Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Акушерлік қан кетулер

No description
by

erko asd

on 9 October 2014

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Акушерлік қан кетулер

Акушерлік қан кетулер
ПЛАЦЕНТАНЫҢ ТОЛЫҚ ЖАТУЫ
ПЛАЦЕНТАНЫҢ ТӨМЕН ОРНАЛАСУЫ
ПЛАЦЕНТАНЫҢ ТОЛЫҚ ЕМЕС ЖАТУЫ
Қорытыңды
Плаценталық және босанудан кейінгі ерте кезеңде қан кету себептері бала жолдасының мықты бекітілуі мен қоса жапсарлануы, жатыр гипо- және атониясы, бала босану жолдары (жатыр мойыны, жатыр, қынап, сыртқы жыныс ағзалары) жұмсақ тіндерінің үзілуі болуы мүмкін. Жүктіліктің кез келген мерзімінде, бірақ көбіне 20-25 аптадан соң және бала босану кезінде қан кету жатырдың қақырауы салдары болуы ықтимал.
Бала жолдасы алда жатқандағы жетекші симптом – жүктіліктің екінші жартысындағы қайталанатын қан кету. Қан жоғалтудың аз болуы мүмкін – қынаптан мардымсыз қан ағу түрінде. Алайда мұндай фонда теміртапшылық қаназдық, артериалды гипотензия дамиды. Бала жолдасының алда жатуына күмәнданғанда екіқабат әйелді шұғыл түрде акушерлік стационарға жатқызу қажет. Мұны тек зембіл арқылы жүзеге асырады.

Асқынулар:

ДВС – СИНДРОМ
БАЛА ЖОЛДАСЫ ЖӘНЕ БОСАНҒАННАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕ ГИПО-АТОНИЯЛЫҚ ҚАН КЕТУ ГЕМОРРАГИЧЕСКИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ГИПОВОЛЕМИЯЛЫҚ ШОК.
ПЕРИНАТАЛДЫ ӨЛІМ (50%)
АНА ӨЛІМІ (0,8%)
ҚАҒАНАҚ СУЫМЕН ЭМБОЛИЯ МЕРЗІМІНЕН ЕРТЕ БОСАНУ (42,1%)

Қан ағудың уақытына байланысты жіктелуі
-Жүктіліктің I жартысында

-Жүктіліктің II жартысында

-Босану кезінде: I кезеңде, II кезеңде

-Бала жолдасы кезеңінде

-Босанғаннан кейінгі ерте кезеңде

-Босанғаннан кейінгі кеш кезеңде
Жүктіліктің ІІ жартысындағы қан ағудың себептері

Плацентаның жатуы;

Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын сылынуы (ПОНРП);

Кіндіктің қабыққа жабысуында қан тамырдың жарылуы

Қөпіршік ауруы

Жатырдың жыртылуы

Қынаптың көк тамырларының кеңеюі
Жүктіліктің І жартысындағы қан кету
«Жалған етеккір»
Псевдоэрозиялар
Жатыр мойнының полипі және рагы
Қынаптың жарақаттануы
Сыртқы жыныс мүшелерінің және қынаптың веналарының варикозды кеңеуі
Басталған түсік
Үзілген жатырдан тыс жүктілік
Көпіршік ауруы


Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын ажырауында клиникалық тұрғыда – іштегі ауыруға, әлсіздікке, бас айналуына шағымдар болады. Тері жамылғылары боз, шеткі цианоз, тахикардия. Артериалды қысым, шарт бойынша, төмен, бірақ екіқабат әйелдің кеш токсикозы фонында қалыпты немесе жоғары сандарда қалуы мүмкін. Жатыр кернеулі, пальпацияда ауырсынулы. Ұрықтың жүрек соғуы әдетте тыңдалмайды немесе ұрық тіршілігі бұзылуының анық белгілері болады (мин 160 соғудан астам тахикардия, мин 120 соғудан төмен брадикардия). Жыныс жолдарынан жеткілікті қан бөлінісі көрінеді. Бала жолдасының ажырауын плацентаның алда орналасуы мен жатыр қақ айрылуынан ажырату қажет. Кез келген жағдайда дәрігер акушер-гинеколог тактикасы сырқат әйелді жақын маңдағы акушерлік стационарға жатқызу болып табылады.
Анықтамасы:

Босанудан кейінгі кешеуіл (екіншілік) қан кету (БКҚ) - 500 мл көлеміндегі босанудан кейінгі 24 сағаттан 6 аптаға дейінгі кезеңде туындайтын қан кету.

Босанудан кейінгі қан кету - 500,0 мл құрайтын босану кезіндегі табиғи босану жолдары арқылы және 1000 мл астам касарь тілігі кезіндегі клиникалық маңызды қан кету.

Кешеуіл қан кету себептері болатындар: жатырдың жиырылу қабілеттілігінің бұзылуы (жатыр антония), босанудың жұмсақ жолдарының (жатыр мойнының, іншектің) жыртылулары мен гематомалары, жатыр жыртылуы немесе теріс айналуы, жатырдың жалпақ байламының қан құйылуы (гематома), жатыр қуысында бала жолдасының қалдықтары фонындағы эндомиометрит, жыныс мүшелерінен тыс қан кету.




Жүктілік және бала босану кезіндегі қан кетулер ауыр асқынулар болып есептеледі және оның ана өліміне жетелеуі мүмкін. Акушерлік қан кетулердің ерекшелігі оның бала босану үдерісіне байланысты шаршау, ауыру факторы фонында дамуы, бала босану жарақаттануларымен, босанудың ауыр асқынуларымен (кеш токсикоз және басқалары) жиі бірге жүруі болып табылады.
Бұл факторлар организмдегі патофизиологиялық өзгерістердің ауырлығын өзара қиындатады және геморрагиялық шоктың дамуына ықпал етеді. Жүктілік кезінде, бала босанудың басында (ашылу кезеңі, сирегірек – қуу кезеңі) қан кетуді бала жолдасының алда жатуы, сондай-ақ қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын ажырауы шақырады.

Плацентаның жатуы (орналасуы)
Қауіп факторлары
Алдыңғы жүкітілкте плацентаның мерзімінен бұрын сылынуы болса
Yаркомания
Аз сулылық
Созылмалы гипертензия салдарынан преэклампсияның қосылуы
Cозылмалы гипертензия
Анасының жасының және паритетінің жоғары болуы
Көп ұрықты жүктілік
Темекі шегу
Мерзімінен бұрын босануда қағанақ суының ерте кетуі
хориоамнионит
Басқада факторларға: жарақат, тромбофилия, көп сулылық, жүктіліктің І жартысында кездесетін қан кетулер

Емдеу тактикасы
Босанудан кейін екіншілік қан кетуде ана аурулық-сырқаулығының және өлім-жітімі көбеюінің негізгі себебі айналудағы сұйықтықтың кідірісі және көлемді орынсыз толтыруы, коагуляция бұзылуы, қан кетудің жарақаттық сипаты. Босанудан кейін екіншілік қан кетуде қан жатыр қуысында, іш қуысында және ретроперитонель жиналуы мүмкіндігін ескерту қажет.

Ем мақсаты
Қан кету көлемін дәл бағалау, күттірмес шараларды уақытылы өткізу, екіншілік БКҚ себебін дәл анықтап қою, оның себебін ескеріп қан кетуді орынды емдеу, хирургиялық гемостаз жүргізу қажеттігі азаюы.

Жатырдың бимануальді компрессия техникасы
1. Стерильді қолғаппен іншекке қолмен кіріп, қолды жұдырыққа түю.
2. Жұдырықты алдыңғы күмбезде орналастыру және онымен жатырдың алдыңғы қабырғасын басу.
3. Екінші қолмен алдыңғы құрсақ қабырғасы арқылы іншекке кірген қолдың бағыты бойынша жатырдың артқы қабырғасын басу (жатырды қол арасымен басу).
4. Қан ағу тоқтағанша және жатыр жиырылғанша басуды тоқтатпаңыз.

Акушерия және гинекология кафедрасы
Орындаған: Тыныштыхан Е.
Қабылдаған: Салимбаева Б.Т.
Группа: 306-Б-ҚДС
Full transcript