Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Дара кәсіпкерлік

No description
by

Meruert Abdikasheva

on 17 October 2017

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Дара кәсіпкерлік

Дара кәсіпкерліктің түрлері Дара кәсіпкерлік туралы заңға сәйкес, жекеше және бірлескен кәсіпкерлік болып табылады. Дара кәсіпкерлер мынадай шарттардың біріне сәйкес келсе, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады:
1) тұрақты негізде жалдамалы жұмыскерлердің еңбегі пайдаланылады;
2) жеке тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Заңнамалық актілерімен белгіленген жылдық жиынтық табыстың салық салынбайтын мөлшерінен асып түскен мөлшерде кәсіпкерлік қызметтен салық заңнамасына сәйкес есептелінген жылдық жиынтық табыс алады.

Дара кәсіпкерлік
Бірлескен кәсіпкерліктің нысандары :
а) ортақ меншік базасында жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі;
ә) фермер немесе шаруа қожалығының ортақ меншік немесе жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік базасында жүзеге асырылатын субасылық кәсіпкерлік;
б) жай серіктестік, бұл серіктестік кезінде кәсіпкерлік қызмет жалпы үлестік меншік базасында жүзеге асырылады.

Дара кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметпен айналысады, өз атынан құқықтар мен міндеттіліктерді сатып алады және жүзеге асырады. Бірлескен дара кәсіпкерлік кезінде кәсіпкерлік қызметпен байланысты барлық мәмілелер бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан жүзеге асырылады.
Дара кәсіпкерлік кәсіпкерлікпен айналысу үшін мүлікті пайдалануға және (немесе) билік етуге болатын меншік құқығында немесе өзгедей құқықтарда азаматтарға жататын мүлік негізінде және оның есебінен жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлік іс ұғымы - бұл мүліктік құқықтарды қоса, мүлік жиынтығы, мұның негізінде және сол арқылы дара кәсіпкер өзінің қызметін жүзеге асырады. Кәсіпкерлік іс түгелдей немесе оның бір бөлігі құқықтарды белгілеумен, өзгертумен және тоқтатумен байланысты сатып алу-сату, кепілдеме, жалға беру және басқа мәмілелердің объекті бола апады. Сондай-ақ олар бойынша салықтық есептемені берудің тәртібін өздері тандай алады:
1) жалпыға ортақ белгіленген тәртіп;
2) патент негізіндегі арнаулы салық режимі;
3) оңайлатылған мағлұмдама негізіндегі арнаулы салық режимі;
4) біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі. (мұндай тәртіп сақталынған жағдайда).

Рынок жағдайларында табыс алуға бағыттылған азаматтардың кәсіпкерлік қызметіне кең жол ашылған. Дара кәсіпкерлік ұғымы Дара кәсіпкерлік туралы заңда тұжырымдалған. Дара кәсіпкерлік қызмет мына белгілердің жиынтығымен сипатталады:
а) ол ынталы бастамалық қызмет болып табылады;
ә) табыс алуға бағытталған;
б) кәсіпкерлікпен шұғылданатын азаматтардың өздерінің меншігіне негізделген;
в) азаматтардың атынан олардың тәуекелі үшін және олардың мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.

Дара кәсіпкерлік туралы заңға сәйкес дара кәсіпкерліктің түрлері жекеше және бірлескен кәсіпкерлік болып табылады.
Жекеше кәсіпкерлікті оған меншік құқығында жататын мүлік базасында, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) мүлікке иелік етуге болатын өзгедей құқық күшінде бір жеке тұлға өздігінше жүзеге асырады.
Бірлескен кәсіпкерлікті оларға ортақ меншік құқығында жататын мүлік базасында, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) мүлікке иелік етуге болатын өзгедей құқық күшінде жеке тұлғалар тобы (дара кәсіпкерлер) жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерлік кезінде жекеше кәсіпкерлікпен байланысты барлық мәмілелер жасалынады, құқықтар мен міндеттіліктер бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушылары атынан сатып алынады және жүзеге асырылады.
Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режімі қарастырылған.
Құмар ойын бизнесімен айналысатын кәсіпкерлер құмар ойын бизнесі салығын сондай-ақ құмар ойын бизнесі салығын төлеушілердің қосымша төлемін төлейді.
Дара кәсіпкерлер салықтарды есептеу мен төлеудің онайлатылған тәртібін пайдаланатын шағын бизнестің субъектілері болуы мүмкін. Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің, тәртібін өздері таңдай алады.

Жеке кәсіпкерлік – жеке кәсіпкерліктің бір түрі ретінде пайда табуға бағытталған, азаматтың өзінің меншігіне негізделген және азаматтың өз тәуекелімен жүзеге асырылатын азаматтың бастамашылық қызметі.Кәсіпкерлікте еңбектік жалдау шарты бойынша жұмыстар жатпайды. Жекекәсіпкерліктің субъектілері болып заңды тұлғаны құрмай – ақ кәсіпкерлікқызметпен айналысатын жеке тұлғалар танылады.
Жеке кәсіпкерлік түрлеріжеке тұлғалық кәсіпкер және ортақ кәсіпкерлік болып бөлінеді.
- жеке тұлғалық кәсіпкерлік - бір азаматпен жүзеге асырылады;
- ортақ кәсіпкерлік - адамның тобымен жүзеге асырылады.
Ортақ кәсіпкерлік нысандары болып мыналар табылады:
- ерлі – зайыптылардың кәсіпкерлігі;
- отбасылық кәсіпкерлік (шаруа қожалығы немесе жекешелендірілген тұрғын
үйге ортақ меншікке негізделген );
- жай серіктестік ( ортақ үлестік меншік негізінде).

Жеке тұлғалық кәсіпкерлікті – некеде тұратын азаматтар жұзеге асырса, егер
ерінің немесе зайыбының келісімісіз өзі құрған болса, онда ері немесезайыбының келісімі талап етілмейді. Отбасылық кәсіпкерлікті жүзеге асырукезінде басқада тұрғын меншік иесінің келісімімен куәландырылуы қажет.

Жеке кәсіпкерлікпен айналысу құқығы жеке тұлғалардың салық органдарында тіркелген сәттен бастап туындап және айқын сипатқа ие болады.
Міндетті мемлекеттік тіркеуге келесі шарттарға сәйкес жеке кәсіпкерлер жатады:
1-ші тұрақты негізде жалданбалы жұмысшылар еңбегі пайдаланылады;
2-ші жеке тұлғалардың олар үшін бекітілген жиынтық жылдық табыс мөлшері, кәсіпкерлік қызметті иеленуге мүмкіндік берсе.
Заңдарға сәйкес аударылған жиынтық жылдық табыстарды кәсіпкерлік қызметтен иеленсе міндетті мемлекеттік тіркеледі. Мемлекеттік тіркеу арқылы куәлік азаматтардың жеке кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалық амалы болып табылады. Лицензиялауға тиіс қызмет түрлеріне лицензия бергені үшін алым алынады.
Жеке кәсіпкерлік – азаматтардың өзінің (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың (заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі) меншігіне негізделген және адамның тәуекелі мен мүліктік жауапкершілігіне
алынып жүзеге асырылатын, азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың табыс табуына бағытталған бастамашылық қызмет болып
табылады. Жеке кәсіпкердің меншігіне қол сұғуға болмайды және ол заңмен қорғалады. Жеке кәсіпкердің шаруашылық жүргізу субьектілердің қызметін
тоқтата тұру және оны күштеп тарату сот шешімімен ғана жүргізіледі. ҚР-сы жеке кәсіпкерлікті қорғау жөніндегі қатынастары азаматтық заңның нормаларымен қолданылады.
Full transcript