The Internet belongs to everyone. Let’s keep it that way.

Protect Net Neutrality
Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Алғашқы адамдардың өмірі

No description
by

Shyngys Nurshayev

on 21 September 2017

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Алғашқы адамдардың өмірі

Work Experience
Photos
Interests
Status Update
6like comment 1share
Shared a Link
like comment share
Shared a Photo
like comment share
Алғашқы адамдардың өмірі

алғашқы адам
Алғашқы адамдар жеуге жарамды шөп тамырларын қазып, құс жұмыртқасын жинап, ағаш, бұта басында өсіп тұрған әр түрлі жеміс-жидектерді теріп жеді. Күн көрістің мұндай түрі – терімшілік деп аталады. Сонымен қатар алғашқы қауымдағы адамдар аң аулаумен де айналысқан. Олар негізінен мамонт, бизон, марал және үңгір аюларын аулады. Аң аулауда шоқпар, найза және үшкір тас құралдар пайдаланылды. Жабайы жылқы, бұғы, aрқарларды толассыз қуалап, болдыртып, жарға, тау шатқалдарына қаумалап ұстаған.
тағамдары
Ежелгі адамдар азық табу мен жабайы жануарлардан қорғану үшін – тобыр болып өмір сүрген. Осындай жағдайда адамдар тобыры өздеріне баспана ретінде табиғи үңгірлерді, қуыстарды, биік тау шатқалдарын пайдаланды. Кейде ашық жерлердегі аңдар су ішуге келетін өзен иірімдері мен суат басына қоныс аударып отырды. Тобыр құру аң аулауда, түрлі қиындықтар мен қатал табиғат жағдайында өмір сүруге жеңілдік жасады. Ежелгі адамдар әуелде қолдан баспана жасауды, тамақ пісіруді білмеді. Олардың тұңғыш баспанасы - үңгір болған.
Адамдар отпен қорқытып, үңгір аюлары мен арыстандарын қуып шықты. Олар аң терілерін төсеніш етіп, жыртқыш аңдар жоламас үшін үңгір аузына от жағып қойған. Ежелгі адамдар найзағайдың түсуінен жанған ағаштың отын пайдаланып, оны өшірмей, ұзақ сақтауға тырысты. Олар жанған отты жанын сала қорғады, өйткені отты өшіріп алу зор қауіп төндірді, тіпті бүкіл тобырдың қырылып қалуы мүмкін еді. Осындай қиыншылықтарға қарсы күресе жүріп олар даму үстінде болды.
Адамдар тастан шыққан ұшқынға, ағашты бір-біріне үйкелеп қыздырған ұсақ жаңқаға жүн немесе өсімдік талшығынан жасалған білтені тұтату арқылы отты өзі жағуды үйренді. От жағуды үйрену адамдарды кездейсоқ табылған отқа тәуелді болудан құтқарды. Отпен адамдар жылынып, жыртқыш аңдардан қорғанды, ас пісіріп жеуге мүмкіндік туды. Археологтар ұзақ уақыт бойы жанып тұрған от орындарын тапқан.
ұзақ жылдар өтсе де өмір сүрудің адамдар жинақтаған тәжірибесі кейінгі ұрпаққа жалғасты. Алғашқы еңбек құралдарын жасауды үйрену адам қолының жетілуімен қатар миының да дамуына әсер етті. Уақыт өткен сайын адам қабілеті жетіліп, өз білгенін бір-біріне үйрете бастады. Ежелгі адамдардың маймылдар мен жануарлардан басты айырмашылығы – еңбек құралын жасай білуінде. Еңбек құралын жасауды игеру адамды жануарлар дүниесінен бөліп шығарып, күш-қуаты мен шапшаңдығын еселеп арттырды. Алғашқы еңбек құралдары негізінен тастан жасалған. Олар құрал жасауда көбіне бір жағы сүйірленіп келген, ал екінші жағы қолға ұстауға ыңғайлы жұмыр тастарды пайдаланды. Оларды жарып, бөлшектеп, жүзі өткірлерін алған. Алғаш олар қатты тас сынығын тауып алып, екінші таспен ұрып бір жақ шетін жұқалап сындырды. Бұл салмақты қарабайыр кескіш құрал чоппер, яғни тас шапқы деп аталады. Жүзі тегіс болып шықпаса да, онымен жер қазуға, ағаш кесуге, аң етін мүшелеуге болатын еді. Алғашқы адамдар тастың көптеген түрлерінің ішінен шақпақ тасты таңдап ала білді. Бұл адам ой-өрісінің едәуір өскендігін көрсетеді. Өйткені шақпақ тас өте берік, ұрған кезде жалпақ әрі үшкір бөліктерге бөлініп, тез өңделген. Уақыт өткен сайын адамдар еңбек құралдарын жетілдіре түсті. Жануарлардың терісін тазалайтын, етін боршалайтын тас шапқылар мен қырғыштар және қол қашауы жасалды. Қол қашауын жасау үшін шақпақ тасты екі жағынан қашап, белгілі бір пішінге келтіріп, таяққа бекітті. Мұндай шомбал құралдардың ұзындығы 20 сантиметрге, салмағы 1 килограмға дейін жетті. Уақыт өткен сайын адамдар тастан ұсақ әрі жұқа құралдарды жасап шығарды. Нәтижесінде ауланған аңдардың терісін сыдыратын пышақ тәрізді кескіштер мен тесуге арналған тас құралдар пайда болды. Адамдар сүйектен ине мен біз жасаған
назарлаыңызға рахмет!!))
Full transcript