Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Математика пәнінен 5 сыныпқа арналған олимпиадалық есептер

No description

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Математика пәнінен 5 сыныпқа арналған олимпиадалық есептер

Математика пәнінен 5 сыныпқа арналған олимпиадалық есептер
Мақсаты:
Өз бетімен жұмыс істеуге икемдеу, оның ғылыми тұрғыда ойлануына, танымдық және шығармашылық қабілеттерінің оянуына ықпал жасау.
Оқушыны зерделілікке, тапқырлыққа, ұстамдылыққа, шапшаң есептеу қабілетін дамытуға, ойын ұштай түсіп, еңбектене білуге тәрбиелеу.
Математикалық біліктілігі мен дағдысын олимпиадалық есептер шығару барысында көрсете білу.
Тереңдетілген бағытта алынған тапсырмаларды оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, білімдерін жетілдіріп, дамыту.

Зерттеу объектісі:
5 сыныпқа арналған олимпиадалық есептерінің оқыту әдістемесін қолдана отырып, білім – білік дағдысын қалыптастыру
Зерттеу пәні:
Математика мектеп курсындағы олимпиадалық есептер
Күрделі есептер және оларды шешу жолдары
2.3.1. Математикалық индукция әдісіне берілген олимпиадалық есептерді шығару жолдары
Ж. Досмұхамедов атындағы
Курстық жұмыс
Орындаған:
Ақмамбетова Б.Д

Тексерген:
Жұматова М.С
Олимпиадалық есептердің шығу тарихы
Алғашқы математика пәнінен интеллекуалдық олимпиадалар 1896 жылы Венгрияда өткізіле бастады, олар Этвештік олимпиадалары деп аталды. Олимпиада тапсырмалары орыс тілінде берілді. КСРО – да алғашқы олимпиада Тбилиси қаласында – 3 қараша 1933 жылы және 1934 жылы Россия мемлекетінің Ленинград, ал 1935 жылы Москвада ұйымдастырылды. Негізгі көздеген мақсаты барлық аймақтардағы қатысушылардың ішінен қабiлеттi, талантты, және математика пәнінің қаншалық дәржеде білетіндіктерін анықтаудан тұрды. Олимпиада жеңімпаздарының келесі жылдарғы олимпиадаларға қатыспаулары қадағаланды. Мұғалім жұмысының нәтижесі - олимпиаданың әр түрінен қандай және қанша оқушы жүлделі болғанымен анықталады. Мектепшілік олимпиадалар 5 сыныптан бастап барлық параллель сыныптарға өткізіледі. Оқушылардың пәнге қызығушылығын оятатын,олардың математикалық ой-өрісінің, шығармашылық қабілетінің дамуына дәнекер болатын қосымша тақырыптар көп әсерін тигізеді.
Қарапайым олимпиадалық есептер және
оларды шешу жолдары.

Адамның ерекше қасиеттерінің бірі - есепті дұрыс шеше білу. Менің мақсатым - әр түрлі қиындықтағы есептерді дұрыс шығара білуге үйрену. Біздің заманымыз ғылым мен техниканың қарқынды дамуымен ерекшеленеді. Сондықтан әрбір мектеп оқушысының алдында тұрған міндеті – қазіргі заманғы математикалық логиканың негізін түсіне білу, олимпиадалық есептерді шеше білу. Математикалық логиканы білмейінше, оны ойдағыдай меңгеру қиын. Өйткені бүгінгі күні ғылым мен техниканың қарыштап дамуы ол адамның ойлау қабілетінің ең ірі жетістіктері болып табылуда.
Арнайы формуланы қолдануға келмейтін әрқайсысына өзінше талдау жасауды қажет ететін есептерді логикалық есептер дейміз. Олимпиадалық есептердің саны да, шығару да тәсілдері де алуан түрлі.
«Қозылар»
Елдостың тауықтары мен қозылары бар. Қозылар тауықтардан 3 есе кем. Қозылар мен тауықтардың барлығында 40 аяқ бар. Елдостың неше қозысы, неше тауығы бар?
Белгілеу енгіземіз:
Тауық – 3х
Қозы – х
Т/қ: 2 х + 4х = 40
10х =40
х = 4
Жауабы: Қозы – 4, тауық – 12

Проблема:
Олимпиаданың ең басты құндылығы жеңімпаздарды анықтаудан ғана емес, оқушылардың математикалық мәдениеті, интеллектуалды деңгейінің жоғарылауын бағалаудан тұрады. Сондықтан осы мәдениет пен интеллектуалды деңгейді кӛтеру үшін оқушыларды математикалық олимпиадаға дайындау қажет. «Білім – инемен құдық қазғандай», сондықтан ұстаз - оқушыны жан - жақты дайындайтын тұлға болғандықтан, ол оқушының білім деңгейіне тереңірек үңіледі.
Проблемадан бөлініп алған мәселе:Республикалық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен өтетін әртүрлі кезеңдегі пәндік олимпиадаларға шектеулі ғана оқушының қатысуына мүмкіндігі бар. Екінші жағынан бір ғана жарыста оқушы өз мүмкіндігін ашып толық көрсете алмауы да. Сондықтан оқушыларға ынталандыру жарыстарын өткізіп тұрудың маңызы зор мұндай жарыстардың заңды бір құқы, ерекшеліктері болмағанмен тәрбие – тәлімдік мәні өте үлкен, әсіресе оқушымен мұғалім жұмыстарын жетілдіруге, қажетті түзулер енгізуге мүмкіндік береді.

Тақырыптың өзектілігі:
Шын мәнісінде ғылым, білім, озық та жаңа технологиялар мен техника тілін жетік меңгерген жастарды тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Әрине бұл жерде орта мектеп оқушыларының базалық білім деңгейінің сапасы шешуші роль атқарады. Ал сапа – тек мұғалімнің күнделікті сабақта берген білім мөлшерімен ғана емес қосымша ізденіс, білім бекіту, толықтыру, жетулдіру арқылы жүзеге асып отырады. Осы мақсатта мектеп курсында дарынды балалардың қабілетін дамытудың жолдары көп. Соның ішінде олимпиадалардың ролі ерекше. Оқушылардың пәнге қызығушылығын оятатын, олардың математикалық ой-өрісінің, шығармашылық қабілетінің дамуына дәнекер болатын қосымша тақырыптар көп әсерін тигізеді. Олимпиадаға қатысу оқушының интеллектуалды потенциалының ашылуына мүмкiндiк туғызады, ал нәтиже көрсеткіштері оқушының өзіндік сана сезiмiн нығайтады. Олимпиадалық тапсырмалардың көпшілігі индукция әдісін қолдану арқылы шығарылады. Жалпы орта білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған алгебра оқулығында «математикалық индукция әдісі» қарастырылған. Оқулық авторлары: А.Е. Әбілқасымова , Н.П. Майкотов, Қ.И. Қаңлыбаев ,Ә.С. Кенеш. Осы оқулықтың 162 бетіндегі қиынырақ есептерді мектепішілік олимпиадаларға алуға болады.

Зерттеу әдістері:
5 – 9 сыныптар аралығындағы олимпиадалық есептеріне талдау жасау, кері жору және математикалық индукция
Практикаға пайдасы:
Зерттеу жұмысындағы олимпиадалық есептердегі мысалдары мектеп оқушылары, орта, арнаулы және жоғары орындарының студенттеріне қолдануға болады.
Зерттеу әдістері:
математика, физика және информатика әдебиеттеріне теориялық талдау жасау; кері жору және математикалық индукция.
Зерттеу базасы:
№45 жалпы орта білім беретін мектебі
Міндеті:
Математиканы оқыту барысындағы негізгі міндеттердің бірі оқушылардың шығармашылық ойын және ойларын дамыту, танымдылық әрекетіндегі белсенділікті арттыру.
Оқушылардың білімдерін жүйелеу, ой-өрісін логикалық есептер арқылы танымды белсенділіктерін арттыру.
Оқушылардың танымдық дербестілігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқушылардың ғылыми дәрежесін арттыру.

Болжам:
Егер мектеп курсындағы оқу бағдарламасына олимпиадалық есептерді енгізсе, онда олимпиадалық есептерді шешу кезінде оқушылар көп қиындық тудырмас еді. А.В.Фарков, Э.Н. Балаян әдіс – тәсілдерін қолдана отырып оның нәтижелілігін түсініп олимпиада есептерін оқыту әдістемесінің мәнін ашу жұмысын ретке келтірсе олимпиада есептері оқушы ойына дұрыс қалыптасатынын көре аламыз.

Математика пәнінен 5 сыныпқа арналған олимпиадалық есептер
Full transcript