Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Тұзды және тұзданған топырақтар

No description
by

Duman Toktarov

on 21 September 2016

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Тұзды және тұзданған топырақтар

Назарларыңызға рахмет!!!
Тұзды және тұзданған топырақтар
Тұзды және тұзданған топырақтар дегеніміз - құрамында өсімдікке уытты мөлшерде ерігіш тұздары бар топырақтар. Бұларға жататындар:
1. Сорлар;
2. Сортаңдар;
3. Шақаттар;
4. Тақырлар
Бұлар жазықтық белдеулердегі топырақ зоналарының барлығында кездеседі. ТМД елдерінде 52,3 млн. га немесе 2,4 %. Ал таза сорлар, сортаңдар 120 млн га, 70 %-ы Қазақстанда жайғасқан. Ал қалған 30% Батыс Сібірде, Орталық және Төменгі Еділ бойында, Украинаның оңтүстігінде, Орта Азия мен Кавказ алды тауларының Солтүстік-Шығысында кездеседі.
2. Топырақ асты, жер астындағы сулардың құрамындағы тұздар, олардың деңгейі көтерілгенде топыраққа сіңеді. Ал олар төмен қайтқанда, тұздар онда қалып қояды. Тіптен деңгейлері төмен түспеген күннің өзінде, сулары буланып, тұздардың топырақта концентрацилары молаяды. Мұндай жағдай егістікті бей-берекет суғарып, топырақ асты суларының деңгейі көтеріліп, тұздандырады. Мұны "екінші ретті тұздану" немесе "вторичное засоление" деп атайды.
Сорлар дегеніміз - құрлымының жоғарғы бетінен бастап, бүкіл пішіндік кескінінің құрамында ерігіш тұздардың белгілі бір мөлшерінің болуы. Олардың сандық, сапалық және химиялық құрамы әр түрлі болады. Мысалы: сорлардың жоғарғы қабаттарында 0,6-0,7ден бастап, 2-3%-ға дейін тұз мөлшерінің болуы.
1. Сорлардың көпшілігі булануы басым, топырақ асты суының деңгейі таяз, құрғақшылық өңірде пайда болып, қалыптасады.
2. АТЖ-дағы еріген тұздардың топыраққа ауысуынан да пайда болады.
3. Тұзы мол көлдер мен теңіздердің жағасындағы жиналған тұздар желмен таралады.
Тұзды топырақтардың пайда болу жолдары
1. Жер қыртыстарынан топыраққа ауысатын тұздар. Аналық тау жыныстары мен жердің мору қабатындағы тау жыныстарының құрамындағы ерігіш тұздардан ауысып пайда болады. Мысалы: құрлықтан мұхиттарға жылына 2735 млн тонна жеңіл еритін тұздар барады. Ал материктердің кәрізделмейтін тұйықталған аймақтарына жылына 1млрд тоннаға жуық тұздар жиналады екен. Теңіз түбіндегі тұзды шөгінділерден құрлыққа өте мол еріген тұздар ауысады. Бұларға тән аймақтар: Каспий маңы, Тұран, Батыс Сібір ойпаты.
Жер қыртысынан топыраққа ауысатын тұздар жанартаулар атқылағанда пайда болады. Ал бұлардан шыққан газдардың құрамында күкірт, хлор, т.б көп, олардың тұздары топыраққа сіңеді.
3. Жер бетіндегі тұздар жел арқылы тұзданбаған топыраққа ауысады. Мұны "эолдық процесс" яғни "ауа арқылы тұздану" деп атайды.
4. Минералданған топырақ асты суларынан, тамыры арқылы сіңірген тұздар, өсімдіктердің қалдықтары шірігенде топырақта жиналады. Мысалы сексеуіл, бүйіргін, ала боталар осындай құбылыс береді.
5. Қыраттар мен беткейлерден ғасырлар бойы жуылған еріген тұздар ойпаң жерлерге жиналып, шоғырланады, топырақтарына сіңеді.
Осы тұздану жолдарының нәтижесінде топырақта әр түрлі құрамдағы, құрлымдағы, қасиеттердегі топырақтар пайда болады.
Солардың бірі - Сорлар (солончаки)
4. Дұрыс суарылмаған жерлерде топырақ асты сулар арқылы тұзданады.
5. Жоғарыда айтқан өсімдіктер арқылы да сор пайда болады. Бұлардың құрамындағы тұздар
40-50 %-ға дейін жетеді.
Сорлрдың өздеріне тән кескінді пішіннің құрылымы болады. Текті қабаттары онша жіктелмеген. Бірақ физика-химиялық қасиеттеріне қарай гумустық А, өтпелі Б, аналық тау жынысты С қабаттарына ажыратады.
Сорларды 2типке жіктейді: 1.Гидроморфтық; 2.Автоморфтық.
Гидроморфты сорларды
9 типшеге
бөледі:
1. Типтік гидроморфты сорлар
2. Шалғынды сорлар
3. Батпақты сорлар
4. Шорлы сорлар
5. Теңіз маңындағы сорлар
6. Тоңданатын сорлар
7. Екінші рет пайда болған сорлар
8. Сазды сорлар
9. Тақырланған шөлдік сорлар
Бұлардың барлығы топырақ асты суларының жер бетіне жақын деңгейде орналасуларынан пайда болады.
Автоморфты

сорлар литогенді, қалдықты, эолды-төбелі
болып бөлінеді. Бұлар топырақ асты суының тереңде жатып, АТЖ-дағы тұздардың мол болуынан түзіледі. Мынадай АТЖ-лар үштік, бор, басқа да ежелгі дәуірлерде пайда болған элювилі, делювилі шөгінді тау жыныстары, төрттік дәуірде пайда болған тұзды теңіздік шөгінді тау жыныстары. Мысалы: Каспий маңындағы "шоколадты балшықтар".
1.Типтік гидроморфты сорлар - өте минералданған топырақ асты суларының деңгейі жоғары болып, топыраққа сіңірулерінен пайда болады. Кескіндік пішіндегі құрылымдық қабаттар онша айқындалмаған. Ерігіш тұздардың мөлшері жоғары бөліктерінде мол болып, кескіннің тұтас бойына таралған.
2. Шалғынды сорлар - топырақ асты суларының жер бетіне жақын жатуынан пайда болады. Бірақ мұндағы тұздардың мөлшерлері аздау болады. Сондықтан, олардың уыттылықтары да кем болып, шалғынды өсімдіктердің өсіп, өніп, дамуына кедергі болмайды. Кескінді пішініндегі тектік қабаттар жақсы айқындалған. Бұл сорлардың арасында, карбонат пен гумустық заттары молдау, ерігіш тұздары аздау кальцийлік карбонатты сорлар ерекшіленеді. Сол сияқты, содалы сипаттағы сорларда, сілтілігінің жоғарғы көрсеткішімен ерекшелінеді. Сода тұзының уыттығы өсімдіктерге зиянды болып, өнімді аз алуға мәжбүр етеді.
3. Шорлы сорлар - таяз көлдер мен ежелгі өзен салаларындағы жер бетінің суларының булануынан пацда болады. Осындай құрғаған көлдердің кейбір үлескілерінде, қалыңдығы бірнеше сантиметр болатын тұз қабаты болады. Ол кепкенде қабыршықты, шорлы жапқыншақ түзеді. Мұндай жерлерге табиғи да, мәдени де өсімдік өспеді.

4. Теңіз маңындағы сорлар ең жас теңіздік шөгінділерге жатады. Бұлар жер бетінде ылғалды, борпылдақ, тұзды қабыршақ түзіп, оның астында, өте мол теңіз ұлуларының бақалшақтары бар, құмды немесе құмдақты қабат орналасқан. Кескінді құрылымы хлоридтермен өте тұзданған, ал 1-2м тереңдегінде тұзы мол кермекті ащы сулар кездеседі.

5. Екінші ретті пайда болған сорлар - бей-берекет суғарудың нәтижесінде минералданған топырақ асты суларының деңгейі жоғары көтеріліп, жер бетіне жақын орналасқан топырақ қабаттарына тұздардың сіңуінен түзіледі. Бұл құбылыс, мұндай сулардың деңгейі 1,5-2м тереңдікте болса да топырақты тұздандыруы мүмкін. Егер 6м тереңдіктен әрі қарай орналасса, тұздану процесі жүрмейді.

6. Тоңданатын сорлар - аз тереңдікте тоңданған қабаты бар жер бетінен төмен қарай сіңген суды әрі қарай өткізбейді. Бұлардың тұздануы тек қана жоғарғы қабатында, ал кейде бүкіл кескінді құрылымында болады. Тұздардың сапалық құрамы әр түрлі болып, көбінесе хлоридті-сульфатты немесе сульфатты-хлоридті болып келеді.
7. Батпақты сорлар - топырақ асты суларының үнемі немесе ұзақ уақыт жер бетіне жақын жатқандығынан түзіледі. Кескінді құрылымның бүкіл бойында глейлену, мол тұздану байқалып, кейде жоғары қабатында шымтезектену процесі жүреді.

8. Сазды сорлар - батпақты сорлардың пайда болуының алғашқы кезеңіне жатады. Сондықтан толық батпақты сипатта болмай, топырақтардың шалғындық және батпақтық қасиеттері қатарласып келеді. Тұздарының мөлшері шалғындықтан сол, батпақтардан аздау болады.

9. Тақырланған шөлдік сорлар - топырақ беттері өздеріне тән жарықшақтанған және қабыршақтанған болып келуі. Бұл құбылыс шөл зонасының ерекше гидротермикалық жағдайларымен байланысты.
Осы 9-дан басқа көлемдері аздау сорлар да бар. Олар:
ылайлы-жанартаулық, қалдықты
немесе
реликті
және
эолдық-төбелі
сорлар.
1.
Ылайлы -жанартаулық сорлар
атына сәйкес жер астынан шыққан, тұзы мол атқылаған жер қыртыстық заттардың топыраққа айналуынан немесе олардың топыраққа сіңуінен пайда болады.
2.
Қалдықты немесе реликті сорлар
- өте ерте кездегі гидроморфты тұздану процесінің себебі болған шөгінді тау жыныстарының әсерінен пайда болады.
3.
Эолдық-төбелі сорлар
- тұздардың шоғырланған жерлерінен жел арқылы келіп, шоқтанған өсімдіктер өсетін төбелерінде үрлене жиналуынан пайда болады.
Сорлардың тұқымдастарға бөлінуінің негізі ретінде топырақтың ертіндісінің сүзіндісіндегі аниондар мен катиондардың мөлшерлік қатынасына байланысты анықталған тұздардың сапалық құрамына сүйенеді. Мұны түсіну үшін Лебедевтің сараптамалық мәліметтерін талдау қажеттілігі туындайды.
Тұздардың құрамындағы көп мөлшерде кездесетін иондар:
Сl, SO4,CO3, HCO3
; ал катиондар:
Na, K, Ca, Mg
. Осылардан құралған тұздаарды "гипотетикалық" яғни "болжам тұздар" деп атайды. Бұларды топырақты сараптағанда, яғни химиялық анализ жасағанда алынатын мәліметтерді пайдаланып шығарады. Әрқайсысын бөлек-бөлек таза күйінде бөліп алмайды. Химиядағы молекулалық массаларын есептеу арқылы әрбір тұздың формуласын құрады. Содан кейін әрқайсысын бегілі бір топырақ массасындағы мөлшерін анықтап, олардың қайсысының аз, көптігін біліп, тұзданудың түрлерін, дәрежелерін, топырақтағы қорын есептеп шығарады.
1-кесте. Тұзданудың сапалық құрамы
Осы екі кестені біріктіріп, аниондар мен катиондардың мөлшерлерін есептеп, болжам тұздардың формулаларына сүйеніп, тұздану түрлерін былай анықтауға болады:
1. Хлоридті-натрилі тұздану түрі
2. Сульфаттық-хлоридті-магнийлік-натрийлі
3. Хлоридтік-сульфатты-кальцийлік-натрийлі
4. Сульфатты-кальцийлік-натрийлі
5. Карбонаттық-сульфатты-кальцийлік-магнийлі
Шөлейтті, шөл зоналарында көбінесе хлоридтік-натрийлі немесе натрийлі тұздану түрлері кездееді.
Осы айтылған тұздардың сапалық құрамы топырақтың қасиеттеріне, олардың құрылымдық сипаттарына тікелей әсер етеді. Сондықтан
қабыршақты-корковы, үлпілдек-тухлые, сулы-мокрые, қара-черные, сорлар-солончактар
болып бөілінеді.
1.Қабыршақты сорларда натрий хлориді кепкенде беткі қабаттарында қабыршақ түзіледі.
2. Кальций, магний хлоридтері басым болса, гигроскопиялық яғни ылғал сіңіргіш қасиеті артып, сулы сорлар пайда болады.
3. Құрамында натридің сульфаты басым болса ұлпалы сорлар түзіледі.
4. Соданың мөлшері көп болса, органикалық заттарды ерітіп, түрі қышқыл немесе қара түске боялады. Бұлар- қара сорлар.
Тұздардың топырақтағы кескіндік пішіндерінде қабаттарындағы мөлшерлік таралуына қарай сорларды түрлерге бөледі:
1) Жоғарыдан тұзданғандар - поверхностные;
2) Терең құрлымдық тұзданғандар- глубокопрофильные.
Біріншісінде тұздар 0-30 см-лік қабатта мол болады, ал екіншісінде - бүкіл кескіндік пішінінде таралып, топырақ асты суымен жалғасып жатады.
Бұл екеуінен басқа тұздардың нақтылы қандацй тереңдікте немесе қабатында шоғырлануына байланысты
Топырақтың тұздану деңгейін көрсететін атаулар да бар. Мысалы: 1) егер тұздар 0-30 см-де мол болса, ол топырақты жоғары сорлау деп немесе сорлы деп атайды. 2) 30-80 см-де тұзданғандарын - сорлау; 3) 80-150 см-де болса, терең сорлау; 4) 150 см-ден төмен болса, тұзданбаған топырақтар.
Мелиорация солончаковтың жолдары:
1. Тұзын жуып кетіру
а)горизонтальды кәріз
б)вертикальды кәріз
2. Тұзын жуғанда, топырақ асты суы көтеріліп, екінші рет тұзданып кетпеуін кадағалау керек.
3. Ағаштар, бұталар, жоңышқа, беде сияқы өсімдіктерді өсіріп, олар топырақтағы тұздарды сіңіріп, топырақ асты суларының деңгейін жоғарылатпайды.
Бәрібір тұзын жумаса болмайды!

Сортаңдар немесе солонцы дегеніміз - топырақтың иллювиальды В қабатындағы сіңіргіш кешенінде натрий, ал кейде магний катиондарының мол мөлшерде болатын топырақтар. Бұлардың сорлардан айырмашылығы - ерігіш тұздардың мол мөлшері топырақтың тереңдеу қабатында шоғырланған тектік қабаттары анық байқалады.
Бұлар гумустық-элювиальды А1, одан кейін сортаңды иллювиальды В1, оның астында жайғасқан В2, АТЖ-лы С қабаттарынан тұрады. Сортаңдарға негізгі тән қасиет - иллювиальды сортаңды қабатының өте тығыз, түйірпектігі жоқ, сағызданып, беріштелген, физика-химиялық қасиеттері өсімдіктің тамырының дамуына мүмкіндік бермейтіні.
Сортаңдардың пайда болуы яғни шығу тегі туралы бірнеше ғылыми теориялар бар. Осылардың барлығына ортақ пікір - натрий элементінің рөлін жоққа шығармайды.
1. Гедройцтың коллойдты-химиялық теориясы - сортаңдар, бейтарапты Na тұздары мол сорлардың тұзсыздану процесінде пайда болған. Натрий тұздармен байыған сор топырақтардың сіңіргіш кешенінің құрамынан натрий басқа катиондарды ығыстырып, оны толық қанықтырады. Натрий ионының жоғары қорына гидратациялану нәтижесінде топырақ түйіршіктері өзінің тұтастық қасиетінен айырылады. Құрамында қаныққан натрий катионы бар коллайдты зттар суды мол сіңіріп, ісінеді, коагуляциялық яғни толық тұнбаға айналу, ыдырау процесіне ұшырамайды. Ал мол мөлшердегі натрий ортасын сілтілендіріп, минералдар мен оргникалық заттардың еруін күшейтеді. Нәтижесінде Na сілтісі мен көмірқышқылының кальцийлі тұздарының арасында реакция жүреді:
Сөйтіп, толық сілтіленге топырақ ерітіндісі коллайдтарды әрі қарай ыдыратады. Ерігіштіктері артып, жоғарғы А қабатынан төмен қарай жуылуына мүмкіндік тудырады. Жол-жөнекей электролитті тұздар мен реакцияға түсіп, бастапқы сор кезіндегі қалпын өзгертіп, гель күйіне ауысады. Осылай пайда болған гельді заттар жиналып, шоғырланып, иллювиальды немесе сортаңды қабат түзеді.
Сонымен, Гедройц сортаңдардың түзілу процесін 2 кезеңге бөледі: 1) топырақтың натрийлі тұздар мен қанығуы, сорлардың пайда болуы; 2) сорлардың тұзсызднып, тұздарының жоғарғы қабаттан төмен қарай жуылуы, нәтижесінде сортаңды қабат пайда болады. Сорлардың осылай тұзсызданып, сортаңға айналуын Гедройц 3 фазаға бөледі.
1) Сорлардың жоғарғы қабатындағы ерігіш тұздардың жуылуы; 2)сода тұзының түзілуі; 3) топырақ түйіршіктерінің ыдырап, құрылымының төменгі қабатына жылжып барып, шоғырлануы.
Сортаңдардың пайда болуы туралы 2-пікір айтқан Глинка. Бұл ғалым ғасырлар бойы топырақ натрилі тұздармен тұзданып, соңынан тұзсызданып, одан кейін қайтадан сорға айналып, одан кейін қайтадан тұзсызданады. Яғни натрилі тұздармен тұзданғанда сорға айналады, ал тұзсызданғанда сортаңға айналады. Осы кезектескен процес нәтжесінде қазіргі сортаңдар пайда болған.
З.Иванованың зерттеулеріні нәтижесінде сорлардағы тұздардың құрамында натрий мен кальций, магний тұздарының мөлшерлік қатынасы келесідегідей:
Na: (Ca + Mg) >4. Бірақ бұндай процесс табиғи сор топырақтарда сирек кездеседі. Ал сорлардың жуылуы процесінде оның құрамында кальцийлі тұздар 20%-дан жоғары болса сортаңдар түзілмейді. Сондықтан бейтарапты натрий тұздары бар сорлардан сортаңдардың түзілуі теориясы бұл құблыстың толық болмысын ашып, ішкі табиғатын айқындайды деп айту қиын.
Сортаңдардың биологиялық жолмен түзілуі теориясын Вильямс ұсынды. Бұл пікірдің негізгі мәні - құрғақ далада өсетін жусан, сораң, кермек, бүіргін сияқты өте мол натрий тұздары, олардың қалдықтары топырақта шірігенде минералданып, көп мөлшерде пайда болған содалы тұздардан сортаң пайда болады.
Ең соңғы зерттеліп, алынған мәліметтер нәтижесінде пікір айтқан Ковда. Оның пікірінше сортаңның сордан пайда болуы міндетті емес. Ең негізгісі - топырақта сода болуы керек. Оның мөлшері аз болсын, көп болсын топырақтың сіңіру кешеніне сіңіп сортаң түзіледі. Олай болса топырақта сода қалай пайда болады деген сұраққа жауап берсек. Соданың түзілу жолдары:
1. Магмалық шөгінді АТЖ-лардың құрамындағы Na олардың химиялық, биологиялық үгілу нәтижесінде топыраққа ауысады. Na өз бетінше өмір сүре алмайтындықтан алғашында сумен әрекеттесіп, сілті түзеді. Ол карбонат қышқылымен әрекеттесіп, сода түзіледі.
2. Топырақ асты суларының деңгейі көтерілгенде топырақтағы бейтарапты тұздардың өзара әрекетінен пайда болады.
3. Топырақтың сіңіргіш кешеніндегі Na-мен кальций карбонатының арасындағы алмасу реакциясы нәтижесінде пайда болады.
4. Топырақ және жер асты суларының, сол сияқты суғаратын сулардың құрамындағы сода топыраққа сіңіруі мүмкін.
5. Құрамында Na элементі мол болатын сексеуіл, бүйіргін, алабота, кермек, т.б өсімдіктер шірігенде Na топыраққа ауысады.

Сортаңдарды жіктеу өте күрделі әрекетке жатады. Себебі сортаңдар әр түрлі топырақ зоналарында пайда болып, интрозональды сипатта болады. Тіптен, бір зонаның аумағындағы сортаңдардың түзіліп, қалыптасуына, гидрологиясы, гидрогеологиясы тікелей әсер етеді. Осылардың типінде басымдық әсер ететіні гидрологиялық жағдайлары. Осыған сәйкес сортаңдарды 3 типке бөледі:
1) автоморфты; 2) жартылай гидроморфты; 3)гидроморфты
Типшелерге бөлу, зонаның сипатына қарай сортаңдардың генетикалық құрлымының морфологиялық ерекшеліктері еске алынады.
Тұқымдастарға немесе родтарға жіктеу сортаңдардың химиялық құрамына, тұзданудың тереңдігін дәрежелеріне сүйенеді.
Түрлерге, келесі белгілеріне сүйеніп бөледі. Сортаңды қабатының үстіндегі: 1)гумустық-элювиалды қабатының қалыңдығы; 2) В1 қабатындағы алмаса алатын Na-дың мөлшері; 3) топырақтың шақаттану дәрежесі; 4) сортаңды қабаттың құрылысына қарай.
Мысал ретінде, қара топырақты зонасындағы автоморфты сортаңдарды қарастырайық
1. Автоморфт сортаңдар типі зоналық яғни далалық қара топырақ зонасына сәйкес қара топырақты типшесі болады. Бұл типше тұздану химизміне қарай, содалы және аралас тұзданған.
Олай болса, тұқымдастары немесе родтары: содалық-сульфатты, содалық-хлоридтік-сульфатты сортаңдар болып бөлінеді. Енді сортаңды қабаттың үстінде жайғасқан гумустық қабатының қалыңдықтарына қарай түрлерге бөлуге болады: 1) егер бұл қабаттың яғни А1 қабатының қалыңдығы 3 см-ге дейін болса, қабыршақты қабаты қара топырақты сортаңдар деп аталады. 2) А1=3-10см болса, таяз қабатты қара топырақты сортаңдар; 3) А1=10-18см болса, орташа қабатты қара топырақты сортаңдар; 4) А1=18см-ден қалың болса, терең қара топырақты сортаңдар деп аталады
Сортаңдарды игерудің теориялық негізі ТСК-недегі Na элементінен арылу, яғни оны ығыстырып шығару әлемдік практикада немесе тәжірбиеде бұл үшін тек қана Ca элементі бай тұздарды пайдаланады. Өте жиі қолданылатыны гипс, немесе ғаныш. Мұны пайдалану процесі жан-жақты зерттелген. Мысалы: сортаңдардың түрлеріне қарай гипстің мөлшері, оны топыраққа беру әдістері оған қолданылатын мерзімдері оны ұнтақтау немесе түйіршектеу арқылы беру, т.б.
Екінші әдіс "сортаңдардың өзін-өзі мелиорациялау" деп аталады. Мұның мәні - сортаңды қабаттың астында Ca мол қабат болады. Соны арнаулы техника арқылы қопарып, сортаңды қабатпен араластырады. Жауын-шашынның сулары арқылы реакция жүріп, ТСК-дегі Na ығысып, төмен қарай жуылып кетеді.
Үшіншісі "фитомелиорация" деп аталады. Сортаңдарға төзімді өсімдіктерді егіп, олардың тамырлары сортаңды қабатқа біртіндеп еніп, сағызданып жатқан ТСК-ні бұзады, ыдыратады. Ал тамырдың тірі кезінде бөлінген қышқылды заттар, олардың қалдақтары шірігенде пайда болған фульва, гуминь қышқылдары топырақтағы ерітіндісінің сілтілігін бейтараптандырады.
Төртінші әдіс - күкір қышқылының белгілі бір мөлшері мен концентрациясын пайдаланып, ТСК-ны ыдырату арқылы Na-ды босатады.
"Шақаттар немесе солоды" деген тұзды топырақтар ТМД елдерінің 0,5%-ын құрайды. Таза шақаттардың көлемі 0,8 млн. га. Қазақстанда көбінесе орманды және орманды дала зоналарында. Бұлар негізінен ойпаң жерлерде түзіледі. Гедройцтың пікірінше, шақаттар сортаңдардан пайда болады. Ылғалдылығы, органикалық қалдықтары кәрізделмеген ойпаң жерлерде анаэробты, яғни тотықсыздану процесі басым жүреді. Соның нәтижесінде фульво, гуминь қышқылдарымен қатар темір мен марганецтің ерігіш қосылыстары түзіледі. Осылардың әсерінен ТСК-дегі натрий босап, орнын сутегігің иондары басады. Бұл кремний қосылысымен қосылып, кешенді колоидтарды түзеді.
Топырақтану
Full transcript