Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық реттеу

No description
by

Assel Yessenbayeva

on 26 April 2015

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық реттеу

Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық реттеу
Қойылған мақсатқа қол жеткізу мынадай міндеттер қойылды:
Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құру, қайта құру және таратудың құқықтық негіздерін талдау.
Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық реттеудің теориялық негізін зерттеу.
Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне байланысты мәселелерді талдау және зерттеу жүргізу.

Ғылыми жаңалық ретінде ұсынысым былайша көрініс береді:
кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне қойылатын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру барсында тексеруге жататын талаптарды қысқарту;
шағын және орта кәсіпкерлік қызмет субъектілерін тарату рәсімдерін жеңілдету.
Ғылыми тәжірибелік маңыздылығы
Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық реттеу күрделілігімен ерекшеленеді. Соған сәйкес, ғылыми тәжірибелік маңыздылығы: кәсіпкерлік қызметтің белгілері мен құқықтық негіздері анықталды; кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерінің құқықтық реттеу нысандары айқыналды.
Зерттеу мақсаты
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерінің бостандығын қамтамасыз ететін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік шарттар мен кепілдіктерді анықтау. Кәсіпкерлік қызмет үшін арзан және мақсаттарға қол жеткізуде тиімді және сыбайлас жемқорлықтан аулақ болатын теңгерімделген жүйені құру арқылы кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеудің тиімділігін жоғарылату жолдарын зерттеу болып табылады.
Кәсіпкерлік қызмет
– бұл шаруашылық қызметтің кәсіпкерлік қызмет субъектісінің пайда (табыс) табуға бағытталған өз бетінше жүргізетін бастамашылық қызметі болып табылатын түрі
Жеке кәсіпкерлік
Азаматтардың өз атынан мүліктік жауапкершілікке негізделе отырып жүзеге асыратын дербес бастамалық қызметі. Жеке кәсіпкер, әдетте, кәсіпорынды өзінің меншікті капиталымен қаржыландырады, барлық тәуекелді өзінің мойнына алады және осы қызметке байланысты өзінің міндеттемелері бойынша барлық мүлкімен жауап береді. Жеке кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті пайдаланып, не пайдаланбай жүзеге асыралады, сонымен қатар заң актілерімен шектелмеген шаруашылық қызметтің барлық түрін де жүргізеді.
Мемлекеттік кәсіпкерлік
1) шағын кәсіпкерлік (шағын бизнес);





2) орташа кәсiпкерлiк (орташа бизнес);





3) ipi кәсiпкерлiк (ipi бизнес).
Мемлекеттің өзінің кәсіпкерлік қызметін емес, ал шаруашылық жүргізу құқы бар мемлекеттік кәсіпорындар іске асыратын кәсіпкерлікті түсіну керек. Мемлекет кәсіпкерлік қызмет субъектісі бола алады және екі қасиетте: кәсіпкерлік қатынастарды реттеуші (сатылас қатынастар) және кәсіпкерлік қатынастардың жай қатысушысы (деңгейлес қатынастар) ретінде әрекет етуі мүмкін. Соңғы жағдайда дәл сол мемлекеттік кәсіпкерлік туралы сөз болып отыр. Демек, мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.
Жеке кәсіпкерлікті үш түрге саралауға болады:
Шағын кәсіпкерлік субъектiлерi болып
жұмыскерлерiнің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын әрі активтерінің орташа жылдық құны жыл iшiнде тиісті каржылық жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткiштен жоғары емес жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар саналады
Орташа кәсіпкерлік субъектілері
жұмыскерлерінің орташа жылдық саны елу адамнан асатын жеке кәсіпкерлер де, жұмыскерлерінің орташа жылдық саны елу адамнан асатын, бірақ eкi жүз адамнан артық емес және ақтивтерінің орташа жылдық құны жыл iшiнде тиісті қаржылық жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептiк көрсеткіштен жоғары емес жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар да саналады
Ipi кәсіпкерлік субъектiлерi
болып жұмыскерлерінің орташа жылдық саны екі жүз елу адамнан асатын немесе ақтивтерінің орташа жылдық құны жыл iшiнде тиісті қаржылық жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен жоғары жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар саналады
мемлекеттік кәсіпкерліктің ерекше ұйымдық ¬құқықтық формалары болып ұлттық компаниялар және ұлттық холдингтер әрекет етеді. ҚР Үкіметінің шешiмiмен құрылған, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық холдингке тиесілі және заңмен көзделген жағдайларды есепке алмағанда (2003 ж. мамырдың 13-інде шыққан № 415-IІ «Акционерлік қоғамдар түралы» ҚР Заңыңын 34-бабы), ұлттық экономиканың құрамдас бөліктерін құрайтын стратегиялық маңызды салаларда қызмет ететін акционерлiк қоғамдар ұлттық компания болып саналады. Құрылтайшысы және жалғыз акционері ҚР Үкіметі болып саналатын, ұлттық компаниялар мен басқадай акционерлiк қоғамдардың меншiк құқымен иеленген акциялар пакеттерін тиімді басқару үшін құрылған акционерлiк қоғам ұлттық холдинг болып табылады.
Әдетте тұрақты және капитал сыйымдылығы жоғары, үкіметтің қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан қамқорлығында болатын кәсіпкерліктің түрі.
Банк қызметін құқықтық реттеу
Көлік қызметін құқықтық реттеу
Сақтандыру қызметін құқықтық реттеу
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін құқықтық реттеу
Банк қызметi
- бұл банктердің арнайы заңмен белгiленген банк операцияларын және басқадай операцияларды жүзеге асыруы бойынша кәсіпкерлік қызметінің бiр түрі. Кәсіпкерлік қызметтiң бiр түрі бола отырып, банк қызметі банктердің кәсіптік және жүйелі негізде жүзеге асырылатын және пайда (табыс) табуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі болып табылады.
Банк қызметінің өзіне тән өзгешелігі мынада: банктер қызметін жүзеге асыру барысында әртүрлі банк операцияларын және басқа да заңдық маңызы бар әрекеттерді (банктiк мәмілелер), сондай-ақ негiзгi банк қызметін жүзеге асырудың қолайлы және қауіпсіз шарттарын қамтамасыз етуге байланысты бірқатар әрекеттердi орындайды. Соңғы жағдайда банк қызметіне жататын ақпараттандыру, күзет, қауiпсiздiк жүйесі және кредит ұйымының әртүрлі бөлімшелері қызметінің соған ұқсас басқа қосымша түрлері туралы сөз болып отыр
Банк қызметі
негізгі
(банктің банк операцияларын жүзеге асыру және банктік мәмілелер жасау жөніндегі қызметі)
қосымша
(яғни банктің банк қызметтерінің тиімділігін жәнеқауіпсіздігін көтеруге ықпал ететін көмекші қызметі
Кәсіпкерлік қызмет түрі іспетті банк қызметінің өзіне тән ерекшелігі - оның банктер және банк қызметі туралы заңда белгіленген банк операцияларының және басқа да операциялардың жиынтығы болып табылатындығы. Сөйтіп, заң тұрғысынан алғанда, банктер жүзеге асыратын операциялардың екі тобы ажыратылады: 1) банк операциялары; 2) банктер жүзеге асыратын басқа да операциялар.
Банк қызметі

оның субъектілері, бip жағынан, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, ал екінші жағынан, банк клиенттері (жеке және заңды тұлғалар) болып табылатындығымен сипатталады.
Банк — бұл банк қызметін жүзеге асыруға өкiлeттiгi бар коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға. Банктер негізгі үш міндетті орындайды: 1) Кредиттік (ақылық, мерзімдік және өтемдік шарттармен ақша қаражаттарын беру); 2) есептік (клиенттердің ағымдық шоттарын жүргізу, чектерді төлеу және қаражаттарды клиенттердің шоттарына есепке алу); 3) депозиттік (адамдардың белгілі емес топтарынан депозиттер тарту және алынған қаражатты пайда алу мақсатында басқа клиенттер арасында орналастыру)

Көлік қызметі
Көлiк — ол ҚР аумағында тіркелген темiржол, автомобиль, теңiз, ішкі су, қалалық электр, оның ішінде метрополитен де бар, сондай-ақ ҚР аумағындағы магистральдық құбыр жүргізу көлігі .

Көлiк қызметін құқықтық реттеудің өзіне тән ерекшеліктеріне. көлік саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау жүйесін жатқызу керек, атап айтқанда, лицензиялауға мыналар жатады:
2) қауіпті жүктердің тасымалы (қауіпті жүктердi темiржол көлігімен тасымалдау; қауіпті жүктердi теңіз көлiгiмен тасымалдау; қауіпті жүктердi өзен көлiгiмен тасымалдау; қауіпті жүктердi автомобиль көлiгiмен тасымалдау) («Лицензиялау туралы» ҚР Заңының 16-бабы).
1) жолаушылар тасымалы (оның ішінде жолаушыларды темiржол көлiгiмен тасымалдау; жолаушыларды теңіз көлiгiмен тасымалдау; жолаушыларды өзен көлiгiмен тасымалдау);
Көліктің атқаратын негiзгi міндеті халықаралық және iшкi тасымалдаулар мен қызметтерде, тасымалдау нарығын құруда және сонымен байланысты қызметтерде, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті тиімді дамытуда халықтың қажеттіліктерін дер кезінде және сапалы қамтамасыз ету болып табылады (1994 ж. қыркүйектің 21-індегі «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Заңының 1-бабы).
Қазақстан Республикасында қол қойылған және тiркелген халықаралық көлiк келісімдері, сондай-ақ, үш топқа саралануы мүмкін:

1) көпжақты конвенциялар
(ХТЖҚК — Халықаралық темiржол жүктерi қатынастары туралы келiсiм (социалистік елдердің халықаралық темiржол жүктерi қатынастары туралы келісімі) (Варшава, 1950 ж,) (1974 ж, түзетiлген); ХЖҚК — Халықаралық жолаушылар қатынастары туралы келiсiм (Варшава, 1950ж,) (1978 ж. түзетiлген); ХЖТК — Халықаралық жүк тасымалы Конвенциясы (Женева, 1956 ж. мамырдың 19-ы);

2) аймақтық конвенциялар
(ЕХАТК — Еуразиялық халықаралық аралас тасымалдардың маңызды желілері және тиісті нысандар туралы келiсiм (Женева, 1991 ж. ақпанның 1-i); Транзит тасымалы бойынша экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫУ) негіздемелік келісіміне (Алматы қаласы, 1998 ж. мамырдың 9-ы) Ауғанстан Ислам Мемлекетінің, Иран Ислам Республикасының, Қырғыз Республикасының, Пәкістан Ислам Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Түркия Республикасының, Түркменстанның, Өзбекстан Республикасының Үкіметтері қол қойған;

3) екіжақты келiсiмдер
(ҚР Үкіметі мен Финляндия Республикасы Үкіметі арасындағы Әуе қатынастары туралы Келiсiм (Алматы, 1996 ж. ақпанның 7-ci); ҚР Үкiметі мен Эстония Республикасы Үкіметі арасындағы Теміржол көлігі саласындағы ынтымақтастық туралы Келісiм).
Қaзipгi уақытқа қарай Қазақстан көлiк саласында барлығы 100-ден астам халықаралық келісімге қол қойды.

Сақтандыру қызметі
Сақтандыру қызметі - бұл уәкілетті органның ҚР заңдарының
талаптарына сәйкес берілген лицензия негізінде немесе ҚР өзара
сақтандыру туралы заң актісіне сәйкес лицензиясыз жүзеге асыры-
латын, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасауға және орын-
дауға байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметi.
Қазақстан Республикасының сақтандыру Заңының калыптасуы
ХХ ғасырдың 90 жылдарынан, ҚР-нің 1992 ж. шілденің 3-індегі

«Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы» Заңы қолданысқа енген кезден бастау алады, ол сақтандыру қызметтерінің нарығын құруға, сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет субъектілері мен азаматтардың сақтандыру қорғанысын кеңейтуге бағытталған. Сақтандыру саласында мемлекеттік монополия билеп келген соншама жылдардан соң (бұрынғы КСРО-да тек мемлекеттік сақтандыру болған), алғаш рет сақтандыру - бұл жеке және Заңды тұлғаларды сақтандыру жағдайларының зардаптарынан қорғауды қамтамасыз ету мақсатындағы кәсіпкерлік қызметтің бiр mүpi екені заң тұрғысында бeкimiлдi (Сақтандыру туралы Заңның 1-бабы).
Сақтандыру :
Өмірді сақтандыру
Жалпы сақтандыру
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
Құрылысқа қатысушылардың ,құқықтық мәртебесі құқықтық реттеудің екі бағытымен айқындалады:

1)ол өктем нормалардың жеткілікті дәрежеде көп санмен белгiленген және соған байланысты барлық инвесторлардын, барлық тапсырыс берушілердің және барлық мердігерлердің белгілі бip біртұтас орнықты құқықтық мәртебесін құраушы туралы айтуға болады;

2) бұл құқықтық мәртебе әрбір субъект қатысатын келiсімдердің шарттарымен ол үшін жеке-дара анықталады.
Р А Х М Е Т
Full transcript