Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

САЛАУАТТАНУ (ВАЛЕОЛОГИЯ)

No description
by

Гульдана Абуова

on 13 October 2014

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of САЛАУАТТАНУ (ВАЛЕОЛОГИЯ)

Қысқаша мәлімет
Валеология (лат. valeo – сау болу, грек. logos – ілім) – адам денсаулығы туралы ғылым. Негізгі мақсаты – әр адамды денсаулығын күтуге үйрету, оның сана-сезімін оятып, мед., гигиеналық сауаттылығын арттыру, салауатты өмір салтын дағдылы әдетке айналдыру. Валеология медицина, биология, педагогика, психология, экология, акмеология, философия, экономика, т.б. ғылымдармен тығыз байланыста дамиды.
Тарихи шолу
Толық мәлімет
САЛАУАТТАНУ (ВАЛЕОЛОГИЯ)
«Валеология» терминін алғаш рет ғылымға 1998-жылы Ресей ғалымы И.И.Брехман енгізген. В. 20 ғ-дың аяғында пайда болған жаңа ғылым саласы болғанымен, түпкі тамырын ежелгі медицинадан алады. Ортағасырлық ғұлама ғалым Әбу Әли ибн Синаның (Авиценнаның) «Дәрігерлік ғылымның каноны» деген еңбегіндегі ең негізгі насихаты – денсаулықты күні бұрын сақтау. Бұл үшін ибн Синаның қоятын шарттары: тағамды талғай білу, денені шынықтыру және таза ұстау. Алғашқы кезде медицина ғылымы өзінің басты міндеті – денсаулықты сақтау, нығайту деп қараған, ал ауруды емдеуді қосалқы жұмыс ретінде санаған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша «Денсаулық – организмде аурудың не болмаса физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи (физикалық), рухани және әлеуметтік толық аман-есендік». Денсаулық, қалып (норма) деген ұғымдар бір-біріне ұқсас. Қалып – дені сау адамның бәріне бірдей тұрақты мақсат, үлгі болатындай денсаулықтың көрсеткіштері.

Физикалық саулық – адам организміне тән функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық процестің келісімді өтуі, сыртқы орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дәрежеде болуы.
Бірақ көп ғасырлық даму барысында медицина ғылымы ауру адамды емдейтін ғылымға айналып, сау адамның денсаулығын қорғау мәселесінен алшақтап кетті. Осыған орай Валеология ғылымының негізгі міндеті – адам денсаулығын, оның сапалық және сандық көрсеткіштерін алдын ала сақтандыру әрекеттерін жүргізу арқылы қалыпты деңгейге жеткізу болып қалды. Адам денсаулығының 49–53%-ы өмір сүру салтына, 18–22%-ы тұқым қуалайтын қасиетіне, 15–20%-ы сыртқы ортаға, тек 8–10%-ы ғана медицина жүйесінің қызметіне байланысты.
Валеология ғылымының негізгі міндеті:
Сондықтан денсаулық сақтау ісі
физикалық
психикалық
әлеуметтік (рухани)
Психикалық саулық – ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылуға ұмтылуды, адам өмірінің мақсатына айналдыру.
Әлеуметтік саулық – адам белсенділігінің, яғни жеке адамның айналадағы өмірмен біте қайнасу дәрежесі.
Денсаулыққа залал келтіретін әсерлерге жалпы мәдениеттің төмендігі, денсаулықты сақтау, салауатты өмір сүрудің негізін құрайтын санитарлық-гигиена туралы мәліметтерді көпшіліктің жете білмеуі, гиподинамия (қимыл жеткіліксіздігі), дене салмағының қалыптан көп жоғарылауы, тиімсіз және жөнсіз тамақтану, қоршаған ортаның (ауаның, жердің, судың) хим. заттармен ластануы, үйде және жұмыста күйзеліс (стресс) тудыратын жағдайлардың болуы, залалды әдеттерге әуесқойлық (арақ-шарап ішу, шылым шегу, есірткі заттарды қолдану, т.б.
Сөз соңында қайра айтарымыз, халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ.
Өкінішке орай көптеген азаматтарымыз өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға жауапты емес, немқұрайды қарайды. Тіпті денсаулығы өзіне емес, тек дәрігерлерге қажет сияқты медицинаға тұтынушылық немесе масылдық пиғылы бар. Дәрігерлер қанша ескертсе де жаман әдеттерден арылғысы келмейді. Темекі тартады, насыбай атады, салынып арақ ішеді. Мысалы: К-деген гипертониямен кісі жағдайы бақуат бола тұра өз (денсаулығына) кеселіне бір тиын жұмсағысы келмейді, тек үкіметтің қаражатына иек артқысы келеді. Кейбір аналарымыз қонақ келгенде көл-көсір дастархан жасап, ал өз денсаулығына аса қажет анемияға қарсы бір дәріні де сатып алып ішкісі де келмейді. Жалпы, халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана қағидасын әрдайым, әрқайсысымыз жадымыздан шықпайтын биік ұстаным болуға тиіс. Себебі бұл қаражат халықтікі, әрбір салық төлеушінің үлесі екенін ұмытпағанымыз жөн.
Full transcript