Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ (ХV- XVII ҒҒ.)

No description
by

Satybaldy Kymbat

on 28 October 2014

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ (ХV- XVII ҒҒ.)

ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ (ХV- XVII ҒҒ.)
«Мәдениет» — «маданият» — кала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты.
Цицеронның еңбектерінде (б.э.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңнен жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді.

Еуропалық тілдерде мәдедиет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «кұрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады.

Қазақ хандығының саяси тарихы мен тұрмысы рухани өмірмен қатар дамыды. Әрине ол өзіне дейінгі қалыптасқан рухани құндылықтарды мұрасы боды.
Осы тарихи кезеңнің ерекшелігі мемлекеттің ішік және сыртқы саяси өмірінде ықпалды, елдің бірлігі мен ділін насихаттайтын ЖЫРАУЛАР заманы ретінде баға берсе болады.
Жыраулар бірнеше функцияны қатар атқарды. Олар хандардың кеңесші, сыншысы, елдің қамқоршысы мен жоқтаушысы.

XYI-XYIII ғасырлардағы жыраулар поэзиясының аса ірі өкілдері- Асан Сәбитұлы (XIV-XV), Қазтуған жырау (XV), Шалкиіз Тіленшіұлы(1465-1560), Доспамбет жырау(1490-1523), Жиембет жырау (XYIIғ), Марғасқа жырау (XYIIғ).

«Дәстүр» сөзі де арабша «дустур» деген сөздің қазақша баламасы. Арабша мағынасы іс-әрекет жасалатын ереже, заң дегенді білдіреді.

Ғұрып. Қазақша «ғұрып» сөзі «әл-ъурф» сөзінен шыққан. Араб тілінде адамдарға үйреншікті болған, әдеттегі іс-әрекет, үрдіс деген мағыналарды білдіреді.«Әл-урф» сөзінің шариғаттағы терминдік анықтамасы мынадай: «Ол ақыл-ойдың, логиканың құп-тауымен көңілдерге орныққан, адам табиғаты қабыл алатын нәрселер». (Әл-Маусуа әл-фиқһия әл-куәйтия, 30-том, 53-бет; Әл-Журжанидің әт-Тағрифат кітабы)

«Әдет» сөзі арабтың «әл-ъаада» сөзінен шыққан. Мағынасы адамдар арасында көп қайталанатындықтан дағдыға айналған істер дегенді білдіреді.
ҚАЗАҚ ЭТНОМӘДЕНИЕТІНДЕГІ ЖЫРАУЛАР МЕН БИЛЕРДІҢ РУХАНИ МҰРАЛАРЫ.
ХАЛЫҚТЫҢ АУЫЗША ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ - ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНМЫНЫҢ КӨРІНІСІ.
ИСЛАМ - ҚАЗАҚ ДӘСТҮРІНІҢ БІРЕГЕЙЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ.
ХАЛЫҚТЫҢ ӘДЕТ – ҒҰРЫПТАРЫ, САЛТТАРЫ МЕН ДӘСТҮРЛЕРІ.

Қазақ хандығының құрылуы кезеңіндегі аса ірі тұлға Асан Сәбитұлы (XIV-XV) Еділ бойында дүниеге келген. Асан жырауды ханның кеңесшісі ретінде тануға болады. Оның бізге жеткен толғаулары түгел дерлік Әз–Жәнібек ханға арнайы айтылған. Алайда Асанды сарай ақыны деуге болмайды. Ш.Уәлиханов «көшпенді қазақ, қоғам ұлысының философы» деп атаған.

Қазтуған Сүйінішұлы шамамен XV ғасырдың 20-30-жылдарында Еділ бойында, қазіргі Астрахань облысының Қрасный Яр қаласы маңында туады. Дәшті-Қыпшақта XV ғасырдың ұзына бойына созылған бұлғақ кезінде өмір сүрді. Үш толғауы белгілі: «Бұдырайған екі шекелі»; «Алаң да алаң жұрт»; «Белгілі биік көк сеңгір».

Қазақ хандығының саяси тарихында елеулі із қалдырған Шалкиіз Тіленшіұлының шын есімі Телағыс. Ол атақты Едіге ұрпағынан тарайды, білім алған көрнекті жырау. Бізге белгілі мұрасы 760 жолдай. Жырлары түгелдей азаматтық, әлеуметтік лирикаларға жатады. Оның барлық толғаулары – заман, өмір, мораль туралы дидактикалық шешендік туындылар. Оның ерекше қасиеті билеушілерге сынды тура айта білуінде болды.

Доспамбет жырау XVI ғасырдың 90-жылдарының орта шенінде Азау қаласында туады. Доспамбеттің бүкіл Дәшті-Қыпшақты жақсы білгені, Стамбұл мен Бақшасарайда да болғаны, сахара тұрмысымен қатар мұсылман кенттерінің жайына да қаныққаны аңғарылады. Өз заманындағы талай әскери жорыққа қатысқан жауынгер жырау туыстас түркі тайпаларының арасындағы көп қырқыстың бірінде, 1523 жылдың бас кезінде Астрахань түбінде қаза табады. Өмірмен қоштасқан сәтінде Доспамбеттің жасы әлі отызға да толмаған еді
Жиембет жырау (XVII ғасыр) Бортоғашұлы XVI ғасырдың соңғы ширегі, XVII ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүреді. Алшын руын ежелден билеген ірі феодалдар тұқымынан шыққан Жиембет Еңсегей бойлы Ер Есімнің Кіші жүздегі ел басқарушы биі, әскербасы батыры қызметін атқарады. Есімнің көрші хандықтармен арадағы соғыстарына қатысады, ерлігімен, іскерлігімен танылады.
Марғасқа жырау (туған және өлген жылдары белгісіз) – ақын, жауынгерлік рухтағы жырларды шығарушы, қазақ поэзиясындағы көне дәстүрді жалғастырушы. Жырау Есім ханның өмірі мен ерлік істері суреттелген «Еңсегей бойлы ер Есім» атты тарихи жырды алғаш жырлаушы болған деген болжам бар.
Қазақ халқының даналық сөзінің қайнар көзі билердің өсиеттері болып табылады. Шешендік өнер көшпелі өркениеттің мұрасы болды.
Орақ тілді билер қазақ қоғамында басты қызметі идеялық-адами құндылықтарды қалыптастыру болды.

Ш.Уәлиханов билерге қатысты көптеген пікірлер қалдырды: «шешендік өнермен ұштастырылған сот ғұрыпындағы терең білім ғана қазақтарға осынау құрметті атақты берген. Би атағын алу үшін қазаққа өзінің заң білімін және шешендік қабілетін халық алдында талай рет көрсету керек болған».
Би-шешендердің әдеби шығармашылығы мазмұны жағынан ерекше, ол жанрлық жағынан синкретикалы: прозаны поэзиямен ұштастырады. «Ой да көп, уайм да көп-ойлай берсең, ой да жоқ, уайм да жоқ – ойнай берсең».

ХАЛЫҚТЫҢ АУЫЗША ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ -
ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНМЫНЫҢ КӨРІНІСІ

Қазақ халқының ұлттық сөз өнері, әуендік-өлең мәдениеті және қолданбалы өнерінің ерекшелігі дүниетанымына және әлемді қабылдау сезіміне ықпал етуімен қатар, оған қатысты ерекше түсінік қалыптастырды.

Ұрпақтар арасындағы сабақтастық ауызша дәстүр арқылы жалғасты аңыз, әңгіме қисса, эпостық жырлар мен шежіренің қазақтың рухани мәдениетіндегі алатын орны ерекше болды.

Қазақ халқының тарихи санасының қалыптасуында ұлттық кейіпкерлер, батырлар мен парасатты тұлғаларды танып білу және «Жеті ата» приниципі бойынша рулық байланысты дәріптеудің қалыптасуы қатар жүрді.
Идеология мен дүниетанмын қалыптастырды. Қазақ халқының сана-сезімінің бірегейлігі ҮШ жүздің өзара байланысы рухани-генеалогиялық тұрғыдан қабылданып және әулиелерді пір тұту түсінігі қалыптасты.

Шежіре табиғаты мен оның құбылыстық ерекшеліктері "шежіре" сөзінің түпкі мән-мағынасынан туындайды. "Шежіре" сөзін жазба дерек қатарында М. Қашқарида кездестіреміз. Ол: «мен бұл кітапты хикмәт сөздер, сежілер, мақал мәтелдер, өлең-жырлар, режез және нәсір секілді әдеби сөздермен безендіріп, мақсұс әліппесі ретімен түзіп шықтым» – деп жазады.
Шежіре – қазақ руларының тегі шыққан түрік жұртындағы дәстүрлі мәдениет тудырған әлеуметтік, тарихи білім, генеалогиялық жады сабақтасығы болып табылады.

Шежіре, сондай-ақ қазақтың аса қадірлі ұлттық дәстүрінің бірі. Шежірелік баяндаулар жоғарғы құрмет статусын білдіретін түсініктің бірі ретінде халық санасына бекіген "жеті ата" ұғымының қасиеті мен оның генеалогиялық сипатын нақтылап береді.

Шежіре – генеалогиялық зерделікті сақтаушы әлеуметтік және қоғами-ұжымдық жады болғанымен, шежіренің негізгі мақсаты тарихи білім жүйесінде сақталатын дәстүрлі мәдени құндылықтар мен дәстүрлі қоғамның рухани-әлеуметтік, идеологиялық-саяси сабақтастығын қаматамасыз ету.

Шежірелерде дәстүрлі дәуір тудырған тарихи білім жүйесі, оның негізінде қазақ руларының қалыптасуы, елді мекендері, көш жолдары, ата-жұрты, есімі әйгілі тарихи тұлғалары, қожа, төре кірмелері, ру-туыстық байланыстары, өткерген тарихи оқиғалары, сондай-ақ аламан, барымта, жаугершілігі туралы көбірек баяндалады.

Қазақ эпосының тарихилығы идеялар мен бейнелер: Алпамыс батыр; Қобыланды батыр, Ер Сайын, Ер Көкше эпостық жырларының мазмұны.
Ертегі-аңыздар мен мақал-мәтелдер қазақ дүниетанмы: “Аяз би”, “Ер Төстік”, “Керқұла атты Кендебай”.
Лирикалық туындылар: “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” мен “Қыз Жібек”.
Дәстүрлі әндер: бесік жыры, беташар, жар-жар, сыңсу, қоштау естірту, жоқтау.

ИСЛАМ - ҚАЗАҚ ДӘСТҮРІНІҢ БІРЕГЕЙЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ
Қазақ дәстүрінің орталықтандыратын белгі – ислам діні болды. Рухани мәдениетте- өмір сүру, танымдық, бейнесаптау, өркениеттік, реттуешілік, біріктуші және қорғаушы қызметті атқарды. Қазақ қоғамындағы суннит, ханафит мазхабының ұстауының тарихи астары болды.
Исламның бес шартының орныдалуына қатысты ауызша мағлұматтар сақталды. Суфизм. Бата беру. Исламның отбасылық құқыққа ықпалы.

Халықтық білім, салт-дәстүр көшпелі өркениеттің тұтас жалғасы болды. Әлем мен әлеуметті байланыстыратын киіз үйі, өмір сүру кеңістігіндегі әдеттік құқық, этикет және тыйым салынған іс-әрекеттер қазақ қоғамынын өзара ішкі жағынан байланыстырып тұрды.

ХАЛЫҚТЫҢ ӘДЕТ – ҒҰРЫПТАРЫ, САЛТТАРЫ МЕН ДӘСТҮРЛЕРІ
Рухани салт жоралары, байланыстыратын әскери-спорттық ұлттық ойындар мен ұлттық мерекелердің көрінісіндегі түрлі шаралар: айтыс, дәстүрлі ас мәзірі, оның түсінігіне мән берілді. Наурызды тойлау. Жақсылық пен жамандық арасындағы рухани тартысты сипаттауға исламның ықпалы басым болды.

Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптары
Әдептілік пен сыпайылық әдет-ғұрпы
Жасы үлкендерге құрмет көрсету
Тамырлық әдет-ғұрпы
Қоныс таңдау әдет-ғұрпы
Отбасы және неке саласындағы әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер
Бата беру
Бала тәрбиесі
Шаруашылыққа қатысты салт-дәстүрлер
Ислам дінінің мерекелері қазақ халқын мұсылман әлемімен өзара байланыстырды.
Сонымен қатар көшпелі өркениетттің рухани мұрагері ретінде табиғаттың күшніне сенімі, отқа, суға, жануар және құс әлеміне қатысты дүниетанымын сақтап қалды. Осыған байланысты түрлі ұғымдар мен түсініктер қалыптасты.
Жылдық жануарлар күнтізбесі мүшел мен қатар хиджра қатар қолданылды.
Дәстүрлі медицинадағы бақсылық ерекше орын алды.
Full transcript