Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Анатомия ғылымының қысқаша даму тарихы

No description
by

Жібек Әсет

on 8 January 2016

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Анатомия ғылымының қысқаша даму тарихы

Гиппократ
б.з.б. шамамен 460-377 көне Грекияда медицина саласын жан-жақты зерттеген ғалым. Адам денесінің құрылысына көптеген бақылаулар жасап, оны жинақтап, бір жүйеге келтірген. Әсіресе адамның ми сауытын және оның жалпақ сүйектерінің бір-бірімен жіктер арқылы байланысатындығын толық сипаттаған. Омыртқалар мен қантамырларының құрылысын зерттеген. Ертедегі Грекияның атақты дәрігері Гиппократ организм құрылысының негізін 4 түрлі сұйықтық: қан, сілекей, өт, қара өт құрайды деп үйретті, организм құрылысының гуморальдық теорисы осылай пайда болған. Сондықтан да Гиппократты <<медицинаның атасы>> деп атайды.
Әбу Насыр әл-Фараби
Аристотельден кейінгі ойшыл, кемеңгер философ. Ертеде және орта ғасыр да философиялық және медициналық білім бірімен-бірі тығыз байланысты болған. Әл-Фарабидің медицина ғылымдарының теориялық мәселелерін терең білгендігі оның еңбектерінен белгілі. Ол <<медицинаның міндеті-тек ауру адам ауруларының себептерін анықтап қоймай, адамның денсаулығын сақтау жолдарын, ауруды жою жағын да зерттейді>> деп көрсеткен. Әл-Фараби басты мүшелердің бірі ми жүректің жұмысын сезімталдықты, адамның темпераментін басқарады деген.
Әбу-Әли Ибн Сина
"Анатомия мен физиологияға кіріспе", "Дәрігерлік ғылымның ережелері", "Медицина қағидалары"атты еңбегін жазды. Кітап латын тіліне аударылып, 30-дан астам рет қайта басылып шыққан.


Уильям Гарвей
Ағылшын дәрігері, анатом. Қан айналымның тұйық екендігін алғаш рет дұрыс түсіндірген. Үлкен қан айналым шеңберінің болатынын ашқан. Ол-физиология ғылымының негізін салушы ғалым.
Клавдий Гален
Гиппократтан кейінгі зерттеулер мен бақылаулар жүргізген римдік анатом және физиолог ғалым. Өзінің оқыған дәрістеріне маймылдың мәйітін алғаш рет қолданған. Мидан тарайтын 12 жұп жүйкенің 7 жұбын толық сипаттап берген. Дәнекер ұлпасын, бұлшық еттер, жүйке тамырлары, бауыр мен бүйрек қантамырларын зерттеген. <<Адам дене бөліктерінің міндеттері туралы>> аттты еңбегінде анатомиялық тұрғыдан өзінің пікірін білдіріп, мүшелердің анатомиялық құрылымының қызметімен тығыз байланыстылығын көрсеткен. Римде Клавдий Гален организмді 3 мүше: бауыр, жүрек және ми басқарады деп есептеді.
Анатомия ғылымының қысқаша даму тарихы
Марчелло Мальпиги
Тері, бауыр, бүйректің микроскоптық құрылысын зерттеді.
Леонардо да Винчи
Суретші ретінде анатомиямен әуестеніп, алғаш рет адам денесінің мүшелерін дұрыс бейнеледі, пластикалық анатомияның негізін қалады.
Реальд Коломбо
Қан жүректің оң жағынан сол жағына өкпе қан тамырларынан келетінін көрсетті.
Қазақстан анатомия ғылымының дамуы
Ең тұңғыш медицина иституты
1931 жылы
Алматыда ашылды. Анатомия кафедрасының меңгерушісі болып
П.О.Исаев
тағайындалды.
Исаев
басшылығымен бұл кафедрада 30 жыл ішінде балалар мен жасөспірімдер организмінің ерекшеліктері тексеріліп, 150-ден астам ғылыми еңбектер жарияланып, кандидаттық дисертациялар қорғалды.
1962 жылы
кафедра меңгерушісі болып медицина ғылымдарының кандидаты, профессор
Х.Н. Бөкейханов
тағайындалды.
1966-1975
жылдары кафедраны медицина ғылымдарының кандидаты, профессор
С.Р. Қарынбаев
басқарды.
1975
жылдан
А.Р. Рақышев
басқарды.
1983 жылдан 1999 жылға дейін
Ғ.М. Мұсағалиева
басқарды.
1950 жылдары Қарағанды және Ақтөбе медицина институттары ашылды. Анатомия кафедрасын А.П. Сорокин, Ф.П. Плякин, Г.В. Стельников, Б.М. Эрез, К.В. Мельникова, В.И. Савельев сияқты ғалымдар басқарды.
1954 жылы Семей медицина институты ашылды. Бірінші кафедра меңгерушісі болып доцент И.М. Турецкий тағайындалды, соңынан Ф.П. Плякин, Н.Б. Абсалямова, Н.И.Армиякина, Ж.М.Байделдинова, Ж.Е. Жаныбеков, М.Қ.Нұрғазыұлы басқарды.
1964 жылы Ақмоладағы медицина институты ашылды.Оның алғашқы ұйымдастырушысы, анатомия кафедрасының меңгерушісі А.Р.Рақышев, А.Ю.Сопильник, Т.А.Березовая, И.С.Ермолова болды.
Full transcript