Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен тиімділігі

No description
by

Aikerim Mussabayeva

on 6 April 2014

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен тиімділігі

Кәсіпорын пайдасының мәні, атқаратын қызметтері және оның түрлері

Кәсіпорын пайдасының бөлінуі
Сату көлемiн кәсiпорынның актив айналымдылығын немесе негiзгi капитал айналымдылығын анықтау үшiн табады:
Өндіріс пайдалылығы (рентабельділігі) және оның көрсеткіштері

Кәсіпорын пайдасы маңызды экономикалық категория және кез келген коммерциялық ұйымның негізгі мақсаты болып табылады. Пайда нарықтық экономиканың маңызды категориясы ретінде белгілі бір қызметтерді атқарады:
1.Пайда соңғы қаржылық нәтижені көрсетеді, яғни кәсіпорынның экономикалық тиімділігін сипаттайды.
2. Пайданың ынталаушылық қызметі мынада, ол бір мезгілде қаржылық нәтиже, сонымен қатар, қаржылық ресурстардың негізгі элементі болып табылады.
3. Пайда түрлі деңгейдегі бюджетті қалыптастырудың бірден бір көзі болып табылады.
Каа = Сату көлемi/ Активтiң жалпы сомасы;
Кнк = Сату көлемi/ Негiзгi капитал.
Пайданы бөлу қағидалары:
1.Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметінің арқасында алынған пайдасы кәсіпорын мен мемлекет арасында бөлінеді;
2. Пайда мемлекеттің бюджетіне салық және алымдар түрінде түседі, оның ставкаларын кәсіпорын өзбетінше түзете алмайды;
3. Салықты төлегеннен кейін кәсіпорын қарамағында қалған пайданың шамасы кәсіпорынның өндіріс көлемін өсірудегі және оның шаруашылық, қаржылық қызмет етудегі мүдделілігін немесе қызығушылығын төмендетпеуі тиіс.

1 Кәсіпорын пайдасының мәні, атқаратын қызметтері және оның түрлері
2 Кәсіпорын пайдасының бөлінуі
3 Өндіріс пайдалылығы (рентабельділігі) және оның көрсеткіштері

Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен тиімділігі

Шаруашылық тәжірибеде пайданың түрлері
Жалпы пайда
(табыс) деп тауарды өткізуден түскен түсімнен
өнімнің өзіндік құнын шегергеннен қалған айырманы айтады.

Баланстық пайда
мынадан құралады:
1. Tауар өнімдерін өткізуден түскен пайда;
2. Тауар өнімінің құрамына жатпайтын басқа өнімдерді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен пайда;
3. Өткізуден тыс операцияларды жоспарлаудан түскен пайда немесе зияндар. Оған жататындар: айыппұлдар, сыйлықтар және т.б.
Негізгі қорларды және басқа мүліктерді сатудан түскен пайда.

Есептеулік пайда
– бұл негізгі өндірістік және айналмалы нормативтік қорларды және банктерден алған несиелерді шегергенде бюджетке түсетін жалпы баланстық пайда.
Пайдаға салынатын салықты төлегеннен қалған пайданың бөлігі
таза пайда
деп аталады.

Таза пайда мына бағыттарда жұмсалады:
1.
өндірісті дамытуға: ғылыми-зерттеу, жобалық, конструкторлық және технологиялық жұмыстарға, жаңа өнім мен технологиялық үрдіске, жабдықтарды жаңалауға, қызмет жасап тұрған өндірісті қайта құру мен қайта жарақтандыруға, кәсіпорынды кеңейтуге бағытталады;
2.
әлеуметтік мұқтаждықты қаржыландыруға: кәсіпорын балансындағы әлеуметтік-тұрмыстық объектілерді пайдалануға, өндірістік емес саладағы объектілерді салуға, кәсіпорын деңгейінде өтетін сауықтыру, мәдени көпшілік шараларды өткізуге жұмсалады;
3.
материалдық ынталандыруға: маңызды өндірістік тапсырмаларды орындаған үшін материалдық көтермелеу, жаңа техниканы жасап, игергені үшін сыйақы төлеуге, ардагерлерге бірмезгілдік төленетін төлем, зейнеткерлікке шығарып салуға, т.б. жұмсалады.

Рентабельділік - өндіріс тиімділігінің ең негізгі сапалы көрсеткіштерінің бірі, жұмсалынған шығындардың
қайтарымдылығын және өнім өндірісі мен өткізу үрдісінде қолданылған қаражаттың пайдалану дәрежесін сипаттайды.

Рентабельділіктің бірнеше
көрсеткіштері бар:
• өнім рентабельділігі барлық сатылған өнім немесе өнімнің жеке түрлері бойынша есептеледі. Өнім рентабельділігі (Рө) пайданың (П) өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындар, яғни өнімнің өзіндік құнына (Ө) қатынасы арқылы анықталады:
Рө = П / Г * 100 %
Сату рентабельділігі өнімді сатудан түскен пайданың түсімге қатынасы арқылы табылады. Барлық сатылған өнімнің пайдалылығын тауарлы өнімді сатудан алынған пайданың өткізуден алынған түсімнің қатынасына есептен шығарады; баланстық пайда жөнінде - өнімді сатудан алынған түсім: таза пайда жөнінде - өнімді сатудан алынған түсім. Барлық өнімді сатудағы пайдалылық көрсеткіштері кәсіпорынның ағымдағы шығындарының тиімділігі және өнімді сату табысы жөнінді түсінік білдіреді.

Рс = Пайда/ сату көлемi*100 %;
Негiзгi капитал рентабельдiлiгi


Рнк = Пайда/ Негiзгi капитал*100%
Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігін молайтудың басты шарты – еңбек өнімділігін барынша арттыру және өзіндік құнды арзандату. Басқада біркелкі жағдайларда өнімнің өзіндік құны неғұрлым арзан болған сайын тиімділік соғұрлым жоғары болатыны белгілі. Кәсіпорынның тиімділігіне сонымен қатар, өнімнің немесе шығарылатын тауарлардың сапасы да едеуір ықпал етеді, өйткені жоғарғы сапалы өндірілетін тауарларды көтерінкі бағамен сата алады.

Кәсiпорынның пайдалылық көрсеткiштерiнiң өcyiнe шаруашылықты жургiзушi субъектiнiң өзi де, мемлекет те мүдделi. Сондықтан әр кәсiпорында табыстылықтың абсoлюттi және салыстырмалы керсеткiштерiне жүйeлі түрде талдау жасау қажет.
Full transcript