Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Жерді тиімді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау. Жер

No description
by

Meruert Abdikasheva

on 15 December 2015

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Жерді тиімді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау. Жер

Жерді тиімді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау. Жерге орналастыру, жер мониторингі мен кадастрі
Жерді қорғау - бұл, ең алдымен, оның табиғи қасиеті мен шаруашылық мақсатын қорғау.
ҚР Жер кодексінің 17 тарауы жерді қорғауға арналған, ал 139 бапта жерді қорғаудың мақсаттары мен міндеттері анықталған. Бұл бапқа сәйкес,жерді қорғау қоршаған ортаның бір болігі ретінде жерді қорғауға,жерді ұтымды пайдалануға,жерді ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан негізсіз алып қоюды болдырмауға,сондай-ақ топырактын құнарлылығын қалпына келтіру мен арттыруға бағытталған құқықтық ұйымдық,экономикалық,технологиялық және басқа да іс-шаралар жүйесін қамтиды.
Жерді тиімді пайдалану ауыл мен орман шаруашылығында топырақтың құнарлылығын арттыру мен байланысты агротехникалық шараларды жургізу арқылы жер пайдалануды білдіреді.

Жерді қорғау мақсаттары болып мыналар табылады:

1)Өндірістің экологиялық қауіпсіз технологияларын ынталандыру және орман мелиорациялық,мелиорациялық және басқа да іс-шараларды жургізу арқылы жердің тозуы мен бүлінуін,шаруашылық қызметтін басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау.

2)Тозған немесе бүлінген жерді жасарту мен қалпына келтіруді қамтамасыз ету.

3)Жерді оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерін тәжірибеге енгізу.

Жерді қорғаудың аталған мақсаттары мен міндттерінің барлығы нысаналы болып табылады,оларды жүргізу үшін жер туралы заңнамада ауыл және орман шаруашылығы өндірісі және құрылыс обьектісіне процесіне қатысатын жауапты тұлғалар белгіленген [16;212].
ҚР Жер кодексінің 140 - бабына сәйкес,жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар мыналарға бағытталған іс - шаралар жургізуге міндетті.

1) Жерді құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан құрғап кетуден, тапталудан, өндіріс пен тутыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивті және басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүліну процестерінен қорғауға

2) Ауыл шаруашылығы жерін карантиндік зиянкестер мен өсімдік ауруларын жұқтырудан, арамшөп, бутка мен шіпік басып кетуден, жердің жай-күйі нашарлануының өзге де түрлерінен қорғауға.

3) Бүлінген жерді жанғыртуға, оның құнарлылығын және жердің басқа да пайдалы қасиеттерін қалпына келтіру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тартуға.

4) Жердің бүлінуі мен байланысты жұмыстар жургізілген кезде топырақтың құнарлы қабатын сындырып алуға, сақтауға және пайдалануға.

Жердің тозуын болдырмау ,топырақтың құнарлылығын және ластанған аумақтарды қалпына келтіру мақсатында , сондай-ақ ауыл шаруашылығының тозған алқаптарының, химиялық, биологиялық радиоактивті және басқа да зиянды заттардың жол берілетін шектегі қоспаларының және жол берілетін жер денгейінің белгіленген нормативтерінен артық ластанған, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен, ақаба сулармен ластанған жердің, сондай-ақ карантиндік зиянкестер мен өнімдік аурулары жұққан жердің топырақ құнарлылығын қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жерді сақтап қою көзделеді.
Жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылау Қазақстан Республикасының Конституциясына , Қазақстан Республикасының Жер кодексiне және осы ережеге сәйкес мемлекеттiк органдардың, жеке, заңды және лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын орындауын, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуларын табуды және жоюды, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiрудi, жер учаскелерiн пайдалану ережелерiн сақтауды, жер кадастрын жүргiзу мен жерге орналастырудың дұрыстығын және жердi ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шараларды орындауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар мыналар болып табылады:

қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi орган;
санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттiк органдары;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган;
ауыл шаруашылығы, орман, аңшылық және балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, су ресурстарын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - ауыл шаруашылығы саласындағы уәкiлетті орган).
Бұл органдар өз функциясын өзара бiр-бiрiмен iқимыл жасау арқылы жүзеге асырады.

Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметіне қойылатын талаптар

Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметіне қойылатын талаптар нормативтік құқықтық актілермен, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарымен ғана, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен белгіленеді.

Құқық қорғау органдарының бақылау және қадағалауды
жүзеге асыру кезінде жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің кепілдіктері

Мемлекеттік бақылау

Мемлекеттік бақылау мыналарға бөлінеді:
1) ішкі бақылау - мемлекеттік органның, оның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты мемлекеттік органдарының және ұйымдарының мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарын орындауын қамтамасыз етуге бағытталған, бақылауы.
Ішкі бақылауды жүргізу тәртібі осы Заңның 6-бабымен анықталады.
Осы тармақшаның күші Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес жүргізілетін ішкі бақылау бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган жүзеге асыратын ішкі бақылауға қолданылмайды.
2) сыртқы бақылау - бақылау және қадағалау органының тексерілетін субъектілер қызметінің осы Заңның 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру және байқау жөніндегі бақылауы;

Ішкі бақылауды жүргізу тәртібі осы Заңның 2-тарауымен анықталады.
Сыртқы бақылау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде әкімшілік, тәртіптік іс жүргізуді қозғайды не өз құзыреті шегінде тиісті талап-арызға бастамашылық етеді немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қабылдайды.

Ішкі бақылау

Ішкі бақылау мыналарға бөлінеді:
1) құқықтық актілердің орындалуын бақылау (орындалуы құқықтық актілерде көзделген іс-шаралар). Мұндай жағдайда бақылауға орындалуға тиіс іс-шаралар қамтылған барлық құқықтық актілер алынады;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және мемлекеттік органның басшы лауазымды адамының, қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын тапсырмаларының орындалуын бақылау.
2. Ішкі бақылау:
1) қажетті ақпараттарды сұрату;
2) орындалуы туралы есептерді және баяндамаларды тыңдау және талдаудан;
3) тексеру және құжаттамалық тексерістің өзге де нысандары;
4) жергілікті жерлерге шыға отырып, тексерулер;
5) заңнамаға қайшы келмейтін басқа да тәсілдер арқылы жүргізіледі.

Мемлекеттік қадағалау уәкілетті мемлекеттік органның әкімшілік іс-жүргізуді қозғамай, жедел ден қою құқық шектейтін шараларды қолданылуынан көрінеді.
Жедел ден қою құқық шектейтін шаралар Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделеді және мемлекеттік орган тексерілетін субъектінің қызметі, тауар (жұмыс, қызмет) тікелей азаматтардың және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтарына және заңды мүдделеріне, адамдардың өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға тікелей қатер төндірген жағдайда зиянды келтіруге жол бермеу немесе оны келтіруді тоқтату мақсатында қолданылады.

Мемлекеттік қадағалау:
1) Қазақстан Республикасының прокуратурасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және өзге де заңнамаға сәйкес жүзеге асыратын жоғары қадағалау;
2) уәкілетті мемлекеттік органдар осы заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен белгіленген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асыратын қадағалау болып бөлінеді.

Бақылау және қадағалау нысандары


Тексерілетін субъектілердің қызметін бақылау және қадағалау:
1) ұйымдастырылу және жүргізілу тәртібі осы Заңда айқындалатын тексерулер;
2) ұйымдастырылу және жүргізілу тәртібі, егер Қазақстан Республикасының Салық кодексінде өзгеше көзделмесе, осы баппен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен айқындалатын алдын алу-профилактикалық сипаты бар бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.
Бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізген кезде тексерілетін субъектіні алдын ала хабардар ету, сондай-ақ құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу талап етілмейді.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бақылау және қадағалаудың өзге де нысандарының түріне қарай оның қорытындылары бойынша бұзушылық анықталған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс қозғамастан, бірақ оған бұзушылықты жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, қорытынды (анықтама, нұсқама, қорытынды және басқа) құжаттар жасалуы мүмкін.
Осы тармақтың екінші бөлігі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес жүзеге асырылатын бақылаудың өзге де түрлеріне қолданылмайды.


Жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы жер Заңдарының сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүйесі болып табылады. Жерге орналастыру іс-шаралар жүйесі ретінде жер территорияларын ұтымды ұйымдастыруды, жерді пайдаланудың тиімді құрылымын, қолайлы экологиялық жағдайды қамтамасыз етеді.
Жерге орналастыру жерді пайдалануды тиімді ұйымдастыру іс-шараларының жүйесі ретінде экологиялық, құқықтық және техникалық бағыттарға ие.
Жерге орналастырудың экологиялық аспектісі жерді өндірістік құрал және халық шаруашылығы саласы объектілерін территориялық орналастыруды ұйымдастырудан тұрады.
Құқықтық аспект жер пайдалану құқығының және жерге меншік құқығының жүзеге асырылу жағдайын анықтаудан тұрады.
Жерге орналастырудың техникалық аспектісі жобалық дәструшілік, зерттеу және түсіру жұмыстарын жүргізуді қамтиды.
Жерге орналастыру меншік нысанына тиесілілігіне және оларда шаруашылық жүргізу нысанына қарамастан, барлық санаттағы жерде жүргізіледі.

Жерге орналастыру атқарушы органдардың шешімі бойынша не жер учаскелерінің мүдделі меншік иелерінің немесе жер пайдаланушылардың өтініші бойынша, сондай-ақ жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдардың бастамасы бойынша жүргізіледі. Жерге орналастыру жұмыстарын заңда белгіленген тәртіппен аталған жұмысты жүргізуге белгіленген тәртіппен лицензия алған заңды тұлғалар мен азаматтар орындайды. Бұл жұмыстарды орындау тәртібі мен технологиясы жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді, олар жерге орналастыру жұмыстарын орындаушылардың барлығы үшін міндетті.
Жер мониторингісі - жер қорын мемлекеттік басқарудың негізгі бастаушы элементі. Жер мониторингісі болып жатқан өзгерістерді уақытылы анықтау оларды бағалау одан әрі дамуын болжау және кері әсері бар процестерді болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізілетін жер қорының сапалық және мөлшерлік жай-күйін базалық жедел мерзімді байқау жүйесін білдіреді. Жер мониторингісі мақсаттары, міндеттері, құрылымы оның жүзеге асыры-лу тәртібі Қазақстан Республикасы Жер кодексімен және 19 қыркүйек 2003 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану туралы» қаулысымен реттеледі.
Жер мониторингісі міндеттері:
жер жай-күйінің өзгерістерін уақытылы анықтау, оларды бағалау, болжам жасау және кері әсері бар процестерді болдырмаумен зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді, жерге орналастыруды, жерді пайдалану мен қорғауды бақылауды және жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың өзгеде функцияларын ақпаратпен қамтамасыз ету.

Жер мониторингісі:
жүйелі байқауларды, іздестірулерді, суретке түсірулерді, тексерулерді (қайта тексерулерді және түзетулерді) орындау;
жердің жай-күйін талдау мен бағалауды жүргізу;
жердің құнарлылығына антропогенді әсер етуді реттеу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
белгілі бір уақыт кезенінде жердің сапалық жай-күйін болжауды әзірлеу;
жер туралы деректер банкін ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды қамтиды.

Жер мониторингісін жүргізу барысында жердің сапалық жағдайына әсер ететін келесідей протестер анықталады:
Эволюциялық (дамудың табиғи тарихи протестерімен байланысты);
Кезендік (күндік, мезгілдік және басқа да сипаттағы өзгерістер);
Антропогендік (адам қызметімен);
Төтенше жағдайлар (экологиялық апаттар);

Мемлекет елдің жер өорын басқару процесінде және жер қатынастарын реттеуде өзінің уәкілетті органдары арқылы жер, оның сапасы, жер учаскелерінің құқықтық жағдайы мен оларды бағалау туралы мәліметтерді анықтаумен байланысты жұмыс кешенін жүзеге асырады. Бұл қызметтерді мемлекеттік жер кадастры атқарады.
Жерге мониторинг нәтижесінде алынған деректер мемлекеттік жер кадастрын енгізуге қажетті ақпараттық негізді құрайды. Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасының жерінің шаруашылық және табиғи жай – күйі, орыныққан орны, мақсатты пайдаланылуы, жер учаскелерінің мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық мінездемесі жер пайдалану есебі және жер учаскелерін бағалау басқа да деректер жөніндегі жүйені болып табылады. Мемлекеттік жер кадастына жер учаскелеріне құқықтық субъектілер туралы ақпараты енгізіледі.
Жер кадастры жер ресурстарын басқару құралы ретінде жерді тиімді пайдалану және оны қорғауды ұйымдастыруға шешім қабылдауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Жер кадастрының құрамдас бөлігі суармалы жер учаскелерінің мелиорациялық жай – күйі, олардың табиғи және ирригациялық – шаруашылық жағдайлары бойынша сапалық сипаттамаларын бағалау туралы, оларды пайдаланудың есебі туралы мәліметтер жүйесін құрайтын суармалы жердің мелиорациялық кадастры болып табылады.
Full transcript