Loading presentation...
Prezi is an interactive zooming presentation

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Жүрек қан тамырлар физиологиясы

No description
by

on 21 November 2015

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Жүрек қан тамырлар физиологиясы

Дайындаған: Бугыбаева Ш.Б.
Жүрек қан тамырлар физиологиясы
Қан айналым жүйесінің сол қарыншадан қолқамен басталып, оң жүрекшеде қос қуыс венамен аяқталған бөлігін
үлкен (жуйелік) қан айналым шеңбері
деп атайды. Жүректен басталған қолқа артерия тамырларына тармақтала келіп, ұсақ тамырларға — артериолалар мен тек микроскоппен ғана көрінетін капиллярларды түзеді. Капиллярға келген артерия қаны өзінің құрамындағы оттегіні ұлпаларға береді де, зат алмасу процесі нәтижесінде ұлпаларда түзілген көмір қышқыл газды сіңіріп, вена қанына айналады. Вена қаны капиллярлардан жіңішке венулаларға, одан әрі веналарға, жоғарғы төменгі венаға жетеді де, сол арқылы жүректің оң жүрекшесіне құйылады. Сонымен қан айналымның үлкен шеңбері бітеді.
Қан айналым шеңбері
Қан айналымның кіші шеңбері оң қарыншадан шығатын өкпе сабауынан басталады. Өкпе сабауынан шығатын қан көмір қышқыл ғазға бай веналық қан. Қан өкпе альвеолаларына қарай артериялар арқылы ағып отырып өкпе капиллярларына жетеді, осы сәтте қандағы көмір қышқыл газ өкпеге, ал оттегі керісінше, қанға өтеді де веналық қан артериялық қанға айналады. Одан әрі артериялық қан әр өкпеден екі-екіден жұптасып шығатын төрт вена арқылы ағып отырып сол жүрекшеге құйылады. Сонымен қан айналымның кіші шеңбері аяқталады.
Кіші қан айналым шеңбері
Қан айналым жүйесі
Жүректің қызметі
Жүрек етінде мезгіл-мезгіл пайда болған қозу процесінің салдарынан жүректің жиырылуы байқалады. Жүрек еті (миокард) тоқтаусыз, ырғақты қызмет етуіне байланысты қозғыштық, автоматиялық, өткізгіштік, жиырылғыштық, рефрактерлық қасиеттерімен сипатталады.
Қозғыштық - жүрек еті электрлік, механикалық, термиялық, химиялық тітіркендіргіштер әсерінен қоза алады. Тітіркендірудің нәтижесінде натрий иондары ет талшықтарының ішіне өтіп, мембрана үйексізденеді (деполяризацияланады) де, жүректің қозған бөлігінде теріс заряд пайда болып, оның қозған және қозбаған бөліктерінің арасында потенциалдар айырмасы туыңдайды. Миокард клеткаларында (кардиомиоцитгерде) қаңқа етімен салыстырғанда әрекет потенциалы 100 есе ұзағырақ созылады (200-400 мс).
Автоматия -жүрек етінің сыртқы әсерсіз тек ағзаның өзінде туындайтын қозу толқыңдарының ықпалымен жұмыс істеу қабілетін жүрек автоматиясы дейді. Жүрек автоматиясы өткізгіш жүйенің қызметіне байланысты. Жүректің өткізгіш жүйені Кис-Фляк (синус-жүрекше), Ашофф-Тавар (жүрекше-қарынша) түйіндері, Гисс шоғыры, Гисс сабақтары және Пуркинье талшықтары құрайды. Өткізгіш жүйе жүректің автоматия қасиетін қамтамасыз етеді.


Өткізгіштік -қозу толқыны Кис-Фляк түйінінде ерекше ет клеткалары -пейсмекерлерде — пайда болады да, жүрекше еттеріне электрлік жолмен тарап, Ашофф-Тавар түйініне жетеді. Одан әрі қозу толқыны Гисс шоғыры арқылы бүкіл қарыншаға тарайды. Жүрек еті қозуды әлсіретпей (декрементсіз) өткізеді және оқшауламай барлық ет талшықтарына таратады. Қозуды өткізу жылдамдығы жүректің әр түрлі бөліктерінде бірдей емес. Жылы қандылар жүрекшелері қабырғасымен секундына 0,8-1 м, қарыншалар қабырғасымен - 0,8-0,9 м, қарыншалар өткізгіш жүйесімен 2-4,2 м жылдамдықпен тарайды. Салыстыру мақсатыңда қаңқа еттерінде қозудың 4,7-5 м/сек жылдамдықпен тарайтынын айтып өтейік.

Жиырылғыштық -қозу толқынына жүрек еті жиырылумен жауап береді. Жиырылу деп ет талшықтарының ұзындығының қысқаруын немесе кернеу күшінің (тонус) артуын айтады. Жүрек еті бұлшық еттермен салыстырғанда шабандау – баяуырақ жиырылады.

Рефрактерлік- қозу үстіндегі жүрек етінің тітіркендіргішке жауап бермейтін қасиеті. Рефрактерлік кезең үш сатыға бөлінеді. Олар абсолюттік (толық) рефрактерлік, салыстырмалы рефрактерлік және экзальтация (лепілдеу) сатылары. Систола кезінде жүрек етінің қозғыштық қасиетінің жойылуын толық рефрактерлік деп атайды. Бұл сатыда жүрек еті ешбір тітіркендіргішке жауап бермейді. Жүрек еті босаңсый бастағанда (диастола) оның қозғыштық қасиеті өзгеріп, қалпына келе бастайды. Осы уақытта күшті тітіркендіргішке әлсіз жауап алынады. Бұл сатыны салыстырмалы рефрактерлік деп атайды.

Жүрек
Жүректің негізгі қызметі организмдегі қанды кан тамырларына қуалау. Ол бұл жұмысты еттерінің жиырылуы мен босаңсуы арқылы аткарады. Жүрек еттерінің жиырылуын систола, босаңсуын — диастола деп атайды. Жүрек еттерінің бір рет жиырылып босаңсуын және тыныштық кезеңімен өтуін жүрек айналымы немесе Жүрек циклі дейді. Жүрек циклі жүрекшелердің жиырылуынан басталады.

Адамның жүрегі 1 минутта 70-75 рет соғып, жүрек циклі 0,9-0,8 сек. созылады, онын 0,1 секундында жүрекше жиырылады, 0,3-0,4 сек. карынша жиырылады, 0,4-0,5 сек. қарынша мен жүрекшенің босаңсуы мен үзіліс (пауза) болады. Жүрек циклына арналған уақыттың жартысы жиырылуға, ал калған жартысы босаңсу мен үзіліске кетеді. Сондықтан жүрек әрбір циклде жүмыс істеп те, дем алып та үлгереді. Сол себептен жүрек өмір бойы талмай-шаршамай қызмет етеді.
Full transcript