Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Сынып жетекшісінің киын балалармен жұмыстарының жүйесі

No description
by

Tursybaeva Talshyn

on 1 July 2016

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Сынып жетекшісінің киын балалармен жұмыстарының жүйесі

Сынып жетекшісінің киын балалармен жұмыстарының жүйесі
Баланың саналы түсінгендігіне сенім көрсетіп, әділетті болу керек.Құр уағыз айтып, мезі етіп, жанын жараламай, қателігін үнемі бетіне баспау керек.Орынсыз жазаламау керек.Жан жылуын зәруліктен құтқару, бала құқығымен санасу.Жеке тұлға ретінде дамуына ықпал ету жағын ескеру қажет.Осы жағдайлардың бәрін ескере отырып, тәрбиеленуі қиындардың әрқайсысына әр түрлі қатынас жасап, оларды жеке-жеке бақылап, зерт­теп, өзіне лайықты шара қолданып, тәрбие жұмысын жүргізу керек. Тәрбиелеуі «қиын» жасөспірімдерді тәрбиелеу проблемасы көп факторлы құбылыс, оны психологиялық жағынан бақылап зерттеу, педагогтар мен психологтарға, заң қызметкерлеріне жүктеледі.
«Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын»
Халық мақалы.
Ұрпақ тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын көкейкесті мәселелері болып келгендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Тәрбие ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Бала тәрбиесі — салғырттыққа, себеп-сылтау іздеуге төзбейді. Оны жүргізу үшін педагогикалық ұжымның кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналық көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп және отбасы арасындағы тығыз байланысқан одақ, нәтижелі жұмыс қажет. Соңғы кезде жасөспірімдер, жеткіншектер арасында мектеп қабырғасында жүріп-ақ кейбір келеңсіз оқиғаларға оқушыларымыздың көп ұрынуы, «қиын» бала есебін толықтыруы, сөз жоқ, мұғалімдер мен мектеп ұжымын ойландырады. Осының себебіне үңілсек әр түрлі пікірлер айтуға болады.
“Қиын” оқушы ұғымына ғылыми әдебиеттерде бірнеше анықтама түрлері беріледі: “өмірі ауыр жағдайдағы балалар”, “ата-анасының қарауынсыз қалған балалар”, “қауіпті әлеуметтік жағдайдағы балалар”, “мемлекеттік көмекті қажет ететін балалар”, “қоғамдық тәрбиені қажет ететін балалар” және т.б.
Тәрбиесі «қиын» балалармен жұмыста төмендегі әдістерді пайдалануға болады.
1. Тәрбиешінің жұмысындағы ең белгілі әдістердің бірі- бақылау әдісі. Баланың іс-қимылын, сөзін әртүрлі іс-шаралардан байқау.
2. Жүйелі және нәтижелі жұмыс арқылы ол баланың мінезінде ауытқушылықтар болса, сөзінде береке болмаса, ол баламен жеке жұмыс ұйымдастыру керек. Бақылауды қалыпты жағдайларда жүргізу өте тиімді: ойын кезінде, сабақта, әртүрлі іс-шараларда үнемі көңіл аударып, жүйелі жұмыс жүргізу керек.
3. Әңгімелесу әдісі — бұл баламен сөйлесу арқылы оның ішкідүниесіне ену, проблемасын білу, түсіну және оны шешуге бағыт-бағдар сілтеу.
4. Сауалнама жазу арқылы бала туралы ақпарат жинау. Сауалнаманың мазмұнында негізгі проблема ғана болуы тиіс.

Сұрақтар мынандай түрде болуы мүмкін:
Сұхбаттасу әдісі — алдын-ала дайындалған сұрақтарға жауап алу. Бұл әдісте мына жағдайларды есте ұстаған абзал:
қарапайым жағдайда сөйлеу
баланың үнемі болатын ортасында сұхбаттасу
жауап беру мүмкіндігін есксру;
белгілі бір уақыт ішінде жауап беру керектігін айту;
үшінші адамның көмегінсіз әңгімелесу.
Тест әдісі — стандартты тапсырмалар арқылы зерттеу. Дамыту, графикалық, ассоциациялық тестер болуы мүмкін. Жауаптарды белгілі бір жүйе арқылы сараптау, талдау қажет.
Құжаттарды тексеру — бұл әдісті үнемі қолдануға болады. Құжаттар мынандай түрде кездеседі:
- жеке, жанұялық және сыныптық т.б.
- алғашқы (бақылау немесе әңгімелесу кезінде алынған жауап), соңғы (сараптаудан өткен нәтиже)
- негізделген және негізделмеген
- Бұл әдісті қолдану бала туралы ақпараттарды тез арада жинауға көмектеседі, бірақ
ақпараттың кейбір түрлері белгілі бір уақытқа қана жарамды болады, оны жаңартып отыру қажеттігі туындайды. Сонымен қорытындылай келе, тәрбиесі «қиын» жасөспірімдерді тәрбелеу проблемасын ата-аналар, психологтар, педагогтар болып бірігіп қолға алуымыз қажет. Өйткені, тәрбие саласында жүрген кемшіліктерді уақыт өткен соң қайыра қалпына келтіру қиын.

Осылармен қатар, ата-аналардың отбасындағы келіспеушілігі, өз жауапкершілігін терең сезінбеуі, бала қабілетімен санаспау, сенім білдірмеу, мінез-құлық ерекшелігін ескермеу, ұлттық тәрбиенің болмауы сияқты себептер де баланың бұзылуына әсер етеді. Сол сияқты, мектеп пен ата-ана арасындағы байланыс әлсіздігі, мектепте сынып жетекшісінің баланың педагогикалық психологиялық даму заңдылығын ескермеуі, жас ерекшелігіне қарай зерттемеу, құр уағыз айту, баламен санаспау (кейде жанын жаралау), сенімсіздік тудыру сияқты себептер де кездеседі.Қазақ психологиясында баланың 11-12; 15-16 жас аралығын «жетіліп келе жатқан кезеңі», -дейді. Олар әрекет жасау жағынан әлі бала, ал талап қою жағынан ересекпін, — деп сезінеді.Бұл кезең «өтпелі кезең», «құбылмалы шақ» немесе акселерация кезеңі. Ол кез — ересектер талабына көнуі қиын кезең, жан дүниесінде жаңа құрылымдар пайда болып, бала ол өзгерістерге жол таба алмай қиналып, уайым шегетін кез.
Жалпы, мінез-құлықтағы қиындық және “қиын” балалар ұғымы 1920-1930 жылдары пайда бола бастады. Психолог-педагог ғалымдар А.Макаренко, С.Шацкий, А.Выготский, П.Блонский “қиын” балалар мәселелерін жан-жақты зерттеді.
В.Трифанов зерттеулеріндегі “қиын” бала анықтамасы – күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы.
Ал, А. Фортунов “қиын” бала ұғымына үлгірмеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды жатқызады.
Көріп отырғанымыздай “қиын” топтағы балалар тамыры терең кеткен әртүрлі әлеуметтік жағдайлардан болатыны белгілі болды. Сондықтан осы топтағы балаларға жекелей жұмыс, педагогикалық әдістемелер қажет.
“Қиын” балалар намысқой келеді, олар бір нәрсеге өзінің жарамсыз екенін сезіп тұрады және сол себептен қиянат жасауға физикалық күшін жұмсап, “маған бәрі жоғарыдан төмен қарайды, мені адам екен деп санамайды, мен оларға көрсетемін” деген ой тұжырымдап өзін-өзі сендіреді.
Ол үшін баламен жұмысты қалай жүргізуге болады:
“тәрбиеші және бала” – бір-біріне деген сенім атмосферасының қалыптасуы;мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау және баланың балалық шағын қорғау туралы үрдістерді іске қосу;баланың жанұясымен үнемі тығыз байланыста болу;үнемі әлеуметтік қорғау туралы қосымша мағлұматтармен, құжаттармен танысу.
Тәрбиеші тәрбиені жас ерекшеліктеріне қарай жүргізсе, баланың ынтасын дамыта отыру арқылы әдіс-тәсілдерді жаңартып отырса нәтижелі болады. «Егер бала бұзақы бола бастаса, онда бұған бала кінәлі емес, педагогикалық әдістер кінәлі», — деген А. С. Макаренконың пікірі өте орынды. Пайдасыз әдістердің зиянды салдарын түзеу үшін, жан-жақты ойластырылған, ғылыми негізделген психологиялық — педагогикалық жүйе болуы керек. Бұл жүйенің ерекшелігі — «қиындардың» түзелу мүмкіндігіне ғана емес, сонымен бірге олардың рухани жағынан да бүтіндей қайта өзгеретіндігіне кәміл сену қажеттігінде.
Тәртібі нашар балалардың шығу себебіне үңілсек:
біріншіден, бұған қоғамдық жағдай мен өмірдегі тұрмыс жағдайы себепші болады;екіншіден, балалардың мінез-құлқындағы жағымсыз ерекшеліктері мен психикасының өзгеше қалыптасуынан, немесе, қалыпты нормадан ауытқуы.үшіншіден, педагогикалық тәрбиесінің дұрыс болмауы.

Бұзақылыққа бейім тұратын жасөспірімдерді тәрбиелеудегі ата-аналардың жіберетін қателіктерінің әр түрлі екені белгілі. Олар:
1.Әлеуметтік жағдай:
-бақылаусыздық;
-назардан тыс қалуы;
-бос уақытының болмауы;
-отбасының толық болмауы.
2.Психологиялық жағдай:
-балалардың жас кезінде педагогикалық тәрбиемен жете қамтылмауы;
-оларды қайта тәрбиелеудегі асығыстық;
-балаға балдырған кезінде қатал болып, ал жеткіншек кезінде айтқанын орындата алмау;
-балаға жасынан толық еркіндік беру.
«ҚИЫН» ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ЖОЛДАРЫ
Жеке басының жан толқыныстары кезінде күнделіктіүйреншікті тіршілікке қарама-қайшылық пайда болады, сөйтіп бірте-бірте «қиын» оқушыларды іс жүзінде бақылау үшін олардың әрқайсысын өз алдына зерттеп, жеке-жеке топтарға, денсаулықтарына қарай, жас ерекшеліктеріне қарай, бетімен кетушілік дәрежесіне қарай және бетімен кету ұқсастықтарына қарай топтап бөлген жөн.
Жағымсыз іс істеу немесе заңды бұзу пайдасыз қажеттіліктерді қанағаттандырудан, мысалы: арақ-шарап ішу, шылым шегу, т.с.с. Өзін басқаның алдында еш нәрседен қорықпайтын батыр етіп көрсетуге тырысудан, тентектіктен т.с.с. басқа да себептерден де болады.

Тәрбиеленуі “қиын” балаларды болдырмау үшін ұстаз бен шәкірт арасында тартыс тумауы қажет. «Қиын» деген оқушының өзі бұзылған, бала емес екенін ескеру керек. Сондықтан да «қиын» бала тәрбиесінде тәрбиеші мына жайттарды ерекше назарда ұстаған жөн:
Баланың жас ерекшелігін ескере отырып, рухани дүниесін терең зерттеп білу, жүрегіңізбен сезініп, оған қайырымды болу керек.
Баланың ішкі дүниесі мен қылықтарын, іс-әрекеттерін білу керек, мінезін түсіну үшін оның дамуына қажетті не екенін білу керек.Мейірім мен сүйіспеншілік — екі жақты да адамдық сипатқа жеткізетінін ұғыну керек.Психологиялық түзету кезеңінде тек қана төзімділік керек.Тәрбиелік іс-әрекет кезінде сабырлы, ілтипатты, салқынқанды, ұстамды болу қажет.
“Ауыр жағдайдағы балалар” қатарына мынадай критерийдегі балаларды жатқызуға болады: ата-анасының қарауынсыз қалған балалар: мүгедектер, физикалық және психикалық дамуында кемістігі бар балалар, ұлтаралық және қаруланған қақтығыстардың құрбандарының, экологиялық және техногендік апаттардың, басқа елден еріксіз қоныс аударған “босқындардың” балалары, зорлық- зомбылық көрген балалар, бас бостандығынан айырылып өз кінәсін тәрбиелеу колонияларында өтеген балалар, “қиын” балаларға арналған оқыту-тәрбиелеу арнайы мекемелердегі, аз қамтылған отбасындағы балалар, әр түрлі жағдайлардан бұзылған, оны өз бетімен не жанұясы шеше алмайтын отбасындағы балалар.
«Қиын бала» ұғымының шығуы және ғалым-педагогтардың
ой-пікірлері
Қазіргі ХХІ ғасыр табалдырығын аттап отырған кезеңде «қиын балалар» мәселесі бізді әлі де ойландыруда.
Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, «балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын»(51.).
«Қиын балалар» ұғымы 1920-1930 жылдарда тәрбие мәселесінде пайдаланып жүрді. Бара-бара бұл 1950-1960 жылдары қайтадан қолданысқа енді. Қазір бұл мәселе ғылымда нақты орын алып отыр. Әрине, бұл мәселемен көптеген ғалымдар айналысқан, қиын балалар мінезін, өмірін жан-жақты зерттеген. Қазір де мұндай жасөспірімдер көп.
Қиын балалар қайдан шығады?- деген сұраққа былай жауап берсе де болады. Ең басты себеп отбасы тәрбиесінде жатыр: ата-ананың ішімдікке салынуы немесе екеуінің біреуі болмауы. Осының бәрі баланың мінез-құлқына, ішкі жан дүниесіне әсер етеді.
Кейбір тәрбиесі, мәдениеті өте төмен ата-ана баласын ұрып-соғып, жаман сөзбен балағаттап, тіпті баласына қайыр-садақа сұратқызады. Мұнда бала ертеңгі күні кекшіл, жасқаншақ, төбелескіш келеді. Сонда оның тағдыры, болашағы қандай болмақ.
А.Макаренконың мына бір сөзіне көңіл қою артық болмас еді. «Бала тәрбиесі біздің өміріміздің саласы. Біздің балаларымыз мемлекетіміз бен әлемнің болашақ азаматтары. Олар ертеңгі әке мен шеше, олар да өз балаларын тәрбиелейтін болады. Біздің балаларымыз тамаша азамат, жақсы әке, жақсы шеше болып өсуі керек.Бірақ мұнымен де бітпейді. Біздің балаларымыз – біздің қартайған шағымыз. Дұрыс тәрбие - бұл бақытты қарттығымыз, бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдармен бүкіл ел алдындағы кінәміз»(48).
Қазіргі уақытта мінез-құлықтың бұзылу себебі түбегейлі түрде зерттеліп, жаңа сипатқа ие болуда және әлеуметтік-психологиялық, клиникалық, криминалогиялық тұрғыда қарастырылуда.
Мінез-құлықтағы қиындық – бұл шексіз ұғым, тәрбиелік және әлеуметтік педагогтік әсерге қиындықпен көнетін, қайталанбайтын психологиялық ерекшелік. Мұндай жасөспірімдер өсе келе ауыр қылмыстық істер жасауға бет бұрады. Егер талдау жасап, жасөспірімдер қылмысын тізе берсек, тізім созыла береді. Ал балалардың сол қылмысқа бару себебін іздеп, қиын балалар қалай шығатынын зерттесек, біріншіден, баланың қарны тойып тамақтануы, үйде жанжал шыққан күннің ертесінде мектепке бару, бармау мәселелері тұрады. Осы және тағы басқа мәселелерді реттеу, шешу жолдары тиісті адамдар тарапынан ұсынылған. Бала – біздің болашағымыз, елді өсіретін де, өшіретін де, осы келешек ұрпақ.
Мінез-құлықтағы қиындық және қиын балалар ұғымын зерттеу және бақылау 1920-30 жылдары пайда бола бастады. Бастапқы ғылым саласында емес, күнделікті өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт қолданысталған ғылым ұмтылып, 1950-60 жылдардың басында қайтадан қолданысқа енді. Қазірде бұл терминдер ғылыми сөздіктерде нақты орын алып отыр.
Сөз етіп отырған бұл мәселе әрдайым социолог, психолог, әлеуметтік педагог, заңгер, дәрігер, педагог мамандарының зейінін өзіне аударып, оларды алаңдатып отыратын үлкен мәселе екенін айтып өту керек.
Ең алғаш осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген П.П.Бельский (1917ж., 1924ж.) болды, ол өз мінез-құлқы шамасынан ауытқыған, кәмелетке жасы толмаған балаларды қарастырды. П.П.Бельский өзінің 30 жыл уақытын заң бұзушы балалар мен жасөспірімдердің ішкі әлемін зерттеуге арнады. Бірақ та оның теориялық позициясы жеткіліксіз болды. Ол Л.И.Петражицскийдің теориясына сүйенеді (1908), З.Фрейд пен К.Левиннен, сонымен қатар, Ч.Ломбрододан да бірталай мағлұматтар алды.
Осы қиын балалар мәселесі бойынша, жоғарыда аталған ғалымдарымыздың ішінде А.С.Макаренконың қиын балалар мен жасөспірімдерге арналған еңбектері отандық педагогикалық алтын қорына енді.
П.О.Эфрусси мінез-құлықтағы қиындық табиғатын жүйке жүйесіндегі ерекшеліктері қозғаушылық, көңіл-күйдің аумалы-төкпелігімен, жұмысқа қабілеттіліктің нашарлауымен түсіндіруге әрекет жасады, сонымен бірге ол психологиялық себептерді физиологиямен ұшырастырды. Оның зертеуінің құндылығы мынада,ол кейбір жекелік ерекшеліктерді талдауға, соның ішінде оқушылардың өзін-өзі қалыптастыру әдетін анықтауға көп септігін тигізеді.

Қиын балалардың жекелік ерекшеліктерін өмір жағадайымен, тәрбиемен өзара әрекеттестігін есепке алып, кешенді құрама түрінде зерттеп, іске асырған П.П.Блонский (1986ж) болды. Оның зерттеуінің негізгі мақсаты – қиын балалардың өмірін нақтылау. П.П.Блонский қиын балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді. Ол қиын балаларға әлеуметтік педагогтің қатынасы арқылы «қиын оқушы» терминін нақтылауды жөн көрді. Бұл балаларға былайша мінездеме берді: «Объективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы – мынадай, ол әлеуметтік педагогтің жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субъективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы – мынадай, онымен әлеуметтік педагогқа жұмыс істеу өте қиын, әлеуметтік педагогтен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы»(8.). «Істі білдіруші» оқушыларға толыққанды мінездеме бере отырып, П.П.Блонский өз жұмыстарында мектепті, сыныпты ұйымдастыруға баса көңіл бөлінеді. Блонскийдің пікірі бойынша қайта тәрбиелеудің нағыз тура жолы, тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп әкелу болып табылады.
Көп жылдық оқу мен бақылау негізінде И.А.Невский қиындықпен тәрбиелетентін баланың пайда болуын, балалармен отбасына, мектепте жүргізілетін оқу тәрбие жұмыстарының жеткіліксіздігінен, кемеліне жетпеген педагогикалық практика нәтижесінен деп түсіндірді. Ары қарай ол өз ойын бойлай көрсетеді. Бұл қыңыр құбылыспен күресу бағытының шешімі әлеуметтік педагогтің тиімді әдістерді меңгеру қабілетін қарай емес, сол әдістерді дұрыс қолданып, дұрыс игеруіне негізделеді. Ал бұл негіз ең біріншіден әлеуметтік педагогтің жеке қасиетіне, қабілетіне, оқушымен қарым-қатынасына, олардың әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруына қарай құрылады.
Баланың психикасы көп факторлы, әлеуметтік өмір жағдайына қоғам дамуына тәуелді екенін қарастырды.
Ғалымдардың бірқатары баланың дамуындағы кідіріске, қоғамға бейімделудің қиындылығына себепші болып отыратын қолайсыз әлеуметтік-биологиялық факторларды анықтады.
Балалар мен жасөспірімдердің ассоциалды мінез-құлық мәселесімен бірқатар қазақстандық педагог зерттеушілер жұмыс жасады. (Мысалы, А.Байсымақ, В.Г.Баженов, Р.А.Дебагян, А.Жұмабаев, К.А.Жүкенова, А.М.Қарабаева, Л.К.Кермиов, В.П.Кривошеев, Л.В.Лысенко, М.Ф.Назаров, В.А.Парфенов, В.А.Трифонов, В.П.Шевченко, Э.И.Шнибекова, Г.А.Уманов). Бұл зерттеушілер қиын балалардың қиқарлық сияқты жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді. Бастауыш мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің асоциалды мінез-құлықтарын, спорт, өзіндік және жеке жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту, отбасындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге балаларды қатыстыру арқылы жеңудің әр түрлі жолдарын көрсетті.

В.В.Трифонов зерттеулерінде «қиын оқушы» анықтамасы – бұл күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қаруды, әлеуметтік педагогтің ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы. Бұл шексіз ұғым. Ол жеке адамның өзгеру құбылысын жинақтаушы. Осы категориядағы балалардың жалпы адамдық және өзге ешкімде қайталанбайтын қасиеттері, әлеуметтік және биологиялық факторлардың ықпалымен қамтамасыз етіледі.
Біраз зерттеулер (М.А.Алемаскин, Л.М.Зюбин, Д.В.Колесов, В.Н.Кудрявцев, Г.М.Минковскиий, И.Ф.Мягков және тағы басқа) «қиын балалардың» басым көпшілігі – бұлар мектеп бағдарламасын дұрыс меңгере алмайтындар, сондықтан да оқушылар ұжымынан тысқары шығып қалатын балалар, - деп атап көрсетті. Ұжымдағы жағымды позициядан қалыс қалу оларды теріс мінез-құлыққа, айналасындағы адамдармен, әсіресе бірге оқитын құрбы-құрдастарымен дұрыс қарым-қатынас жасауына кедергі келтіреді.
«Қиын балалар», «мінез-құлықтағы қиындық» ұғымынан басқа, «қиындықпен тәриелену» ұғымы де кеңінен қолданылады.
«Қиындықпен тәриелену» - баланың теріс мінез-құлқы, дау-жанжал Кейде бұл қайшылық табиғи түрде, тек бір-бірін түсінбеуден шығатын дау-жанжал екеніні айтуға болады. Ал мұндай да кейде онша қауіпті емес және ол қиындықсыз жойылуы мүмкін.

«Қиындықпен тәриелену» мәселесі Г.А.Фортунатовтың (1935 ж) еңбектерінде зерттеген. Өзінің зерттеулерінде «қиын бала» ұғымына былайша түсінік беріп, оларға үлгермеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды жатқызады. «Қиын балаларға» ол психикалық бұзылудан жапа шеккендерді жатқызады. Г.А.Фортунатов қиын балаларға тек анықтама беріп қана қоймай, ондай балалардың пайда болуының себептеріне түсіндіреді және осындай себептің екі тобын табады. Бірінші топқа ол ескінің әсерін, ал екіншіге оларды қиналатын ішкі дау-жанжалдарды жатқызады. Дау-жанжалдардың тууы негізінде балаларда көбінесе мынадай мінез-бітістер: қозушылық, ұстамдылық, кейде ақылға сыймайтын қасарғыштық, кекшілдік, мейірімсіздік тағы басқа пайда болады.
«Қиын балалар» намысқой келеді, олар бір нәрсеге өзінің жарамсыз екенін сезіп тұрады және сол себептен қиянат жасауға физикалық күшін жұмсап, «маған бәрі жоғарыдан төмен қарайды, мені адам екен деп санамайды, мен оларға көрсетімін»(8.), - деп саналы түрде ой тұжырымдап өзін-өзі сендіреді.
Ұзақ мерзімді дау-жанжал баланы қиын атандырып ғана қоймайды, сонымен бірге оның жүйке-жүйесінің бұзылуына себепші болуы мүмкін (психоневроз). Балаларда ішкі дау-жанжалдың ықпалынан сыртқы дүниеге, қоршаған ортаға деген сенімсіз, тіпті жауластық сияқты қатынастар пайда болады. Л.С.Выготский «қиындықпен тәрбиеленумен» күресудің нақты жолын анықтап берді. Өзінің «Қиын балалық шақтың педагогикалық клиникасы және дамудың диагностикасы» (1936ж.) еңбегінде ол былай жазады : «Жеке адамның күйзелісімен күресу, оның себептерін жою жолымен, білім бірлігімен, дамуына жағдай жасау арқылы» (8.) да нәтижеге жетуге болады. Л.С.Выготский жеке адам тәрбиесі психологиясының маңызды бір мәселесі – аффектілі-қажеттілік ортасымен сананың байланысын көтерді.
Full transcript