Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Бүйрек аурулары және жүктілік

No description
by

Bayan Maulet

on 7 December 2018

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Бүйрек аурулары және жүктілік

Гломеронефрит

пиелонефриттен кейін екінші орында гломеронефрит алады. Жүкті әйелдер арасында гломеронефриттің жиілігі 0,1-9 пайызға дейін.
Гломеронефрит – жұқпалы аллергиялық ауру, бүйрек шумақша аппараты зақымдалып, қабынады. Аурудың қоздырғышы бетта гемолитикалық стрептококк А тобы.
Ауру балалық шақтан (баспа, скарлатина, тұмау, терінің іріңді аурулары) және жүктіліктің кеш гестозынан кейін пайда болады.

Пиелонефрит кезіндегі жүктілікті жүргізу
Жүктілік кезіндегі бүйрек қызметінің ерекшелігі
Жүктілік кезінде бүйректің қызметінде ерекше өзгерістер болады.Несеп жолдары бүйрек астаушалары кеңейіп,кейде 20-30 см ұлғаяды.Бүйрек астаушаларының көлемі 5-10 на 500-100 мл дейін кеңейеді. Бұндай жағдай тұңғыш босанатын әйелдің оң жақ бүйрегінде жие байқалады.Осы салдарынан несеп жолының жиырылу қабілеті бұзылады. Кейбір жүкті әйелдердің бүйрегі төмен түседі.Осы себепте пиелонефреттің дамуына әсер етеді. Жүкті әйелдерт арасында глюкозурию пайда болады. Егер несеп мүшелерінің қызметі жеткіліксіз болса.онда организимде зиянды заттардың мөлшері көбейіп зат алмасу процесінде елеулі патологиялық өзгерістер болады,ол улануға әкеледі.
Бүйрек аурулары және жүктілік
Пиелонефрит
-
жүкті әйелдер арасында ең жиі кездесетін аурулардың бірі. Акушерия-гинекология стационарының мәліметі бойынша, 33,8 %-да жүктілік бүйрек ауруларының өршуіне, оның қызметінің бұзылуына, септикопиемия және бүйректің жедел жетіспеушілігіне душар етеді.
Бүйрек аурулары жүктіліктің ағымына теріс әсерін тигізеді. Көбінесе жүктілік гестозы, жүктіліктің үзілу каупі, мезгілінен бұрын босану, жатырдағы ұрықтың инфекциялануы байқалады.

Жүктілік кезінде бүйрек жұмысындағы ерекшеліктер қандай?
Тас ауруының негізгі клиникалық белгілері: ауру сезімі. гематурия; бұл жүктіліктің кез келген мезгілінде байқалады. Жүкті әйелдерде көбіне оң жақ бүйірі шаншиды. Пастернацкий белгісі оң болады. Қан құрамы ауруда өзгермейді. Ал әйелдің зәрінің құрамында эритроциттер мен лейкоциттер және кристалды тұздар пайда болады. Бұл ауру жүктіліктің үзілу қаупі мен мезгілінен бұрын босануына душар етеді.

Несеп жолдарының тас ауруында жүктілікті соңына дейін көтеруге болады. Егер бүйректің жедел жетіспеушілігі пайда болып, оған гесгоздың ауыр түрі косылса, жүктілікті үзеді. Босану ағымы қалыпты жағдайда өтеді, егер бүйрек ұстамасы болса, спазмалитиктер қолданады.
Гидронефроз
- бүйрек астаушаларының кеңеюі және паренхимасының атрофиялануы, зәрдің іркілуі. Гидронефроздың пайда болуына қуык пен несеп жолдарының патологиялық өзгерістері, жамбас куысының қабынулары әсер етеді. Ауру коп уақыт бойы симптомсыз жасырын өтеді. Көбінде әйелдердің белі ауырады, кейде жүрегі айнып кұсу пайда болады, зәрінде гемотурия байқалады. Гидронефроз пиелонефритпен асқынады, бұл жағдайда бактерияурия, лейкоцитоз және СОЭ ұлғаяды. Гидронефроздың диагнозы - тек рентенологиялык әдіспен анықталады (бүйрек ұлғаяды). Жүкті әйелдер арасында көбінде гидронефроз мезгілінде анықталмайды, себебі оларды рентгенге түсіруге болмайды.
Жүктілік кезіндегі пиелонефрит
Пиелонефритпен ауыратын жүкті әйелдер тобы акушер мен урологтың бақылауында болуы тиіс. Босанар алдында екі жұма бұрын бұл топтағы әйелдерді перзентханаға жатқызады. Жүкті әйелдердің 80-85 пайызы өз мезгілінде, ал 15-20 пайызы мезгілінен бұрын босанады.
Пиелонефрит гестоздың ауыр түрлерімен бірлескенде;
Жүктілік ағымының ерекшеліктері:
Жүктілікті үзу көрсеткіштері:
Консервативті ем нәтижесіз болғанда;
Бүйректің жедел жетіспеушілігінде;
Нәресе гипоксиясында.
Босану ерекшеліктері:
Бүйрек қабынуларымен ауыратын әйелдердің өдері босанғаны ұтымды, себебі операциядан кейін бүйрек аурулары асқынып, қанның улануына әсер етеді. Кесар тілігін қатал акушерлік көрсеткіштерде ана мен нәресте өміріне «қауіп-қатер» турғанда.
Босану асқынулары: толғақ әлсіздігі, нәресте гипоксиясы, асфиксиясы; қан шығынының физиологиялық мөлшерден артуы, босану жолдарының зақымдануы.
Аурудың ағымы жедел және созылмады болып бөлінеді. Жедел түрінде: әйелдің дене ыстығы көтеріліп, басы аурырады, көзі, аяқ қолдары ісініп, қан қысымы жоғарылайды, белінің тұсы ауырады, зәрде белок, цилиндрлер көбейеді. Жүктілерде гломерулонефриттің созылмалы ағымының латентті, гипертониялық, нефротикалық және аралас түрлері кездеседі. Латентті түрінде шамалы протеинурия, ұзаққа созылған гематурия; нефротикалык түрінде айқын ісіну, протеинурия, гиперхолестеринемия байқалады. Аралас түрінде жоғарыда аталған белгілердің барлығы қатар кездеседі. Гломерулонефриттің аталған түрлері көбінесе зәр шығару жолдарының инфекциялануына және бүйрек жетіспеушілігіне душар етеді. Гломерулонефрит 34,6 %-да анемиямен бірлесіп кездеседі. Осыған байланысты әйел жүктілікке дейін, немесе жүктіліктің ерте мерзімінде (12 аптаға дейін) толық клиникалық тексерулерден өтіп, бүйрек ауруының түрін және жүктілікті созу мүмкіншілігін күні бұрын анықтауы қажет.
Гломеронефрит – жұқпалы аллергиялық ауру, бүйрек шумақша аппараты зақымдалып, қабынады. Аурудың қоздырғышы бетта гемолитикалық стрептококк А тобы.
Ауру балалық шақтан (баспа, скарлатина, тұмау, терінің іріңді аурулары) және жүктіліктің кеш гестозынан кейін пайда болады.

Жүктілікті үзуге көрсеткіштер

Гломерулонефрит жүктілік гестозымен, ұрыктың гипотрофия, гипоксиясымен және жатырішілік шетінеуімен асқынғанда.

Емі:
гломерулонефритпен ауыратын жүкті әйелдің емін акушер, терапевт, нефролог бірлесіп, тек ауруханада немесе перзентханада жүргізеді.

Жедел гломерулонефриттің емі:
антибиотиктер, диуретиктер, жатырішілік
нәрестенің гипоксиясына қарсы комплексті ем, витаминдер, десенсибилизациялық терапия.


Босану ерекшеліктері:
әйелдің өзін босандырып спазмолалық және
ауырсыздандыру дәрі-дәрмектерін қолдану қажет.
Босанғаннан кейінгі кезеңде әйелдің жалпы күй-жағдайын, бүйрек қызметін анықтай отырып, аурудың ағымы нашарлаған жағдайда, әйелді арнайы ауруханаға көшіреді, содан кейін әйел диспансерлік есепке тұрып, терапевт пен нефрологтың бақылауында болады.
Несеп жолдарының ауруы
Жүкті әйелдерде несеп жолдарының ауруы 0,1%>-0,2% аралығында кездеседі. Бұл ауруға фосфор, кальций, зәр қышқылының алмасуының бұзылуы және де тастың пайда болуына инфекциялық фактор әсер етеді. Созылмалы пиелонефрит 85% жағдайда несеп жолдарының тас ауруларымен асқынады. Зәр жолдарында бір немесе бірнеше тас болуы мүмкін. Олардың химиялык кұрамы оксалат, урат, фосфат.

Тас ауруы
Мухамбеталиев Д.
Масанов Д.
Иманғали Қ.
Куганова Н.
Жаншуақ Т.
Кабилов М.
Маулет Б.
Full transcript