Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік құқықтық мәртебесі.

No description
by

Meruert Abdikasheva

on 1 December 2015

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік құқықтық мәртебесі.

«Мемлекеттік қызмет туралы» заңда мемлекеттік қызметшінің түсінігі берілген. Ол бойынша мемлекеттік қызметші болып заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не ҚР Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті мемлекеттік органда атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттілікті жүзеге асыратын ҚР-ның азаматы табылады.
Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдар мемлекеттік қызметшіге жатпайды(мысалы, архивариус, кітапханашы, комендант, лаборант, әдіскер және т.б.). Мұндай адамдардың тізбесін республика Үкіметі белгілейді.

Мемлекеттік қызметтің принциптері мемлекеттік қызметтің қызметтің негізіне жататын және оның мәнін білдіретін негізгі идеалдар, басшылыққа алынатын бастамалар.

Мемлекеттік қызметтің түсінігі,оның нормативтік құқықтық негіздері Ғылыми және құқықтық оқулықтарда мемлекеттік қызметті кең және тар мағынада түсінеді. Мемлекеттік қызмет кең мағынада қызметшілердің өздерінің міндеттерін мемлекеттік ұйымдарда: мемлекеттік өкімет органдарында, кәсіпорындарда, мекемелерде, өзге де ұйымдарда орындаудан көрінісін табады; тар мағынада – бұл қызметшілердің өздерінің міндеттерін мемлекеттік органдарда орындаулары.
«Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР-ның 1999 жылғы 23 шілдедегі заңында мемлекеттік қызметтің ұғымы тар мағынада берілген. Онда мемлекеттік қызмет - мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі, - делінген.
Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік құқықтық мәртебесі.

Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және олардың жіктелуі. Заңда мемлекеттік қызметшілерде екі топқа бөліп, түсініктеме берген. Бұлардың бірі мемлекеттік әкімшілік қызметші деп аталады. Оған мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші жатады(мысалы, мемлекеттік хатшы кеңесшісі, сарапшы, маман, құрылымдық бөлім басшысы, департамент директоры, аудан әкімінің орынбасары және т.б.). Енді бір тобы – мемлекеттік саяси қызметші. Мұндай қызметші болып тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметі саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші табылады(мысалы, ҚР-ның Премьер-министрі, министрлер, олардың орынбасарлары, облыс, қала, аудан әкімдері және т.б.). Яғни, Мемлекеттік қызметшілер лауазымдары оларды жасақтау мақсаттарына қарай саяси және әкімшілік лауазымдарға бөлінеді.
Мемлекетттік саяси қызметші- тағайындалуы, босатылуы және қызметі саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.

Әр мемлекеттік қызметшінің, өзінің атқарып отырған қызметі жөніндегі нақты өкілетіліктеріне қарамастан, мыналарға құқығы бар:
Республиканың азаматтарына Конститутциямен және заңдармен кепілдік берілетін құқытармен бостандықтарды пайдалануға;
өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға, тиісті огандар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдар алуға; басшыдан мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымына сәйкес міндеттерін және қызметтік өкілетіліктерінің көлемін дәлелдеп белгілеуді талап етуге;
жеке басының қадір-қасиетінің құрметтелуіне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзіне де әділ және құрметпен көз қарас жасалуына;
өзі атқаратын лауазымға, жұмыс сапасына, тәжірибесіне және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда белгіленген өзге де негіздерге қарай ынталандырылуына және еңбегіне ақы төленілуіне;
біліктілігі мен қабілетті, өзінің қызметтік міндеттерін адал орындауы ескеріле отырып, қызметі бойынша жоғарлауға;
қызметінің пікірінше негізсіз айып тағылған жағдайда қызметтік тексеру жүргізілуін талап етуге; еңбегінің қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және жоғары жұмыс істеуі үшін қажетті еңбек жағдайына;
әлеуметтік және құқықтық қорғалуына; мемлекеттік қызметтен өз қалауы бойынша шығуға; зейнетақымен және әлуметтік қамсыздандырулыға;
Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Мемлекеттік қызметшілердің өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, сондай-ақ заңда белгіленген, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жазалар:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) қызметке сәйкес еместігі туралы ескерту;
5) атқаратын қызметінен босату қолданылуы мүмкін.

Принциптері:
Заңдылық, Қазақстандық патриоитизм, мемлекеттік өкіметтің заң шығару және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан мемлекеттік қызмет жүйесінің бір тұтастығы.
Азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдығы.
Жалпы қол жетімділік, яғни республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярылғына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарлатылуға тең құқығы.
Азамматрдың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі.
Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі мен жоғары біліктілігі.
Мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбекке ақыны тең төлеу. Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімдерді оырндаудың бағынысты мемлекеттік қызметшілер мен төменгі мемлекеттік органдардың қызметшілері үшін міндеттілігі.
Мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болуы және есептілігі Мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып есептелетін қызметті қоспағанда, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы. Мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өздерінің өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы

Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған кезде заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен олардың органдарының шешімдеріне байланысты болмайды.

«Мемлекеттік қызмет туралы» заң бойынша мемлекттік қызметші болып мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не ҚР-сы Ұлттық Банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттілікті жүзеге асыратын ҚР-ның азаматы болып табылады.

Лекция жоспары

1. Мемлекеттік қызметтің түсінігі, оның нормативтік құқықтық негіздері
2. Мемлекеттік қызмет қағидалары
3. Мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік құқықтары мен міндеттері.
4. Мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік құқықтары мен міндеттері.
5. Мемлекеттік қызметті өткерудің әкімшілік құқықтық реттелуі.Мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі.

Мемлекеттік қызметшілер қылмыс және өзге де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда заңдарда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша тиісінше қылмыстық, әкімшілік, материалдық жауапты болады.


Мемлекеттік қызметшілер құқықтарының оларды тәртіптік жауапқа тарту кезіндегі кепілдігі.
1. Мемлекеттік қызметші өзін тәртіптік жауапқа тартуға байланысты барлық материалдармен таныстырылуға міндетті.
2. Жауапқа тартылушы мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның іс-әрекеті мен шешімдеріне уәкілетті орган белгілеген тәртіппен не сотқа шағым жасай алады.
Full transcript