жаңалықтарын бөлісу жатады. Ал ерекшелігі – мақсатты аудиториясының болуы.
Аталмыш корпоративтік басылым компания ішіндегі қарым-қатынасты жақсартумен қатар, консалтинг қызметін де ұсынады. Компанияның жаңа өнімі не қызметі туралы кең ауқымды жазылған материал қызметкердің сапасын арттыра түспек. Мекеме аясында өткен қайырымдылық шаралары не спорттық-сауықтыру ойындары, сонымен қатар мереке күндеріндегі құттықтаулар қызметкерлердің құлшынысын оятып, жаңа серпін сыйлайды. Бұл туралы С.Блэк: «жұмыста отбасыны сезіндіру, басшылыққа деген сенімді нығайту, мекеменің саясатын ұғындыру, уйымдастырушылыққа деген қызығушылықты ояту»,-деп пікір білдіреді. Қызметкерлерге арналған басылым тиражы мекемедегі жұмысшылардың санымен сәйкес болуы шарт.
«Watson Wyatt» консалтинг фирмасының ақпараты бойынша, ішкі корпоративтік басылымдар мекемеге 26%-ға дейін кіріс түсіреді екен.
Корпоративтік басылымдар
Корпоративтік басылымдардың шығу тарихы
Корпоративтік басылымды ең алғаш кім шығарды?
«Harris Interactive Inc.» жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша компания басқарушыларының 57%-ы b2b-журналындағы жарнамалардың мекеме ұсынған тауарларды сатып алуға және қызметтерді пайдалануға үгіттейтінін растаған. Ф. Котлердің айтуынша, маркетингтік қарым-қатынастар екі жақты жүргізіледі. Және әдетте ол тараптар белгілі мекемелер түрінде көрініс табады (В2В). Яғни, тауарлар мен қызметтерді ұсынушы да, оларды пайдаланушы да - белгілі бір ұйым немесе мекеме.
«БТА» банкінің тұтынушыларға арналған он беттен тұратын шағын корпоративтік журналы және қызметтер мен жеңілдіктерге арналған ақпараттық парақшалары бар. Осыдан бірнеше жыл бұрын орын алған келеңсіз жайт банк тұтынушыларының сенімін жоғалтқан болатын. Егер «БТА» банкі өз тұтынушыларына арнап мерзімді корпоративтік газет-журналдарын шығарар болса, аз уақыт ішінде жоғалтқан аудиториясын қайта жинап алуы әбден мүмкін еді. Өйткені, бұл – корпоративтік БАҚ-тың ең басты қызметі.
Қазақстандағы корпоративтік басылымдар
«Петро Қазақстан»
«ПетроҚазақстан» мұнай газ тобына «Қытай Ұлттық мұнай корпорациясы» мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы акционерлік етеді. «ПетроҚазақстан» мұнай-газ өндірумен, қалған өнімді қайта өңдеумен және оларды сатумен айналысады. Бұл компанияның өндіріс саласында алар орны зор. «ПетроҚазақстан» компаниясы ішкі корпоративтік басылымын шығарады. «Мұнайшы» деп аталатын қызметкерлерге арналған көлемді журнал үш тілде шығады. Корпоративтік журналдың жаңа жылдық саны компанияның табыстары мен спорттық күндеріне, қызметкерлермен сұхбатқа, сонымен қатар, құттықтауларға арналған. «Мұнайшы» корпоративтік журналы қызметкерлердің суреті мен сұхбатын көп берген. Яғни, біз бұл жерде ішкі корпоративтік басылымның қызметін көре аламыз. Осындай әдіс арқылы компания әрбір қызметкеріне көңіл бөліп, құлшынысын оятып отыр.
«Қазақстан Халық Банкі»
«Қазақстан Халық Банкі» - еліміздің нарықтық экономикасында 90 жылдық тарихы бар банк. Ол мемлекетіміздегі екінші дәрежелі банктердің қатарында. Банктің депозиттер мен түрлі кредит карталары жөнінде, ипотека туралы пайдалы ақпараттар, «Көлік алуға кредит» атты тұтынушыларға арналған корпоративтік ақпараттық парақшалары бар. Сонымен қатар «Beeline» компаниясымен бірігіп шығарған «Magic Card» атты тұтынушыға арналған каталогында кредиттік карта туралы ақпаратпен қатар, жанама жарнама да жасалған. Банк сайтынан «Halyk Business News» және «Halyk Times» атты корпоративтік газеттерін көруге болады. Аталған басылымдар банк тауарлары мен қызметтерін тұтынушыға терең таныстырады. Дегенмен жақын маңдағы банк бөлімшесінен мекеменің корпоративтік басылымдарын сұрағанымда, қолыма тек ақпаратты парақшаларын ғана ұсынды.
«Самұрық-Қазына» холдингі
Құрамына 40-тан астам ұйым кіретін «Самұрық-Қазына» холдингінің корпоративтік газеті бар. «SK NEWS» корпоративтік газетінде холдингтің басты жаңалықтарымен қатар, компания қызметкерлерінің спортқа арнаған күндері жарияланған. Сонымен қатар көптеген конференциялар мен кездесулер барысы баяндалған. Бұл басылым VI Қазақстандық корпоративтік БАҚ конкурысында «2013 жылдың ең үздік сыртқы корпоративтік басылымы» атағын жеңіп алған. Дегенмен, холдинг қызметкерлеріне арналған бұл газет электронды басылым. «SK NEWS» газетінің редакция ұжымы газеттің әр санын компания қызметкерлерінің поштасына жіберіп отырады. Бұл әдіс компания үшін тиімді болғанымен (басып-шығаруға ешқандай шығын шықпайды, әрі, қызметкерлердің барлығын толық қамтамасыз ете алады), компания имиджін қалыптастыра алмайды. Сондықтан, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына серіктестеріне арналған, қызметкерлерге арналған және халыққа арналған корпоративтік басылымдар қажет.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті корпоративтік БАҚ-тың екі түрімен де жұмыс істейді. Мысалы, корпоративтік БАҚ-тың мерзімді басылым түрлеріне «ҚазҰУ хабаршысы» корпоративтік журналы мен «Қазақ университеті» корпоративтік газетін, электронды түріне «Univer.Kaznu» интранет қызмет көрсету сервисін атауға болады. Сонымен қатар, талапкерлерге арнап жасалған ақпараттық парақшалар да университеттің корпоративті басылымын құрайды. «ҚазҰУ хабаршысы» корпоративтік журналы - университет қызметкерлері мен студенттерге арналған басылым. Журнал әр санын әрбір факультетке арнап шығарады. Өз аудиториясы үшін бұл корпоративтік журнал білім берушілік, идеологиялық қызметін атқарса, «Қазақ университеті» корпоративтік басылымы ақпараттық-коммуникативтік, ұйымдастырушылық-үгіт-насихат функциясын қамтиды. Ал осы басылымдардың екеуіне де ортақ ең негізгі қызметі – имидждік. Яғни, Қазақ ұлттық университетінің имиджін қалыптастыру мақсатында жұмыс істейді.«Univer.Kaznu» корпоративтік электронды басылымы тұтынушыға ақпарат берумен қатар, қызмет көрсетуімен ерекшеленеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қорытынды
Елімізде заман талабына сай үш тілде шығарылатын корпоративтік басылымдар көп. Дегенмен кейбірі сын көтермей жатады. Мәселен, Халық Банкінің «Magic card» атты каталогында «ресімдеу», «карточканы пайдалануды қалай бастау керек», «үзінді беру» сынды түсініксіз сөздер ана тіліміздің жағдайын аңғартады. Сонымен қатар, көптеген мекемелер корпоративтік БАҚ-тың тек электронды түрін қолданады екен.
Жыл өткен сайын еліміздегі корпоративтік БАҚ нарығында бәсекелестік белең алып келеді. Елімізде жыл сайын корпоративтік басылымдар арасында конкурс өткізіліп келеді. «Ең үздік корпоративтік медиа 2013 жыл» конкурсы бойынша «Ең үздік корпоративтік басылым» - «KIMEP times», «Үздік Content» - «Megazine», «Үздік дизайн» - «Мир пива», «Үздік ішкі корпоративтік журнал» атауын «Техно Life» иемденді.
Ұсыныс:
Дегенмен корпоративтік БАҚ саласында әлі де күрмеуі көп кедергілер кездеседі. Зерттеу жұмысын жазу барысында төмендегідей мәселелерді аңғардық. Бірінші мәселе, корпоративтік БАҚ саласы бойынша кәсіпқой мамандардың жетіспеушілігі. Осы сала бойынша арнайы мамандар дайындау керек. Шетелдің тәжірбиелі PR-мамандарымен тренингтер мен дәрістер өткізіп, мамандардың біліктілігін арттыруды қолға алу керек. Еліміздегі мемлекеттік тілдегі корпоративтік басылымдардағы сіреспе аудармаларды екінші мәселе ретінде қарастырдық. Әрбір корпоративтік басылымның түпнұсқасы қазақ тілінде дайындалуы керек. Себебі, орыс тілінен тікелей аударылған ақпараттар түсініспеушілікке әкеп соқтырып жатады; Үш тілде шығарылатын корпоративтік басылымдарды біріктірмей, жеке-дара шығаруды дәстүрге айналдырса, тұтынушы үшін де, компания үшін де оңтайлы болар еді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Чемякин Ю.В. Корпоративные СМИ: секреты эффективности - Екатеринбург: Издательский дом «Дискурс Пи», 2006. 34 с.
2. Мурзина Д.А. Феномен корпоративный прессы
3. Бабкин А.Ю. Корпоративные издания в структуре печатных СМИ: типологические и профильные характеристики – Москва, 2010. 13 с.
4. Д. Ньюсом, Д.В. Терк, Д.Крукеберг. Все о PR. Теория и практика паблик рилейшнз.-7-е изд.: Пер. С англ. – М.:Консалтинговая группа «ИМИДЖ-Контакт»: ИНФРА-М, 2001.
Full transcript