Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар

No description
by

Assel Zhylkybayeva

on 24 February 2016

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар

Қатысушылар ұғымы
Қылмыстық процеске қатысушылар деп қылмыстық істерді тергеуге және қарауға өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мең заңды мүдделерді қорғауы мақсатымен мемлекеттік органдар тартатын немесе қатыстыратын және іс жүргізушілік кең құқықтар берілген жеке және заңды тұлғаларды, қылмыстық сот ісін жүргізуге өкілетті лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдарды, сондай-ақ қосалқы функциялар атқаратын адамдар мен органдарды түсіну керек
Субъект пен қатысушы арақатынасы
Ғылымда процеске қатысушылар мәнінің сыртқы жағын түрліше түсіну байқалып отыр. Атап айтқанда, М.М. Михеенко қылмыстық іс жүргізу қызметіне белгілі бір дәрежеде қатысатын адамдар процесс субъектілеріне және қатысушыларына бөлінеді деп санайды. Субъектілер - сот ісін жүргізуді жүзеге асырушы лауазымды адамдар мен органдар ғана; басқалардың бәрі - процеске қатысушылар.
Қылмыстық іс жүргізу функцияларына орай сот ісіне мынадай қатысушыларды ажыратуға болады:
- қылмыстық ізге түсу функциясы - прокурор, тергеуші, анықтау органы, анықтаушы;
- тергеу функциясы - тергеуші, анықтаушы;
- айыптау функциясы - айыптаушы (мемлекеттік айыптауды қолдайтын прокурор, бірқатар жағдайларда жәбірленушінің өзі);
- прокурордың заңдылықты қадағалау функциясы - прокурор;
- қорғау функциясы - сезікті, айьшталушы, сотталушы, қорғаушы;
- қылмыстық, істі сотта қарау және шешу - судья, сот, ал жекелеген жағдайларда тергеуші не прокурор (мысалы, істі алдын ала тергеу сатысында қыскарту);
- азаматтық талапты қолдау - азаматтық талапкер;
- азаматтық талаптан қорғау - айыпталушы, азаматтық жауапкер.

Функциялардың және оларды жүзеге асырушы адамдардың арақатынасы бойынша жіктелуі
Өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын процеске қатысушылар
- сезікті,
- айыпталушы,
- қорғаушы,
- жәбірленуші,
- жеке айыптаушы,
- азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер,
- кәмелетке толмаған айыпталушының (сезіктінің) заңды өкілдері,
- жәбірленушінің, азаматтық талапкердің және жеке айыптаушының өкілдері,
- азаматтық жауапкердің өкілдері
Қылмыстық процеске қатысушы өзге де тұлғалар
Соттың қылмыстық іс жүргізу қатынастарына қатысушы ретіндегі қызметі мынадан көрінеді:
- сот қылмыстық істі қылмыстық және қылмыстық іс жүргізушілік құқық нормаларын қолдана отырып қарайды және шешеді;
- алдын ала тергеу органдарынан қылмыстық істі қабылдай отырып, сот іс жүргізу заңының прокурормен, тергеушімен, анықтау органымен, анықтаушымен байланыс жасау тәртібі туралы нұсқаулықтарын басшылыққа алады;
- жасалған қылмыс дәлелдерін тексере отырып, сот жәбірленушімен, куәмен, сарапшымен, қорғаушымен және процеске қатысушы басқа да адамдармен қылмыстық іс жүргізушілік қатынаста болады;
- айыптау үкімін шығара отырып, сот жаза орындалатын жерлердің әкімшілігімен қылмыстық іс жүргізушілік құқық қатынастарын жүзеге асырады.

Күдікті — қылмыстық іс жасағаны туралы күмән келтірілген, қылмыстық іс қозғалған, не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданылған тұлға
Күдікті қылмыстық іс жүргізу қатысушысы ретінде
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар
Қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар:
1) сот;
2) қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар (прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, анықтау органы, анықтау органының бастығы, анықтаушы).

дәлелдер беру жөніндегі міндеттерді орындайтын процеске қатысушылар. Оларға жататындар: куәлер мен сарапшылар
іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыру үшін тартылатьш процеске қатысушылар. Бұған кіретіндер: куәгерлер, аудармашылар, мамандар, сот отырысының хатшысы, кепілдік берушілер, тануды жүзеге асыратын статистер, тінту мен алу жүргізілетін адамдар, олардың отбасыларынын кәмелетке толмаған мүшелері немесе тұрғын үй пайдалану ұйымының өкілдері және т.б
сот шешімдерін орындауға және осыған байланысты үкімді орыңдау сатысында пайда болатын іс жүргізу мәселелерін шешуге қатысатын мекемелер мен ұйымдар
Қылмыстық процеске қатысушы ретінде күдіктінің іс жүргізу дәрежесіндегі ерекшеліктері мынадай:
— ол алдын ала тергеу кезеңіндегі қылмыстық іс-жүргізу ісіне катысушы болып танылады;
— күдіктіні ұстау сәтінен үш сағат өтпей тұрып хаттама толтырылады ҚР ҚІЖК 134-бабы);
— ұсталған күдіктіге жеке тінту жүргізіледі (ҚР ҚІЖК 135-, бабы);
— күдікті уакытша ұстау изоляторында ұсталады (ҚР ҚІЖК 137-бабы);
— қылмыстық ізге түсу органы күдікті деп танылған тұлғаны прокурордың санкциясына сәйкес жетпіс екі сағаттан 10 тәулікке дейін ұстауға құқылы, ал қылмысты болдырмау шараларын қолданудан айып тағуға дейінгі кезенде 10 тәуліктен де артық ұстауға құқылы.

Ұсталған күдіктінің құқықтары:
1) телефон немесе басқа да тәсілдер арқылы өзінің тұрғылықты жеріне не жұмысына ұсталғаны жөнінде және ұстап отырған жері туралы тез хабар беруге;
2) өзінің не үшін күдікті болғаны туралы білуге құқылы және оған қарсы қозғалған қылмыстық іс туралы қаулының көшірмесін алуға немесе ұстау туралы, қылмыстың жолын кесу шараларын қолдану туралы қаулы хаттамаларының көшірмесін алуға құқылы;
3) оған қарсы қойылған күдіктерге қатысты дәлелдемелер мен жауап түсініктерді беруге немесе ол туралы түсінік пен жауап бермеуге құқылы;
4) айғақты дәлелдемелерді ұсынуға құқылы;
5) өтініш пен қарсылық білдіруге құқылы;
6) түсініктеме мен жауапты туған ана тілінде немесе өзі білетін тілінде беруге құқылы;
7) аудармашының ақысыз көмегін пайдалануға құқылы;
8) өзінің қатысуымен жасалған тергеу әрекеттерінің хаттамасымен танысуға және сол хаттамаға қатысты ескертпелер айтуға құқылы

Айыпталушы — жауапқа тарту туралы қаулы шыққан не өзіне қатысты сотта жеке айыптайтын кылмыстық іс қозғалған адам. (ҚР ҚІЖК 69-бабы).
Айыпталушы қылмыстық іс жүргізуге қатысушы ретінде
Айыпталушының құқықтары:
1) заңға қайшы келмейтін құралдармен және тәсілдермен өзінің құқықтары мен занды мүдделерін қорғауға және қорғануға дайындалу үшін жеткілікті уақыты мен мүмкіндігі болуға құқылы;
2) өзінің не үшін айыпталғандығын білуге және өзін айыпталушы ретінде тарту туралы қаулының көшірмесін алуға құқылы;
3) қылмыстық ізге түсу органынан өзіне тиесілі құқықтар туралы дереу түсіндірме алуға құқылы;
4) қылмыстық процесті жүргізуші органнан өзінің құқықтарын және мүдделерін қозғайтын іс жүргізу шешімдерін қабылдау туралы хабардар етілуге құқылы;
5) бұлтартпау шараларын қолдану туралы қаулының көшірмесін алуға құқылы;
6) өзіне тағылған айып бойынша түсініктеме мен айғақ беруге құқылы;
7) айғақ беруден бас тартуға құқылы;
8) дәлел ұсынуға, өтініш пен қарсылық мәлімдеуге құқылы;
9)ана тілінде және өзі білетін тілде айғақ беруге және түсінісуге құқылы;
10) аудармашының тегін көмегін пайдалануға құқылы

Сотталған немесе ақталған адамның құқықтары:
1) сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпелер беруге;
2) соттың үкіміне, қаулысына, судьялардың қаулыларына шағымдануға және шағымдалған шешімдердің көшірмесін алуға;
3) іс бойынша келтірілген шағымдар мен қарсылықтар туралы білуге және оларға қарсылық беруге; мәлімделген шағымдар мен қарсылыктардың сотта қаралуына қатысуға құқығы бар.

Қорғаушы қылмыстық іс жүргізуге қатысушы ретінде
Қорғаушы — заңда белгіленген тәртіппен күдіктілер мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын және оларға заң көмегін көрсететін адам (ҚР ҚІЖК 70-бап).
Қорғаушының сот талқылауына қатысуы мынадай жағдайларда ғана міндетті деп танылады: (ҚР ҚІЖК71-бап):
— сот талқылауында прокурор қатысқан жағдайда;
— кәмелекте толмаған болса;
— мылқау, саңырау, соқыр, басқа да кемістігі бар адамдар қатысса, яғни өзінің дене және психикалық кемістігінен қорғану құқығын өз бетінше жүзеге асыра алмаса;
— сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адам болса;
— өмір бойы бас бостандығынан айырылу немесе өлім жазасы тағайындалуы мүмкін болатын қылмысты жасағаны үшін айыпталса;
— айыпталушыны, сотталушыны тұтқынға алу шарасы қолданылса;
— күдіктілердің, айыпталушылардың, сотталушылардың мүдделері арасында қайшылық болып, олардың біреуінің қорғаушысы болса.

Жәбірленуші — қылмыстық процесте оған тікелей қылмыспен моральдық, дене және мүліктік зиян келтіріді деп ұйғарған анықтаушы, тергеуші органдардың, тергеушінің, прокурордың, судьяның немесе соттың қаулысы шыққан адам (ҚР КДЖК 75-бап).
Жәбірленуші қылмыстық іс жүргізуге қатысушы ретінде
Жәбірленушінің құқықтары:
1) өзіне келтірілген моральдық және зиянды өтеу туралы талап қоюына кұқылы;
2) Егер мұндай талап қылмыстық істе қойылмаса не қараусыз қалса, онда оны азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қоюға құқылы;
3) Айыпталушыға тағылған айып туралы білуге; айғақ беруге, дәлелдер ұсынуға; өтініш пен қарсылық білдіруге құқылы;
4) Ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге;
5) Аудармашының тегін көмегін пайдалануға, өкілі болуына құкылы;
6) Одан дәлелдеу құралы ретінде қылмыстық ізге түсу органы алып койған немесе өзі берген мүлікті, сондай-ақ қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған адамнан алып қойылған оған тиесілі мүлікті алуға, оған тиесілі құжаттардың түп нұсқаларын алуға құқылы;
7) Тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен өз өтініші не өз өкілінің өтініші бойынша жүргізілген тергеу әрекеттеріне қатысуға;
8) Занда кезделген жағдайларда күдіктімен, айыпталушымен татуласуға;
9) тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, одан кез келген көлемде кез келген мәліметті көшіріп алуға құқылы;
10) Қылмыстық істі тоқтату туралы қаулылардың көшірмелерін, айыптау корытындысының көшірмелерін, сондай-ақ үкімнің, апелляциялық сатыдағы сот шешімдерінің көшірмесін алуға құқылы

Жәбірленушінің міндеттері:
1) Қылмыстық процесіті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуге міндетті, іс бойынша белгілі барлық, мән-жайларды шын хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге міндетті;
2)өзіне іс бойынша белгілі болған мән-жайлар туралы мәліметтерді жарияламауға міндетті;
3)тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде және сот отырысы уақытында белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті.

Куә. Айғақ беру үшін куә ретінде іс үшін маңызы бар қандай да болсын мән-жай белгілі болуы мүмкін кез келген адам шақырылуы мүмкін және одан жауап алынуы мүмкін (ҚР КІЖК 82-бап).
Куә қылмыстық іс жүргізуге қатысушы ретінде
Куәнің құқықтары:
1) қылмыстық жасалатын әрекет немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін оның өзі, жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстары үшін ізіне түсуге әкеп соқтыратын айғақ беруден бас тартуға;
2) өзінің ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға;
3) одан жауап алуға қатысушы аудармашыға ескерту жасауға;
4) жауап алу хаттамасына айғақтаманы өз қолымен жазуға;
5) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың іс-әрекетіне шағым жасауға, өз құқықтары мен занды мүдделеріне қатысты өтінішін мәлімдеуге құқығы бар.

Сот отырысының хатшысы — сот отырысының хаттамасын жүргізетін, қылмыстық іске мүдделі емес адам. Сот отырысы хатшысының міндеттері (ҚР ҚІЖК 87-бап):
1) өзі хаттамалауды қамтамасыз етуі қажетті барлық уақытта сот отырысы залында болуға және сот отырысына төрағалық етушінің рұқсатынсыз кетпеуге міндетті;
2) хаттамада соттың іс-әрекеті мен шешімін, соттың отырысына қатысушы барлық адамдардың өтініштерін, карсылықтарын, жауаптарын, түсініктемелерін, сондай-ақ сот отырысының хаттамасында көрсетуге жататын басқа да жағдайларда толық және дұрыс жазуға міндетті

Сот отырысының хатшысы
Сот приставы — соттар қызметінің және сот шешімдерін орындаудың белгіленген тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі өзіне заңмен жүктелген міндеттерді орындаушы лауазымды адам (ҚР ҚІЖК 88-бап).
Сот приставы
Full transcript