Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Сыр бойындағы жыраулық дәстүр

No description
by

Erbol Aliaskaruly

on 15 February 2016

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Сыр бойындағы жыраулық дәстүр

Сыр бойындағы жыраулық дәстүр
Жыраулық дәстүр тарихы.
«Кімнің батыр, кімнің бақыр екенін жырау білер» дейді Қорқыт.
Біз айтып жүрген жыраулық дәстүр тарихының бастау бұлағы, сонау Түркі дәуіріндегі «Орхон Енисей» жазуындағы мадақ жырларынан, «Оғызнама», «Қиссас үл Әнбия» жазба әдебиет мұраларынан тамыр тартады. Одан берідегі Оғыз заманының ұзаны болған Қорқыт ата мұрасын айтуға болады. Қорқыт-түркі жұртының,қала берді сол заманның аңыз адамы, абыз-сәуегейі, ел мен жерді ауызбіршілікте ұстаған халық қаһарманы, бақсы жырауы. Қорқыттан бізге жеткен мұра тоқсан толғаулы күйлері мен Қорқыт айтқан өсиетті сөздері.
XV-XVIII ғасырдағы жампоз жыраулардың қатарын Қонтай тайшы, Қазтуған Сүйенішұлы, Асан қайғы, Шалкиіз жырау, Доспамбет, Жиембет, Марғасқа жыраулар, Ақтамберді, Үмбетей, Тәтіқара, Бұхар жыраулар толықтырды. Бұлар өз заманының дипломат қайраткерлері есебінде және мемлекет ісіне белсене араласқан, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне зор үлес қосқан, халық теңдігін жырлаған, ел мен жерді жау қолынан азат еткен қолбасшы батыр да болған ақтаңгерлер еді. Ханның қасында қасқайып, оң тізесін баса билік айтқан, өр рухты, батыл шешімді тарихи тұлғаларда жыраулар болатын. Одан кейінгі дәуірдің жүгін арқалаған жампоз жыраулар: Исатай, Махамбеттер, Ақ кете Шернияз, Кенесарының тұсындағы Ақбет Керейт Нысанбай жыраулар, Жанқожа батырдың жанындағы Құрманай Төремұрат жыраулар, Есет батырдың қасындағы Доғалақ жыраулар, Сүйінбай, Дулат, Шортанбай, Мұрат Мөңке, Кердері Әбубәкір, Абыл, Нұрым, Қашаған, Базар жыраулар, Тұрмағамбет, Дүр Оңғар, Тұрымбет, Жиенбай жыраулар.
Сыр бойы ақын жыраулары қазақ ауыз әдебиетінде өтпелі кезең ақын жыраулары болып қалтарыста қалды, көп зерттелмеді. Шынтуайтына келгенде, классикалық әдебиеттің озық үлгілерін қалыптастырғанда және Абай дәстүрін, Шығыстың нәзиралық үлгісімен байланстыра білген де, шығармалары күні бүгінге дейін шашаусыз жеткен Сыр бойы ақын жыраулары.
Базар жыраулардың ұлы көші Жиенбай, Рүстембек, Нартай, Балқашбай, Көшеней Рүстембеков, Қуандық Бүрлібаев, Шәмшат Төлепова, Алмас Алматов, РЫсбек Әшімов, Бидас Рүстембековтер болып жалғасты. Алтын тін арқау жібін үзбей жеткен жыраулық өнердің көш керуені, күні бүгінге дейін жетіп, үзілмек емес. Бабалар аманатын арқалаған, кеудесіне кие қонған жыраулар, оны жалғастырушы өскелең ұрпақтары арқылы ғана жаңаша сипатқа айналады.
Сыр бойындағы жыршылық мектептер
Жиенбай жырау мектебі
Қармақшы өңірі
Нұртуған мектебі
Арал өңірі
Нартай әншілік мектебі
Шиелі өңірі
Жиенбай жырау мектебі - Қармақшы өңірі
Қармақшы жыраулық дәстүріндегі негізгі ерекшелік, дауыстың немесе ондағы махам саз ерекшеліктерінің көмейден шығатын дыбыстың құмығыңқы, қарлығыңқы, қою болып шығатындығында. Бұр үрдіс Алтай, Хакас елдерінде де бар. Бұл мектептің негізгі өкілдері: Жиенбай жырау, Рүстембек жырау, Әбділдә жырау, Балхашбай жырау, Мұзарап жырау, Көшеней, Бидас, Алмас жыраулар. Бертін келе Серік Жақсығұлов, Руслан Ахметов, Ұлжан Байбосынова, Түрікпен Күнсұлу болып жалғасты.

Нұртуған мектебі - Арал өңірі.
Ақиық ақын Нұртуған ақын Кенжеғұлұлы Арал өңіріндегі өз атымен аталатын жыршылық мектептің соңғы формасын, жаңа жүйесін қалыптастырған ағартушы ұстаз. Бірақ Нұртуғанның қолына домбыра ұстап, топқа түсіп жыр айтқан адам емес. Эпикалық жыршылық мектеп иесіне тән басты ерекшелік-белгілі өңірлерге қатысты махам саз үлгілерін меңгерген қас орындаушы болуында. Есесіне толыққанды эпик жыршының тұлғасын сомдайтын, бул жағдаяттан Нұртуған шайыр тәрбиелеген Жәмет, Дәріғұл, Бақытжан сияқты шәкірттері тысқары болған жоқ. Бұл мектепке тән басты ерекшелік махам саз әуендерінің ашық дауыста, көмейге салына бермейтін ерекшелігімен айрықшаланады. Арал өңірі жыршылық мектебінің ірі өкілдері Рысбек Әшімов, Бекұзақ Тәңірбергенов, Жақсан жырау, Айбек Тәңірбергенов, Набат Ойнарова, Эльмира Жаңабергеновалар еді.

Нартай әншілік мектебі - Шиелі
Нартай Бекежанұлы қалыптастырған әншілік үрдістің машық мәнері ғана өзгеден ерек. Өзіне тән жеке дара мектеп, ерекше үрдіс қалыптастырған Сыр саңлағы осы. Нартай әндерінің де машық мәнерін, ол қалыптастырған мектеп үлгісінің ұяшығын Арқадағы Үкілі Ыбырай, Тайжан ақындардың мектебінен іздегеніміз дұрыс, Мектепке тән махам саз да осы ерекшеліктермен дараланады. Аталмыш мектептердің ізбасарлары Арзулла Молжігітов, Құрманбек Бекпейісов, Мұхаммедәлі Бекпейісов, Нұртілек Ахтаев, Клара Төленбаева, Ақмарал НОғайаевалар.
Көшеней Рүстембеков - 1946-1973жж 27жасында жасындай агып түскен жыраулык онердін шырақшысындай болып өткен өнер иесі. Жиенбай жыраудың немересі. 70шы жылдары жыраулық өнер құру каупінде өнерге жаңаша леп әкелген талант иесі
Қуандық Бүрлібаев - Жиенбай жырау мектебінің талантты марғаска жорғасы. Артында қалған тұяқ Амандық Бүрлібаев ата мұрасын жалғастырушы жырау
Жиенбай жырау мектебінің бүгінгі тізгінін ұстаушы ұстаз Бидас Рүстембеков шәкірттерімен
Алмас Алматов - Мардан Байділдаев фольклортанушы ғалымның аманат сөзін арқалаған талантты тұлға. Әлемдегі алғаш жырауларға диплом беріп оқытатын университет қабырғасынан білім алуға жағдай жасап, алғаш 5В0404 мамандығы бойынша Дәстүрлі жыр кафедрасын ашқан алғашқы тарихи тұлға
Бекұзақ Тәңірберген - атақты Жақсан жыраудың баласы. Жастайынан жыраулықты мұрат тұтынган өте талантты жыршы. Қысқа ғұмырында артына өлшеусіз орындаушылық шеберлік үлгісін қалыптастырып кеткен жырау.
Айбек Тәңірбергенов -Жақсан жыраудың жыраулык өнерін жалғастырушы алтынның сынығы. Жырау. Көптеген жеке толғау қиссалары бар. Қира ат дастанының авторы.
Набат Ойнарова - талантты жыршы. Арал өңірі жыршы әйел азаматтардың қатарында есімі алғаш аталатын жыршы орындаушы. Арал өңірі Махам саз ауендердің шебер орындаушысы.

Құрманбек Бекпейісов - Нартай ән мектебінің қара нары. Жырау.
Рысбек Әшімов - Арал өңірі жыраулык мектебінің аға буын өкілі. Жырау.
Елмұра Жаңабергенова - аққу сазды, сирек үнді жырау . Арал бетіндегі ақ өнердің майталман сұңгыласы. Ғалым. Педагог. Жырау.
Шәмшат Төлепова - Нартай бригадасына науша кезінен ерген талантты жыршы. Нартай махам саз әуендерін сонымен қоса Жиенбай жырау махам саздарын өзінше өрнекпен орындайтын талантты жырау
Мұхамедәлі Бекпейіс - ата жолын жалғастырушы жас өрен. Нартай ән мұрасының болашақ ұстазы
Балхашбай Жүсіп, Нартай әншілік мектебінің талантты өкілі, таза калпында жеткізуші орындаушы
Ең алғаш Қазақстан бойынша жыраулық өнердің өлмеуі үшін мақсатында,жыраулар басқа да мамандық иелері секілді білім алып ауыл үйдің өнерпазы емес,колында дипломы бар мемлекеттік мекемеге жұмысқа орналаса алатын өнердің өз адамы есебінде қалыптастыру. Алғаш Дәстүрлі ән кафедрасы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясынан ашылып, кейін 1992жылдан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінде Дәстурлі музыкалық өнер кафедрасы ашылып жыраулық өнердің өрістеуіне бірден бір жол ашылды. Ол еңбек тек жырау Алмас Алматовтікі гана еді. Сол оқу орнын бітірген талай шәкірттер мемлекеттік гос стандарт негізінде білім алып,жұмысқа орналасып алды Филология ғылымдарының кандидаты,кейінгі буын өкілдері түрлі республикалық жыршылар конкурсының бірнеше дүркін жеңімпаздары.
Алғашқы Дәстүрлі музыкалық өнер кафедрасының ашылуы
Елбасы тікелей қатысқан мемлекеттік концерт.
Астана. 2013жыл.
Серік Жаксыгулов, К.Түрікпен. Н.Ахтаев
Өнер бір күнге және бір күнде келген жоқ
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қорқыт Ата университетіне іс сапары барысында. Жырау Алмас Алматов осы жолгы кездесуде Т.Ізтілеуовтің "Шахнамасын" тарту еткен болатын
Жыраулық өнер мұрагер ұрпақтары арқылы дәстүрлік сипатқа айналады
Қазақ ұлттық өнер университетіндегі Дәстүрлі ән кафедрасының жыр айтыс мамандықтары бойынша алғашқы лек түлектері. Астана. 2014-2015жыл
Full transcript