Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (1920-19

No description
by

Dana Usipbekova

on 12 October 2016

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (1920-19

Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (1920-1936)
Қазақ АКСР-ның құрылуы, алғашқы конституцияның қабылдануы қазақ халқының тарихында маңызы зор. Қазақ халқының ғасырларға созылған отаршылдыққа қарсы күресінің нәтижесі жаңа ұлттық мемлекеттіліктің құрылуы болды. Ұлт зиялыларының табандылығының арқасында территориялық тұтастық қалпына келтіріліп, сақталды. Бүкіл қазақ жерлерін бір республика төңірегіне біріктіру маңызды орын алады.
Қазақ АКСР-ның құрылуы және алғашқы Конституцияларының қабылдануы, қазақ қоғамындағы өзгерістер жан-жақты зерттелген. Дерек көздері ретінде «Қазақ АКСР-ның құру туралы декларация», «Қазақ АКСР еңбекшілерінің құқықтарының декларациясы», 1926 жылғы Конституция 1937 жылғы Қазақ КСР Конституциясының мәтіндері пайдалынылды.
Зерттеу дәрежесі
Ақпан революциясы нәтижесінде елдегі билік өзгерді. 300 жылдан астам билік құрған романовтар династиясы құлады, орнына буржуазиялық уақытша үкімет келді. Ұлт аймақтарындағы халықтардың өз автономияларын құру туралы үміттері пайда болды, бірақ уақытша үкімет «Біртұтас және бөлінбейтін Ресейді» жақтады.
1917 жылы Ресейде әлемді дүр сілкіндірген екі революция болды:
1919 жылы 10 шілдеде Ленин қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі Революциялық комитетті құру туралы декретке қол қойды. Қазревком елдегі жоғарғы әскери азаматтық билікке ие болды. Декретте қазревкомның мақсаттары мен мідеттері айқындалды: контрреволюция және интервенцияға қарсы күрес, мемлекеттік шаруашылық және мәдени құрылысты жүргізу үшін жағдай» жасау, Қазақстанда кеңестердің құрылтай съезін дайындау.
Өзектілігі
Өздерінің ұлттық мемлекеттіліктерін құру туралы үміт Қазан төңкерісінен кейін пайда болды. Кеңес үкіметінің алғашқы екі он жылдығында түбірлі оқиғалар болды. Соның ішінде Қазақ автономиясын құру және оның шекарасын айқындау.
Қазақ АКСР - ның шығу тарихы және қалыптасуы
1920 жылы 26 тамызда Бүкілресейлік Орталық Атқару комитеті мен РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің Кеңестік Ресей Федерациясының бір бөлшегі ретіндегі «Автономиялы Киргиз (Қазақ) Социалистік Кеңес республикасын құру туралы» В.И.Ленин мен М.И.Калинин қол қойған декреті шықты. Осы декретте кеңестік қазақ автономиясының жоғарғы мемлекеттік билік және басқару органдары белгіленіп: «Автономиялы Киргиз (Қазақ) Социалистік Кеңес Республикасының басқару органдары депуттардың жергілікті Кеңестері, Киргиз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Республикасының Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесі болып табылатындығы» айтылды.
С.Меңдешев (1882-1937)
Толық мақаласы: Сейітқали Меңдешұлы Меңдешев
1912 жылы коммунистік партия мүшесі, Бөкей губерниялық атқару комитетінің төрағасы;
1919 жылы Қазревком төрағасының орынбасары;
1920-1925 жылдары Қазақ АКСР Атқару Комитетінің төрағасы;
1937 жылы репрессия құрбаны болды.

Сейітқали Меңдешұлы Меңдешев
(16.6.1882 жыл, бұрынғы Ішкі Орданың Қалмақ – Шағыл ауылы – 25.02.1937 жыл, Алматы) – қоғам және мемлекет қайраткері.
Қазревком мүшелері:
Ә.Т.Жангелдин(1884-1953)
Толық мақаласы: Жангелдин Әліби Тоғжанұлы
1915 жылы коммунистік партия мүшесі;
1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, Торғай әскери комиссары;
1918 жылы Торғай облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы
1918 жылы Қазревком төрағасының орынбасары.
Әліби Тоқжанұлы Жанкелдин
(1884, Торғай облысы, қазіргі Жангелді ауданы, Қайдауыл ауылы - 14 тамыз 1953, Алматы) — Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату және нығайту жолындағы күрестің көрнекті басшысы, республиканың мемлекет қайраткері.
А.Байтұрсынұлы(1873-1937)
Толық мақаласы: Ахмет Байтұрсынұлы
"Алаш" партиясын құрушылардың бірі - "Қазақ" газетінің редакторы.
1919 жылдан Қазревком мүшесі, оқу министрі.
1937 жылы репрессия құрбаны болды.
Ахмет Байтұрсынұлы
(5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері
Қорытынды:
1. Қазақ АКСР-ның құрылуы қазақ халқының тарихында маңызды орын алады. Ресей федерациясының құрамында болса да, отарлау барысында жойылған ұлттық мемлекеттілік қалпына келтірілді.
2. XX ғасырдың алғашқы он жылдығында қазақ қоғамында түбірлі өзгерістер жүзеге асты. Патриархалдық-феодалдық құрылыстан социалистік құрылысқа өту зардаптары мен шығындарына қарамастан, оң нәтиже берді.
3. Қазақ егеменді ел болып, өз ата заңына сүйенген дүниежүзілік қауымдастыққа шығу жолында Кеңестік Конституциялардың белгілі бір кезенде маңызы болды.
Full transcript