Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Жапония

No description
by

Meruert Nurmysheva

on 16 October 2014

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Жапония

Қабылдаған: Шадаева Ш. А
Орындаған: Нұрмышева М.Ғ

Жапония
Жапонияның ұлттық туы "хиномару" деп аталады. Онда ақ фонға қызыл дөңгелек бейнеленген. Бұл қызыл дөңгелек күннің шығуын нышандайды.
Елтаңбасы
Тарихы
Экономикасы
Саяси жүйесі
Жаһандық және аймақтық үрдістегі Жапония
Демографиялық жағдайы
Жоспар:
Тарихы
Қазіргі Жапония аумағына адамдар неолит дәуірінде қоныстана бастаған. Алғашқы тұрғындар Азия құрлығынан топ-топ болып қоныс аударған деген жорамал бар. Олар жер өңдеумен, мал шаруасымен айналысқан (Дзәмон және Яеи мәдениеттері). Б.з.б. 2 ғ-дан бастап тайпалар одағы қалыптасып, ямато тайпалық одағы негізінде ежелгі Жапон мемлекеті пайда болды.
1867 — 1868 жылғы революциядан кейін сегундердің билігі аяқталып, жоғары билік императордың қолына өтті. Басқару жүйесі еуропалық үлгіге көшіріле бастады. 1871 жылы князьдіктер жойылып, орнына префектуралар құрылды. 1872 — 1873 жылы үкіметке төлейтін бірыңғай салық енгізілді. Нәтижесінде, 1868 — 1885 жылы 1300 жаңа өндіріс орындары ашылды.
1894 — 1895 жылы жапон-қытай соғысы болып, нәтижесінде, Жапония алғашқы отары Тайвань, Пэнхуледао аралдарын басып алды және Қытай мен Кореяға өз үстемдіктерін орната бастады.
1904 — 1905 жылы орыс-жапон соғысы болып өтті. АҚШ пен Ұлыбританияның қолдауына сүйенген Жапония жеңіске жетіп, Ресей Кореядағы жапон үстемдігін мойындады және Қиыр Шығыстағы Порт-Артур, Дальний порттарынан, Оңтүстік Сахалин аралдарынан бас тартуға мәжбүр болды
.
1945 жылы 6 — 9 тамыз күндері Америка әскери-әуе күштері Жапонияның 2 қаласына (Хиросима мен Нагасаки) атом бомбасын тастады. 1945 жылы 9 тамызда Кеңес әскерлері шабуылға шығып, Маньчжурияны, Солтүстік Кореяны, Оңтүстік Сахалин және Куриль аралдарын азат етті. 2 қыркүйек күні (1945) Жапония өзінің толық жеңілгендігі жөніндегі актіге қол қойды.
Корея соғысына (1950 — 1953) қажетті әскери тапсырыстың күрт артуы өнеркәсіптің жедел дамуына алып келді. Сөйтіп, 1950 жылдардан бастап экономика тез арада көтеріліп, 60-жылдардың аяғына таман Жапония дамыған елдер арасында АҚШ-тан кейінгі 2-орынға шықты.
Шығыс Азиядағы аралды мемлекет

Жалпы жер көлемі-378мың км.кв
Халқы-127 076 183. Орташа өмір сүру жасы: ерлер – 78.8, әйелдер – 85,62. 99% -жапондықтар,1%-қытай, корей
Қала тұрғыны-78%
Астанасы-Токио
Ірі қалалары-Иокогама, Осака, Нагоя.
Елде ерте феодалдық кезеңнің өзінде енген екі негізгі дін бар: синтоизм және буддизм. Дінге сенушілер бір мезетте қатар өмір сүріп жатқан осы екі дінді де тұтынады; қайсысының әсері басым болса, соған көбірек ден қояды.

Саяси жүйесі
Жапония-конституциялық
Монархия.

Мемлекет басшысы-
Император.

Заң шығарушы орган-
2 палаталы парламент

Ұлттық волютасы- иен

император Акихито

премьер -министр Синдзо Абэ

1947 жылы 3 мамырда қабылданған конституция бойынша император — “мемлкет пен халық бірлігінің көрінісі”. Ол парламенттің ұсынысы бойынша премьер-министрді тағайындайды және премьер-министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін, Жоғарғы соттың төрағасы мен мүшелерін тағайындайды немесе орнынан алады. Конституция бойынша, мемлекет істерге толығымен премьер-министр басқаратын үкімет жауап береді. Жоғарғы заң шығарушы орган парламент — екі палатадан (өкілдер палатасы және кеңесшілер палатасынан) тұрады. Ұлттық мерекесі 23 желтоқсан (император Акихитоның туған күні).

Т о к и о – Жапон аралдарының ішіндегі ең үлкен Канто жазығында орналасқан дүние жүзіндегі аса ірі қала. Ол 1869 жылы елдің астанасы болды және «Шығыс астана» дегенді білдіретін осы атауына сол кезде ие болған. Өзінің тым ретсіз салынуымен ерекшеленетін Токио - дүние жүзіндегі ең халқы көп қалалардың бірі.Мұндағы халықтың орташа тығыздығы 1 км2 –ге 800-1000 адамнан келеді, ал ондағы адамның жалпы саны 55 млн-ға жетеді.

Экономикасы
Жапония экономикалық даму жағынан дүние жүзінде АҚШ-тан кейін 2-ші орында, ал, ЖІӨ бойынша 4,5 триллионды құрай отырып,АҚШ пен Қытайдан кейінгі 3 орында. Пропорция жағынан жоспар мен нарықтың сәйкес келуі оптималды және эффективті экономикалық саясатты немесе жапондықтардың өзі атағандай ”индустриялды саясатты” жүргізуге мүмкіндік берді. Бұл саясатта екі негізгі элемент болды біреуі – бөлек өндіріс орындар дәрежесінде менеджмент, техника мен технологияны және жаңашыл ғылыми тетістіктерді еңізу жолы арқылы өндірісті райионалдандыру (микродәрежеде) және екіншісі – бүкіл экономика үшін эффективті бағаттағы, өнеркәсіпте құрылымдық қайта болды (макродәрежеде
Жапония шаруашылығының аса маңызды ерекшелігі – оның халықаралық экономикалық байланысқа айрықша кеңінен тартылуында. Елдің нашар қамтамасыз етілуі - өз отыны мен шикізатының жетіспеуінде, сондықтан оның 9/10 бөлігін сырттан алады. Екінші жағынан, елдің экономикасы дайын өнімдерді экспорттауға төтенше тәуелді. Жапония белсенді сауда балансына ие. Дүние жүзінің көптеген елдері жапон фотоаппараты, бейне үнтаспалары, калькуляторы, сағатың автомобилі мен мотоциклін сатып алады. Жапония – барлық Азия – Тынық мұхит аймағы елдерінің басты сауда серігі. Жапон бизнесмендерінің айтатын сөзі – «сауда жасау немесе өлу». Соңғы кезде бұл ел тауар экспорттаудан капатал экспорттауға көбірек ойысып барады. Жапондық тікелей инвестиция негізінен Солтүстік Америкаға, Еуропаға, Азияның басқа да елдеріне бағытталған.

Жапония Қазақстанның тәуелсіздігін 1991 жылдың 28 желтоқсанында мойындады.

Дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 26 қаңтарында орнатылды.

1997 жылдың ақпанынан бастап Токиода Қазақстан Республикасының Елшілігі жұмыс істейді.

2007 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасының Жапониядағы елшісі А.Камалдинов болып табылады.
Жапонияның Елшілігі 1993 жылы Алматыда ашылды (2005 жылдың қаңтарында Елшілік Астанаға көшірілді). 2010 жылдың қыркүйек айынан бастап Жапонияның Қазақстандағы елшісі Юдзо Харада болып табылады.
Қазақстандық статистикалық мәліметтерге сәйкес, сауда айналымы 2011 жылы 1,68 млрд. долларды (экспорт – 1,04 млрд., импорт – 554,7 млн.) құрады. 2012 ж. қаңтар-наурыз аралығында сауда айналымы – 460,4 млн.долларды (экспорт – 285,9 млн., импорт – 174,5 млн.) құрады.
Қазақстандық экспортты негізінен металлдар, соның ішінде сирек кездесетін металлдар мен ферросплавтар, импортты машинажасау өнімдері, өндірістік және медициналық құрал жабдықтар, көлік құралдары құрайды.
ҚР Ұлттық банкінің мәліметтеріне сәйкес, 2011 жылға Жапонияның Қазақстанға құйған жалпы жиынтық инвестициялары 4 млрд. доллардан асты. 2011 жылғы Қазақстан экономикасына шетелдік тікелей жапон инвестициялары 747,3 млн. долларды құрады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Full transcript