Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Қ Р инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу: мәселері және шешу жолдары

No description
by

Eno Kuanay

on 8 June 2015

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Қ Р инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу: мәселері және шешу жолдары

Инновацияның негізгі мақсаттары.
Қазақстанның өңірлері бойынша инновациялық өнім көлемі. млн. теңге
Қазақстан Республикасындағы иннoвaциялық қызметті мемлекеттік реттеу: мәселелері және шешу жолдары
Зeрттeу тaқырыбының өзeктілігі.
Қазақстан экономикасының қазіргі даму тенденциясы күрделі өзгерістермен есте қалуда. Бір жағынан, бұл өзгерістер бүкіл әлемді қамтып үлгерген жаһандану үрдісінің алға қойып отырған талаптары десек, екіншіден еліміздің қарыштап дамып, әлемдік қоғамдастықтан лайықты орын алуының бірден-бір жолы екені даусыз. Бұл жөнінде президентіміз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында экономиканы әртараптандыру – табыс кілті және таяудағы онжылдықта тұрлаулы да теңдестірілген даму жедел әртараптандыру және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен қамтамасыз етілетін болады деді .

Дипломдық жұмыстың мaқсaты
Қазақстан Республикасының экономикасын инновациялық дамытуды мемлекеттік реттеу мәселелеріне ғылыми талдау жасап, оның ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы рөлі бойынша теориялық және іс-тәжірибелік тұрғыдан ұсыныстар дайындау болып табылады.
- инновацияның теориялық мәселелері жан-жақты зерттеледі;
- инновациялық дамуды мемлекеттік реттеу механизмдері мен шетелдік тәжірибесі ғылыми тұрғыда сараланады;
- Қазақстандағы инновациялық қызметтің қазіргі кездегі даму жағдайына талдау жасалады;
- ұлттық экономиканың инновациялық дамуындағы венчурлық қорлардың үлесі зерттеледі;
- Қазақстандағы инновациялық үрдістерді дамыту және технологиялық жаңғырту мәселелері жан-жақты зерттеледі.
2.1 Қазақстандағы инновациялық саланың бүгінгі жағдайына сараптама
Бүгінгі таңда, еліміз өз алдына жаңа даму жолдарын қалаптастырып өзіндік Даму стратегияларын қалыптастырды және әлемдегі дамыған елдермен арадағы алшақтықты бірте-бірте бәсеңдете бастады.
Дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, қай елдің болмасын әлемдегі саяси және экономикалық орны, халқының өмір сүру деңгейімен әлеуметтік жағдайы, отандық өнімдерінің сапасы және т.б. жағдайлары елдің экономикасының бәсекеге қабілеттілігіне байланысты. Осы тұста елдің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлататын ғылыми сыйымдылығы бар инновациялық өнімдер өндірісін дамыту өте өзекті.
Өзінің инновациялық даму жолын жаңадан бастаған біздің жас мемлекетіміз үшін, жағары нәтижелі жұмыстар істеп отырған нарықтық экономика құру, Қазақстандағы әлеуметтік және саяси құбылыстарды демократияландыру, халықтың инновациялық белсенділігін арттыру және осы салада тиімді мемлекеттік саясатты жүргізу біз сияқты табиғи байлағы мол, территориясы кең, инновациялық даму әлеуеті жоғары жас мемлекет үшін неғұрлым жоғары қарқынмен дамуға және әлімдік қауымдастықтағы бәсекеге қабілетті, саяси тұрақты елдердің біріне айналуға мүмкіндік береді [17].
Қазіргі кезде аталған бағдарлама едәуір айтарлықтай нәтижелер беріп келеді. Нақтырақ айтатын болсақ 2014 жылдың 1-жартыжылдығында еліміздегі өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындары 5,9 трлн. теңге сомасына өнім өндірді. Ал өңдеу өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындарымыз 2,1 трлн. теңгеге өнім өндірді. Электр энергияны өндіру, бөлу және беру бойынша 290,5 млрд. теңге соманы құрады. Аталған жылдың бірінші тоқсанында ЖІӨ 4,3 трлн. теңгені құрады. ЖІӨ көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 7 % өсті. Біздің бұдан байқағанымыз, бағдарламаның алғашқы жылының өзінде-ақ біз айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізе алдық.
Инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау көрсету.
«Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-Ауқат Қоры АҚ құрылымындағы даму институттар
Дипломдық жұмыстың міндеттері
1.1 Инноватика теориясының қалыптасуы және оның қазіргі кездегі концепциялары
Нарықтық экономикадағы ғылыми қызметтің нәтижелерін пайдалану мүмкіншілігінің мол болуы, «инновация» деген экономикалық категорияны өмірге әкелді. Қоғамдық қатынастардағы пайда болған осы құбылыс «жаңалық енгізу» деген мағынаны білдіретін «инновация» сөзімен атала бастады.
«Инновация» сөзі 1440 жыл француз тіліндегі «жаңғыру және жаңа» намесе «зат жасаудың жаңа жолы» деген мағынаны білдіретін «innovatіon» сөзінен пайда болған.
«Инновация» термині, «жаңалық» және «ашылым» түсініктерімен тығыз байланысты болады. «Жаңалық» түсінігі, адаммен шығарылған жаңа құралдар, механизмдер, жабдықтармен түсіндіріліеді. «Ашылым» түсінігі, бұрын белгісіз болған мәліметтерді алу үрдісі және бұрын белгісіз болған табиғи құбылыстардың көрінісімен түсіндіріледі. Инновацияға қарағанда, ашылым термині ең алғашқы сатыда жасалады және қандай да бір кіріс алу мақсатын көздемейді.


Ғылыми зерттеулерді қаржыландыруда мемлекеттің және коммерциялық құрылымдардың қатысу деңгейі Еуропа мен одан тыс жерлерде әптүрлі: егер Жапония мен АҚШ-та ғылымдағы коммерциялық құрылымдардардың үлестері сәйкесінше 75 және 77%-ы құраса, Еуропада 66%-ды құрайды. Еуропа елдерінің ішінен ҒЗТКЖ-ларды мемлекеттік қазынадан қаржыландырудан келесілер алдынғы орындарды алып отыр: Португалия (70%), Италия мен Греция (50%-ға жуық), Польша (58%), Венгрия (53%), Словакия (48%) және Чехия (42%). Әлемдік нарыққа ғылыми өнімді шығарудан көшбасшы тұрған елдер ЖІӨ есебінен ғылымға бөлінген қаражаттарға қатаң бақылау орнатады. Ол үшін мемлекет тарапынан салықтық жеңілдіктер, бюджеттік қолдау, инвестициялар тарту, құрал-жабдықтар лизингі сияқты экономикалық механизмдер қолданылады. Әдетте әлсіз дамыған елдерде ЖІӨ есебінен ғылымға бөлінетін үлес- 0,5%-ды құрайды. Қазақстан да осындай елдердің құрамына кіреді. 2005 жылы Қазақстан зерттеулер мен әзірлемелерге ЖІӨ-нің 0,29%-ын бөлді, соның ішінде бюджеттің қатысуы 51,2%-ды құрап отыр.
1.3 Инновациялық қызметті реттеудің шетелдік тәжірибесі
Инновация – өндірістің және қоғамды басқарудың түрлі салаларына енгізілуі экономикалық тұрғыдан тиімді және әлеуметтік, экологиялық тұрғыдан маңызды болып табылатын, зияткерлік меншік объектісі болып саналатын ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесі.
Біздің еліміздің болашағы оның интеллектуалды қоры, ғылым және инновация жетістіктерінде. Бұл сөздер Президент Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арналған жолдауында айтылған болатын. Өмір өзі көрсеткендей, шикізат сатуға бейімделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең соңғы ғылыми жетістіктеріне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы көркейтіп, халық өмірін жақсартуға қабілетті. Сондықтан да, ғылымға және ғылыми-техникалық және инновациялық саясатқа ерекше көңіл бөлінуі тиіс.

1.2 Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу механизмдері
Ұлттық инновациялық жүйе дегеніміз – мемлекеттің инновациялық саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыруға негіз болатын, дербес және өзара қарым-қатынас нәтижесінде жаңа технологияны дамыту мен таратуға жағдай жасайтын, жеке және мемлекеттік секторға қатысты институттар жиынтығы болып табылады.
ҰИЖ құраушы элементтері ретінде университеттер, ЖОО-лар, үкіметтік ұйымдар, мемлекеттік саясат құралдары, заң нормалары, ұлттық қорлар, мемлекеттік компаниялар және т.б. жатқызуға болады.
Дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, ұлттық экономиканы инновацияға негіздеуде басқару институттарының маңызы өте зор.
Жалпы, ҰИЖ негізгі мақсаты нақты бір мемлекеттің аясында жаңа өнімдер мен технологияларды ойлап табу және орналастыру, тарату, инновацияларды коммерцияландыру, білім беруді дамыту, ғылымды дамыту, өндіріспен ғылым арасындағы байланысты орнату барысындағы іс-шаралар жиынтығын және мемлекеттік тиімді саясатты жүргізуге болып табылады.

2.2 Инновациялық қызметтің дамуын мемлекеттік реттеу ерекшеліктері
Еліміздің болашақтағы қарқындап дамуы өз кезегінде, Қазақстан экономикасының дамуына тікелей жауапты оның өңірлерінің қазіргі инновациялық әлеуетіне тікелей байланысты. Сол үшін де біз, әрбір өңірдің индустриялық-инновациялық даму ерекшеліктеріне баға беруді жөн деп таптық.
Қазақстандағы өңірлердің инновациялық белсенділігі әр алуан. Олардың белсенділік деңгейі қолда бар ғылыми-техникалық, қаржылық, еңбек ресурстарына және оларды пайдалау мүмкіндіктеріне байланысты. Басқаша айтқанда, өңірлердің инновациялық белсенділігі олардың инновациялық әлеуетіне байланысты қалыптасады.

2.3 ҚР өңірлеріндегі инновациялық даму перспективасын салыстырмалы талдау
2014 жылдың 17 қаңтарында Елбасымыз, Н.Ә. Назарбаевтың халқына Жолдауында: «2050-ге дейінгі қалған жылдар жеті бесжылдыққа бөлінеді, олардың әрқайсысы бір мақсат – дамыған 30 елдің қатарына кіру мәселесін шешеді. Екінші және одан кейінгі бесжылдықтарда мобильді, мультимедиялық, нано және ғарыштық технологиялар, робот техникасы, гендік инженерия салаларын, болашақтың энергиясын іздеу мен ашудың негізін салған жөн. Мемлекет жұмысының негізгі бөлігі Қазақстан бизнесін, әсіресе шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау болмақ. Таяудағы 10-15 жылда ғылыми қамтымды экономикалық базис жасау керек, онсыз біз әлемнің дамыған елдері қатарына қосыла алмаймыз. Мұны дамыған ғылым арқылы шешуге болады», - деді.
Біз білетіндей, еңбек өнімділігі еліміз үшін үлкен мәселе. Барлық салаларда инновацияларды енгізу үшін біз инфрақұрылымды жақсарту, әлеуметтік саланы модернизациялау және кәсіпкерлік қызмет үшін ең тиімді ортаны құру арқылы дамуымыз керек.

3.1 Инновациялық саланың дамуына кедергі жасайтын мәселелер және оларды шешу жолдары
Еліміздегі иннoвaциялық caлaны мемлекеттік қoлдaуды ҚP-ның «Иннoвaциялық қызмет» туpaлы Зaңынaн көpумізге бoлaды. Oның негізгі бaғыттapы келеcідей:
1. Иннoвaцияның бacым бaғыттapын aнықтaп, иннoвaциялық бaғдapлaмaлapды жacaу.
2. Мемлекеттің иннoвaциялық caяcaтын жүзеге acыpaтын қaжетті инвеcтицияны жұмылдыpуды ұйымдacтыpу және жaғдaй жacaу.
3. Иннoвaциялық инфpaқұpылымды құpу.
4. Мемлекеттік бюджеттен иннoвaциялық бaғдapлaмaлap мен жoбaлдapды мaқcaтты қapжылaндыpу.
5. Бәcекеге жapaмды өндіpіcті құpуғa мемлекеттің apaлacуы.
6. Мемлекеттік тaпcыpыcпен opындaлaтын иннoвaциялapды міндетті түpде pынoкпен қaмтaмacыз ету.
7. Oтaндық иннoвaциялapды шетелге шығapу.
Елімізде ғылыми техниaлық иннoвaциялық бaғдapлaмaлapды дaмыту үшінapнaйы дaму инcтитуттapы құpылғaн. Oның ішінде 3 қapжылық және 2 қызмет көpcету инcтитуттapы бap.

3.2 Иннoвaциялық экoнoмикaны мемлекеттік pеттеу және oлapды жетілдіpу
Қазақстанның өңірлері бойынша инновациялық өнім көлемі. млн. теңге.
Экономикалық белсенділік түрлері
Қазақстанның ұлттық және аймақтық технопарктері
Инновацияның жіктелуі
Full transcript