The Internet belongs to everyone. Let’s keep it that way.

Protect Net Neutrality
Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Қазақстанның геосаяси жағдайы

No description
by

Zhanna Kokanova

on 18 May 2016

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Қазақстанның геосаяси жағдайы

Қазақстанның геосаяси жағдайы
Қазақстанның халықаралық ұйымдар жүйесінде
Біздің мемлекетіміздің негізгі міндеттерінің бірі - елдің дамуына қолайлы жағдай туғызу.Оны тек қана екі жақты ынтымақ тастық жағдайында шешу мүмкін емес.Қазақстанға қатысы бар көп мәселелердің аймақтық (мысалы, халықаралық өзен суларын пайдалану) немесе тіпті дүние жүзілік (бейбітшілікті сақтау, қоршаған ортаны корғау, террор, заңсыз есірткі саудасы) сипаты бар.Оларға елдер тобының немесе бүкілдүниежүзілік қоғамдастықтың келісілген іс-шаралары қажет.Осы жағдай халықаралық ұйымдар дың құрылуына әкелді.
Біздің еліміз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше болды.Одан кейінгі маңызды халықаралық ұйым - Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ).Оны бұрынғы кеңес - қытай шекарасындағы даулы мәселелерді шешу мақсатында Ресей, Қазақстан , Қырғызстан,Тәжікстан және Қытай мемлекеттері («Шанхай бестігі»)құрды. Шекара туралы келісімшарт бекітілгеннен кейін «бестікті» ШЫҰ күрамындағы елдердің ынтымақтастығын кеңейтіп, қауіпсіздігін нығайту ұйымына айналдыруға шешім қабылданды. «Бестікке» Өзбекстан, Монғолия, Индия, Пәкстан, Иран және Ауғанстан бақылаушы статусын алды.

ЕурАзЭҚ
Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан тығыз экономикалық жақындасуға(интеграцияға)ұмтылды.Олар алдымен Кедендік Одақ, кейінірек - Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық немесе (ЕурАзЭҚ) құрды(2002 жылы).
ЕурАзЭҚ халықтарының бейбіт өмірін ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымы (ҰҚТКҰ) камтамасыз етеді.Бұл Келісім қауіп төнген жағдайда ҰҚТКҰ-ның кез келген мүшесін бірлесіп қорғауды қарастырады.Ол үшін ұйымда барлық қажетті жағдайлар, соның ішінде Ресейдің ядролық «калканы» да бар.
Жаңа шет елдер географиясы
1991 жылының соңында 15 республикадан тұратын алып мемлекет-Кеңес Одағы өзінің өмір сүруін тоқтатты.Оның кең-байтақ аумағында Қазақстаннан басқа 14 егеменді мемлекет пайда болды.
1991 жылы 22 желтоқсанда Қазақстанның астанасы Алматы қаласында жаңа 11 шет ел президенттерінің кездесуімен ТМД құрылды. Оған Қазақстан,Әзірбайжан,Армения,Беларусь,Қырғызстан,Молдова,Ресей,Тәжікстан,
Түрікменстан,Өзбекстан және Грузия қосылды.

Халықаралық ұйымдар саны 3000-ға таяу. Олардың ішінде үкіметаралық және үкіметтік емес, әлемдік және аймақтық, әмбебапты немесе маманданған ұйымдар бар.Ең маңызды әмбебапты әрі саны ірісі - Біріккен Ұлттар Ұйымы немесе БҰҰ (штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан).Ол бейбітшілікті, қауіпсіздікті және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қолдау әрі нығайту мақсатында құрылған. Оған әлемнің 193 егеменді мемлекеттерінің 192-ы кіреді.

Біздің еліміз Кеңес Одағының мұрагерлерінің бірі ретінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ)жұмысында қатысады.Ол «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бағдарламасы бойынша Солтүстік Атлантика келісімі Ұйымымен (НАТО) қарым-қатынас жасайды.Бұл бағдарлама қарулы күштердің өзара байланысы, оқу үйрену жаттығуларын бірлесіп өткізу,офицерлерді даярлау мәселелерін карастырады. Республиканың әлемдегі аса ірі ұйым-ЕуропалықОдақпен (ЕО) өзара ынтымақтастық жайлы келісімі бар.ЕО құрамына 500 млн халқы бар 27 мемлекет енеді.Еуропалық Одақ - Қазақстанның маңызды сауда серіктесі.
Әлемдік деңгейде алсақ, республика 1992 жылы, 2 наурызында (бірауыздан қабылдаған БҰҰ, оның арнаулы маманданған мекемелері - ЮНЕСКО (білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы), МАГАТЕ (атом куаты жөніндегі халықаралық игенттік ) , ДДҰ (Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы)және баскалар. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ ) мен халықаралық қайта құру және даму банкіне (ХҚҚДБ)мүше болуының ел үшін маңызы зор болды.Ол әлемдік қауымдастықтың ірі қаржы мекемелерінің несиелеріне Қазақстанның жолын ашты.
Геосаяси жағдай
Геосаяси жағдай - елдің стратегиялық маңызы бар шет елдік мемлекеттерге, олардың одақтарына және дүние жузінің аудандарына қатысты алғандағы саяси картадағы орнын анықтайды



Full transcript