Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Ұйқы және оның маңызы

No description
by

Aigerim Aitkazina

on 10 May 2014

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Ұйқы және оның маңызы

Ұйқы кезінде зат алмасу бөсендейді, жүректің соғу жиілігі баяу лайды және т. б. Ұйқы кезінде ми күндізгі алған ақпараттарды асыкпай талдап, ертеңгі қызметіне кажетті бағасын белгілейді. Ұйқы аркылы ағза өзінің жұмыс істеу кабілетін калпына келтіреді.
Ағза ұйқы арқылы тынығады, өзін ширақ сезінеді, еңбек етуге деген құштарлығы артады. Ұйқысыздық адам ағзасы үшін зиянды. Ұйкы қанбаса, бас ауырып, мең-зең болады, шаршайды. Есте сақтау кабілеті төмендеп, жүйке жөне т. б. ауруларға шалдығуы мүмкін.

1. Барлық адамдар түс көреді. Тіпті сіз көрмедім деп ойласаңыз да. Тек адамның есінде ол түс қалмайды.

2. Тек туылғаннан зағип болған жандар ғана түс көрмейді. Олардың түстері тек дыбыс есту, сезу, түйсіну, иіс сезу сияқты сезімдермен шектеледі.

3. Түсімізде біз тек өмірімізде көрген жандарды ғана көреміз. Сіз, тіпті ол адамды білмесеңіз де, есіңізде қалмаса да, әйтеуір бір жерде кездестіргенсіз.

4. Адамдардың 12% жуығының түстері тек қара-ала түстерден тұрады.

5. Түс белгі береді. Егер сіз қатты армандап немесе бірдеңені қатты ойлайтын болсаңыз, түсіңіз де міндетті түрде соған қатысты белгі болады.

6. Түс көргенде жағымсыз эмоция жағымдыға қарағанда жиірек болады.

7. Түс көрген кезде айрықша танымал сезім - қауіп.

8. Ұйқының төрттен бір бөлігінде көз бейберекет (хаотичный) күйде болады.

9. Сіз ұйықтап жатқандағы сыртта болған жағдайлар сіздің түсіңізге де әсер етуі мүмкін. Мысалы, оятқышыңызда ән ойнап жатса, сіз түсіңізде концертте отырасыз))))

10. Еркектер түсінде 70% еркектерді көреді. Ал әйел адамдарда бұл пропорция 50/50.

11. Адам түсінде көргенін өмірде де көріп, дежавю сезімін өткереді.

12. Жануарлар да түс көреді.
Түс көру
Түс көру - ми жұмысының бір көрінісі.
Тез ұйқы кезінде көрген түс көбірек есте қалады. Адам ұйқының екі кезеңінде де (баяу және тез) түс көреді. Көптен бері ойда жүрген жагдайлар белгілі реттілікпен түске кіреді. Кейде өмірде шешуі табылмай жүрген мәселелер түс көру кезінде нақты бейнеленеді.
Ұйқысыздықтан құтылудың жолы:
1) еңбек жөне тынығу ережесін қатаң сақтау;
2) таза ауада серуендеу;
3) ой еңбегі мен қимыл-әрекетке байланысты еңбектерді бірімен-бірін үйлестіре білу.
Ұйқы және оның маңызы
Назарларыңызға рахмет!
Жаңа
туған нәресте тәулігіне - 21-22 сағат
алты айлық нәресте 14 сағат
Төрт жасар
сәби төулігіне - 12 сағат



жеті жасар бала - 11 сағат




он жасар бала - 10 сағат ұйықтайды
бір жасар сәби 13 сағат үйыктайды
15 жасар жасөспірім төулігіне - 9 сағат
17 жасар жасөспірімдер 7 - 8 сағат ұйықтаса да жеткілікті.
Ұйқы кезіндегі мидың белсенділігіне байланысты үйкы екі түрге бөлінеді. Оның бірі баяу ұйқы екіншісі - тез ұйқы. Баяу ұйқы кезінде ми қыртысында баяу, биоэлектрлі толқындар пайда болады. Бұл кезде тынысалу, тамырдың соғуы баяулайды, бұлшықеттер босаңсиды, қан қысымы төмендейді. Адамның козғалыс белсенділігі төмендеп, тез ұйқыға кетеді.Белгілі бір уакыт өткен соң баяу толкындар тез ырғакты толқындарға ауысады. Бұл - тез ұйқыға кетудің белгісі.
Д.И.Менделеев элементтердің периодтық жүйесінің толық құрастырылуын ол ұйықтап жатып түсінде аяқтағанын дәлелдейді.




Ал немістің химик ғылымы ұзақ уақыт жұмыс істеген химиялық қосылыстың құрылымдық формуласын түсінде көрген. Ұйқы бойынша бал ашу және жорамал жасау бұрыннан бар.
Түс жору
Көп адамдар түсінде көрген оқиғаларды өзінше жориды. Түсті жору көп халықтарда ерте кездерден таралған. Сондыктан да «түсті көруінен - жоруы артық» деген сөзде ерекше мән бар. Түс көрудің күпиясын ғалымдар әлі толық шешкен жоқ.
Ұйқының гигиенасы
Ұйқының бұзылуынан жеке мүшелердің, мүшелер жүйесінің қызметтерінде ауытқу байқалады.Ұйқының көп таралған бұзылуының бірі - ұйқысыздық. Ол, әдетте, жүйкенің жұқаруы, ұзақ уақытқа созылған ауыр ақыл-ой еңбегі,мазасыздық,ұйықтар алдында кітап оқу салдарынан болады.Ішімдіктер ішу адамның ұйқысының қатты бұзылуына әкеп соғады.Ұйқысыздықты болдырмау үшін дұрыс демалып,көп таза ауада серуендеу керек.Міндетті түрде жақсы желдетілген бөлмеде ұйықтау, жәнеде көрпемен бетті жауып алмай, барынша жеңіл әрі ыңғайлы киімде ұйықтау керек.
Сенесіз бе, адам өз еркімен, табиғи түрде оянар кезде ағзасы бір сағат бұрын дайындала бастайды екен: дене қызуы көтеріліп, қалың ұйқының құшағынан ажырай бастайды. Бұған қоса, күні бойы сергек жүруіңізге көмектесетін ағзаңыздағы дофамин белсенділік танытып, «іске қосылады».
Таңғы ұйқыдан оятқыштың уақыт аралығын 10 минутқа қойып, үш мәрте оянып, қайта ұйқыға кеткеннің орнына тастай қатып, жарты сағат ұйықтағаныңыз денсаулығыңызға әлдеқайда пайдалы.
Қайта жастыққа бас қойған адам ағзасы қалың ұйқының құшағына шым батуға тырысады екен. Сол себепті, ғалымдар ерте тұрудың пайдалы екенін айтып отыр.
Түс туралы қызықты деректер
Түс көру - ми жұмысының бір көрінісі. Тез ұйқы кезінде көрген түс көбірек есте қалады. Адам ұйқының екі кезеңінде де (баяу және тез) түс көреді. Түс көру кезінде ми белсенді жұмыс атқарады. Көптен бері ойда жүрген жагдайлар белгілі реттілікпен түске кіреді. Кейде өмірде шешуі табылмай жүрген мәселелер түс көру кезінде нақты бейнеленеді.
Full transcript