Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

М.Вебердің социологиялық көзқарасы.

No description
by

Asylai Shamshayeva

on 10 March 2015

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of М.Вебердің социологиялық көзқарасы.

Макс Вебердің социологиялық көзқарасы.
Басқа социологиялық бағыттардан ерекшелігі

Вебер 1864 жылы 21 сәуірде Эрфурт қаласында дүниеге келген.
1893—1896 жж. Фрайбург университетін,
1896—1898, 1902—1918 жж. Гейдельберг университетін,
1919—1920 жж. Мюнхен университеттерінде дәріс берген.
Теориялық әлеуметтану, әлеуметтік дін, саяси әлеуметтану, ұйымдастыру әлеуметіне арналған еңбектері бар.
Веберлік әлеуметтік стратификацияның өлшемі бойынша жалғыз ғана экономикалық факторлар, яғни меншік формасына ғана емес, сонымен бірге оған саяси (өкімет) және статус, престиж (қадір, бедел, мәртебе), өлшемдері қолданылады. Осыған сәйкес әлеуметтік стратификация (жіктелу) теориясы көп өлшемді болуы мүмкін деп тұжырымдайды.
Вебер әлеуметтік стратификация (жіктелу) теориясының негізін салды.
Идеалды тип дегеніміз, ол объективтік эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) шындықты бейнелеу емес, бұл зерттеуші ғалымның ойлауының, ой-пікірінің жемісінің теориялық құрылымы (яғни, идеясы).
Идеалды тип зерттеушінің нақты материалды жүйелеп реттеудің бейне-кестесі. Идеалды типтік құрылымдар – бұл қажетті құбылыстар мен процестердің жалпы түйінді ұғымдары. Мысалы, “капитализм, “экономикалық адам”, “дін”, “хрестиандық”, т.б.
М. Вебердің идеалдық типтерді осындай ұғымдар арқылы түсіндіруі оның “түсіну әлеуметтану” ілімінің негізі болып есептеледі.

Идеалдық тип
Біріншісі үстемдік етушілердің және бағынушыларың рационалды мүдделерімен себептелген.
Макс Вебер үстемдіктің «таза» үш типін бөліп көрсетті.
Биографиясы
Макс Вебердің " Түсіну-ұғыну теориясы"
Әлеуметтік стратификация (жіктелу) теориясы
Макс Вебердің саяси әлеуметтануы немесе "заңды үтемдігі"
Салыстырмалы дін социологиясының негізін салушы.

Жұмыстың жоспары:
Жұмыстың мақсаты:

Макс Вебердің әлеуметтік көзқарасы , еңбектері,
саясат жайлы теориясы , қоғам дамуындағы атқаратын рөлі туралы мәлімет беру.
Жұмыстың міндеті:

Студенттерге Макс Вебердің әлеуметтану
ғылымына енгізген теорияларын барынша түсінікті етіп жеткізу.
Оның басқа әлеуметтанушылардан ерекшелігін көрсету.
Максимилиан Карл Эмиль Вебер
(1864-1920)
Макс Вебердің әлеуметтануы саналы адамның мінез-құлқы туралы ғылым ғана емес,сонымен бірге оның әлеуметтік іс-әрекеті туралы ғылым. Әлеуметтік іс-қимыл, әрекет адамның мінез-құлқымен бірдей, өйткені әлеуметтік іс-әрекет өзінше жеке – дара нысаланбайды, бағытталып өмір сүре алмайды, ол әр уақытта басқа біреуге бағытталды. М.Вебер іс-әрекеттің, қимылдың басқа біреуге бағытталуын тосу, күту, үміт ету дейді.

М. Вебер капиталистік қоғамды үнемі мақтамайды. Ол бұл қоғамның алуан турлі өлшемдерін, күрделілігін, ондағы орын алып отырған қайшылықтарды, әсіресе, алуан түрлі таптар мен топтар арасындағы қарым-қатынастарды жақсы біліп талдап отырды.

Макс Вебердің «ұғыну, түсіну» теориясы
Қазіргі әлеуметтану ғылымы М.Вебердің ой-тұжырымдарымен көп санасады. М.Вебердің әлеуметтану теориясы позитивистік теорияға қарсы шығу кезеңінде пайда болды. Позитивизмге қарсы шығу дәуірінде ол әлеуметтанудың өзгешелігін жақтай отырып, адам іс-әректін, қимылын “түсіну, ұғыну” теориясын қалыптастырады.
Екіншісі – типтің негізінде дәстүрлер жатады.
Үшіншісі билікті сезімдік тұрғыдан қабылдауға негізделген.

• «Түсіністікті әлеуметтанудың кейбір белгілері жөнінде» (1913);

• «Әлемдік діндердің шаруашылық этикасы» (1915);

• «Шаруашылық және қоғам» (1921—1922).

Негізгі еңбектері

Вебер әлеуметтік теориясында себептілік пен «түсіну» біртұтас болу принципіне үлкен мән берген. Вебер алғаш рет капитализм тек батыста протейантизм және кальвинизмнің тарауымен байланысты пайда болды дейді. Вебер бойынша идеалдық тип өмір шындығын бейнелейді. Бұл жалғыз жарым фактілерді жүзеге алу түсінудің құралы. Мазмұны жағынан Вебер идеялары қоғамдық-экономиқалық формациялар туралы маркстік ілімге қарсы бағытталған.

Ғылыми қызметі
Макс Вебердің негізгі саяси көзқарасы оның 1918-1919 жылдары жарық көрген «Саяси бейімділік және кәсіп ретінде» еңбегінде баяндалған. Ал «Протестанттық этика және капитализм рухы», «Әлеуметтік-ғылыми және әлеуметтік-саяси танымның «объективтілігі», «Әлеуметтанушылық және экономикалық ғылымдағы «бағалаудан бостандықтық мағынасы» және тағы басқа еңбектерінде әлеуметтануға қатысты мәселелер қамтылды.
Саяси әлеуметтануы
М. Вебердің саяси әлеуметтануының басты діңгегі – билік мәселесі. Саяси өкімет пен мемлекетті әлеуметтану ғылымы арқылы қарастырған Вебер оны билік әлеуметтануы деп атады. «Мемлекет дегеніміз не» деп сұрақ қоя отырып, Вебер оның осы заманғы әлеуметтанушылық анықтамасын кез-келген саяси одақ секілді, ол қолданатын өзіндік құрал - физикалық зорлық-зомбылыққа сүйеніп қана беруге болатының айтады.
Вебер енгізген «заңды үстемдік» категориясы бұйрық пен бағынуға негізделген билікті қарастырады. Бұндай үстемдікті жеке адамдар іске асыра алады. Вебердің айтуынша «үстемдік дегеніміз, белгілі бір бұйрыққа бағыну мүмкіндігін ұшырату.
"Заңды үстемдік" теориясы
Вебер дінге үлкен мән беріп, оны дербес әлеуметтік құрылым ретінде өмір сүретін және жалпы қоғамның мәндік-символикалық, құндылықтық жүйесін анықтайтын, негізін қалайтын әлеуметтік-мәдени институт деп есептеді. Діннің басты рөлін Вебер оның құндылықты бағдардың алғашқы себебі бола алатынынан көрді, соның арқасында ол әлеуметтік іс-әрекетке мән-мағына берудің маңызды тәсілі ретінде көрініс табады, оның маңызы мен мақсатына себепші болады. Діни тұжырымдардың көмегімен адам өзінің өмірінде болып жатқан оқиғаларды мәні бар немесе мәні жоқ деп жіктейді. Дін әлем бейнесін, нормалар мен басымдылықтар жүйесін құрады, соған сәйкес индивид өзінің іс-әрекетін бағыттайды. Осылайша реттеу қағидалары мен нұсқаулар кешені пайда болып, этикалық принциптер қалыптасады.
Макс Вебер салыстырмалы дін социологиясының негізін салушы
Дін социологиясына арналған өзінің алғашқы зерттеулерінде, оның ішінде “Протестанттық этика және капитализм рухы” атты атақты еңбегінде Вебер басты назарды капиталистік қоғам мен оның дүниетанымдық негіздерінің, мысалы, ұтымдылық принципінің қалыптасуында, протестантизмнің шығуы мен дамуына байланысты діни этиканың рөлі қандай болғандығына аударды. Дәлірек айтсақ, бұл экономикалық қызмет түрі мен діни - адамгершілік жорамалдар арасындағы өзара байланысты анықтауға қызығушылықты білдіреді. Ғалымның бұл позициясы дінді зерттеудегі марксистік экономикалық центризмге қарсы бағытталған болатын. Алайда Вебер өзінің кейінгі еңбектерінде діни және экономикалық нәрселердің өзара әсері туралы мәселені көтере отырып, сонымен бірге әуел бастан субъективті ойластырылған мән мен топтық дәлелдермен байланысты сала ретіндегі діннің көмегімен әлеуметтік әрекет категориясының мазмұнын ашуға тырысады.
Full transcript