Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Сақтандырғыштар және автоматты ажыратқыштар

No description
by

Abylkhair Tuleukhair

on 20 October 2015

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Сақтандырғыштар және автоматты ажыратқыштар

Сақтандырғыштар және ажыратқыштар
Сақтандырғыштар
Электр тізбектерін ток күшінің рұқсат етілген мөлшерден асып кетуінен қорғауға арналған тетік. Сақтандырғыш тізбекті ток көзінен арнайы жасалынған токөткерме бөліктерінің шамадан артық токтың жылулық әрекеті әсерінен балқып үзілуі арқылы ажыратады. Сақтандырғыш электр тізбектерін асқын жүктелуден және қысқа тұйықталулардан қорғайды. Кең тараған түрі — балқыма cақтандырғыш. Ол электр тогын өткізбейтін материалдан жасалған корпустан, металдан (көбінесе мыстан, мырыштан, қорғасыннан және олардың қорытпаларынан, күмістен) жасалған балқыма қыстырғыдан, түйіспелік және доғасөндіргіш құрылғыдан тұрады. Құрылысы бойынша айырғыш пен ажыратқыш аппараттар қызметтерін атқаратын сақтандырғыш-ажыратқыш аталатын коммутациялық аппараттар да қолданылады. Сақтандырғыштың құрылысы қарапайым, құны арзан, тізбекті қысқа тұйықталу кезінде жылдам ажыратады, ал кейбір түрлерінің қысқа тұйықталу тогын шектеу қабілеті болады. Сондықтан олар тұрмыстық, өнеркәсіптік электр қондырғыларында, электр тораптарында, электр станциялары мен қосалқы станцияларда кеңінен қолданылады.
Балқымалы сақтандырғыш
Балқымалы сақтандырғыш - тоқ жүріп тұрған тізбекті қысқа тұйықталу тоғынан қорғайтын тетік.
Оның ауыстыруға болатын балқымалы тетігі тоқтың белгілі бір шамасына , мысалы, 5 амперге, 10 амперге тағы сол сияқтыларға төзетіндей болып жасалады. Тізбектегі тоқ шамасы Балқымалы сақтандырғыш арналып жасалған тоқтан артқанда, Балқымалы тетік балқиды да, өзі қорғап тұрған электр тізбегін ажыратады. Балқымалы сақтандырғыштың ұзындығы өзі " балқыған кезде" пайда болатын электр доғасын сөндіруге жетерлікей болуы керек. Сондықтан Балқымалы сақтандырғышты өзі арналып жасалған тоқ пен көрнеуге сәйкес тізбектерде ғана пайдаланған жөн
Ажыратқыш
Тізбекті кез келген режимде ажырататын коммутациялық аппарат. Жоғарғы кернеулі ажыратқыштар жоғары кернеулі электр тізбегін қосуға және ажыратуға, сондай–ақ қысқа тұйықталу кезінде ажыратуға арналған. Бұл өндірістік типтерінде түйіспелерінің (контактыларының) арасында өте күшті ұшқын пайда болмас үшін түйіспелері майдың ортасында тұрады. Апаттық жағдай туғанда автоматты түрде кернеуден ажыратып тастайтын ажыратқыштар да бар. Жай ажыратқыштарды біз қолмен іске қосатын болсақ, автоматты ажыратқыштардың жұмысына тек ол жұмыс істемей қалғанда, яғни істен шыққанда болмаса, адам араласа алмайды.
Жұмыс кернеуі 1 кВ-қа дейін болатын қондырғыларда жұмыс режимінің бұзылуы салдарынан оларды бүлінуден сақтау үшін осы автоматты ажыратқыштарды қояды. Электротехникалық автомат дегеніміз осы болып табылады. Еритін қорғағыштар электр қозғалтқыштары мен басқа да өндірістік құрылғыларды қысқа тұйықталу токтарынан қорғайды, бірақ ұзақ уақытқы ауыр жүктемелерден қорғай алмайтындығы себепті қуаты жоғары электротехникалық құрылғыларда еритін қорғағыштармен бірге максималды автоматты ажыратқыштар қолданылады.
Жоғары кернеулі ажыратқыштар
Майлы ажыратқыштар
Үлкен көлемді майлы ажыратқыштар: арнайы доға өшіретін құрылғысы жоқ ажыратқыштар және доғаны тез өшіретін камералы ажыратқыштар болып бөлінеді.
Үлкен көлемді майлы ажыратқыштардың негізгі бөлшектері мыналар: бак, қақпақ, өтпелі оқшаулатқыш, жетек механизмі және түйіспелер.
Арнайы құрылғысы жоқ үлкен көлемді майлы ажыратқыштар (ВМБ-10, 10 кВ-қа, 400 амперге) доғаны өшіру, шамалы қысқа тұйықталған тоқты үзу қабілеті жетілдірілмегендіктен электр қондырғысының сенімді жұмыс істеуін, қауіпсіздігін және пайдалану қарапайымдылығын толық қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан ол кернеуі 10 кВ-тан аспайтын, қуаты шағын қондырғыларда ғана қолданылады.
Доғаны өшіретін камерасы бар үлкен көлемді майлы ажыратқыштар доғаны өшіруді тездетеді және майлы ажыратқыштардың багындағы қысымды төмендетеді, соның әсерінен оның ажырату қабілеті мен жұмыс сенімділігі артады.
Қазіргі кездегі барлық майлы ажыртқыштардың доға өшіретін құрылғыларында газбен үрлеу әдісі қолданылады, ол доғаны қарқынды әрі тез өшіруді қамтамасыз етеді. Бұлар кернеуі 35-220 кВ қондырғыларында қолданылады (камералы майлы ажыратқыштар қосалқы станциялық МКП-76,35 кВ-қа, МКП-160,110 кВ-қа, МКП-180,150 кВ-қа, МКП-274,220 кВ-қа)
Аз көлемді майлы ажыратқыштарды әдетте 20кВ-қа дейінгі кернеулі құрылғыда орнатады. Шағын көлемді майлы ажыратқыштарды әр, бір үзілісі доға өшіргіші бар жеке бактармен жабдықталған. Екі қайтара үзілетін ажыратқыштардағы фазада екі бак, ал бір рет үзілетін ажыратқыштардағы фазада үш бак болады.
ВМГ(майлы горшокты ажыратқыш) типті ажыратқышқыштар кернеуі 10 кВ-қа дейінгі қондырғыларда қолданылады.ВМГ-133 ажыратқыштар номинал кернеу 10кВ және ажырату қуаты 350мың кВт-қа дейін барады
Балқымалы сақтандырғыш
Шамадан тыс тоқ қабылдағаннан кейін балқып кеткен Балқымалы сақтандырғыш
Жоғары кернеулі ажыратқыштар жоғары кернеулі электр тізбегін қосуға және ажыратуға, сондай - ақ қысқа тұйықталу кезінде ажыратуға арналған. Оның ажырататын қабілеті жеткілікті, қыска уақытта орындайтын жұмысы сенімді болуы тиіс. Жоғары вольтты ажыратқыштар қопарылудан және өрттен қауіпсіз, құрылымы қарапайым, пайдаланылуы ыңғайлы, мөлшері мен салмағы мүмкіндігінше шағын болғаны жөн. Барлық жоғары вольтты ажыратқыштарды екі негізгі топқа бөлуге болады:
1.Майлы ажыратқыштар
2.Майсыз ажыратқыштар
Майлы ажыратқыштар оз кезегінде:
1.Үлкен көлемді майлы ажыратқыштар
2.Аз көлемді майлы ажыратқыштар болып бөлінеді.
Біріншіден, ажырату кезінде түйіпелер аралығында пайда болатын электр доғасын өшіруге, сондай ақ тоқ жүретін бөліктерді бір бірінен және жерге қосылған бактан оқшаулауға пайдаланылады. Екіншіден, май тек доғаны өшіру үшін ғана қолданылады, ад тоқ жүретін бөліктерді оқшаулау ауа және керамикалық, органикалық оқшаулатқыш материалдар арқылы жүзеге асырылады.
ВМП-10
ВМГ-133
Автогаздық ажыратқыш
Вакуумдық ажыратқыш
Элегаздық ажыратқыш
Full transcript