Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Азаматтардың әкімшілік кұкықтык мәртебесі

No description
by

Meruert Abdikasheva

on 1 December 2015

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Азаматтардың әкімшілік кұкықтык мәртебесі

Азаматтардың әкімшілік кұкықтык мәртебесі
Біріншіден, оның күрделі сипаты бар яғни адам мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің, жеке адам мен ұжымның қарым қатынастарын білдіретін конституциялық, азаматтық, қаржы және басқа құқық салаларының нормалары.
Екіншіден, нұсқамалардың міндеттілігі бойынша онда не тек құқықтар ғана (мыс.арыз жазу құқығы), не тек міндеттер ғана ( мыс.жол жүру ережесін сақтау) , не құқықтар мен міндеттер болады( мыс.шағым бару құқығы және айыппұлды төлеу міндеті).
Үшіншіден, азаматтың әкімшілік құқықтық мәртебесінің мазмұны бір жағдайларда қандай да болмасын бір адамның қалауына байланысты болады. (мыс. аң аулау мылтығын алу үшін ішкі істер органдарына рұқсат алуға өтініш жасайды).
Төртіншіден, әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде құқықтық мәртебесі барлық азаматтар үшін жалпы болып табылатын құқықтар мен міндеттерді(мыс. Өрт қауіпсіздік ережесін сақтау міндеті), азаматтардың тек қандай да болмасын бір санатына ғана тиісті болатын құқықтар мен міндеттерді( мыс. Автомобиль көлігін жүргізушілерге, кәсіпкерлерге, аңшыларға), сондай ақ нақты жеке адамдардың құқықтары мен міндеттерін қамтиды.


Мемлекеттік басқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен міндеттері. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен міндеттері ҚР Конституциясына сай жүзеге асырылады. Мыс. Еңбек ету құқығы (Конституцияның 24-бабы), әлеуметтік қамсыздандыру (Конституцияның 28-бабы),денсаулық сақтау (Конституцияның 29-бабы), Мемлекет ісін басқаруға қатысу (Конституцияның 33-бабы), Әркімнің өмір сүру құқығы (Конституцияның 18-бабы), Еркін жүріп тұру құқығы(Конституцияның 21-бабы) бар.
Азаматтардың заңдармен және атқарушы билік субъектілерінің заңға тәуелді құқықтық актілермен белгіленетін және кепілденетін құқықтары бар. Конституциялық құқықтардан басқа азаматтар тікелей мемлекеттік басқарушылық қызмет аясында жалпы және нақты сипаты бар бірнеше өзге де құқықтарды пайдаланады.Бұл құқықтар заңдармен де, атқарушы биліктің өкілетті органдарының заңға тәуелді нормативтік актілермен де тағайындалады және кепілдендіріледі. Егер азаматтар өз міндеттерін орындамаған немесе дұрыс орындамаған жағдайда жауапкершілік туындайды.
Азаматтардың құқықтарының әкімшілік құқықтық мәртебелерінің кепілдіктері мен олардың түрлері. Азаматтардың заңды құқықтарының, міндеттерінің және заңды мүдделерінің кепілдіктері деп олардың нақты жүзеге асырылуы мен қорғалуын қамтамасыз ететін жағдайлар мен құралдар.

Мұндай кепілдіктер мынандай әрекеттерден тұрады:

Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі заңдық міндетін орындау;
Оларды жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасау;
Олардың жүзеге асырылуына байқау мен бақылау жасау;
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау;
Оларды бұзған жағдайда санкциялар қолдану.
ҚР сы азаматының әкімшілік құқықтық мәртебесі дегеніміз азаматтың мемлекетті басқаруға қатысуын және жариялы әрі жеке мүдделерін қамтамасыз ететін заңмен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен белгіленген құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі. Азаматтардың жалпы құқықтық мәртебесі ҚР ның Конституциясымен, қолданып жүрген қазақстан заңнамаларымен айқындалады. Азаматтың әкімшілік құқықтық мәртебесінің бірнеше түрі бар.
Лекция жоспары
1. Азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің негіздері және оның элементтері.
2. Мемлекеттік басқару аясында азамат мәртебесінің нормативтік-құқықтық реттелу негіздерінің сипаттамасы.
3. Азаматтардың құқықтарының әкімшілік-құқықтық мәртебелерінің кепілдіктері мен олардың түрлері..

Біріншіден: Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың әкімшілік құқықтық кепілдіктерімен жүзеге асырылады:
Азаматтың өзіне бекітілген құқықтарды жүзеге асыру жөнінде атқарушы органға (лауазымды адамға) өтініш жасауы арқылы Өкілетті органның (лауазымды адамның) азаматтық өтінішін, оның заңдылығы мен негізділігін анықтау үшін, қарауы арқылы
Олардың өтініш мәселесі бойынша шешім шығарылады.
Қабылданған шешімді орындауы.

Екіншіден: Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың әкімшілік құқықтық кепілдіктерімен жүзеге асырылады.
Бұл атқарушы органның (лауазымды адамдардың) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуы:
Байқау жасап отыру функциясы арқылы жүзеге асырылады. Қадағалау арқылы жүзеге асырылады.Атқарушы органдардың ( дауазымды адамдардың) азаматтардың құқықтарын тікелей қорғауы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік басқарушылық қызмет процессінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың екі бағыты бар:
Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заңдық жауапкершілігі екі негізде жүзеге асырылады:
Тәртіптік жауапкершілік арқылы жүзеге асырылады.
Әкімшілік жауапкершілік арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметші өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін, олардың ішінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.
Егер оны бұзған жағдайда тәртіптік жауапкершілік пайда болады.

Лауазымды адамдардың әкімшілік жауапкершілігі басқару тәртібін, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті, табиғатты, халықтың денсаулығын, т.с.с. қорғау аясындағы белгіленген ережелерді бұзғаны және сақтамауына байланысты олардың әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін пайда болады. Прокурор әкімшілік іс қозғау туралы қаулы шығаруға құқылы.
Full transcript