Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

НАТО және Орталық Азия аймағы

No description
by

Ayaulym Aitzhanova

on 3 December 2013

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of НАТО және Орталық Азия аймағы

НАТО және Орталық Азия аймағы
Солтүстік атлантикалық келісім ұйымы , НА́ТО - әскери-саяси одақ. 1949 жылы 4 сәуірде 12 мемлекет (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Бельгия, Нидерланды, Люксембург, Канада, Италия, Португалия, Норвегия, Дания, Исландия) қол қойған Солтүстікатлантикалық келісімшарты негізінде құрылған .
Қазіргі таңда НАТО-ға 28 мемлекет мүше.Сонымен қатар 22 мемлекет “Бейбітшілік үшін серіктестік бағдарламасы” аясында серіктес болып табылады.
НАТО осы ұйымға кіруге ұмтылатын немесе осы ұйым саясатын қолдайтын бірқатар еуропалық мемлекеттермен “Бейбітшілік үшін ынтымақтастық ” деп аталатын келісімге қол қояды.
Бейбiтшiлiк үшiн әрiптеcтiк бағдарламасы - [Partnership for Peace] - Кеңес Одағының ыдырауынан және Варшава келісімі ұйымы өз жүмысын тоқтатқаннан кейін әлемдік саясатта НАТО-ның рөлі өзгере бастады. АҚШ өзінің Еуропадағы әскери қатысуын жартысына дейін қысқартты. Бірқатар Шығыс Еуропа елдері НАТО- ға кіруге құлшыныс танытты. Оған жауап ретінде 1994 ж. НАТО "Бейбітшілік үшін әріптестік" бағдарламасын қабылдады, оның шеңберінде ұйым Еуропа мен Азиядағы 27 елмен әріптестік қарым-қатынас орнатып, әскери жаттығулар жүргізуде. "Бейбітшілік үшін әріптестік" бағдарламасының шартына сәйкес, егер әріптес-елдерге шабуыл жасалып, қауіп төне қалған жағдайда әскери әрекеттерге НАТО-ның қатысуы міндетті емес.
1994 ж. 27 мамырда Қазақстан 19- шы мемлекет болып осы бағдарламаға қосылуға ниет білдіріп, қол қойды. Бағдарлама аясында Қазақстан НАТО-мен әскери-техникалық саладағы әріптестіктерді жетілдіріп, қорғаныс құрылы мындағы, демократия жағдайындағы қарулы күштердің қызметін жетілдіруді, әскери стратегияны дамытуды және әсіресе, НАТО-ның колледждерінде әскери білім алу мен әскери мамандардың біліктілігін арттыруды көздейді.
“Бейбітшілік үшін әріптестік бағдарламасы” 1994 жылы Солтүстікатлантикалық кеңес әріптестігінің (САКӘ) даму шеңберінде құрылды,алайда ол бастапқыда көпжақты саяси диалог негізінде құрылып,әрбір әріптес-мемлекетке НАТО-мен жеке әріптестік орнатуға мүмкіндік бермеген еді. “Бейбітшілік үшін әріптестік бағдарламасы” бұл жағдайды өзгертті.САКӘ-мен салыстырғанда ол келесідей артықшылықтарға ие болды:
-барлық мемлекеттер үшін,сонымен қатар қосылмаған Еуропа елдері үшін де ашық болды,ал САКӘ-де тек бұрынғы Варшава Шартты Ұйымындағы мемлекеттер үшін ашық еді;
-тек қана сұхбатқа ғана емес,шынайы әріптестікке мақсатталған;
-НАТО-ның кеңеюінің белгісі іспеттес болды.
Алайда Солтүстікатлантикалық кеңес әріптестігі сияқты “Бейбітшілік үшін әріптестік бағдарламасы” өте тығыз мақсаттарды алдына қойғандықтан, өз құрамындағы мемлекеттерге толық қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмады.Альянстың көзқарасы бойынша, “Бейбітшілік үшін әріптестік бағдарламасы” әрбір әріптестің барлық НАТО мүшелеріне жүктелетін міндеттерді атқаруының мүмкіндіктерін анықтаушы құрал болуы және ол осы мүмкіншіліктері сынаққа түсетін өзінше бір полигон іспеттес болуы тиіс.
1997 жылы Евроатлантикалық әріптестік кеңесі(ЕАӘК) құрылып,ол САКӘ-нің жалғасы ретінде танылды.
2002 жылдың қараша айындағы Прагадағы кездесулерде НАТО мен әріптес-мемлекеттер арасындағы әріптестікті тереңдетуге бағытталған іс-әрекеттер жоспарлары қабылданды.
“Бейбітшілік үшін әріптестік бағдарламасы” қабылданған уақыттан бері бұл бағдарламаның құрамы өзгеріп отырды.Кейбір мемлекеттер НАТО-ға кіріп,әріптес-мемлекет категориясынан мүше-мемлекет категориясына өтіп,толықтай мүше-мемлекеттер қатарына қосылды.Осындай мемлекеттер ретінде Албанияны, Венгрияны, Словенияны, Болгарияны атауымызға болады.
“Бейбітшілік үшін әріптестік бағдарламасының” басты мақсаттары болып табылады:
• әскери жоспарлаудың айқындылығына қол жеткізу және мемлекеттің қорғаныс бюджетін қалыптастыру;
• әскери күштерге демократиялық бақылауды енгізу;
• халықаралық операциялардың өткізілуін қамтамасыз ету;
• БҰҰ-ның эгидасымен және ЕҚЫҰ-ның санкцияларымен жүзеге асырылатын қажетті көмек беру операцияларына күш пен қаражатты жеткілікті деңгейге жеткізу;
• әріптес-мемлекеттерге бейбтшіл, құтқару, гуманитарлық операцияларына қатысу үшін қажет білім және біліктілік деңгейін арттыру.Ол үшін бағдарламаға НАТО-мен әскери әріптестікті дамыту бөлімдері қосылды,оның астарында біріккен жоспарлауды жүзеге асыру және жеке құрам мен оқытуды жүзеге асыруды дайындау жатыр;
• Еуропа көлеміндегі әскери және саяси әріптестікті кеңейту және активизациялау,тұрақтылықты арттыру,әлемге төнген қауіпті бәсеңдету,Солтүстікатлантикалық альянстың демократиялық принциптеріне сәйкес әріптестік пен қарым-қатынасты нығайту.
“Бейбітшілік үшін әріптестік бағдарламасының” ресми негізі Рамалық құжат болып табылады,онда әрбір әріптес-мемлекетке қатысты нақты нұсқаулар айтылады.Осы құжатқа сәйкес,әрбір әріптес-мемлекет өзіне маңызды міндеттемелерді алады:
• демократиялық қоғамды сақтау;
• халықаралық құқық принциптерін бұзбау,БҰҰ-ның Жарғысынан,Адам құқықтары декларациясынан,Хельсинкидегі қорытынды акт пен қарусыздану және қарулануды бақылау туралы халықаралық келісімдерден шығатын міндеттерді орындау;
• басқа мемлекеттерге қарсы күш қолдану мен қорқытудан аулақ болу; мемлекеттердің нақты белгіленген шекараларын бұзбау;
• дау-дамайларды бейбіт жолмен шешу.
“Бейбітшілік үшін әріптестік бағдарламасы” аясында әріптес-мемлекеттер НАТО-мен үш деңгейде әріптестікті жүзеге асырады.
Бірінші деңгей. Жеке әріптестік бағдарламасы(ЖӘБ) IPP –( individual partnership programme ).
ЖӘБ “Бейбітшілік үшін әріптестік бағдарламасы” шеңберінде жүзеге асатын НАТО-мен әріптестіктің бірінші кезеңі болып табылады.
ЖӘБ өз құрамына кең көлемді іс-әрекеттер жиынтығын қосады, ол бойынша әріптес-мемлекет НАТО-мен қарым-қатынас орнатуға тырысады. Жыл сайын ЖӘБ шеңберінде 1500-ге жуық іс-шаралар өткізіледі. Басты назар НАТО-мен өткізілетін моневрларда әріптес-мемлекеттердің әскерилерінің қатысуына бөлінеді.
Әріптес-мемлекеттер өз қалауы бойынша іс-қимылдар жиынтығын таңдайды және оны НАТО басшылығына хабарлайды. Альянс өз кезегінде ұсыныстарды зерттеп, жобалардың іске асырылуын қабылдайды. Іс-қимылдар жиынтығын қаржыландыру мәселесі көп жағдайда әріптес-мемлекеттерге жүктеледі. ЖӘБ, БӘБ-ның әске асырушы механизмі бола тұра, тренингтер мен білім беруді жүргізуге кең көлемді мүмкіндіктер бар. Әріптес-мемлекеттердің әскерилері аталған бағдарлама аясында Обераммергау, Любляне, Будапештте және Анкарада орналасқан білім орталықтарында әскери білім негіздерін үйренеді.
Екінші деңгей. Үрдістерді жоспарлау және анализдеу бағдарламасы (ҮЖАБ). ҮЖАБ БӘБ шеңберіндегі әріптестіктің екінші деңгейі болып саналады. Осылайша, ҮЖАБ БӘБ аясындағы әріптестіктің нақты мақсаттарын одан әрі күшейтуді көздейді.
ҮЖАБ НАТО-ның көп ұлтты операцияларында, білім беру саласына қатысуға ниеті бар әріптес-мемлекеттің қорғаныс сферасын және әскери күштерін бағалайды. Мақсаты – НАТО-ның стандарттарына сай баға мен күшке сәйкес болуы, көп ұлтты оқу, жаттығу және бейбітшіл операцияларына қатысуға дайындығын тексеру. ҮЖАБ шеңберіндегі іс-қимылдар жиынтығының басты бағыты: өзара іс-әрекеттерді, жаңа әскери оқытуды, бейбітшіл операцияларды жоспарлау. Сапа жағынан бағалайтын болсақ, ҮЖАБ шеңберіндегі әріптестік БӘБ-ға қарағанда жоғары.
Үшінші деңгей. Жеке әріптестік бойынша іс-әрекеттер жоспары (ЖӘІӘЖ). ЖӘІӘЖ «Бейбітшілік үшін әріптестік бағдарламасының» үшінші деңгейі болып саналады. ЖӘІӘЖ 2002 жылдың қараша айында НАТО-ның Париждегі саммитінде әріптес-мемлекеттер үшін ашық деп жарияланды. ЖӘІӘЖ әріптес-мемлекеттің НАТО-дағы қорғаныс секторының интеграциялануына қатысты нақты іс-шараларды көрсетеді. Жоспар, сонымен қатар, НАТО-дағы әріптес-мемлекеттердің мүше-мемлекеттерге көмек бере алатын сфераларын орнатады, олардың оқу және жаттығу мүмкіндіктерін жоғарылатуды анықтайды.
Серіктестіктің негізгі кезеңдері
1992 Түркіменстан Солтүстікатлантикалық ынтымақтастық Кеңесіне қосылды, 1997 ж. Еуроатлантикалық ынтымақтастық Кеңесі деп атауы өзгертілді.
1994 Түркіменстан «Бейбітшілік үшін серіктестікке» қосылды.
1995 Түркіменстан мен НАТО ел үшін алғашқы Серіктестіктің жекелеген бағдарламасын (СЖБ) бекітті.
2002 Түркіменстан СЖБ-ны төтенше азаматтық жоспарлау бойынша аймақтық курстар өткізді.
2003 Түркіменстан Виртуалды жібек жолына қосылды.
2007 НАТО-ның Бас хатшысы НАТО-ның штаб-пәтерінде Түркіменстанның жаңа президенті Г.Бердымухамедовпен кездесті.
Түркіменстан Ауғанстан ж/е Орталық Азия кадрларын есірткіге қарсы күрес әдестеріне үйрететін Кеңестің Ресей-НАТО Тәжірибелік жобасы шеңберінде өз елінде Нұсқаушылардың мобильді тобын қабылдады.
Диалог Еуроатлантикалық серіктестік Кеңесі (СЕАП) шеңберінде іске асырылады. НАТО Бас хатшысының Кавказ ж/е Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Роберт Ф.Симмонс елге тұрақты іс-сапарлар арқылы Түркіменстан билігімен жоғары деңгейлі саяси диалог жүргізеді.
НАТО мен Түркіменстан елдің Серіктестіктің жекелеген бағдарламасын басшылыққа ала отырып бірқатар салаларда іс жүзіндегі ынтымақтастықты дамытуда.
Түркіменстан мен НАТО-ның ынтымақтастығы түркімен кадрларын НАТО мен БҮС мәселелерімен таныстыру, сондай-ақ шекаралық бақылау ж/е шекаралардың қауіпсіздігі, азаматтық төтенше жоспарлау, қорғаныс бюджетін қалыптастыру мен қорғаныс секторын басқару сынды бағыттарда өзара әрекеттестікті тереңдетуге бағытталған.
НАТО мен Тәжікстан арасындағы қатынастар 1992ж мемлекеттің Солтүстікатлантикалық ынтымақтастық Кеңесіне (1997ж Еуроатлантикалық ынтымақтастық Кеңесіне – СЕАП) қосылуымен басталды.
2002ж Тәжікстан НАТО-ның мүше-мемлекеттерінің «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасына қосылды.
«Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасына қосылған сәттен Тәжікстан белсенді рөл атқарды, БҮС жаттығуларын өз территориясында және қатысты, мұнда әскери басқарма, азаматтық төтенше жоспарлау және азаматтық-әскери ынтымақтастық мәселелеріне баса мән берілді. Ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға мүмкіндіктер бар.
Негізгі кезеңдер:
1992 Тәжікстан Солтүстікатлантикалық ынтымақтастық Кеңесіне қосылды, 1997ж Еуроатлантикалық ынтымақтастық Кеңесі деп атауы өзгертілді.
2002 Тәжікстан «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасына қосылды.
2003 Тәжікстан «Виртуалды жібек магистраліне» қосылды.
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның НАТО-ның штаб-пәтеріне алғашқы сапары.
2004 НАТО-ның Бас Хатшысы Яап де Хооп Схеффердің Душанбеге сапары.
НАТО-ға мүше-мемлекеттер мен Тәжікстан НАТО мен ИСАФ-тың Ауғанстандағы операцияларға қолдау үшін транзит туралы келісімге қол қойды.
БҮС мақсатты қоры жобасы шеңберінде Тәжікстанда 1200-ден астам жаяу әскерге қарсы миналар жойылды.
2005 НАТО-ның қолдауымен жыл сайын ұйымдастырылатын Жазғы академия Тәжікстандағы алғашқы курсын өткізді.
2007 2 шілдеде Тәжікстанның СІМ Хамрохон Зарифи НАТО-ның штаб-пәтеріне іс-сапармен барды ж/е НАТО бас хатшысымен сұхбат жүргізді.
2008 НАТО сарапшылар тобының Душанбеге сапары.
Тәжікстанда НАТО қолдауымен ұйымдастырылатын Жазғы академия өткізілді.
2010 Нью-Йоркта Тәжікстан Президенті Э.Рахмон мен НАТО Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссеннің кездесуі
Тәжікстан НАТО-ның Ауғанстандағы операцияларын өткізуге қолдау көрсетуде маңызды рөлге ие: Душанбе әуежайы территориясында Франция ӘӘК ұшу аппараттары орналасқан.
НАТО мүше-мемл. мен Тәжікстан халықаралық терроризммен күресте ынтымақтасады. Солт.атлантикалық альянс ел террит-да, болашақта тек ұлттық емес, аймақтық орталыққа айналатын, антитеррорлық орталық құру мүмкіндіктерін қарастыруда.
Тәжікстан НАТО/БҮС операциялары мен жаттығуларына қатысуға дайын бөлімдер мен бөлімшелердің тізімін жасады. Бөлімдер мен бөлімшелердің құрамына кірді: Тәжікстан террит-да БҮС шараларын қамтамасыз ету үшін жаяу әскер взводы, штаб офицерлері тобы мен дәрігерлер тобы.
НАТО мен Түркіменстан арасындағы қатынастарды «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасы аясында қарастырған жөн. Түркіменстан бағдарламаға 1994 ж. қосылды. Ел қатаң бейтараптылық саясатын ұстанады және өз әскери күштері бөлімшелерін ж/е инфрақұрылым объектілерін НАТО басшылығымен жүргізілетін операцияларға байланысты пайдалануға бермейді.
Қатаң бейтараптылық саясатын ұстанатын Түркіменстан табиғи апаттар, гуманитарлық ж/е іздеу-құтқару операциялары орын алған жағдайда көмек көрсету операцияларына бір реттік қатысуға дайын.
Түркіменстан Әскери Күштерінің ресми өкілдері Обераммергаудағы (Германия) НАТО Мектебінде ж/е өзге мекемелерде бірқатар курстарға қатысты. Олардың бағдарламаларына қарулануды бақылау, қарусыздану мен таратпау, қарулы қақтығыстар құқығы, сонымен қатар антитеррорлық күрес әдістері мен контрабандалық сауда мәселелері, шекара қауіпсіздігі, қорғаныстық бюджетті құру, шет тілдері, медициналық қызмет, т.б. арнайы курстар енді.
Азаматтық төтенше жоспарлау
Ынтымақтастықтың негізгі салалары азаматтық төтенше жоспарлау мен табиғи апаттар жағдайында көмекті координациялау болып табылады. НАТО мүшелерімен кеңесе отырып Түркіменстан өзінің азаматтық күштерінің мүмкіндіктерін және табиғи ж/е техногенді жағдайларға жауап беру құралдарын дамытады, сонымен қатар түркімен бөлімшелерін табиғи апаттар жағдайында халықаралық операцияларға қатысуға дайындайды.
Ғылым және қоршаған орта
«Ғылым бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін» бағдарламасы шеңберінде Түркіменстан ғылым мен қоршаған ортан саласындағы ынтымақтастықтың 8 жобасының гранттарына ие болды. Олардың ішінде – Орталық Азияда радиоактивті қатерлерді зерттеу және Каспий теңізінің оңтүстігіндегі мұнай құймалары мен мұнай ластануының алдын алу.
Түркіменстан Виртуалды жібек жолы жобасына қатысады, оның мақсаты – жерсеріктік желі арқылы Кавказ және Орталық Азия елдерінің университеттері мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің Ғаламтор желісіне қолжетімділігін жақсарту.
НАТО-ға мүше-мемлекеттермен ақылдаса отырып, Тәжікстан өкімет, парламент және қарулы күштердің өзара әрекеттестігінің тәртібін жасады. Тәжікстан БҮС механизміндегі «Жоспарлау ж/е сараптама үдерісіне» қатысу мәселесін қарастыруда.
Әскери білім – ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі, сондықтан НАТО мен Тәжікстан қауіпсіздік пен шекараларды қорғау, шет тілдерін үйрену сынды салаларда арнайы курстар дайындайды. Тәжікстан НАТО-ның оқу-таныстыру курстарына және Обераммергаудағы НАТО Мектебінің өзге де курстарына қатысу үшін офицерлер жіберді.
Тәжік ғалымдары НАТО-ның «Ғылым бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін» бағдарламасына енетін салаларда гранттарға ие болды.
2010ж тәжікстандық мамандар НАТО-ның «Ғылым бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін» бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылған ж/е ғалымдар мен инженерлерді ТМД аймағында ғылым-білім беру қауымдастықтарының кибернетикалық желілерін қорғау үшін жаңа технологияларға оқытуға арналған бағдарламаға қатысты.
Сондай-ақ НАТО ж/е өзге серіктес-елдермен уран өндіру ж/е экологиялық қауіпсіздік саласында бірлескен қызмет жүргізілуде, және «Ғылым бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін» бағдарламасы үшін жаңа жобалар дайындалуда.
Қырғызстан мен НАТО ынтымақтастығының негізгі бағыттары:
Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық;
Қауіпсіздік пен қорғаныс секторларының реформасы;
Азаматтық төтенше жоспарлау;
Ғылым ж/е қоршаған орта;
Қоғамды ақпараттандыру
НАТО мен Өзбекстан арасындағы қатынастар 1991 ж 21 желтоқсанда бекітілді. Өзбекстан Президенті И.Каримов НАТО-ның Вашингтондағы (1999), Прагадағы (2002), Бухаресттегі (2008) саммиттеріне қатысты. Бухарест саммитінде мемлекет басшысы Ауғанстандағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа НАТО-ның қатысуымен қол жеткізуде «6+3» байланыс тобын құру бастамасын ұсынған болатын.
2009 ж Өзбекстан НАТО-мен Ауғанстандағы қауіпсіздікті қолдаудың халықаралық күштерінің операцияларын қолдау үшін Әскери емес жүктерді тасымалдау туралы Келісімге қол қойды. Ал 2012 ж Өзбекстанның Солт.атланттық альянспен Ауғанстаннан ISAF-ке мүше елдердің әскери емес жүктерін тасымалдау туралы келісім күшіне енген болатын.
НАТО-ның «Бейбітшілік үшін ынтымақтастық» бағдарламасының құжатына Қырғызстан тарапынан 1994 ж 1 маусымда қол қойылған болатын. Осы кезде ынтымақтастықтың басымдылықтары, көпжақты өзара әрекеттестіктің әскери ж/е әскери емес сфералары анықталған құжат та таныстырылған болатын.
НАТО бас хатшысының Кавказ бен Орталық Азиядағы арнайы өкілі Джеймс Аппатурай Қырғызстан басшылығымен саяси диалогты жоғары деңгейде жүргізуде. Қырғызстанға тұрақты түрде сапармен келіп тұрады.
НАТО мен Қырғызстан тәжірибелік ынтымақтастықты Ынтымақтастықтың жеке бағдарламасы (ЫЖБ) арқылы бірқатар салаларда дамытуда. Бұл бағдарлама екі жыл сайын жаңартылып бекітіліп отырады.
2007 ж Қырғызстан НАТО-ға мүше-елдермен қорғаныстық жоспарлау саласындағы бастамаларда өзара тығыз әрекеттесу мақсатында БҮЫ жоспарлау ж/е сараптау үдерісіне (ПАРП) қосылды.
Қырғызстан БҮЫ көптеген оқуларына қатысады. Қырғыз үкіметі НАТО/БҮЫ оқулары мен операцияларына қатысуға дайын бірқатар бөлімдер мен бөлімшелерді қарастырды. Әрбір нақты жағдайда ел үкіметі қатысу туралы шешім қабылдауы тиіс. Бөлім мен бөлімшелерге кірді: жаяу әскер ротасы, Ұлттық гвардия құрамынан арнайы взвод, шекара әскерлері ротасы.
НАТО мүше-елдерімен кеңесіп, Қырғызстан қарулы күштерді реформалауды жүзеге асырды. Қырғызстан 2007 ж қосылған ПАРП үдерісі алдағы уақыттағы реформалар үшін жоспарлар мен шараларды дайындауда үкіметке жәрдемдеседі. Қырғызстан сонымен бірге НАТО-ның қолдауымен жүзеге асырылатын бұрынғы әскери қызметкерлерді қайта дайындау бағдарламасына да қатысады. Бағдарламаның мақсаты – бұрынғы әскери қызметкерлерді азаматтық жұмысбастылық нарығына бейімдеуге жәрдемдесу арқылы елдің қарулы күштерін қайта құрылымдаудың әлеум/к-экон/қ салдарларын жұмсарту.
Азаматтық төтенше жоспарлау
Бұл Қырғызстан үшін ынтымақтастықтың басты салаларының бірі. Мұнда ол НАТО мүше-елдерімен бірге табиғи апаттар мен төтенше жағдайларда тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін жұмыс жүргізеді. Қырғызстан сәйкес ғылыми ж/е техникалық ынтымақтастыққа қызығушылық танытып, өз сарапшыларын аталмыш тақырыпқа арналған, Обераммергаудағы НАТО Мектебінде өткізілетін семинарларға, сонымен қатар сәйкес НАТО штаб-пәтеріндегі пікірталастарға қатысуға жіберуде.
Ғылым және қоршаған орта
Қырғызстан ғалымдары НАТО-ның «Ғылым бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін» бағдарламасына кіретін бірқатар салаларда гранттарға ие болды. 2006 ж маусымда Ыстықкөл ауданында медицина мен биология саласындағы жетекші зерттеулер бойынша симпозиум өткізілді. НАТО-мен ж/е басқа да серіктес елдермен бірге Қырғызстан уран өндірудің қоршаған орта үшін салдарлары мәселесін ж/е экологиялық қауіпсіздіктің басқа да мәселелерін шешуді жалғастыруда. Қырғызстан «Виртуальді жібек магистраль» жобасына қатысады, мақсаты – жерсеріктік желіні пайдалану арқылы Кавказ бен Орталық Азия елдерінде ЖОО қызметкерлері мен ғылыми қызметкерлері үшін Ғаламторға қолжетімділікті жақсарту. 2010 мамырда Қырғызстан ғалымдары мен инженерлері, және де ТМД-ның басқа да елдері, НАТО-ның кибернетикалық желілерді қорғауға үйрету бойынша ғылыми бағдарламаға қатысты.
Қоғамды ақпараттандыру
Қырғызстан мен НАТО қоғам тарапынан НАТО-ны жақсы түсінуге ж/е ынтымақтастықтың пайдасын түсіндіруге қол жеткізу мақсатында бірге жұмыстар жасауда. Сонымен қатар Қырғызстан қоғамның қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы реформалар туралы ақпараттандырылуының деңгейін көтеруге ұмтылуда. НАТО қауіпсіздік пен қорғаныс мәселелерімен б/ты білім беру жұмыстарын жүзеге асыруға қолдау көрсетеді, ж/е азаматтарға қауіпсіздікке қатысты НАТО құжаттары мен мәліметтерін қолжетімді қылу мақсатында Қырғызстанмен ортақ жұмыс жүргізуде. Осы мақсатта 2009 ж ақпанда НАТО мен Қырғызстан Бішкектегі Дипломатиялық академияда НАТО Депозитарлық кітапханасын ашқан болатын.
1992 Қырғызстан Солт.атланттық ынтымақтастық Кеңесіне қосылады.
1994 Қырғызстан «Бейбітшілік үшін ынтымақтастық» бағдарламасына қосылады.
2000 НАТО бас хатшысының Қырғызстанға сапары
2003 Қырғызстан «Виртуальді жібек магистральға» қосылды.
2004 НАТО бас хатшысының Қырғызстанға сапары
2006 НАТО-ға мүше-елдер елдің оңтүстігіне зиян келтірген күшті қар жаууынан кейін табиғи апаттар жағдайында әрекет етудің Еуроатланттық координациялық орталығы арқылы Қырғызстанға көмек көрсетті.
2007 Қырғызстан ПАРП үдерісіне қосылды.
2008 Қырғызстан астанасы Бішкекте «Ғылым бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін» бағдарламасының қолдауымен «Лаңкестікпен күресте күш қолдану» атты оқу курстары ұйымдастырылды.
2009 Бішкектегі Дипломатиялық академияда НАТО Депозитарий кітапханасы ашылды.
Қырғызстан ресми түрде НАТО-ның қолдауымен бұрынғы әскери қызметкерлерді қайта дайындау бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті.
2013 ж 17 қыркүйекте Қырғыз Республикасы Президенті Алмазбек Атамбаев НАТО Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссенмен кездесу өткізді. Кездесу барысында осы екі тарап арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қаралған болатын.
1994 ж 13 шілдеде Өзбекстан БҮЫ бағдарламасына қол қойып, 1996 ж бастап жыл сайын дайындалатын әріптестіктің жеке бағдарламасы шеңберінде басты бағыттар бойынша өзара әрекеттестіктер жүзеге асырылуда: әскери кадрларды дайындау, тілдік дайындау, лаңкестікпен күрес, ғылым мен азаматтық төтенше жоспарлау саласындағы ынтымақтастық, т.б. 2002 ж Өзбекстан ПАРП бағдарламасына қосылатындығы туралы шешім қабылдады.
2011 ж 24 қаңтарда Өзбекстан Президенті И.Каримов Брюссельге сапары өтті. Соның шеңберінде Президент НАТО Бас хатшысы А.Расмуссенмен кездескен болатын. Бұл кездесу Өзбекстан мен Солт.атланттық альянс әрекеттестігіне айтарлықтай қарқын берді.
НАТО ж/е серіктес елдердің ғылыми ұйымдарымен ғылыми-техникалық ынтымақтастық пен серіктестік байланыстарды дамытудың маңызы үлкен. Соңғы жылдардағы Өзбекстанның осы құрылыммен ынтымақтастық тәжірибесі серіктес елдер қатысуымен НАТО бағдарламасының тиімділігін көрсетті. Қазіргі уақытта Альянспен бірге Өзбекстанда ақпараттық технологиялар,медицина ж/е т.б. салаларда бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.
1994 жылдың қаңтар айында қауіпсіздікті және тұрақтылықты нығайту, НАТО және әрбір қатысушы мемлекеттердің арасындағы нақты әріптестікке қол жеткізуді мақсат ететін НАТО ұсынған «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасы кең ауқымды бастамашылық болып табылады. Бұл бағдарлама өте маңызды және қазіргі қауіпсіздікті құрудың ажырамас бөлігі болды.
Қазақстанның ынтымақтастығы БҮӘ бағдарламасының шеңберінде НАТО-мен ықпалдастықтың кең көлемін қамтиды, оған сондай-ақ азаматтық төтенше жоспарлау, дағдарысқа қарсы реттеушілік, қарулы күштерге және қорғаныс құрылымдарына демократиялық бақылау жасау, қорғаныс саясаты және стратегиясы, әскери оқулар және әскери білім және т.б. енеді.
Сұхбаттың тереңдеуіне екі жақты байланыстардың жоғары даму үрдісі куә. 2003 – 2004 жылдары НАТО Бас хатшысының көмекшілері Г.Альтенбург және Ж.Фурне, Директораттардың басшылары Я.Сконежка және Ф.Боланд, НАТО-ның Халықаралық әскери штабы басшысының көмекшісі, генерал-майор Ф.Яниз, сондай-ақ бейтарап сарапшы топтары Қазақстанға сапар жасаған болатын. 2005 жылдың наурыз және қазан айларында, 2006 жылдың шілде және қыркүйек айларында, 2007 жылдың ақпан, мамыр және қазан айларында, 2008 жылдың сәуір айында НАТО Бас хатшысының Орта Азиядағы және Кавказдағы Арнайы өкілі Р.Симмонстың ресми сапарлары болды. 2008 жылдың 9-12 маусымда НАТО-ның Парламенттік ассамблеясының (НАТО ПА) Президенті Ж.Лелло Қазақстанға алғашқы ресми сапары болды. 2008 жылғы 11 қыркүйекте ҚР Қорғаныс министрі Д.Ахметовтың шақыруымен НАТО Бас хатшысының орынбасары Клаудио Бисоньероның Қазақстанға алғашқы сапары өтті. 2008 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Д.Әхметов басқарған қазақстан делегациясы Бухарестте өткен НАТО/СЕАП саммитіне қатысты. 2008 жылғы шілде айында Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен Солтүстік Атлантикалық Кеңес келесі СЕАП Қауіпсіздік форумын (Сыртқы істер министрлер деңгейіндегі бейресми кездесу) Қазақстанда 2009 жылғы 24-25 маусым кезеңінде өткізу туралы шешім қабылдады. Қауіпсіздік форумы Саммиттен кейінгі НАТО-ның ең үлкен іс-шарасы.
Қазақстан Республикасы және НАТО арасындағы ынтымақтастық 1992 жылы біздің елімізге 1997 жылы Еуроатлантикалық әріптестік кеңесіне (ЕАӘК) болып қайта құрған, Солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық кеңесіне кіруімізден басталады. ЕАӘК Қазақстанға НАТО-ға қатысушы мемлекеттерімен және еуразиялық әріптестік мемлекеттерімен халықаралық қауіпсіздіктің ең өзекті мәселелері жөніндегі нәтижелі сұхбатты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының ЕАӘК-ның жыл сайынғы Сыртқы істер және қорғаныс министрлерінің кеңесіне қатысуы ынтымақтастықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Саяси сұхбатты және әскери ынтымақтастықты терендету мақсатында 1994 жылы 27 маусымда Қазақстан «Бейбітшілік үшін әріптестік» (БҮӘ) атты бағдарламасына қосылған болатын.
2004 жылдың қазан айында Алматы қаласында және 2006 жылдың желтоқсан айында Брюссель қаласында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың НАТО-ның Бас хатшысы Яап де Хооп Схеффермен болған кездесулері барысында күш-жігерді біріктіру және терроризммен, экстремизммен, есірткенің заңсыз айналымымен, сондай-ақ қару-жарақ контрабандасына қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты орнату жөнінде маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді. Осы бағыттағы бірлескен жұмыс 2006 жылғы 31 қаңтарда қабылданған Қазақстан және НАТО арасындағы Әріптестік іс-қимылы жөніндегі жеке жоспардың (ӘІЖЖ) шеңберінде іске асырылады.
«Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасының шеңберінде төтенше азаматтық жоспарлаудың саласындағы ынтымақтастық дамуда. НАТО-ның әріптестері мен қатысушылары мамандандырылған құрылымдарының төтенше жағдайларды алдын алу және жоюдың ұлттық жүйесін жетілдіру, өртпен күресу, техногендік және табиғи апаттардың салдарын жою, азаматтық қорғаныс, босқындармен жұмыс істеу саласындағы тәжірибелері ерекше қызығушылық тудырады.
Альянспен сұхбатты нығайту үдерісіндегі маңызды оқиға Қазақтан Республикасы Парламентінің НАТО-ның Парламенттік Ассамблеясындағы (НАТО ПА) бақылаушы мәртебесін алуы болып табылады. Тиісті шешімді ҚР Парламентінің қос палатасының төрағалары жасаған өтініштерінен кейін 2004 жылғы 15 қарашада Парламенттік Ассамблеясының Тұрақты комитеті мәжілісінде қабылдаған болатын.
2008 жылғы 12-13 қараша кезеңінде Қазақстан Республикасының делегациясы Мемлекеттік хатшы Қ.Саудабаевтың басшылығымен Валенсия қаласында (Испания) өткен НАТО Парламенттік Ассамблеясы сессиясының жалпы отырысына қатысты. Мемлекеттік хатшы Қазақстанның ғаламдық және өңірлік қауіпсіздік мәселелеріне және НАТО-мен қарым-қатынасына көзқарасы туралы мәлімдеме жасады.
ӘІЖЖ-нің қабылдануы Қазақстанның НАТО-мен өзара қарым-қатынастарын сапалы жаңа деңгейге шығарады және Солтүстік Атлантикалық Альянсімен халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің ең өзекті мәселелері жөнінде жан жақты сұхбатты тереңдетуді жәрдемдесуге бағытталған.
2006 жылы ӘІЖЖ жүзеге асыру аясында Қазақстан мен НАТО сарапшыларының жүмыс кездесулері болып өтті.
2008 жылғы 7-11 сәуір кезеңінде Астана және Алматы қалаларында екінші «НАТО мен Қазақстан әріптестігі аптасы» өтті. Оның шеңберінде ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының негізінде НАТО-ның депозитардық кітапханасын ашылуы болды.
Қазақстан НАТО-ның Білім жөніндегі комитетінің барлық шағын бағдарламаларына қатысады. Бірлескен жобалар, ең әуелі, Семейдің, Арал теңізінің, ядролық қаруды таратпау режимін нығайту және биоқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне бағытталған.
Орындаған: Айтжанова Аяулым, Аблмажинова Ақмарал, Жүнісова Жазира, Искакова Алия
Full transcript