Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

№13 Ауыл шаруашылығын басқарудың ұйымдық-құқықтық жүйесі

No description
by

Karim Shynar

on 10 December 2013

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of №13 Ауыл шаруашылығын басқарудың ұйымдық-құқықтық жүйесі

Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын басқару жүйелерін субсидиялау қағидалары:
Субсидиялау мақсаты агроөнеркәсіптік кешенде бәсекеге қабілетті өндірістерді қалыптастыруға және дамытуға, оларды жаңғыртуға және халықаралық сапа менеджменті жүйелеріне өткізуге жағдайлар жасау болып табылады.
Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
2) субсидиялауға қатысушы – бюджеттік бағдарламаны іске асыруға қатысатын агроөнеркәсіптік кешен субъектісі;
3) ИСО (ағылш. ISO – International Standard for Organization) халықаралық стандарты – стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдардың дүниежүзілік федерациясы әзірлеген және қабылдаған халықаралық стандарт;
4) сәйкестікті растау жөніндегі орган – сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;
5) тартылған консультант – халықаралық стандартты (халықаралық стандарттарды) енгізу жөніндегі консалтингтік (консультациялық) қызметтерді жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;
6) халықаралық стандарт – стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың қалың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;
7) ХАССП (ағылш. HACCP – Hazard Analysis and Critical Control Points) – тәуекелдерді және сыни бақылау нүктелерін талдау үшін әзірленген және қабылданған халықаралық стандарт.
Құжаттарды қарау, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін субсидиялауға қатысушыларды анықтау және субсидияларды бөлу үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі құрамында комиссияның төрағасы, мүшелері мен хатшысы болатын комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.
Комиссия құрамы бюджеттік бағдарлама әкімшісінің жауапты хатшысының бұйрығымен бекітіледі.
Комиссия құрамына бюджеттік бағдарлама әкімшісінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері кіреді, бұл ретте Комиссияның сандық құрамы тақ және кемінде бес адам болуы тиіс. Комиссия хатшысы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
Субсидияларды ұсыну шарттары
Субсидиялар ИСО 9001, ИСО 22000 және ХАССП бір немесе бірнеше халықаралық стандарттарды енгізгені және олардың сәйкестігіне сертификаттағаны үшін Қазақстан Республикасының резиденті (заңды тұлғалар үшін) немесе Қазақстан Республикасының азаматтары (жеке тұлғалар үшін) болып табылатын субсидиялауға қатысушыларға төленеді.
Республикалық бюджеттен төленетін қаражат сомасы халықаралық стандартты (халықаралық стандарттарды) енгізу және оның (олардың) сәйкестігін сертификаттау жөніндегі жобаның бүкіл құнынан субсидиялауға қатысушы шығынының 50 %-ынан аспайды.
Егер барлық субсидия алушылардың субсидиялауға жататын шығындарының сомасы бөлінген қаражат сомасынан асып түскен жағдайда, онда қаражат субсидияларды алушылардың барлығының шығындарының жалпы сомасындағы субсидияларды алушы шығындарының үлесіне пропорционалды бөлінеді.
Субсидияларды төлеу тиісті жылы енгізілген халықаралық стандарттар үшін жүзеге асырылады. Бұл ретте, енгізу мен сертификаттау тиісті жылдың 19 қарашасына дейін аяқталуы тиіс.
Қажетті құжаттар тізбесі.
заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктердің немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесі* немесе жеке тұлғалар үшін дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсынған кезде олардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
заңды тұлға немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірінің нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе жеке тұлға, оның ішінде өзіндік кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін жеке сәйкестендіру нөмірі не салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсынған кезде олардың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
субсидиялауға қатысушы мен сәйкестікті растау жөніндегі орган арасындағы сертификаттауды жүргізу туралы шарттың түпнұсқасы, не салыстырып тексеру үшiн құжаттың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсынған кезде оның көшірмесі не оның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
тартылған консультант (консультантты тартқан жағдайда) пен субсидиялауға қатысушы қол қойған, орындалған (бухгалтерлік) жұмыстар актісінің (актілерінің) түпнұсқасы не салыстырып тексеру үшiн құжаттың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсынған кезде оның (олардың) көшірмесі, не оның (олардың) нотариалды куәландырылған көшірмесі;

сәйкестікті растау жөніндегі орган мен субсидиялауға қатысушы қол қойған сертификаттау жөніндегі орындалған (бухгалтерлік) жұмыстар актісінің (актілерінің) түпнұсқасы, не салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсынған кезде оның (олардың) көшірмесі, не оның (олардың) нотариалды куәландырылған көшірмесі;
тартылған консультант (консультантты тартқан жағдайда) пен сәйкестікті растау жөніндегі органның қызметтеріне субсидиялауға қатысушының ақы төлегені туралы төлем тапсырмалары мен шот-фактуралардың субсидиялауға қатысушының мөрі мен қолы қойылған көшірмелері, не қызметтерге ақы төленгенін растайтын өзге де құжаттардың көшірмелері;
сәйкестік сертификатының (сертификаттарының) салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсынған кезде көшірмелері, не оның (олардың) нотариалды куәландырылған көшірмесі.
Субсидияларды төлеу тәртібі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Комиссия отырысының хаттамасы негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада субсидиялар төлеуге арналған ведомості он бес жұмыс күні ішінде қалыптастырады.
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған ведомості бекіткеннен кейін үш жұмыс күнінің ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қағаз тасығышта ұсынған кезде екі данада төлеуге арналған шоттардың тізілімін және төлеуге арналған шотты ұсынады, «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесі арқылы шоттарды төлеу жүргізілген жағдайда төлеуге арналған шоттардың тізілімі ұсынылмайды.
№13 Ауыл шаруашылығын басқарудың ұйымдық-құқықтық жүйесі
Full transcript