Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Copy of Топырақтың су режимі және сулы қасиеті

No description

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Copy of Топырақтың су режимі және сулы қасиеті

Топырақтың су режимі және сулы қасиеті
Жоспар:
1. Су режимі туралы түсінік.
2. Топырақтың сіңіру қабілеті.

Су көздері
Топыраққа су жаңбыр , қар , бұршақ , шық түрінде түсіп отырады . Кейде ол топырақтың беткі қабаттарына төменнен көтеріледі. Бұл жер астындағы су немесе ыза суы топырақтың беткі қабатына таяу орналасқанда кездеседі.
Су режимі дегеніміз - құбылыстар жиынтығы арқылы анықталатын топырақ ылғалының жиналуы жылжуы , жұмсалуы және оның физикалық жағдайын өзгеруі
Топырақтың су қасиетттері мен ылғалдылығы.
Топырақтың су қасиеттеріне су сыйымдылығы яғни топырақ өзінің құрамындағы судың белгілі бір мөлшерін ұстап, сақтап тұруы жатады, оның бұл қабілеті
топырақтың су ұстаушы қасиеті
деп аталады.
Су режимі туралы түсінік
Топырақ суы топырақ қыртысындағы әр түрлі минералдық тұздарға бай сұйық. Топырақ суын ауыз су ретінде, не шарушылық мақсаттарға пайдалануға болады. Топырақ суы өсімдіктер әлемінің негізгі қорегі, өсіп жетуіне қажетті су көзі. Құм топырақтар салмағынан 4-10 процентін, құмайт, құмды саздардың 10-30 процентін, саз топырақтардың 25-30 процеттен астамын топырақ суы құрайды. Топырақ суының мөлшері ауа – райына жыл маусымдарына сәйкес өзгеріп отырады.
Топырақ ылғалдылығы әсерінің түрлері
Топырақ ылғалдылығы өсімдікке екі түрлі әсер етеді:
1. Тамырдың өсуі мен тармақталуы топырақ ылғалдылығына байланысты
2. Өсімдіктің ылғалды қабылдауы топырақтағы ылғал мөлшеріне байланысты.
Су тепе - теңдігі
Топырақтың су тәртібінің мөлшер көрсеткіші , яғни ылғалдың жиналуы мен жұмсалуы жиынтығының барлық шамасын және белгілі бір кезең аралығында оның қорының өзгеруін су тепе – теңдігі деп атайды.
Топырақтағы судың түрлері:
1. Химиялық байланыс күйіндегі су
2. Гравитациялық су
3. Капилляр суы
4. Жарғақты су
5. Гигроскопиялық су
6. Қатты ылғал
Химиялық байланыстағы су:
Су көбінесе әр түрлі минерал кристалдарымен байланысты болады. Бұл су – заттың молекуласына гидроксид (OH) ион тобымен кіреді. Мысалы , Fe2O3 + H2O = 2Fe(OH)3 : ол топырақтан 400 – 800С жағдайында ажыратылады.
Топырақтағы биологиялық процестерге тікелей қатысады.

Гравитациялық су деп – топырақтың түйірлерінің аралықтарын жайлап , өз салмағымен (гравитация арқылы) көбінесе төмен қарай жылжитын суды атаймыз. Оны өсімдіктер оңай сіңіре алмайды. Дегенменде, оның ағысы қылтүтік судан гөрі шапшаңырақ болғандықтан , өсімдіктерді ылғалмен қамтамасыз етуге тікелей қатыспайды.
Капилляр суы
Топырақ түйінділерінің
су барлық бағытта қозғалады. Соның ішінде , топырақтың төменгі қабатынан жоғары қарай түйіршік қуыстарындағы сорғыштық күштер арқылы ылғалданған жерден құрғаққа қарай жылжиды. Сондықтан бұл судың өсімдіктер үшін маңызы зор. Бұл суды өсімдіктер сіңіре алады.
Топырақтың қатты бөлшектерінің сыртын молекулалық тартылыс күшімен , жарғақты қабат қоршап тұрады. Ол молекулалық тартылыс күшінің көмегімен қалың жарғақтанған күйінің жұқа жарғағына қарай жылжиды. Топырақ түйіршіктеріне 6 – 10 мың атмосфералы күшпен байланысып тұрғандықтан жарғақты суды өсімдіктердің тамырлары сіңіре алмайды. Бұл өсімдіктерге сіңбейтін күйіндегі су болап табылады.
Жарғақты су
Гигроскопиялық су
Гигроскопиялық ылғал топырақ түйіршіктерінің бетінді молекулалық тарту күшімен будан жиналған су. Ол қозғалады , өсімдікке пайдалы. Ауыр және қарашірікке бай топырақтарда гигроскопиялық су аз болады. Топырақтан оны ажырату үшін оны 105 градус ыстықта 5 – 6 сағат кептіреді.
Қатты ылғал
Мұз төмен температурада (0 төмен) пайда болады. Ал жарғақты сулар – 78 градуста мұзға айналады.
Топырақтың су сиымдылық шегі –
оны өз бойына белгілі мөлшерде суды сіңіріп ұстай алатын қасиеті. Ұсталған су түрлеріне қарай топырақтың су сиымдылығының бірнеше түрін ажыратады.
Ең көп немесе толық су сиымдылық деп топырақтың табиғи кеңістігі сумен толған жағдайын айтады.
Ауыл шарушылық дақылдарының өсіп, өнім бере алатын топырақ ылғалдылығының шегі егістіктің далалық толық су сыйымдылығының 50 – ден 80 процентке дейін аралығында жатады. Дақылдардың әрбір түрлері мен сорттарына алынатын өнімнің мөлшеріне қарай топырақтың тиімді ылғалдылығы тәжірибе арқылы белгіленеді.
Далалық су сыйымдылық шегі
Топырақтың табиғи құрылымында бос су өз салмағымен топырақ қабатына сіңіп кетеді. Осы жағдайда жер асты суы тереңде жатса, ал топырақ қабатындағы су буға айналмайтын болса, топырақ бойында ұсталып қалатын су мөлшерін далалық су сыйымдылық шегі деп атайды.
Капиллярлық су сыйымдылық шегі
деп
судың топырақ түйіршіктері ішінде ұсталып қалатын қабілетін айтады.
Топырақтың су өткізгіштігі деп оның жоғарыдан төмен қарай су өткізу қасиетін айтады. Ол топырақтың түйіртпектігіне, механикалық құрамына органикалық қорына байланысты және мұның өзі сіңіру ылғалдану мен өткізу кезеңдерінен құралады.
Топырақтың су көтергіш қасиеті деп капиллярлар арқылы оның жоғарғы қабатынан төменгі қабатына су көтергіштігін айтады. Бұл қасиет топырақтың түйіртпектігіне механикалық құрамына байланысты. Құмда суды тез бірақ аз биіктікке көтереді, балшықтар керісінше суды баяу сорып биікке көтереді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Топырақтану және егіншілік. М.Ш.Анафин. 2003
- Агрономия негіздері Қ. Жаңабаев 2010
- Топырақтану және геботаника негіздері Қ.Қ.Мусабеков 2003

Назарларыңызға
РАХМЕТ!
Full transcript