Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Тұрақты даму

No description

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Тұрақты даму

"Тұрақты даму концепциясы"
«Тұрақты даму» концепциясы
1987 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Дүние жүзілік қоршаған орта мен даму коммисиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «Қоршаған орта үшін қауіпсіз жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды. Омында алғаш рет «Тұрақты даму» концепциясы ұсынылды.
1992 жылдың маусым айында Рио – де – Женейро қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Дүние жүзілік қоршаған орта мен даму коммисиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты конференциясы «Тұрақты даму» конференциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған.
Қорытынды
Тұрақты даму
Халықаралық ынтымақтастықтың негізгі экологиялық принциптерінің даму тарихына сәйкес әдетте оның үш кезеңі бөліп көрсетіледі:
Қазақстан Республикасының
2007-2024 жылдарға арналған
орнықты дамуға көшу
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Елдің орнықты дамуы дегеніміз қазіргі ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыратын және келер ұрпақтың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктеріне қатер төндірмейтін даму болып табылады.
Қазақстан Республикасы үшін орнықты дамуға көшу аса қажеттілік болып табылады. Табиғи ресурстарды пайдалану есебінен экономиканың өсуі тек белгілі бір кезеңде ғана болуы мүмкін. Қазіргі жағдайда өсім мен даму неғұрлым озық тетіктерді талап етеді.
Орнықты даму Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет. Орнықты даму қағидаты Президенттің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясының негізінде де тұжырымдалған.
Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшуінің осы тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) ел өмірінің барлық салаларында орнықтылыққа қол жеткізу қағидаттарының көрінісін, мақсаттарын, міндеттері мен негізгі тетіктерін айқындайды. Ол үшін дамудың экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және саяси факторлары ықпалдасуы және Қазақстан халқының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған біртұтас процесс ретінде қарастырылуы қажет.
Тұрақты дамудың негізгі факторларына
БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы, жоспары және орындалуы.
Қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық жалпыға бірдей танылған принциптер мен нормалар оның негізін құрайтын халықаралық экологиялық құқықпен реттеледі. Адамды қоршаған орта проблемалары жөніндегі БҰҰ Стокгольм конференциясы (1972ж), БҰҰ Бас Ассамблеясы мақұлдаған Бүкіләлемдік табиғат хартиясы (БТХ, 1982ж) және қоршаған орта мен даму жөніндегі БҰҰ Халықаралық конференциясы (Рио-де-Жанейро, 1992ж) осы принциптердің қалыптасуына аса маңызды үлес қосты.
Солардың ішінде негізгі мәселелеріне тоқтала кетсек:
Тұрақты даму міндеттері
Тұрақты даму принциптері
Тұрақты даму кезеңдері
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Казахский Национальный Медицинский Университет им С.Д.Асфендиярова
Жалпы гигиена және экология кафедрасы
Қабылдаған:
Дайындаған:
Тақырыбы:
Кенесарина Маржан Исламовна
28-1K
Тұрақты даму концепциясы
Тұрақты даму –экологиялық мәселелерді алдын алу үшін адам ретсіз дамудан,тиімді реттелген табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі.
Тұрақты даму-қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып,болашақ ұрпақтардың мұқтаждығын орындау үшін қауіп туғызбайтын даму.
1980 жылдары қоршаған орта туралы БҰҰ бағдарламасы «бүлдірмей дамуға »өтуге шақырды
1987 жылы Қоршаған орта және даму бойынша БҰҰ комиссия «Біздің ортақ болашағымыз» атты баяндама ұсынып қорытынды баяндама жасалып тұрақты даму концепциясын құрды.
Тұрақты даму концепциясы В.И.Вернадскийдің ұсынған ноосфера концепциясымен ұқсас келді.
Экономикалық
Әлеуметтік
Экологиялық
Экономикалық құрамы-табиғи қорларды және экологиялық
технологияларды тиімді пайдалануды,экологиялық жағдайда пайдалануға болатын өнімдерді шығару,қалдықтарды азайту, қайта өңдеу және жоюды көздейді.
Әлеуметтік құрамы-тұрақты дамудың адамға бағытталған және мәдени жүйелердің тұрақтысақталуына,соның ішінде адамдар арасында қоршаған ортаға зиян тигізетін жағдайларды азайту.
Экологиялық құрамы-биологиялық және физикалық табиғи жүйелердің біртұтастығын қамтамасыз етеді.Табиғи ресурстардың деградацияға ұшырауы ,қоршаған ортаның ластануы және биологиялық алуан түрліктің жойылуы экожүйелердің өздері-өзін қалпына келтіру қабілеттерін төмендетеді.
Кедейлікпен күрес. Еңбек ақыны қамтамасыз етуі, кедейлердің өзін-өзі қамтасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту. Еңбекке жарамды халықтың санын арттыру. Табиғат ресурстарын сақтау және тұрақты даму. Білім беру жүйесін жетілдіру. Отбасын жоспарлау.
Тұтынудың құрылымын өзгерту: Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту.
Халық және тұрақтылық: 1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны 5,5 миллиард астам болды. Ғалымдардың болжауынша 2020 жылы 8 млрд.-қа жетеді.
Адам денсаулығын сақтау мен жақсарту: Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады.
Атмосфераны қорғау: Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі- энергияны өндіру мен тұтыну;
Ормандарды жоюмен күрес: Топырақ пен суды, атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуан түрлілігін сақтауда маңызды роль атқарады. Үкіметтерге ормандардың тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру қажет.
· Шөлдену мен құрғақшылықпен күрес;

· Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану;

· Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану;

· Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру

· Қатты қалдықтар мен шайынды суларды жою

· Радиоактивті қалдықтарды жою

· Балалар мен жастардың тұрақты дамудағы ролі
Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру: Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс істейді. ХХІ ғасырда биосферада қауіпті өзгерістер болуы мүмкін. Ғалымдар төмендегі мәселелерді зерттеуде: ауа-райының өзгеруінің, ресурстарды пайдалану артуы, демографиялық тенденциялар, ортаның адам денсаулығына әсері және т.б. Бағдарлама әртүрлі жастағы адамдардың қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелері бойынша білім алуын қамтасыз етуі керек. Экологиялық білім беру – адамзаттың тұрақты дамуының қажетті шарты.
Саяси құқықтық демократиялық құндылықтар,парасатты заңдар мен салықтар,әдеуметтік әділеттілік.
Экономикалық меншік түрлердің дұрыс үйлесімдігі,тауар өндірушілер мен еркін бәсекелестігі.
Экологиялық табиғат пен қоғамның қатар дамуын,азаматтардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету,табиғи ресурстарды өндіру,экологиялық және құқықтық негізді жетілдіру.
Әлеуметтік аштық пен кедейшілікті жою,мектепке дейінгі тәрбие,орта кәсіптік білім беру жүйесін дамыту.
Халықаралық бейбітшілік үшін күрес, дүниежүзілік қауымдастықта халықаралық құқықтық демократия принциптері негізінде қызмет етуге ат салысу.
Дайындық кезең- 2007-2009жж.Қоғамдық,саяси өмірдің барлық жағдайларды дайындау.
I кезең- 2010-2012 жж.ҚР-ң дүние жүзіндегі бәсекелестігі.
II кезең- 2013-2018 жж.ҚР-да адамдардың өмір сүруінің сапалық көрсеткіштері бойынша дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы елдердің қатарынан орын алу.
III кезең- 2019-2024 жж - тұрақты даму концепциясының БҰҰ қабылдаған халықаралық критерийлеріне қол жеткізу.
Концепцияның бірінші міндеті:
Пайдалы ресурстарды пайдаланудың тиімділігін 2012 жылға қарай 37%-ға, 2018ж-43%,2024 ж-53% арттыру.
Концепцияның екінші міндеті:
Демографиялық салада қазіргі кездегі туушылықтық көрсеткіштерін сақтай отырып,халықтың өмір сүру көрсеткішінің орташа деңгейін көтеру: 2010ж-68 жасқа, 2019ж-70 жасқа,2024ж-73жасқа дейін,жалпы алғанда туылым көрсеткішін 1000 адамға шыққанда 18-22 деңгейінде сақтап қалу.
Концепцияның үшінші міндеті:
Экологиялық тұрақтылықтың көрсеткіштерін жоғарлату: 2012ж -10%,2018ж -15%,2024ж-25%.
Концепцияның төртінші міндеті:
Саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету.Бұл міндетті шешу үшін,ең алдымен тұрақты даму идеяларын қолдаушы күштерді бір ортаға біріктіру.Қазақстанда тұрақты дамудың халықаралық аймағын құру,Қазақстанның халықаралық ұйымдарға толық және белсенді түрде қатысуын қамтамасыз ету қажет.


Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ-ның Стокгольм конференциясы (1972ж) – мемлекеттер мен халықаралық қауымдастықтардың экологиялық саясатындағы аса маңызды кезеңнің басталғандығымен аталып өтті. Конференция қорытындысы бойынша Декларация қабылданды, бұл маңызды құжатта қоршаған ортаны қорғау саласындағы әлемдік қауымдастықтың іс-қимыл мақсаттары мен бағыттары айқындалды.
Стокгольм конференциясы 5 маусымды қоршаған ортаны қорғаудың Бүкіл әлемдік күні деп жариялады. Конференцияда қоршаған орта жөніндегі БҰҰ-ның тұрақты іс-қимыл жасайтын органы (ЮНЕП) құрылды. ЮНЕП бағдарламасы үш функционалдық бағыттар шегінде: 1) қоршаған ортаны бағалау – бақылаудың ғаламдық жүйесі; 2) қоршаған ортаны басқару; 3) қосымша шаралар бойынша табиғат – қорғау іс-қимылдарын ұйымдастыру мен жоспарлауды қарайды.
БҰҰ Бас Ассамблеясы 1982 жылғы 28 қазанда Бүкіләлемдік табиғат хартисын (БТХ) қабылдаған болатын. Стокгольм декларациясы сияқты БТХ сол кезеңдегі халықаралық қауымдастықтың экологиялық қызметінің басым бағыттарын айқындады, бұл маңызды шекте мемлекеттердің экологиялық саясатының алдағы уақытта қалай қалыптасатындығына бағыт сілтеген аса маңызды құжат болды. Көптеген ғалымдар мен мамандардың пікірі бойынша БТХ Стокгольм конференциясымен (1972ж) салыстырғанда «қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық заң принциптерін басты етіп жоғары көтеру және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану» жолы бойынша елеулі түрде алға жылжушылықты көрсетті. Хартияға сәйкес, табиғи ресурстарды шамадан тыс және оңтайлы ойластырылмаған жағдайда пайдалану нәтижесінде табиғи жүйенің саплық өзгеріске түсуі, сондай-ақ елдер мен халықтар арасында берік экологиялық-экономикалық тәртіп орнатуға қабілетсіздік өркениеттің негізін жоғалтып алуға әкеліп соғады.
Қоршаған орта және даму жөніндегі БҰҰ конференциясы (Рио-де-Жанейро, 3-14 маусым 1992ж) Рио-де-Жанейрода 114 мемлекеттің басшылары мен 1600 үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бас қосты. Конференцияда бес негізгі құжат мақұлданды, олар: Қоршаған орта мен даму туралы РИО Декларациясы; ХХІ ғасыр – күн тәртібі; Ормандардың барлық түрлерін басқару, сақтау және тұрақты дамыту принциптері туралы Мәлімдеме; Климатты өзгерту проблемасы бойынша шеңберлік конвенция; Биологиялық алуан түрлілік бойынша Конвенция.
Осы Тұжырымдаманы іске асыру:
өмір сүру сапасын әлемдегі барынша бәсекеге қабілетті және дамыған елдердің деңгейіне дейін арттыруға;
экономикалық өсудің негізгі тетіктерінің бірі ретінде ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға;
2024 жылға қарай ел халқының санын 18 миллионға дейін өсіруге, еңбек ресурстарының сапасын арттыруға;
антропогендік қысымды азайту мен»тарихи» экологиялық проблемаларды шешу есебінен қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға;
ел өңірлерінің дамуындағы орнықтылықтың артуына;
Қазақстан Республикасындағы орнықты даму жөнінде бірқатар ірі халықаралық форумдар өткізуге ықпал ететін болады.
Full transcript