Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Ресей: әлемдік саясаттағы геосаяси және геостратегиялық орны

No description
by

Ayaulym Aitzhanova

on 11 November 2013

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Ресей: әлемдік саясаттағы геосаяси және геостратегиялық орны

Ресей: әлемдік саясаттағы геосаяси және геостратегиялық орны
Ресейдің сыртқы саясаттағы геостратегиялық ұстанымы
Ресейдің геостратегиялық жағдайының ерекшеліктері:
1. Ресей Солт.жартышарда, Еуразия құрлығында орналасқан. Бұл Еуропадағы да, Азиядағы да болып жатқан әскери-саяси үдерістерге ж/е Ресейдің геосаяси кеңістігіне тиісті аймақтардағы жағдайларға ресей әскери саясатының сәйкес бейімделуіне көп көңіл бөлуді талап етеді.
2. Ресей қызметінің сипатына әлемдегі же аймақтағы әскери-саяси жағдайдың дамуы тәуелді болатын маңызды трансұлттық әуе, теңіз ж/е жерұсті магистральдарында орналасқан.
3. Үлкен кеңістік өлшемдері бүкіл ел көлеміндегі қорғанысты ұйымдастыруға ж/е қажетті бағыттағы қарулы күресті тікелей басқаруға бағытталған стратегиялық міндеттердің шешіміне айрықша талаптар қояды.
4. Халықтың біркелкі қоныстанбауы; экон/қ зоналардың ошақтық сипаты, олардың адами ресурстар мен энергияны пайдаланудағы қарама-қарсылығы; транспорттық коммуникацияның, АЭС-тің ж/е әлеуетті экологиялық қауіпті кәсіпорындардың осалдығы – мұның барлығы стратегиялық сипаттағы іс-шараларды дайындау мен жүзеге асыруды қиындатады.
5. Ресейдің сыртқы ортамен түрлі сипаттағы байланысы оның геосаяси периметрінің біртекті болмауына ж/е оған көрші мемлекеттер тарапынан өз ұлттық мүдделерінің ж/е оларды жүзеге асыру әдістерінің ерекшеліктерінен туындайтын түрлі қатынастар болуына жағдай жасайды.
6. Әлемнің түрлі аймақтарындағы қарулы қақтығыстар мен шиеленіс ошақтары Ресейге де әсер етпей қоймайды, ал оның шекараларына таяу орын алған қарулы қақтығыстар Ресей аумағын әскери жағынан осал қылады.
7. Ресейдің қазіргі геостратегиялық жағдайы – аймақтық ж/е жаһандық әскери-саяси қатынастар құрылымының тұрақты өзгерістері мен күрестерінің нәтижесі. Тарихи даулардың шешіміне қанағаттанбау Ресейге көптеген көршілері тарапынан территориалдық ж/е басқа да талаптардың қойылу қаупін тудырады.
Ресей және халықаралық қауіпсіздік
Посткеңестік кеңістіктегі қауіпсіздік мәселелері
Посткеңестік кеңістіктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша РФ саясатының негізгі бағыты Ресейдің өзінің экономикалық және әскери қуатын нығайту болып табылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды ұйым ҰҚКҰ болып табылады. Оның басты маңыздылығы ол бүгінгі таңда әскери құраушысы бар жалғыз қауіпсіздік институты болып табылатынында. Сонымен қатар, ҰҚКҰ қазіргі қауіптер мен шақыруларға қажетті ұйымдастырушылық, нормативтік және саяси инструментарийі бар және ұйым «қосымша (экономикалық, мәдение, т.б.) өлшемдермен қиындатылған емес».
Посткеңестік кеңістіктегі қауіпсіздікті қамтамаыз етудегі РФ саясатын дамытудағы маңызды бағыт ШЫҰ қызмет жүйесін дамыту, сонымен қатар, осы ұйым мүшелері арасындағы әскери, экономикалық қайшылықтарды жою болып табылады.
Посткеңестік кеңістіктегі қауіпсіздікті қамтамаыз етудегі РФ саясатын дамытудағы тағы бір маңызды бағыт ШЫҰ кеңею мәселесі болып табылады. Бір жақтан, ШЫҰ мүшелері кеңейтуді анықталмаған мерзімге кейінге қалдыру ұйымның аморфтылығының пайда боуы мен соның салдары ретінде оныі әлемдік саясатқа ықпалының әлсіреуінен күдіктенеді. Екіншіден, ШЫҰ-на Үндістан мен Пәкістанның енуі оның жұмысының тиімділігін азайтуы мүмкін.
Посткеңестік кеңістіктегі қауіпсіздікті қамтамаыз етудегі РФ саясатын дамытудағы тағы бір маңызды бағыт ШЫҰ және ҰҚКҰ өзараәрекетін нығайту болып табылады. Бүл екі ұйымның жауапкершілік аумақтары қызметтік жағынан да, географилық жағынан да қиысады. ҰҚКҰ құрамына кіретін жеті мемлекеттен бесеуі ШЫҰ құрамына кіреді, ал ШЫҰ алты мүше-мемлекетінен бесеуі ҰҚКҰ құрамына кіреді. Қазіргі таңда бұл екі құрылым өзара бәсекеге түсуде. Бұл ҰҚКҰ тиімді емес.
Посткеңестік кеңістіктің мемлекеттері өзіне әлемдік саясаттың көптеген субъктілерінің тартушылығының артуы байқалуда. Орталықазиялық елдер өзінің геосаяси орналасуы және зор энергетикалық және табиғи ресурстарының болуы себебімен стратегиялық мәнге ие.
Сондай-ақ, посткеңестік кеңістіктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі РФ саясатын дамытудағы ең басты бағыт Үлкен геосаяси кеңістікті қалпына келтіру қажеттілігі болып табылады.
Ресейдің геосаяси және геостратегиялық жағдайының ерекшеліктері
Геосаяси жағдай дегеніміз – мемлекеттің ХҚ жүйесіне қосылуын, әлемдік саясаттағы орны мен рөлін, жалпы х/қ климатқа әсер ету әдістері мен ерекшеліктерін сипаттайтын жер шарындағы орналасуы. Ресей Еуразия құрлығының орталық бөлігіне орналасып, Батыс пен Шығыс елдері арасындағы қатынастарда геосаяси көпір мен делдал рөліне ие. Оның Еуропа мен Азияға бір уақытта қатысуы әлемнің осы бөлігіндегі экон/қ, саяси, әскери ж/е мәдени үдерістер мазмұнына ықпал етеді. Теңізге шығатын жолы бар, х/қ транзит үшін үлкен территорияны пайдаланатын, сонымен қатар ғарыштық, әуе, теңіз навигациясы жүйесі де бар үлкен кеңістікті алып жатқан Ресей х/қ интеграцияға белсенді әрі тиімді қатысу ж/е жалпы ғаламшар өмірі мен ондағы жаһандық саяси үдерістерге ықпал ету үшін бірегей мүмкіндіктерге ие.
Мемлекетттің геостратегиялық жағдайы дегеніміз – оның жер шарындағы орны ж/е осы орнына байланысты иеленетін әскери құрылыстарды ұйымдастыру мен соғыс жағдайында мемлекетті қарулы қорғау бойынша ірі масштабтағы іс-шаралар кешенін жүзеге асыру мүмкіндіктері.
Кез келген мемлекеттің геосаяси жағдайы тек тарихи дамудың нәтижесі ретінде бекітілген нәрсе емес, ол орын мен уақыт жағдайы белсенді байқалатын үдеріс болып табылады. Бұл жерде елдің геосаяси жағдайының ерекшелігін Ресейдің тарихи өткені мен бүгінінің ерекшеліктерін ескермей түсінуге болмайды.
1) Ресей өз геосаяси жағдайына ұзаққа созылған күрес пен көптеген жоғалтулар нәтижесінде қол жеткізді. Бүкіл тарих барысында Ресей түрлі тараптардан түрлі мазмұнда саяси қысым көрді: «варягтардың» елдің экон/қ ж/е саяси құрылымына бәсең енуден бастап ашық әскери агрессиямен аяқталған.
2) 1917 ж бастап ғаламшардың саяси тарихы Ресейде өтіп жатқан социалистік үдерістерге б/ты болды. Жаңа қоғамдық жүйе құрудағы ірі масштабты социалистік тәжірибені жүзеге асыру бүкіл әлемдегі саяси қатынастардың сипатына түбегейлі әсер етті. Көптеген мемлекеттер белсенді түрде Ресейдің ісіне араласып, өркениет пен демократия ескерусіз қалды.
3) КСРО, социализмнің әлемдік жүйесі, Варшава келісімі ыдырағаннан кейін геосаяси ландшафт түбегейлі өзгеріп, Ресей көптеген параметрлері б/ша КСРО-ға жетпегенімен, оның аумағында болып жатқан ішкі үдерістер бүкіл әлемнің назарын аударады. Ресейден шығатын әлеум/к ж/е саяси импульстарды х/қ қауымдастық қызу талқылайды. Бұл импульстер ХҚ жүйесінде көрініс тауып, мемлекеттерді Ресейге қатысты саясаттарын түзеуге мәжбүрлейді.
Дегенмен үлкен кеңістіктік мөлшерлер, басқа мемлекеттермен ж/е халықаралық ықпалды орталықтармен көптүрлі сипаттағы жақындықтар кеңістікті ұлттық мүддеге пайдалану мен игеру үшін қолда бар құралдарды қолдануда қиындық туғызады.
Қазіргі уақытта Ресей өз геосаяси әлеуетін жүзеге асыруын белгілі бір дәрежеде шектейтін үш «санитарлық кордонмен» қоршалған:
1. «Империяға» қарсы қалыптасқан бұрынғы кеңестік республикалардағы саяси режимдер: Латвия, Литва, Эстония, Украина, т.б.
2. Өздерінің Ресеймен қатынастарында русофобияны басты принцип қылған бұрынғы социалистік достастық елдері.
3. КСРО-ның бұрынғы дәстүрлі қарсыластары. «Қырғи-қабақ соғыс» кезіндегі бәсекелестік күрес логикасына сәйкес, олар Ресей қуаттылығына, оның геосаясаттағы жекеленуіне мүдделі емес.
Сонымен қатар біртұтас экономикалық интеграциялану - ықпалдасу кеңістігінің жоқ екенін де айтуға тиіспіз. КСРО кезінде осы аумақтық – экономикалық кеңістіктер арасында қалыптасқан берік және өзара тәуелді шаруашылық байланыстар мен қатынастарға қарамастан оны құру мүмкін болмай қалды.
Ресейдің Украинамен геосаяси қатынасы. Беларусьтағыдай тығыз емес, одақтастық та емес, тек әріптестік сипаттағы ғана қатынас. Сонымен бірге, көптеген қарама – қайшылықты және дау – дамайлы жағдайлар бар, мысалы, Қырым, Севастополь және Қара теңіз флоты мәселелері бойынша; Украинаның ГУӨӘМ – ге белсенді қатысуы ТМД біртұтас экономикалық кеңістік құруға ықпал етпейді; 2006 жылдың көктемінде Украинаның Приднестровьяға қарсы экономикалық ( санкция) тосқауыл қоюы Ресейдің экономикасына және оның Преднестровьямен сауда қатынасына нұсқан келтірді; Ресей мен Украина арасындағы газ жөніндегі дау – дамайлық жағдай (мысалы 2005 ж. соңында « Газпроммен» болған); Украина АҚШ- тың Ирактағы әрекетін қолдады (Ресейге қарағанда) және оған әскерін жіберді.
Ресеймен Грузия арасында аса қиын күрделі қатынас орнығуда. Грузия басшылары ашық түрде антиресейлік саясат жүргізуде. Геосаяси тұрғыдан Грузия, АҚШ – қа, атлантика саясатына бағыт – бағдар ұстанған. Сонымен қатар, Ресейді де өз экономикалық мақсаттарына сай (шикізат, жеңілдетілген тарифтер) пайдаланып қалуға тырысуда.
АҚШ Грузияның антиресейлік саясатын қолдайды.
Ресейдің Армениямен және Әзірбайжанмен қатынасы, тіптен соңғының (Әзірбайжанның) басқа геосаяси күштер орталықтарына басым бағыт – бағдар ұстағанына қарамастан (Түркия, Иран, Ислам әлемі) жақсы қалыптасуда. Алайда бұл қатынастар Таулы Қарабах мәселесін шешуде қиындыққа тап болуда, бұл жерде Ресей екі жақты татуластырушылық миссияны атқаруға талпынуда.
Ресейдің Орта Азия елдерімен қатынасы. Геосаяси Орта Азия аймағы сондай – ақ Ресейдің оңтүстік « құрсақ» деп аталатын аймағына жатады, онда геосаяси жағдайдың асқан тұрақсыздығымен және орнықсыздығымен сипатталады. Орта Азия геосаяси аймағына бұрынғы КСРО одақтас республикалары Өзбекстан, Қазақстан, Түркіменстан, Тәжікстан және Қырғызстан кіреді. Алайда тек Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстан ғана Ресеймен тығыз геосаяси және геостратегиялық ынтымақтастық алаңына енген. Ал қалғаны басқа геосаяси күштер орталықтарына бағыт – бағдар ұстаған.
Саяси жағынан Ресей — ықпалы зор мемлекет, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі.Ресейдің әлемдік қауымдастықтағы рҿлі мен орны ішкі жҽне сыртқы саяси даму жағдайларына байланысты жүзеге асырылуда. Ресей Федерациясының сыртқы саясаты кез келген мемлекеттегідей өзге елдермен экономикалық, саяси, әскери және әлеуметтік идеологиялық байланыстарынан түзілетін жүйе болып табылады. Ол әлемдегі алдыңғы қатарлы елдермен қатынас жасаумен басталып, Еуразия континентінде ерекше орын алатын Орталық Азия аймағымен де тығыз байланыс орнатып, аймақта өз орнын нығайтумен жалғасады.
Жалпы әлемдік қоғамдастық өмірінің барлық жақтарын қамтуға бет алған жаһандану процесінде Орталық Азия аймағы геоэкономикалық тұрғыда маңызды орын алып келе жатыр. Бұрынғы кеңес мемлекеттері: Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан өзіндік даму жолын таңдауға мүмкіндік алып, әлемдік саясаттың тҽуелсіз объектісі мен халықаралық қатынастардың тҽуелсіз субъектісіне айналды. Жаңа мыңжылдықтың басынды аймақтың геосаяси және геостратегиялық маңыздылығы арта түсті. КСРО құлағаннан кейін 1995 жылдан бастап Ресей Федерациясы сол уақытта қалыптасқан геосаяси бағытын аса өзгерте қойған жоқ болатын. Ал қазіргі таңдағы геосаясатының негізгі ұстанымдарына тоқталатын болсам ол:
1. Сыртқы саясаттың геостратегиялық басты бағыты проеуропалық бағытты ұстануда және Ресейдің Германия, Франция сияқтың елдермен жақындасуын алға тартуда
2. Пробатыстық бағытты жоятын, азияттық бағыт қалыптасуда, Азияға көп көңіл бөлу Қытай, Үндістан және мұсылман әлемімен жақындасу көпполярлы әлемнің қалыптасуна алып келуі.
3. Югославия, Таяу Шығыс,Тәжікстан, Абхазия сияқты елдердегі халықаралық конфликтілерді шешуге ат салысуда, бітімгершілік саясатты ұстануда.Image206.gif ¬
4. Әлемдік держава статусын қайтару үшін геосаяси территориясының кеңейюін.
Батыстық саясат ұстануына байланысты, АҚШ тың Ауғанстандағы іс қимылдарына байланысты қайшылық туындауда.
Ресей 2010-2015 жж. геостратегиялық Азияттық бағытын дамытуды көздеп отыр. Осымен байланысты тұтас геосаяси кеңістік жоқ деуге болады, мұндай кеңістікке РФ және БР (Беларусь пен Ресейдің одақтас мемлекеттері), сондай – ақ, белгілі дәрежеде Қазақстан, Армения, Тәжікстан және Қырғызстан аумақтарын жатқызуға болатынын атап айтқан жөн. Посткеңестік кеңістіктегі қалған мемлекеттер өзге саяси күштер орталықтарына: АҚШ – қа ( Украина, Грузия, Түркіменстан), Еуропаға (Украина, Молдава), Түркияға ( Әзірбайжан), исламдық Азия мемлекеттеріне ( Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркіменстан), Қытайға бағыт – бағдар ұстауда.
Ресейдің Закавказьямен қарым – қатынасы. Закавказья геосаяси ауданы Ресейдің оңтүстік « құрсақ » деп аталатын ауданында жатады және оның аса геостратегиялық маңызы бар. Ол Грузияны, Арменияны және Әзірбайжанды қосқан. Закавказьядегі геосаяси жағдай мейлінше тұрақсыздығымен және орнықсыздығымен сипатталады.
Бұл аймақта Ресейдің дәстүрлі тарихи қалыптасқан геосаяси орналасуына қарамастан, бүгінгі Ресейдің оған геосаяси ықпалы шектеулі, бірқатар қиыншылықтар, жаңа биліктің түсінбеушілікке ұрынуы, дау – дамайлық жағдайлардың және қақтығыстардың жиі пайда болуы кері әсерін тигізіп отыр. Қан төгісті қақтығыстарға жол бермеу және шекараны күзету сияқты қиын миссияны атқаратын Ресейдің, бейбітшілікті қорғау және шекара әскерлерінің бұл өңірде болуының өзі жағдайды нығайтуға септігін тигізе алмай отыр.
Закавказья аймағының негізгі проблемалары мен қайшылықтарына келесілерді жатқызуға болады: Ресейдің бұрынғы ықпалының жойылуына орай, аймақта көптеген күштер орталықтарының геосаяси, экономикалық және басқа да мүдделері шоғырланды ( АҚШ, Еуроодақ, Түркия, Иран және т.б.); саяси жағдайдың орнықсыздығы ( әсіресе Грузиядағы өткір ); шешілмеген аумақтар таласы ( ең алдымен Таулы Қарабах); қақтығыстар ( саяси, аумақтық және діни – этникалық); этникалық және діни- мәдени жек көрушілік ( әсересе Әзірбайжан мен Армения арасындағы ); мұнда трансұлттық қылмыстың көптеген жолдары өтеді (есірткілер, қару – жарақтар саудасы); экстремизм мен халықаралық лаңкестік орын алған жердің бірі; көптеген мәселені Ресейдің есебінен шешуге тырысушылық, (КСРО ыдырағаннан бастап) оған экономикалық проблемалар үшін, саяси, аумақтық және діни- этникалық қақтығыстар үшін жауапкершілік жүктелген.
Халықаралық қауіпсіздікті сақтау мен нығайту мақсатында Ресей - ядролық қаруды таратпау туралы Келісімнің,
- бактериологиялық ж/е токсиндік қаруды өндіру мен қорын жинақтауға тыйым салу туралы Конвенцияның,
- химиялық қаруды жинақтау мен қолдану және оны жою,
- ұлттық ж/е халықаралық ақпараттық, саяси, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің,
- халықаралық терроризм мен жаппай қырып-жою қаруын тарату сынды әлемдік қатерлерге қарсы күрестің орындалуына ат салысады.
Сирияда химиялық қаруды қолдануды тоқтатуға қатысты Ресей Б.Асадпен келіссөздерге үлкен ықпал етті.
С.Лавров Мәскеу ұсыныстарын іске асырудың үш негізгі кезеңдерін атап көрсетті:
Сирия хим.қаруларды өндіру мен қолданбау туралы Конвенцияға қосылады
Сирия өз хим.қарулары қорларының орнын ашады және өндіру бағдарламасын егжей-тегжейлі анықтап береді
Мамандар бақылау орнатудың нақты шаралары жөнінде шешім қабылдайды.
Сириялық химиялық қару бағдарламасын жою жөніндегі 2118 резолюциясының іске асырылуы, сириялық үкіметтің халықаралық қауымдастықпен ынтымақтастыққа бару шараларын Ресей өз дипломатиясының жемісі ретінде қабылдайды.
Жылдың соңына дейін Сирия мәселесіне қатысты Ресей-АҚШ-БҰҰ форматында «Женева-2» кездесуін өткізу жоспарлануда.
Ресей әлемдік дамудың тұрақты басқарылуына үлкен мән береді, ол әлем елдерінің ұжымдық жетекшілігін талап етеді. Осы мақсатта Ресей «Жиырмалық тобы», БРИКС (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, ОАР), «Үлкен сегіздік», ШЫҰ, РИК (Ресей, Үндістан, Қытай) форматтарында, сондай-ақ өзге құрылымдар мен диалогтік алаңдарда өзара әрекеттестікті ұлғайтады.
Ресей халықаралық қатынастарда күш факторы рөлін төмендете отырып стратегиялық және аймақтық тұрақтылықты нығайтуға ат салысады. Аталған мақсаттарды жүзеге асыру РФ Сыртқы саясат Тұжырымдамасында (12 ақпан 2013 ж.) белгіленген.
РФ Америка Құрама Штаттарымен стратегиялық шабуылдаушы қаруларды қысқарту мен шектеу шаралары жөніндегі екіжақты Келісімнің орындалуына ерекше мән береді.
Ресей президенті Владимир Путин американдық New York Times газетіне берген сұхбатында: «Сириялық қақтығысқа қарулы араласу зорлық-зомбылық деңгейін көтеріп, терроризмнің жаңа толқынына түрткі болады», - деп АҚШ халқына үндеу тастаған болатын.

Орындаған: Айтжанова Аяулым, Аблмажинова Ақмарал, Жүнісова Жазира, Искакова Алия
Full transcript